ПОӘК 042-14-5-05. 03. 20. 21/ 2013 2013 жылғы № басылым


-Дәріс. Тақырыбы: Семантиканың семантика, синтактика, прагматика деп үш топқа бөлінетіндігі. Олардың прагматика бағытындағы орны мен рөлі



бет3/5
Дата29.01.2018
өлшемі0,77 Mb.
#36004
1   2   3   4   5

3-Дәріс.

Тақырыбы: Семантиканың семантика, синтактика, прагматика деп үш топқа бөлінетіндігі. Олардың прагматика бағытындағы орны мен рөлі.
Мәтiннiң прагматикалық мүмкiндiгiн арттыра түсетiн микрокомпоненттердiң бiрi – мәтiннiң тақырыпаты. Газет мәтiнiнде тақырыпат тек синтаксистiк ерекшелiктi көрсетпейдi. Ол – бiрнеше қызмет атқаратын мәтiннiң негiзгi компонентi. Бұл қызметтердiң негiзгiсi – белгi, хабар беру, қызықтыру және мәтiндi ұйымдастыру. Сондықтан мәтiн мен қоршаған ортадағы оқырмандар арасындағы байланыстың негiзгi күшi тақырыпатқа түседi.

Прагматиканың тиiмдiлiгi адресаттың сана-сезiмiне мақсатты түрде ықпал ету болып табылатындықтан газет мәтiнi тақырыпатының маңызы артады.

Газет мәтiндерiнiң тақырыпаттарына талдау жасау кезiнде соңғы жылдары газет мәтiнiнiң прагматикалық қызметiне сай келетiн өзгерiстер көп екендiгi байқалды, мұндағы басты мақсат – оқырмандарға әсер ету.

Газет мәтiнiнiң тақырыпаты – мәтiндi түсiнiп оқудың негiзi деуге болады. Кейбiр тiлшiлер тақырыпатты мәтiннiң сыртқы орта мен мазмұны арасындағы шекара (тура мағынасында) деген пiкiр айтады.

Тақырыпат – газет мәтiнiнен бөлек айқындалып берiлетiн ерекше құрал. Тақырыпаттың маңыздылығы мәтiннiң коммуникативтiк бағытына да байланысты болады. Көбiнесе газет мәтiнiн оқу әр түрлi шрифтармен берiлген тақырыпат пен айдарды оқудан басталады. Тақырыпаттардың жасырын, ашық мағынасы газет мәтiнiнiң көлемiне қатысты болып келуi мүмкiн. Газет мәтiнiнiң көлемi шағын болса, тақырыпаттың мазмұны ашық берiледi, ал мәтiннiң көлемi үлкен болса тақырыпаттың жасырын, астармен (подтекспен) берiлуi байқалады.

Газет мәтiнiнiң прагматикалық функциясын зерттеу барысында соңғы жылдардағы қазақ газеттерiне тән тақырыпатты қолдану әдiстерiнiң бiрнеше түрлерi анықталды. Олар:



1) тақырыпатты сұраулы сөйлеммен беру;

2) тақырыпаттағы ойдың аяқталмағандығын бiлдiру мақсатында

тақырыпатты көп нүктемен беру;

3) мақал-мәтелдер мен өлең жолдарынан үзiндi беру.

Тақырыпаттың бұл түрлерiнiң әсiресе кейiнгi кезде жиi қолданылатындығы аңғарылады. Жекелеген газеттердiң бiр нөмiрiндегi жалпы жарияланым тақырыпаттарының жартысынан астамы сұраулы сөйлемдермен берiлетiн үрдiс байқалады.

Бiз бұл тармақшада қазақ газеттерi тақырыпаттарының газет мәтiнiн қабылдау пәрмендiлiгiн арттырудың тиiмдi құралы ретiнде атқаратын прагматикалық функциясын ашып көрсетудi мақсат еттiк. Тақырыпаттың прагматикалық функция атқаруына ықпал ететiн басқа да тiлдiк құралдар бар екендiгi сөзсiз. Олардың қатарына тақырыпаттағы бағалауыш лексикаларды, тақырыпаттың синтаксистiк құрылымын да жатқызуға болады. Сондай-ақ тақырыпаттың газет бетiнде берiлу шарттары да үлкен рөл атқарады.

Оқылмаған мәтiн коммуникативтiк функция атқара алмайды. Мәтiн тiлдiк қарым-қатынасқа түсiп, оқырман қызыға оқыса ғана өзiне тән қызметiн атқара алады. Газет бетiндегi мәтiндердi қызыға оқудың кiлтi – тақырыпат және айдар. Тартымды, мазмұнды, әсерлi тақырыпат таңдай алу – газет тiлшiсi шеберлiгiнiң дәлелi.

