ПОӘК 042-14-5-05. 03. 20. 21/ 2013 2013 жылғы № басылым


Абырой беделдi алға тарту



бет4/5
Дата29.01.2018
өлшемі0,77 Mb.
#36004
1   2   3   4   5

1. Абырой беделдi алға тарту.

2. Коммуникантты өзiмсiну (интимизация).

3. Фактiлердi қарама-қарсы қою.

Аталған коммуникативтiк тактикалар – газет авторларының коммуникативтiк мақсатқа жету үшiн ұйымдастырған стратегиясын iс жүзiне асырудың жолдары мен әдiстерi.



1. Абырой беделдi алға тарту тактикасы

Адамның абырой беделiн бетке ұстау үшiн әрине кезiнде сол адамның айтқан сөзiн, пiкiрiн, оның мәнiн, ең басты бұл адамның қоғамдағы дәрежесiн ескеруге тура келедi. Айтқан қанатты сөзi сол сәтте тiлдiк қарым-қатынасқа түсушiлердi белгiлi бiр iске, iс болғанда парасатты, игiлiктi iске бастай алғандағы, қателiктi көрсетiп, дұрыс бағыт бере алғандығы да негiзге алынады.

Бұл әдiс – қазақ халқы бұрыннан қолданатын тиiмдi әдiс. Өйткенi «Өнер алды қызыл тiл» деп шешендiктiң мәнi мен мағынасын ертеден терең түсiнген халықтың бiрi – қазақ халқы өз ойын ашық жеткiзiп, тыңдаушысына әсер ету үшiн ұлы, ойшыл, бiлiмдар адамдардың, ғалымдардың, ел сыйлаған қариялардың, шешендердiң сөздерiн алға тартып, олардың абырой беделiне арқа сүйей отырып, түпкi мақсатына қол жеткiзген. Осы әдiстi қазақ газеттерiндегi жарияланым авторлары да шебер қолданады. Мысалы:

«Құлақтан кiрiп бойды алар жақсы ән мен тәттi күй» деп ұлы Абай айтпақшы, сонау жас шағымнан-ақ жақсы ән мен тәттi күйдiң қадiрiн бiлiп, тыңдауды әдет еткен, күйтабақ, күйтаспа жинайтын қазақтың бiрiмiн.

(Қазақ әдебиетi, 28 қаңтар, 1997 ж.)

Автор Абайды» өлең жолдарынан үзiндi келтiре отырып, ұлы ақынның абыройына арқа сүйейдi.



... Мұхтар Әуезов «төзiмдiлiк қазақ халқының маңдайына жазылған жақсы қасиет, бiрақ оның ұзақ болмағаны жақсы», деген екен. Сол ғұлама жазушы айтқандай үмiттенейiк, бiрақ үмiтiмiз 2030-ншы жылға кетiп қалып жүрмесiн.

(ХХI век, 23 наурыз, 2000 ж.)

Автор кемеңгер жазушы М.Әуезовтің сөзiн бере отырып, беделiн алға тартады. Бiз келтiрiлген мысалдарымызда подтекстi (астарлы ойды) талдап жатпадық, бұл жерде тек сөздерiнен үзiндi келтiрiлген адамдардың абырой, дәрежесiн (әрине соған сай айтқан сөздерiн) алға тартып отырғанын көрсетудi мақсат еттiк.



Ай, заман-ай, заман-ай,

Түстi мынау тұман-ай.

Iстiң бәрi күмән-ай!

деп Бұқар жырау бабаның дағдарғанындай, қай жерде де қазақтың: «Апыр-ау мына заман не боп кеттi, бұның ұшығына шығып, кiм ұғындырып бередi? деп ақылы айран, ойы сайраң болған кездерi аз болмаған.

(Ана тiлi, 13 маусым, 1997 ж.)

Бұл жерде «Ана тiлi» газетiнiң ұжымы Бұқар жыраудан үзiндi бере отырып, қоғамдағы әлеуметтiк-экономикалық жағдайдың барысын түсiндiруде атқаратын мiндеттерiн саралайды.



Баяғыда аталарымыз: «Молотов берген байталды, Хрущев келiп қайта алды» деп кекесiнмен әндетедi екен. Филармонияның жағдайы осыны еске түсiредi.

(Ана тiлi, 4 қараша, 1999 ж.)

Абырой беделдi алға тарту тактикасына бiз газет мәтiнiнде мақал-мәтелдердi қолдануды да жатқыздық. Өйткенi мақал-мәтелдер кезiнде белгiлi бiр халықтың өмiрлiк тәжiрибесiне байланысты түйген ойларының нәтижесi екендiгi даусыз.

Мақал-мәтелдi кез-келген адамның ойлап шығаруы мүмкiн емес. Оған қазiргi кезде жекелеген ұлы адамдардың айтқан қанатты сөздерi дәлел бола алады. Ұлы ақын Абай өлеңдерiнiң мына бiр жолдары қазақ халқы арасында өсиет, нақыл сөздерге айналғаны белгiлi. «Бiлiмдiден шыққан сөз, талаптыға болсын кез», «Өлең сөздiң патшасы, сөз сарасы», «Ғашықтың тiлi тiлсiз тiл, көзбен көр де, iшпен бiл», т.б. Соған байланысты бiз мақал-мәтелдердi қолдануды абырой беделдi алға тарту тактикасына қосып отырмыз. Бұл жерде қазақ атты бүкiл бiр халықтың беделi, өмiрлiк тәжiрибесi алға тартылады.

Бiз де коммуникативтiк тактиканың осы түрiне талдау жасауда ғалым А.Нұрмахановтың сөзiн алға тартуды жөн көрдiк: «Түркi халықтары өздерiнiң мақал-мәтелдерiн «аталар сөзi», «ақыл сөзi», «нақыл сөзi», «даналық сөз», «көсем сөз» дей отырып, «Атаңның сақалына қарама, айтқан мақалына қара”, «Мақал-мәтел - маржан сөз, қоса көрме арзан сөз» деген. Расында мақал-мәтелдердiң тағылымдық, тәрбиелiк, өсиет-өнегелiк маңызы аса зор. Ең бастысы мақал-мәтелдер тоқсан ауыз сөздiң тобықтай түйiнiн әрi қысқа, әрi нұсқа жеткiзедi. Сондай-ақ мақал-мәтелдер тура және ауыспалы мағынада айтылатын, адам және оны қоршаған табиғат пен жер бетiндегi тiршiлiк атаулыны ой елегiнен өткiзген өсиетнама десе де болады.

Газет мәтiнiнде прагматикалық функция атқаратын графикалық құралдардың көлемi тырнақшамен және жақшамен шектелмейдi. Кез келген мәтiнде қолданылатын сұрау белгiсi, көп нүкте сияқты графикалық құралдардың прагматикалық ерекшелiктерi тақырыпатқа байланысты қаралды. Сызықша, леп белгiсi сияқты тыныс белгiлердiң де прагматикалық функция атқару мүмкiндiгi бар.

Бiрақ бiздiң негiзгi мақсатымыз газет мәтiнiнде кездесетiн тiлдiк бiрлiктердiң, синтаксистiк құралдардың, тыныс белгiлердiң, жалпы мәтiннiң прагматикалық функциясын айқындау болғандықтан жұмысымызда мәтiннiң прагматикалық функциясын айқындайтын коммуникативтiк тактикаларға, синтаксистiк құралдар мен тыныс белгiлерiне және тiлдiк бiрлiктердiң бағалауыш ерекшелiктерiне, газет мәтiнi тақырыпатының ерекшелiгiне ғана тоқталдық.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:


  1. Бағалауыш лексика терминінін ең алғаш қай ,алымдар қолданған?

  2. бағалауыш лексиканың мағынасы неге негізделген

  3. Г.Я.Солганик бағалауыш белгі бойынша газеттік лексиканы нешеге бөліп көрсетеді? Атаңыз?

  4. А.А.Уфимцева коннативті мағынаны неше топқа бөліп көрсеткен?

  5. Коннатацияға эмоциялық мағына мен бірге стилистикалық мағына жүктеу керек деген пікірді ұсынған ғалымды атаңыз?



7- Дәріс

Тақырыбы: Прагматикалық лингвистиканың қатысымдық табиғаты
Т.Қордабаев: «Тiлде дамымай, өзгерiске ұшырамай бiр қалыпта қалып қоятын мәңгiлiк еш нәрсе де жоқ, бәрi де өзгередi, дамиды. Сондай өзгеру, даму – тiлдiң синтаксистiк жүйесiндегi категориялардың барлығына да тән құбылыс. ...ол – сол тiлде сөйлейтiн қауымның тiлдi өз ойын дәлме-дәл, толық етiп бере алатын икемдi, орамды, көркем, бай тiл дәрежесiне жеткiзу, шындап дамыта беру талабы. Бұл талап - тiлдiң өмiр сүруiндегi ең бiр шешушi, басты қажеттiлiк» деп тұжырымдайды.

Орыс және қазақ тiл бiлiмiнде синтаксистiк құрылымдардың ерекшелiгiн терең зерттеген тiл мамандары Т.Қордабаев, Г.Я.Солганиктiң пiкiрлерiне қосыла отырып, бiз жұмысымызда газет мәтiнiнде прагматикалық функция атқарудағы синтаксистiк құрылымдардың да маңызы зор екендiгiн атап көрсетемiз.

Газет мәтiнiнiң прагматикалық функциясын экспрессивтi синтаксистiң көркемдегiш құралдары болып табылатын синтаксистiк құрылымдар да атқарады. Газет мәтiнiнде кездесетiн ондай құралдарға лексикалық қайталамалар, инверсия, парцелляция, т.б. жатады.

ГПС-тiң синтаксистiк ерекшелiктерiн зерттеген О.Бүркiтов сұраулы сөйлемдер, қыстырма сөздер мен қыстырма сөз тiркестерi, атаулы сөйлемдер жайында, әсiресе баспасөз тiлiнде жиi кездесетiн лексикалық қайталамалар сияқты синтаксистiк құрылымдар жайында құнды пiкiр айта келiп: «ПС-тiң синтаксистiк ерекшелiктерiнiң бiрi деуге болатын, бiрақ бүгiнгi баспасөз тiлiнде жалпылық сипатқа әлi ие бола қоймаған синтаксистiк құралдар да бар. Олардың қатарына сегменттi құрылымдар мен парцелляциялы құрылымдарды жатқызуға болады» деген тұжырым айтады.

Бiз бұл пiкiрге қосыламыз. Бiрақ қазiргi кезде қазақ газет мәтiндерiне талдау жасау барысында бүгiнгi қазақ газеттерiндегi аналитикалық жанрларда газет тiлшiлерiнiң парцелляция құрылымын өнiмдi пайдаланатыны анықталды. Бұл құбылыс ең алдымен газет тiлiнiң әсер ету, үгiттеу, насихаттау, белгiлi бiр әрекетке бастау, ұйымдастыру сияқты негiзгi қызметтерiне байланысты. Парцелляция құрылымын үнемдi қолдануға бүгiнгi таңдағы демократиялық өзгерiстердiң нәтижесiнде газет тiлшiлерiне берiлген пiкiр еркiндiгi де себеп болып отыр.

Бұған қоса қазiргi алмағайып кезеңде тұрақты оқырмандар табу, олардың көңiлiнен шығу, қызықтыру мәселесi де экономикалық жақтан өзектi болып отыр. Сондықтан газет тiлшiлерi оқырмандарды елiктiрiп өздерiне тарту үшiн адресатты елең еткiзудiң тактикаларын (әдiстерiн) iздестiрiп, қолдануға мәжбүр болып отыр. Олай болса, парцелляциялық құрылым дәл қазiргi кезеңде газет тiлшiлерi үшiн коммуникативтiк мақсатқа жетуде прагматикалық функция атқаратын маңызды құрал болып табылады.

Қазақ тiл бiлiмiнде ендi ғана зерттеле бастаған парцелляция құрылымы мәселесiне келетiн болсақ, ол бүгiнгi таңда терең зерттеудi қажет етiп отырған тың тақырып екенi сөзсiз.

Тiл бiлiмiнде экспрессивтi синтаксистiң синтаксистiк құрылымдары мәтiн лингвистикасының объектiсi болып табылады. Оны мәтiндiк синтагматикадан тыс алып қарау мүмкiн емес. Негiзгi мағыналық бiрлiк мәтiн болып саналатындықтан, сөйлем сол мәтiннiң бiр бөлiгi ретiнде қаралады.

Оқырманның дүниетанымына сүйенетiн адресант айтар ойын адресаттың түсiнетiнiне сенедi. Дегенмен, адресант өз ойын оқырманның дәл түсiнуiне ықпал ету үшiн мәтiндегi сөйлемдердi оқырман қызыға оқитындай етiп беруге тырысады.

Етiстiгi жоқ темалық және ремалық сегменттер экспрессивтiк синтаксистiң құралы ретiнде қаралып, сөйлемдердегi етiстiктiң рөлi бәсеңдейдi. Бұл құбылыс екi бағытта байқалады:

1) Сөйлем сегменттелген кезде сөйлемдегi басқа компоненттерге тигiзетiн етiстiктiң рөлi бәсеңдеп, темалық және ремалық сегмент пайда болады.

2) Экспресивтiк-коммуникативтiк варианттарда экспрессивтiк етiстiксiз құрылым берiледi.

Сөйлемдердi сегменттеу (бөлшектеу) кезiнде ақпарат бөлшектелiп берiледi. Ондай бөлшектер темалық және ремалық болып екiге бөлiнедi. Темалық бөлшектердi зерттеуде сөйлемде айтылатын оқиғаның иесi анықталса, ремалық бөлшектердi зерттеу парцелляция құрылымымен ұштастырыла зерттеледi .

Темалық бөлшектеуден өзгешелiгi ремалық бөлшектеу айтылатын ойдың соңында тұрады. Ремалық бөлшектеу ремалық компоненттердiң санын арттыра отырып, экспрессивтiк функция атқарады.

Қазақ тiл бiлiмiнде бұл құбылысты зерттеудiң қолға алына бастағанын айттық. Кезiнде парцелляция құрылымы жайында М.Б.Балақаев пен Т.С.Сайранбаев: «Қазақ тiл бiлiмiнде парцелляция арнайы сөз болған емес» (214.3) деп бұл құбылысты аударма мәселесiне ұштастыра қарастырған.

Соңғы жылдардың iшiнде парцелляция құбылысы жайлы айтылған құнды пiкiрлердi профессор Р.Сыздықованың еңбектерiнен табуға болады. Ғалым: «Парцелляциялық құбылыстың ғажабы сол – жазушы қай нәрсеге

(сәтке, қимылға, сын-сипатқа т.т ) оқырман назарын аударып, ой салмағын салғысы келсе, бәрiн де еркiн аулақтай (парцелляциялай) алады, әсiресе жоқ, дұрыс, рас сияқты сөздер жеке тұруға бейiм, өйткенi олар көп сөзбен берiлетiн ой екпiнiн қабылдап оқшауланған бiр өздерi көп нәрсенi аңғартады» деген пiкiр айтады. Бiз ғалымның пiкiрiне қосыламыз.

Газет мәтiнiнде газет тiлшiлерi белгiлi бiр ойды бiрнеше парцелляция арқылы берудi коммуникативтiк мақсатына сай тиiмдi қолданады. Өйткенi ғалым Р.Сыздықова айтқандай, газет тiлшiлерi қолданған парцелляциялық құбылыс газет оқырмандарына эмоциялық әсер етiп, мәтiндi оқуды, оны түсiнудi қамтамасыз ете алады.

Парцелляция құбылысына А.Т.Ақыжанова: «Жалпы алғанда, бiз парцелляцияны жазбаша әдеби тiлдiң экспрессивтiк синтаксисiнде синтаксистiк жағынан байланысқан құрылымды нүктемен ажыратылатын, интонациямен оқшауланатын бөлiктерге, яғни фразаларға бөлшектеу тәсiлi деп түсiнемiз» деген анықтама берген.

Бiз жұмысымыздың тақырыбына сай парцелляцияға экспрессивтiк синтаксис тұрғысынан тiлдiк қарым-қатынаста коммуникативтiк мақсатқа жетуде прагматикалық функция атқаратын маңызды синтаксистiк құрал деген анықтама беремiз.

Тiл бiлiмiнде экспрессивтi синтаксистiң синтаксистiк құрылымдары мәтiн лингвистикасының объектiсi болып табылады. Оны мәтiндiк синтагматикадан тыс алып қарау мүмкiн емес. Негiзгi мағыналық бiрлiк мәтiн болып саналатындықтан, сөйлем сол мәтiннiң бiр бөлiгi ретiнде қаралады.

Оқырманның дүниетанымына сүйенетiн адресант айтар ойын адресаттың түсiнетiнiне сенедi. Дегенмен, адресант өз ойын оқырманның дәл түсiнуiне ықпал ету үшiн мәтiндегi сөйлемдердi оқырман қызыға оқитындай етiп беруге тырысады.

Етiстiгi жоқ темалық және ремалық сегменттер экспрессивтiк синтаксистiң құралы ретiнде қаралып, сөйлемдердегi етiстiктiң рөлi бәсеңдейдi. Бұл құбылыс екi бағытта байқалады:

1) Сөйлем сегменттелген кезде сөйлемдегi басқа компоненттерге тигiзетiн етiстiктiң рөлi бәсеңдеп, темалық және ремалық сегмент пайда болады.

2) Экспресивтiк-коммуникативтiк варианттарда экспрессивтiк етiстiксiз құрылым берiледi.

Сөйлемдердi сегменттеу (бөлшектеу) кезiнде ақпарат бөлшектелiп берiледi. Ондай бөлшектер темалық және ремалық болып екiге бөлiнедi. Темалық бөлшектердi зерттеуде сөйлемде айтылатын оқиғаның иесi анықталса, ремалық бөлшектердi зерттеу парцелляция құрылымымен ұштастырыла зерттеледi .

Темалық бөлшектеуден өзгешелiгi ремалық бөлшектеу айтылатын ойдың соңында тұрады. Ремалық бөлшектеу ремалық компоненттердiң санын арттыра отырып, экспрессивтiк функция атқарады.

Парцелляция құбылысын зерттеген А.Т.Ақыжанова «Жалпы тiл бiлiмiнде «парцелляция» терминi француз тiлiндегi «parceller» сөзiнен енген. Бұл ұғым қазақша «Ұсақ бөлшектерге бөлу» дегендi бiлдiредi. Сондықтан бiз бұл терминдi бөлшектенген сөйлем деп алғанды жөн көрдiк» дейдi. Расында да парцелляция тек бiр сөйлем арқылы беруге болатын ойды бөлшектеп жеткiзетiн құбылыс. Бiрақ осы құбылыстың өзiндiк мотивi (уәжi) бар.

Қазақ тiл бiлiмiнде бұл құбылысты зерттеудiң қолға алына бастағанын айттық. Кезiнде парцелляция құрылымы жайында М.Б.Балақаев пен Т.С.Сайранбаев: «Қазақ тiл бiлiмiнде парцелляция арнайы сөз болған емес» деп бұл құбылысты аударма мәселесiне ұштастыра қарастырған.
Өзін -өзі бақылау сұрақтары:
1. Коммуникативтік мақсат дегеніміз не?

2. Тілдік қарым-қатынастың мақсатқа жетуі үшін қандай тактикалар қолданылады?

3. Абырой беделді алға тарту тактикасының прагматикалық функциясы қандай?

4. Коммуникативтік өзімсіну әдісінің прагматикалық қызметі қандай?

5. Фактілерді қарама қарсы қоя тактикасының прагматикалық функциясы қандай?
8- Дәріс

Газет мәтініндегі әсер ету қызметінің көрінісі
Газет мәтiнiнiң экспрессивтiк синтаксисi адресанттың коммуникативтiк iс жүзiне асыруда прагматикалық функция атқаратын маңызды құрал болып табылады.

Басқа мақсаттық стильдегi сияқты ГПС-тiң де синтаксистiк ерекшелiктерi бар. Баспасөз тiлi синтаксисi кiтаби тiл мен ауызекi сөйлеу тiлi синтаксистерiнiң бiрлiгiнен тұрады.

Синтаксис жүйесiнде, әсiресе ГПС-те кез келген синтаксистiк қатынасты бiлдiретiн құрылымдардың стилистикалық жақтан даралану процесi жүредi. Соған байланысты тiлдiң көркемдегiш құралдары молайып, синтаксистiк жүйесi анағұрлым жетiлiп дамиды. Өйткенi әрбiр мақсаттық стиль өз талабына сай мағына мен мән беретiн құрылымдарды iрiктеуге қабiлеттi. Синтаксистiк жүйенiң тiлдiк құралдары стилистикалық тұрғыдан даралануының негiзiн қалап, стилистикалық оппозицияның қалыптасуына ықпал етедi.

Осы мәселелер жайында қазiргi қазақ тiлiнiң синтаксистiк стилистикасын зерттеген Н.Х. Демесинованың: «Публицистика қоғамдық ерекшелiгiне байланысты өзiнiң тiлдiк құрамына әртүрлi морфологиялық және синтаксистiк формалар жүйесiн қабылдай алады» деген пiкiрiне толық қосыла отырып, ГПС-тегi синтаксистiк құрылымдар баспасөздiң әр түрлi мақсаттары мен мiндеттерiн iс жүзiне асыруына ықпал етуге қабiлеттi демекпiз.


Өзін -өзі бақылау сұрақтары:
1. Коммуникативтік мақсат дегеніміз не?

2. Тілдік қарым-қатынастың мақсатқа жетуі үшін қандай тактикалар қолданылады?

3. Абырой беделді алға тарту тактикасының прагматикалық функциясы қандай?

4. Коммуникативтік өзімсіну әдісінің прагматикалық қызметі қандай?

5. Фактілерді қарама қарсы қоя тактикасының прагматикалық функциясы қандай?

9-Дәріс

Тақырыбы: Газет мәтінінің прагматикалық қызметі.
Газет тiлшiсi оқырманға айтар ойын пәрмендi жеткiзу үшiн қанатты сөздердi, мақал-мәтелдердi, әйгiлi адамдар айтқан құнды сөздердi келтiредi.

Осы ерекшелiк жайында профессор Р.Сыздықованың: «Публицистика – жазба әдебиет жанры. Сөйте тұра ол – әдеби тiлдiң ауызша түрiне ең жуық келетiн жанр. Өйткенi публицистиканың саяси-көркем очерк, памфлет, эссе, репортаж тәрiздi салалары информация берумен қатар, оқырманға әсер ету, оны иландыру, жиiркендiру, сүйiндiру т.б. сияқты мақсаттарды да көздейдi. Сондықтан мұнда да, ауызша шешендер сөзiндегiдей, эмоциялы-экспрессивтi элементтердi таңдап алу, құлаққа жағымды дыбыстар үйлесiмiн (аллитерация) жасау, метафора, теңеулердi еркiнiрек қолдану, модальдық реңк беретiн элементтердi (қыстырма сөз, сұраулы сөйлемдер т.т.) жатсынбау тәрiздi құбылыстар орын алады» деген пiкiрiне қосыла отырып, баспасөз тiлiн шебер қолданудың негiзi газет тiлшiлерiнiң қазақ халқына тән шешендiк өнердi жете түсiне бiлуiне байланысты екендiгiн айтамыз.

Газет тiлiн жазбаша берiлетiн шешендiк өнердiң бiр түрiне жатқызсақ, газет тiлшiлерiнен коммуникативтiк мақсатқа сай ойын жинақтап, оқырманға әсерлi жеткiзу үшiн қажеттi тiлдiк құралдарды талғаммен таңдай бiлу, таңдап алынған тiлдiк құралдарды коммуникативтiк тактикаға негiздей жеткiзу талап етiледi. Қазақ газеттерiнiң тiлшiлерi үшiн Жиренше шешен, Асан қайғы, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би, Төле билердiң, т.б. шешендiк өнерлерi үлгi болуға лайық.

Бiз жұмысымызда газет тiлшiсiнiң алға қойған коммуникативтiк мақсатына жетуде қолданатын стратегиялар мен тактикалардың бiр шетi осы шешендiк өнермен байланысатындығын айтамыз. Бiрақ, бұл мәселе - қазақ тiл бiлiмiнде жазба тiл бойынша зерттелуi әлi қолға алынбаған тың тақырып.

Әрбiр тiлдiк қарым-қатынас жағдайының стратегиясы болады. Стратегияға жағдайды бағдарлау, тiлдiк қарым-қатынаста табысқа жету үшiн ықпал етудiң бағытын анықтап, ұйымдастыру жатады. Тiлдiк қарым-қатынастың стратегиясы белгiлi бiр жағдайда алға қойған мақсатқа жету үшiн тiлдiк құралдарды қолданатын коммуникативтiк тактикаға негiзделедi. Коммуникативтiк тактикалар белгiлi бiр ортаның ерекшелiктерiне байланысты қолданылады. Басқаша айтқанда, коммуникативтiк тактиканы орнымен қолдану керек.

Тiлдiк қарым-қатынас стратегиясына байланысты қолданылатын тактиканың түрлерi көп. Олар (тактикалар) тiлдiк қарым-қатынас iс жүзiне асатын ортаға, коммуниканттардың ерекшелiктерiне (жасы, бiлiмi, тәжiрибесi, қоғамдағы әлеуметтiк орны, т.б.), айтылатын ойдың мақсатына сай болуы керек. Сондай-ақ коммуникативтiк тактика әр халықтың Ұлттық ерекшелiгiне де негiзделедi. Коммуникативтiк мақсаттан туындаған автордың стратегиясы мен тактикасы – газет мәтiнiнiң прагматикалық функциясын қамтамасыз ететiн микрокомпоненттер.


10-Дәріс
Тақырыбы: Прагматикадағы тілге әсер ететін экстралингвистикалық мәнділері (коммуникативтік жағдаят, мақсат, стртегия, таксика
Коммуникативтiк мақсат – тiлдiк қарым-қатынаста адресант көздейтiн негiзгi мақсат. Коммуникативтiк мақсатқа жетудiң өзiндiк жолдары мен әдiстерi болады. Бұл мәселенi терең зерттеген ғалымдар О.Я.Гойхман мен  Т.М.Надеина өз еңбектерiнде  тiлдiк  коммуникацияның ерекшелiктерiн көрсете келiп, тiлдiк қызметтiң өзiндiк кезеңдерi болатынын айтады. Оларда: 1) айтылатын ойды даярлау, 2) айтылатын ойды ретке келтiру, 3) ойды сыртқа шығару, 4) сөйлеудi қабылдау, 5) түсiну, 6) айтылатын ойға жауап беру деп бөлiп, айтылған ойды түсiнудiң деңгейi әр түрлi жағдайға байланысты болатынын ескертедi. Бұл жағдайлардың жиынтығы – контекст деп атап көрсетедi. Контекстiң ашық (эксплициттi), жасырын (имплициттi) болатынын, жасырын контекске мақсат, мүдде, мотив (уәж), коммуниканттардың жеке басының ерекшелiктерi (бiлiм деңгейi, әлеуметтiк жағдайы, мiнезi) кiретiндiгiн айтады.

Тiлдiк коммуникацияда табысқа жетудiң логика, психология және тiл сияқты үш категориясы бар. Аталған үш категорияның iшiнде барлық ақпарат тек сөз арқылы жеткiзiлетiндiктен тiл – тiлдiк қарым-қатынаста мақсатқа жетудiң ең маңызды құралы.

Пiкiрталаста көбiнесе шындықты жақтайтындар емес, қарсыласының ойын тез, нақтылы анықтап, қарсы айтатын ойын жинақы, шебер жеткiзетiн адам жеңiске жететiнi белгiлi. Бұл пiкiрталасқа қатысушылардың тiлдiк стратегия мен тактикаларды жылдам, ұтымды ұйымдастыра бiлуiнiң нәтижесi.

Бұл жерде бiз коммуникативтiк мақсатқа сай қолданылатын коммуникативтiк тактикалар жайында айтпас бұрын тоқсан ауыз сөздiң тобықтай түйiнiн айта бiлген қазақ халқына тән шешендiк өнер жайлы ой бiлдiрудi жөн көрдiк. Сонау ерте заманнан бастау алып, бүгiнгi саяси-әлеуметтiк өмiрiмiзге жеткен шешен сөйлеу дәстүрiнiң маңыздылығы бүгiн арта түскен.

Қазiр шешендiк өнер ұжымды, қоғамды басқарудың, заң органдарындағы қызметкерлердiң, ғалымдар мен оқытушылардың, сайлау науқаны кезiндегi кандидаттардың сенiмдi өкiлдерiнiң, телерадио хабарларды жүргiзушiлердiң, газет тiлшiлерiнiң маңызды құралы болып отыр, өйткенi айтар ойларын әсерлi, ұтымды, жинақы жеткiзе бiлсе, тiлдiк коммуникацияға қатысушылардың барлығы да көздеген мақсаттарына жетедi.
Өзін -өзі бақылау сұрақтары:
1. Коммуникативтік мақсат дегеніміз не?

2. Тілдік қарым-қатынастың мақсатқа жетуі үшін қандай тактикалар қолданылады?

3. Абырой беделді алға тарту тактикасының прагматикалық функциясы қандай?

4. Коммуникативтік өзімсіну әдісінің прагматикалық қызметі қандай?

5. Фактілерді қарама қарсы қоя тактикасының прагматикалық функциясы қандай?

11-Дәріс

Тақырыбы: Мәтінді прагматикалық аспект негізінде зерттеу мәселесі жайында
Газет мәтiнiнiң прагматикалық функциясын айқындау мақсатында бiз тек тiлдiк бiрлiктердiң бағалауыш мүмкiндiктерiн талқылап қана қоймай, мәтiн құруға қатысатын синтаксистiк құрылымдар мен тыныс белгiлерiнiң прагматикалық функциясын ашып көрсетудi мақсат еттiк.

Оқырмандарға жасырын әсер ету үшiн лексикалық, синтаксистiк, морфологиялық әдiстермен қоса графикалық құралдарды да қолдануға болады. Газет мәтiнiнде тыныс белгiсiнiң көмегiмен жасырын баға берудiң сан қырлы әдiстерi бар екенi сөзсiз. Газет мәтiнiндегi мұндай ерекшелiктерге талдау жасап, iрiктеу барысында адресанттың коммуникативтiк мақсатын iс жүзiне асыруда олардың маңызды рөл атқаратыны анықталды.

Бiздiң мақсатымыз – тыныс белгiлердiң мәтiн құрылымында адресанттың адресатқа өз ойын тиянақты, ұтымды, әсерлi, астарлы, мақсатты жеткiзу үшiн қолданылатындығын, тыныс белгiлердiң де прагматикалық функция атқара алатындығын дәлелдеу болды.

Жазба тiлде қолданылатын көптеген графикалық құралдар ауызекi сөйлеуде дауыс ырғағымен, үзiлiспен, қимыл қозғалыспен жеткiзуге болатын құрал болып табылады. Жазба тiлде көбiнесе дауыс ырғағы тырнақшаның көмегiмен берiледi. Әдетте тырнақшаның ерекше ырғақты көрсететiн тiлден тысқары ролi бар. Мысалы, тырнақша көп мағыналы сөздiң мәнiн айқындауға ықпал етедi.

Газет мәтiндерiндегi ирония мен сарказмдар тырнақшаны қолдану арқылы берiлетiндiгiн бiлемiз. Автордың түпкi мақсатын тырнақшаға алынған сөздi қарама-қарсы мағынасымен салыстыра отырып, анықтауға болады.

Тыныс белгiлердiң стилистикалық мүмкiндiктерi аз зерттелгендiгiне байланысты бiз тек тырнақша және жақша сияқты графикалық құралдардың прагматикалық функциясын ашып көрсетуге тырыстық. Бiз тырнақша мен жақшаны тыныс белгiсi ретiнде қарау жеткiлiксiз деп ойлаймыз, өйткенi олар мәтiнде «тыныс белгiсiнен» де ауқымды қызмет атқара алады. Көркем әдебиет пен публицистикада тырнақша мен жақшаға алынған сөздердiң әсер ету мүмкiндiгi мол. Тырнақша мен жақша – адресанттың ойын астарлы жеткiзуiне ықпал ете алатын тiлдiк құрал.

Зерттеу жұмысының барысында тырнақшаға алынған сөздерге мәтiн iшiнде ерекше логикалық екпiн түсiп тұратындығы байқалды. Логикалық екпiн қызығушылықты арттырудың негiзi болып табылатындықтан, тырнақша тек логикалық екпiндi берушi ғана емес семантикалық өзгерiске, оқырманның мәтiндi қабылдау тиiмдiлiгiн арттыруға да ықпал етедi.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:


  1. Газет мәтінінде графикалық құралдардың прагматикалық функция атқару мүмкіндігінің ерекшеліктерін атаңыз?

  2. Тырнақша мен жақшаны пайдаланудың прагматикалық қызметі неде?

  3. Сұрау белгісінің атқаратын прагматикалық қызметі қандай?

  4. Газет мәтінінің прагматикалық функциясының атқаратын қызметі туралы айтыңыз

  5. Леп белгісінің атқаратын прагматикалық қызметі қандай?


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет