ПОӘК 042-18-10 109/03-2013 18. 09. 2013 ж. №1 басылым


Гипофиздің алдыңғы бөлігінің /аденогипофиздің/ гормондары



бет3/8
Дата31.01.2018
өлшемі1,02 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Гипофиздің алдыңғы бөлігінің /аденогипофиздің/ гормондары


Өсу гормоны /соматотропин – СТГ/. Сүйек, ұшындағы шеміршек ткані клеткаларының бөлінуі есебінен ұзарып өседі. Сүйектердің өсуін биологиялық активті заттар, мысалы гипофизден бөлінетін өсу гормоны реттеп отырады. Бұл гормонның мөлшері жеткіліксіз болса жас жануарлардың тіпті өсуі мүлде тоқтап қалады. Мысалы, мұндай адамдардың бойы пәкене болып, ер жеткенде 5-6 жастағы баланың бойынан аспайды. Мұндай адамдарды ергежейлілер деп те атайды. Бұл кезде жыныстық дамудың да тежелуі мүмкін.

Егер балалық шақта гипофиз өсу гормонын өте көп бөліп шығарса, онда бойы 2 м және одан да асатын алып адам өседі /гигантизм/.

Сүт шығару /пролактин – ПРЛ/. Лактация – күрделі процесс. Оның әрдайым ойдағыдай болуын осы гормон реттеп отырады. Сүтқоректі жануарларда ол ими дененің /бездің/ дамуына ықпалын тигізеді, түсік тастамай буаздықтың сақталуына, желіннің өсіп жетілуіне, одан сүт шығуына қолайлы әсер етіп, аналық қасиеттің қалыптасуына көмектеседі.

Гонадотропин /ГТГ/ немесе филлотропин /фолликулдардың дамуын жылдамдататын гормон – ФСГ/. Аналық, жарым-жартылай аталық, ұрық безедрінің қызметін күшейту үшін қолданылады. Аналық безінің фолликулдарының жұмыртқалыққа өсіп жетілуін тездетіп, олардың гормондық қызметін арттырады /фолликулаларда аналық клеткалар орналасқан/. Буаз биенің несебінен алынады. Қойды қолдан ұрықтандыру арқылы көп төл алу үшін СЖК препараты қолданылады.



Лютотропин гормоны /ЛГ/. Әсері филлотропинге ұқсас. Әр жынысты екі организмге гонадотропты әсер етеді. Сары дененің өсіп жетілуіне және овуляцияға қолайлы жағдай туғызады.

Тиреотропин /тиротроптық гормон – ТТГ/. Оның атқаратын қызметі – қалқанша без жұмысына жағдай жасау, яғни, бездің қаннан иодты сіңіруіне және дииодтирозиннің тироксинге айналуына көмектеседі. Сонымен гормондық реттелу бірімен-бірі байланысты болып шығады: гипофиз қалқанша бездің әрекетін реттейтін болса, қалқанша бездің гормондары организмдегі бүкіл зат алмасуды бақылайды.

Кортикотропин /адренокортикотроптық гормон – АКТГ/. Бүйрек үсті бездерінің гормондарының /кортикостерон, кортизол/ түзілуіне ықпал жасайды, организмде холестерин шамасын төмендетеді де, бүйрек үсті қабығында, керісінше, оны жоғарылатады. Көмірсу емес қосылыстардан глюкоза түзілуіне жанама әсер етеді.

Гипофиздің нақ аралық гормоны

Меланотропин – тері реңін /пигментация/ реттеуші гормон. Гормон тері реңі – меланиннің түзілуіне әсер етеді.


Гипофиздің артқы бөлігінің гормондары


Сүтқоректі жануарлардың нейрогипофизі негізінен екі түрлі гормон бөліп шығарады: окситоцин және вазопрессин.

Окситоцин – ОКСТ /окситоцин/ жылтыр бұлшық еттерді қатты жиырылтып қысқартады. Әсіресе бұл жағдай малдың тууы кезінде жатыр бұлшық етінде байқалады. Сондықтан да окситоцинді малдың тууы қиындап ұзап кеткенде қолданады. Малды сауған уақытта желіннің емшегін түршіктіріп қоздырған кезде окситоцин босап шығады да сүттің бөлініп шығуына себеп болады.

Вазопрессин – ВП /адиуретин/ қан қысымын арттырып, қан плазмасының осмостық қысымын реттейді. Ол бүйрек каналдарында суды кері қарай соруды белгілі деңгейде ұстап тұрады, сөйтіп бөлінетін зәр мөлшерін азайтады. Яғни, вазопрессин организмде тұз – су алмасуын тұрақтандырады. Вазопрессиннің түзілу процесі бүлінген кезде, несеп көп бөлінеді, мұндай ауруға ұшырағандар суды көп ішеді, сусамыр болып, қатты шөлдегіш келеді.

Жыныс бездерінің гормондары

Жыныс клеткалары /аталық клетка – сперматозоидтар, аналық клетка – жұмыртқа клеткасы/ жыныс бездерінде түзіледі. Аталық жыныс бездері – аталық бездер. Онда сперматозоидтар түзіледі. Сонымен қатар аталық бездер ішкі секреция безінің қызметін де атқарады, яғни жыныс гормондарын жасап шығарады.



Тестестерон мен андростерон – еркек малдың нағыз жыныс гормондары. Бұлар ұрық безінің клеткаларында, ал шағын мөлшерде бүйрек үсті безінің қабығында және аналық безінде түзіліп шығады. Бұл екеуінің мейлінше активтісі тестестерон, ал андростеронның активтігі одан 10 есе кем.

Андроген /имин – еркек деген гректің сөзінен шыққан/ еркектердің жыныс гормоны. Химиялық табиғаты бойынша стероидтық гормондар тобына жатады және холестеролдан түзіледі. Андрогендердің туындыларына андростерон, дегидроандростерон және тестостеронның жасанды түрі – метилтестестерон жатады. Осы гормондардың тигізетін әсерінен еркектің организміне тән бірқатар белгілер – қосалқы жыныстық белгілер /сақал – мұртының болуы, мықты қаңқа мен жақсы жетілген бұлшық еттің, ими дауыстың болуы/ қалыптасады. Себебі, андрогендер белоктар синтезіне, әсіресе бұлшық ет ткандеріндегі белок түзілуіне дем береді, жас жануарлардың сүйек қаңқасының өсуін дамытады.

Прогестерон – ұрғашылардың төртінші жыныс гормоны. Аналық безінің фолликуласында аналық клеткасы өсіп пісіп жеткен сайын фолликула ұлғая береді де ішіне сұйық зат толады. Сонан соң фолликула жарылады, сұйық зат ағып шығады және аналық клеткасы аналық жолына түседі. Жарылған фолликула орнына эндокриндік жаңа туынды – ими дене пайда болады. Оның ішінде стероидтық гормон прогестерон түзіледі. Омыртқалы жануарларда прогестерон ұрықтанған аналық клетканы қабылдауға дайындайды. Клетканың өсіп жетілуін және сүтқоректі жануарлардың буаз кезінің қалыпты