Газет мәтiнiнiң тақырыпаттары экспрессивтiк тұрғыдан қарағанда, оқырманның қызығушылығын арттыру, мәтiндi оқуға жұмылдыру функцияларын атқарады. Ал лингвопрагматикалық тұрғыдан қарағанда, тақырыпаттар:

- мәтiннiң бүкiл мазмұнын жинақтап, прагматикалық функция атқарады;

- тақырыпаттар арқылы мәтiндегi проблеманы бiлуге болады;

- тақырыпаттар арқылы адресанттың коммуникативтiк мақсаты айқындалады.

Газет мәтiнiнiң тақырыпаты мен мәтiн арасында белгiлi бiр мағыналық байланыс болады. Ол байланыс мәтiннiң алғашқы сөйлемiнен соңына дейiн үзiлiссiз байқалады. Автор осы байланысты үзбей жеткiзу үшiн қазақ тiлiне тән тiлдiк құралдардың прагматикалық функциясын шебер қолданады. Бiз оқырманға әсер етiп, қызықтыратын тақырыпаттың прагматикалық ерекшелiгiн қарастырдық.

Авторлардың газеттiң үгiтшiлiк, насихатшылық ұйымдастырушылық қызметiн терең түсiне отырып, коммуникативтiк мақсатқа жету үшiн қолданатын прагматикалық функция атқарушы микрокомпонеттер iшiндегi өзiнiң тартымдылығымен көзге түсетiнi – тақырыпат. Ал тақырыпатта пайдаланылған бағалауыш лексиканың өзi жеке бiр тақырып бола алады.

Бл мәселелер қазақ тiл бiлiмiнде зерттелу кезегiн күткен тың тақырыптар. Сондай-ақ газет мәтiнiн оқуға жұмылдыратын микрокомпонентке тақырыпаттардың берiлу формасын да жатқызуға болады. Бұл ерекшелiк әсiресе соңғы жылдары көптеген газеттерге, соның iшiнде «Жас Алаш», «СолДат» газеттерiне тән.

Қазақ газеттерi тақырыпатты әртүрлi формамен бере отырып, берiлген шрифтке де үлкен көңiл бөлетiнi байқалады. Негiзгi тақырыпаттың астына тақырыпаттың жалғасын басқа шрифтпен терiп беру әдiсi көптеп кездеседi. Жалпы газет бетiнде газет мәтiнiнiң орны, тақырыбы, айдары, берiлу формасы, терiлген шрифтерi коммуникативтiк мақсатқа жетуде прагматикалық функция атқара алады. Газет мәтiнiн қабылдаудың пәрмендiлiгiн арттыратын микрокомпоненттер iшiнде газет мәтiнi тақырыпатының мазмұны да маңызды рөл атқарады.


Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Мәтіннің тақырыпаты дегеніміз не?

2. Газет мәтінінің тақырыпатына қандай талаптар қойылады?

3. Тақырыпаттың соңына көп нүтке қою әдісінің прагматикалық мақсаты неде?

4. Мақал-мәтелдермен берілетін тақырыпаттардың прагматикалық ерекшелігі қандай?



4-Дәріс.

Тақырыбы:Прагмалингвистикалық мәтіннің эмоционалды әсер ету теориясының мәселелері.
Газет мәтiнiнiң экспрессивтiк синтаксисi адресанттың коммуникативтiк iс жүзiне асыруда прагматикалық функция атқаратын маңызды құрал болып табылады.

Басқа мақсаттық стильдегi сияқты ГПС-тiң де синтаксистiк ерекшелiктерi бар. Баспасөз тiлi синтаксисi кiтаби тiл мен ауызекi сөйлеу тiлi синтаксистерiнiң бiрлiгiнен тұрады.

Синтаксис жүйесiнде, әсiресе ГПС-те кез келген синтаксистiк қатынасты бiлдiретiн құрылымдардың стилистикалық жақтан даралану процесi жүредi. Соған байланысты тiлдiң көркемдегiш құралдары молайып, синтаксистiк жүйесi анағұрлым жетiлiп дамиды. Өйткенi әрбiр мақсаттық стиль өз талабына сай мағына мен мән беретiн құрылымдарды iрiктеуге қабiлеттi. Синтаксистiк жүйенiң тiлдiк құралдары стилистикалық тұрғыдан даралануының негiзiн қалап, стилистикалық оппозицияның қалыптасуына ықпал етедi.

Осы мәселелер жайында қазiргi қазақ тiлiнiң синтаксистiк стилистикасын зерттеген Н.Х. Демесинованың: «Публицистика қоғамдық ерекшелiгiне байланысты өзiнiң тiлдiк құрамына әртүрлi морфологиялық және синтаксистiк формалар жүйесiн қабылдай алады» деген пiкiрiне толық қосыла отырып, ГПС-тегi синтаксистiк құрылымдар баспасөздiң әр түрлi мақсаттары мен мiндеттерiн iс жүзiне асыруына ықпал етуге қабiлеттi демекпiз.

Экспрессивтiк синтаксис құралдарын зерттеудiң барысында бiз синтаксистiк стилистиканың ерекшелiктерiн зерттеген Г.Я. Солганиктiң еңбегiнен мәтiн, мәтiннiң құрылымы, мәтiндегi абзацтардың рөлi, сөйлемдерiнiң байланысы, лексикалық қайталамалар жайында терең мазмұнды, құнды пiкiрлердi байқадық. Г.Я.Солганик мәтiн лингвистикасының даму барысын сипаттай отырып, жоғарыда аталған синтаксистiк құрылымдардың ерекшелiктерiн ашып көрсеткен: «Фрагмент – крупная семантико-синтаксическая единица текста. Далее следует глава, часть, целое произведение. ...Специфика всех этих единиц речи состоит в их структурной и относительной смысловой законченности, что позволяет каждой из них при определенных условиях выступать в качестве самостоятельного речевого произведения».

Т.Қордабаев: «Тiлде дамымай, өзгерiске ұшырамай бiр қалыпта қалып қоятын мәңгiлiк еш нәрсе де жоқ, бәрi де өзгередi, дамиды. Сондай өзгеру, даму – тiлдiң синтаксистiк жүйесiндегi категориялардың барлығына да тән құбылыс. ...ол – сол тiлде сөйлейтiн қауымның тiлдi өз ойын дәлме-дәл, толық етiп бере алатын икемдi, орамды, көркем, бай тiл дәрежесiне жеткiзу, шындап дамыта беру талабы. Бұл талап - тiлдiң өмiр сүруiндегi ең бiр шешушi, басты қажеттiлiк» деп тұжырымдайды.

Орыс және қазақ тiл бiлiмiнде синтаксистiк құрылымдардың ерекшелiгiн терең зерттеген тiл мамандары Т.Қордабаев, Г.Я.Солганиктiң пiкiрлерiне қосыла отырып, бiз жұмысымызда газет мәтiнiнде прагматикалық функция атқарудағы синтаксистiк құрылымдардың да маңызы зор екендiгiн атап көрсетемiз.

Зерттеу жұмыстарының барысында ГПС-те құрмалас сөйлемдерге қарағанда жай сөйлемдердiң саны көп болып келетiндiгi анықталды. Бұл ерекшелiк соңғы жылдарда ГПС-тiң барлық жанрларына тән құбылыс. Оның өзiндiк себептерi, уәжi (мотивi) де бар. Негiзгi мақсат - жазылған жағдайдың оқырмандарға түсiнiктi болып, әсер ете алуы. Газет мәтiнiнде көбiнесе бiр құрмалас сөйлеммен беруге болатын ойды бiрнеше жай сөйлеммен беру әдiсi байқалады. Адресатқа (оқырманға) әсер ету тұрғысынан алғанда ойды жай сөйлемдермен жеткiзудiң тиiмдiлiгi басым болып келедi, өйткенi газет мәтiнiндегi жай сөйлемдердiң арасында тығыз логикалық байланыс бар. Грамматикалық тұрғыдан бөлшектенiп алынған сөйлемдер семантикалық бiртұтас құрылым болып, газет мәтiнi мен тiлiнiң прагматикалық функциясын күшейте түседi.

Газет мәтiнiнiң прагматикалық функциясын экспрессивтi синтаксистiң көркемдегiш құралдары болып табылатын синтаксистiк құрылымдар да атқарады. Газет мәтiнiнде кездесетiн ондай құралдарға лексикалық қайталамалар, инверсия, парцелляция, т.б. жатады.

ГПС-тiң синтаксистiк ерекшелiктерiн зерттеген О.Бүркiтов сұраулы сөйлемдер, қыстырма сөздер мен қыстырма сөз тiркестерi, атаулы сөйлемдер жайында, әсiресе баспасөз тiлiнде жиi кездесетiн лексикалық қайталамалар сияқты синтаксистiк құрылымдар жайында құнды пiкiр айта келiп: «ПС-тiң синтаксистiк ерекшелiктерiнiң бiрi деуге болатын, бiрақ бүгiнгi баспасөз тiлiнде жалпылық сипатқа әлi ие бола қоймаған синтаксистiк құралдар да бар. Олардың қатарына сегменттi құрылымдар мен парцелляциялы құрылымдарды жатқызуға болады» деген тұжырым айтады.

Бiз бұл пiкiрге қосыламыз. Бiрақ қазiргi кезде қазақ газет мәтiндерiне талдау жасау барысында бүгiнгi қазақ газеттерiндегi аналитикалық жанрларда газет тiлшiлерiнiң парцелляция құрылымын өнiмдi пайдаланатыны анықталды. Бұл құбылыс ең алдымен газет тiлiнiң әсер ету, үгiттеу, насихаттау, белгiлi бiр әрекетке бастау, ұйымдастыру сияқты негiзгi қызметтерiне байланысты. Парцелляция құрылымын үнемдi қолдануға бүгiнгi таңдағы демократиялық өзгерiстердiң нәтижесiнде газет тiлшiлерiне берiлген пiкiр еркiндiгi де себеп болып отыр.

Бұған қоса қазiргi алмағайып кезеңде тұрақты оқырмандар табу, олардың көңiлiнен шығу, қызықтыру мәселесi де экономикалық жақтан өзектi болып отыр. Сондықтан газет тiлшiлерi оқырмандарды елiктiрiп өздерiне тарту үшiн адресатты елең еткiзудiң тактикаларын (әдiстерiн) iздестiрiп, қолдануға мәжбүр болып отыр. Олай болса, парцелляциялық құрылым дәл қазiргi кезеңде газет тiлшiлерi үшiн коммуникативтiк мақсатқа жетуде прагматикалық функция атқаратын маңызды құрал болып табылады.

Қазақ тiл бiлiмiнде ендi ғана зерттеле бастаған парцелляция құрылымы мәселесiне келетiн болсақ, ол бүгiнгi таңда терең зерттеудi қажет етiп отырған тың тақырып екенi сөзсiз.

Тiл бiлiмiнде экспрессивтi синтаксистiң синтаксистiк құрылымдары мәтiн лингвистикасының объектiсi болып табылады. Оны мәтiндiк синтагматикадан тыс алып қарау мүмкiн емес. Негiзгi мағыналық бiрлiк мәтiн болып саналатындықтан, сөйлем сол мәтiннiң бiр бөлiгi ретiнде қаралады.

Оқырманның дүниетанымына сүйенетiн адресант айтар ойын адресаттың түсiнетiнiне сенедi. Дегенмен, адресант өз ойын оқырманның дәл түсiнуiне ықпал ету үшiн мәтiндегi сөйлемдердi оқырман қызыға оқитындай етiп беруге тырысады.

Етiстiгi жоқ темалық және ремалық сегменттер экспрессивтiк синтаксистiң құралы ретiнде қаралып, сөйлемдердегi етiстiктiң рөлi бәсеңдейдi. Бұл құбылыс екi бағытта байқалады:

1) Сөйлем сегменттелген кезде сөйлемдегi басқа компоненттерге тигiзетiн етiстiктiң рөлi бәсеңдеп, темалық және ремалық сегмент пайда болады.

2) Экспресивтiк-коммуникативтiк варианттарда экспрессивтiк етiстiксiз құрылым берiледi.

Сөйлемдердi сегменттеу (бөлшектеу) кезiнде ақпарат бөлшектелiп берiледi. Ондай бөлшектер темалық және ремалық болып екiге бөлiнедi. Темалық бөлшектердi зерттеуде сөйлемде айтылатын оқиғаның иесi анықталса, ремалық бөлшектердi зерттеу парцелляция құрылымымен ұштастырыла зерттеледi .

Темалық бөлшектеуден өзгешелiгi ремалық бөлшектеу айтылатын ойдың соңында тұрады. Ремалық бөлшектеу ремалық компоненттердiң санын арттыра отырып, экспрессивтiк функция атқарады.

Парцелляция құбылысын зерттеген А.Т.Ақыжанова «Жалпы тiл бiлiмiнде «парцелляция» терминi француз тiлiндегi «parceller» сөзiнен енген. Бұл ұғым қазақша «Ұсақ бөлшектерге бөлу» дегендi бiлдiредi. Сондықтан бiз бұл терминдi бөлшектенген сөйлем деп алғанды жөн көрдiк» дейдi. Расында да парцелляция тек бiр сөйлем арқылы беруге болатын ойды бөлшектеп жеткiзетiн құбылыс. Бiрақ осы құбылыстың өзiндiк мотивi (уәжi) бар.

Қазақ тiл бiлiмiнде бұл құбылысты зерттеудiң қолға алына бастағанын айттық. Кезiнде парцелляция құрылымы жайында М.Б.Балақаев пен Т.С.Сайранбаев: «Қазақ тiл бiлiмiнде парцелляция арнайы сөз болған емес» деп бұл құбылысты аударма мәселесiне ұштастыра қарастырған.

Соңғы жылдардың iшiнде парцелляция құбылысы жайлы айтылған құнды пiкiрлердi профессор Р.Сыздықованың еңбектерiнен табуға болады. Ғалым: «Парцелляциялық құбылыстың ғажабы сол – жазушы қай нәрсеге

(сәтке, қимылға, сын-сипатқа т.т ) оқырман назарын аударып, ой салмағын салғысы келсе, бәрiн де еркiн аулақтай (парцелляциялай) алады, әсiресе жоқ, дұрыс, рас сияқты сөздер жеке тұруға бейiм, өйткенi олар көп сөзбен берiлетiн ой екпiнiн қабылдап оқшауланған бiр өздерi көп нәрсенi аңғартады» деген пiкiр айтады. Бiз ғалымның пiкiрiне қосыламыз.

Газет мәтiнiнде газет тiлшiлерi белгiлi бiр ойды бiрнеше парцелляция арқылы берудi коммуникативтiк мақсатына сай тиiмдi қолданады. Өйткенi ғалым Р.Сыздықова айтқандай, газет тiлшiлерi қолданған парцелляциялық құбылыс газет оқырмандарына эмоциялық әсер етiп, мәтiндi оқуды, оны түсiнудi қамтамасыз ете алады.

Парцелляция құбылысына А.Т.Ақыжанова: «Жалпы алғанда, бiз парцелляцияны жазбаша әдеби тiлдiң экспрессивтiк синтаксисiнде синтаксистiк жағынан байланысқан құрылымды нүктемен ажыратылатын, интонациямен оқшауланатын бөлiктерге, яғни фразаларға бөлшектеу тәсiлi деп түсiнемiз» деген анықтама берген.

Бiз жұмысымыздың тақырыбына сай парцелляцияға экспрессивтiк синтаксис тұрғысынан тiлдiк қарым-қатынаста коммуникативтiк мақсатқа жетуде прагматикалық функция атқаратын маңызды синтаксистiк құрал деген анықтама беремiз.

Парцелляция құбылысы газет тiлшiлерiнiң ерекше эмоционалдық көңiл күйiн бiлдiредi. Парцелляция жазбаша тiлге ауызекi сөйлеу тiлiнен келген құбылыс. Қазақ халқы ауызекi сөйлеу тiлiнде өз ойларын тыңғылықты, толымды жеткiзуге тырысады.

Газет мәтiндерiндегi экспрессивтiк синтаксиске жататын парцелляция құрылымы қазiргi қоғамдағы демократиялық жағдайларға да байланысты екенi сөзсiз. Өйткенi қазiргi газет тiлi газет тiлшiлерiнiң еркiндiктi пайдаланып, өз ойларын жасқанбай жеткiзуге тырысатындығын айқын көрсетедi.

Парцелляция құрылымы әсiресе аналитикалық жанрларда, оқырмандарға ерекше эмоциялық әсер етудi көздеп жазылған мақалаларда ойды қорыту кезiнде, басқаша айтқанда, не абзацтың, не мәтiннiң соңында қолданылады.

Бұл құбылыс мәтiнде өзектiлiгiн баса көрсететiн мәселелердi қозғаған тұста оқырмандардың эмоциясына ерекше әсер ету мақсатында қолданылады. Соған байланысты парцелляциялық құрылымның прагматикалық функциясы – коммуникативтiк мақсатты iс жүзiне асыруда қолданылатын маңызды құрал.

Жалпы тiл бiлiмiнде парцелляция құрылымын зерттеген ғылыми еңбектерге С.Орынбасарова, А.А.Алиев, А.К.Шаяхметованың, т.б. еңбектерiн жатқызуға болады. Аталған еңбектер жаңадан зерттеле бастаған парцелляция құрылымының ерекшелiктерiн одан әрi ашуға ықпал ететiн еңбектер.

Бұл үзiндiде де автор лексикалық қайталама сияқты синтаксистiк құрылыммен қатар соңғы «Тозып бiттiк» сөйлемiне ой екпiнiн түсiре отырып, жеткiзудi мақсат еткен жағдайының өзектiлiгiн айқындай бiлген.

Қазақ газеттерi мәтiндерiнде айтылатын ойды адресатқа түсiнiктi етiп жеткiзу үшiн, эмоциялық әсер етiп, белгiлi бiр пiкiр қалыптастырып,  әрекетке  бастау  үшiн  прагматикалық  функцияны беру  мақсатында  қолданылатын экспрессивтiк синтаксистiң синтаксистiк құрылымдары көп.

Бiз тек аталған синтаксистiк құрылымдардың iшiнде парцелляциялық құрылымға тоқталдық. Парцеляциялық құрылым газет мәтiнiнiң прагматикалық функциясын iс жүзiне асыратын негiзгi компоненттердiң бiрi.

Газет мәтiнiндегi экспрессивтiк синтаксистiң синтаксистiк құрылымдарының прагматикалық функциясын жеке алып, тереңiнен талдау газет мәтiнi мен тiлiнiң ерекшелiктерiн зерттейтiн ғалымдар алдында тұрған өзектi мәселелердiң бiрi деп санаймыз.


Өзін-өзі бақылау сұрақтары:


  1. Баспасөз тілі синтаксисі неден тұрады?

  2. Газет мәтінінің прагматикалық функциясын экспресивті синтаксистің көркемдегіш құралдары болып табылатын синтаксистік құрылымдарды атаңыз?

  3. ГПС-тің синтаксистік ерекшелігін зерттеген ғалымды атаңыз?

  4. Парцелляция құбылысының маңыздылығын түсіндіріңіз?

  5. Газет мәтініндегі экспресивтік синтаксистің синтаксистік құрылымдарының прагматикалық функциясы қандай?


5-Дәріс. Тақырыбы: Ғылыми сөздің прагматикалық аспектісі.
Газет мәтiнiнiң прагматикалық функциясын айқындау мақсатында бiз тек тiлдiк бiрлiктердiң бағалауыш мүмкiндiктерiн талқылап қана қоймай, мәтiн құруға қатысатын синтаксистiк құрылымдар мен тыныс белгiлерiнiң прагматикалық функциясын ашып көрсетудi мақсат еттiк.

Оқырмандарға жасырын әсер ету үшiн лексикалық, синтаксистiк, морфологиялық әдiстермен қоса графикалық құралдарды да қолдануға болады. Газет мәтiнiнде тыныс белгiсiнiң көмегiмен жасырын баға берудiң сан қырлы әдiстерi бар екенi сөзсiз. Газет мәтiнiндегi мұндай ерекшелiктерге талдау жасап, iрiктеу барысында адресанттың коммуникативтiк мақсатын iс жүзiне асыруда олардың маңызды рөл атқаратыны анықталды.

Бiздiң мақсатымыз – тыныс белгiлердiң мәтiн құрылымында адресанттың адресатқа өз ойын тиянақты, ұтымды, әсерлi, астарлы, мақсатты жеткiзу үшiн қолданылатындығын, тыныс белгiлердiң де прагматикалық функция атқара алатындығын дәлелдеу болды.

Жазба тiлде қолданылатын көптеген графикалық құралдар ауызекi сөйлеуде дауыс ырғағымен, үзiлiспен, қимыл қозғалыспен жеткiзуге болатын құрал болып табылады. Жазба тiлде көбiнесе дауыс ырғағы тырнақшаның көмегiмен берiледi. Әдетте тырнақшаның ерекше ырғақты көрсететiн тiлден тысқары ролi бар. Мысалы, тырнақша көп мағыналы сөздiң мәнiн айқындауға ықпал етедi.

Газет мәтiндерiндегi ирония мен сарказмдар тырнақшаны қолдану арқылы берiлетiндiгiн бiлемiз. Автордың түпкi мақсатын тырнақшаға алынған сөздi қарама-қарсы мағынасымен салыстыра отырып, анықтауға болады.

Тыныс белгiлердiң стилистикалық мүмкiндiктерi аз зерттелгендiгiне байланысты бiз тек тырнақша және жақша сияқты графикалық құралдардың прагматикалық функциясын ашып көрсетуге тырыстық. Бiз тырнақша мен жақшаны тыныс белгiсi ретiнде қарау жеткiлiксiз деп ойлаймыз, өйткенi олар мәтiнде «тыныс белгiсiнен» де ауқымды қызмет атқара алады. Көркем әдебиет пен публицистикада тырнақша мен жақшаға алынған сөздердiң әсер ету мүмкiндiгi мол. Тырнақша мен жақша – адресанттың ойын астарлы жеткiзуiне ықпал ете алатын тiлдiк құрал.

Зерттеу жұмысының барысында тырнақшаға алынған сөздерге мәтiн iшiнде ерекше логикалық екпiн түсiп тұратындығы байқалды. Логикалық екпiн қызығушылықты арттырудың негiзi болып табылатындықтан, тырнақша тек логикалық екпiндi берушi ғана емес семантикалық өзгерiске, оқырманның мәтiндi қабылдау тиiмдiлiгiн арттыруға да ықпал етедi.

Графикалық құралдарды прагматикаға қатысты зерттеуде көп нүктенiң ерекшелiгiн анықтаған Т.Ш.Мырзахметованың кандидаттық диссертациясын ерекше атауға болады. Диссертациялық жұмыста тыныс белгiсiнiң теориясы мен практикасы қарастырылып, қазақ және орыс тiлдерi негiзiнде көпнүкте жүйесiне семиотикалық және функционалды-прагматикалық талдау жасалған.

Тырнақша және жақша сияқты тыныс белгiлердiң прагматикалық мүмкiндiгiн зерттеу де кезек күтiп тұрған тақырып деп ойлаймыз. Бiз бұған газет мәтiндерiнiң прагматикалық функциясын зерттеудiң барысында көз жеткiздiк. Тыныс белгiлерiнiң стилистикалық ерекшелiктерiн мәтiндi қабылдау мәселесi тұрғысынан психолингвистикамен ұштастыра зерттеу бағытында да тың тақырыптардың көп екендiгi рас.

Тырнақша мен жақша сияқты графикалық құралдар оқырманның мәтiндi қабылдауына ықпал етедi. Адресант осы құралдарды қолдана отырып, коммуникативтiк мақсатына қол жеткiзедi.



Дәудi сөзiн тырнақшамен бере отырып, мақала авторы аттарын атап, түстерiн түстемесе де бұл сөздiң кiмдерге байланысты айтылатындығын оқырмандардың түсiнетiнiне сенiм арта отырып, бiр сөз арқылы талай адамдардың лауазымы мен есiмдерiн атап өткендей. Бұл жерде автор тырнақшаның прагматикалық функциясын орынды қолдаған.

Әлсiз халық қашан да мақтаншақ, әрi жасқаншақ. Қазақ «интеллигенциясының» бiз әлi де демократияға дайын емеспiз деп, қайта-қайта дабыл қаға беретiнi де, жеке басын қорғап қалуға негiзделген шартты рефлекс. Өйткенi ештеңеге дайын емеспiз деп, ұлттың басына төнген қатерге мойын бұрмай өмiр сүру қазақ интеллигенциясы үшiн ең ыңғайлы позиция.

(СолДат, 22 ақпан, 2000 ж.)

Интеллегенция сөзiн тырнақшаға алып берудегi автордың мақсаты осы атаққа ие болып отырғандардың өз деңгейiне сай емес, жеке басын көптеген адамдар екенiн ашып көрсету болғаны байқалады. Егер өз ойын газет тiлшiсi тырнақшаны қолданбай тәптiштеп, түсiндiрiп жазса, оқырманға тигiзер әсерi дәл осы үзiндiдегiдей болмас едi. Бұл жерде автор коммуникативтiк мақсатқа жетудiң ұтымды әдiсiн қолданып отыр.

Сөйтiп, ұйымдасқан қылмыстың мемлекет билiгiнде ғана емес, жалпы елдiң өмiрiнде «бесiншi билiк» иесiне айналуы қоғамның саяси билiк қатынасындағы ажырамас бөлшегi болып шығады.

(Қазақ әдебиетi, 18 ақпан, 2000 ж.)

Әлеуметтiк ортада санамызға сiңiстi болып кеткен төрт билiктiң бар екенi белгiлi. Газет тiлшiсi қазiргi кезде өз өктемдiгiн бүкiл ел көлемiнде жүргiзiп отырған ұйымдасқан қылмысты бесiншi билiкке теңеп, тырнақшаға алып беруiнде үлкен саяси, әлеуметтiк, экономикалық мән, астар бар.



Бәрi бiлiм жүйесiндегi реформадан басталған тәрiздi. Былтыр, барлық жердегiдей, Бiлiм Министрінің бұйрығымен Шымкентте де орта оқу орындарын жоғары бiлiм ордаларының қол астына жатқызу науқаны қызу жүргiзiлдi. Бұл «құрбандыққа» Манап Өтебайұлының колледжi де шалынды.

(Ана тiлi, 20 ақпан, 1997 ж.)

Үзiндiде автор коммуникативтiк мақсатына жету үшiн тек тырнақшаны ғана емес, тырнақшаға алынған «құрбандық» сөзiнiң бағалауыш мүмкiндiгiн де пайдаланып, оқырманға эмоциялық әсер етуге тырысқан.

Газет мәтiнiнде оқырманның назарын аударып, ой екпiнiн түсiру үшiн қолданылатын тыныс белгiлердiң бiрi – жақша.

Жақша газет мәтiнiнде екi түрлi қызмет атқарады. Бiрiншiсi, газет мәтiнiндегi сөздiң негiзгi мәнiн түсiндiру мақсатында қолданылса, екiншiсi, прагматикалық функция атқара отырып, коммуникативтiк мақсатқа қол жеткiзу үшiн ой екпiнiн түсiру арқылы оқырманға эмоциялық әсер ету мақсатында қолданылады.

Бұл қолданыстың алғашқысы көбiнесе газет бетiндегi ғылыми стильде жазылған мақалаларда жиi кездеседi. Ал екiншiсi – газет мәтiнiндегi аналитикалық жанрларда газет тiлшiлерi жиi қолданатын экспрессивтiк құрал болып табылады.

Газет мәтiнiнде прагматикалық функция атқаратын графикалық құралдардың көлемi тырнақшамен және жақшамен шектелмейдi. Кез келген мәтiнде қолданылатын сұрау белгiсi, көп нүкте сияқты графикалық құралдардың прагматикалық ерекшелiктерi тақырыпатқа байланысты қаралды. Сызықша, леп белгiсi сияқты тыныс белгiлердiң де прагматикалық функция атқару мүмкiндiгi бар.

Бiрақ бiздiң негiзгi мақсатымыз газет мәтiнiнде кездесетiн тiлдiк бiрлiктердiң, синтаксистiк құралдардың, тыныс белгiлердiң, жалпы мәтiннiң прагматикалық функциясын айқындау болғандықтан жұмысымызда мәтiннiң прагматикалық функциясын айқындайтын коммуникативтiк тактикаларға, синтаксистiк құралдар мен тыныс белгiлерiне және тiлдiк бiрлiктердiң бағалауыш ерекшелiктерiне, газет мәтiнi тақырыпатының ерекшелiгiне ғана тоқталдық.

Аталған мәселелердi мәтiн лингвистикасы мен лингвистикалық стилистика, коммуникативтi лингвистика мен прагматикалық лингвистика салалары бойынша газет мәтiнi мен тiлiнiң ерекшелiктерiн ескере отырып, психолингвистика мен социалингвистикаға ұштастыра зерттеу маңызды.

Газет мәтiнiнiң прагматикалық функциясын зерттеу барысында жеке тараулар мен тармақшаларда қаралған мәселелерге байланысты қазақ тiл бiлiмiнде зерттелуге тиiстi бiрқатар өзектi, тың тақырыптарды атап өттiк. Олардың әрқайсысы қазақ тiл бiлiмiнде мәтiн лингвистикасын, лингвистикалық стилистиканы, коммуникативтiк лингвистика мен прагматикалық лингвистиканы дамытуға үлес қосатын өзектi тақырыптар. Аталған мәселелер болашақта қазақ тiлiнiң ерекшелiктерiн зерттейтiн тiлшi ғалымдардың еңбектерiне негiз болатынына сенiмдiмiз. Өйткенi мәтiн лингвистикасы, прагматикалық лингвистика қазақ тiл бiлiмiнде жаңа дамып келе жатқан салалар.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:


  1. Газет мәтінінде графикалық құралдардың прагматикалық функция атқару мүмкіндігінің ерекшеліктерін атаңыз?

  2. Тырнақша мен жақшаны пайдаланудың прагматикалық қызметі неде?

  3. Сұрау белгісінің атқаратын прагматикалық қызметі қандай?

  4. Газет мәтінінің прагматикалық функциясының атқаратын қызметі туралы айтыңыз

  5. Леп белгісінің атқаратын прагматикалық қызметі қандай?



6- Дәріс

Тақырыбы: Публицистикалық стильдегі ақпаратты жеткізуші тілдік бірліктер
Газет тiлiн жазбаша берiлетiн шешендiк өнердiң бiр түрiне жатқызсақ, газет тiлшiлерiнен коммуникативтiк мақсатқа сай ойын жинақтап, оқырманға әсерлi жеткiзу үшiн қажеттi тiлдiк құралдарды талғаммен таңдай бiлу, таңдап алынған тiлдiк құралдарды коммуникативтiк тактикаға негiздей жеткiзу талап етiледi. Қазақ газеттерiнiң тiлшiлерi үшiн Жиренше шешен, Асан қайғы, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би, Төле билердiң, т.б. шешендiк өнерлерi үлгi болуға лайық.

Бiз жұмысымызда газет тiлшiсiнiң алға қойған коммуникативтiк мақсатына жетуде қолданатын стратегиялар мен тактикалардың бiр шетi осы шешендiк өнермен байланысатындығын айтамыз. Бiрақ, бұл мәселе - қазақ тiл бiлiмiнде жазба тiл бойынша зерттелуi әлi қолға алынбаған тың тақырып.

Әрбiр тiлдiк қарым-қатынас жағдайының стратегиясы болады. Стратегияға жағдайды бағдарлау, тiлдiк қарым-қатынаста табысқа жету үшiн ықпал етудiң бағытын анықтап, ұйымдастыру жатады. Тiлдiк қарым-қатынастың стратегиясы белгiлi бiр жағдайда алға қойған мақсатқа жету үшiн тiлдiк құралдарды қолданатын коммуникативтiк тактикаға негiзделедi. Коммуникативтiк тактикалар белгiлi бiр ортаның ерекшелiктерiне байланысты қолданылады. Басқаша айтқанда, коммуникативтiк тактиканы орнымен қолдану керек.

Тiлдiк қарым-қатынас стратегиясына байланысты қолданылатын тактиканың түрлерi көп. Олар (тактикалар) тiлдiк қарым-қатынас iс жүзiне асатын ортаға, коммуниканттардың ерекшелiктерiне (жасы, бiлiмi, тәжiрибесi, қоғамдағы әлеуметтiк орны, т.б.), айтылатын ойдың мақсатына сай болуы керек. Сондай-ақ коммуникативтiк тактика әр халықтың Ұлттық ерекшелiгiне де негiзделедi. Коммуникативтiк мақсаттан туындаған автордың стратегиясы мен тактикасы – газет мәтiнiнiң прагматикалық функциясын қамтамасыз ететiн микрокомпоненттер.

Газет мәтiнiнiң коммуникативтiк мақсатына сай қолданатын коммуникативтiк стратегиясы мен коммуникативтiк тактикасын зерттеудiң барысында бiз қазақ газеттерiнде қолданылатын коммуникативтiк тактикалардың төмендегiдей түрлерiн анықтадық:


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет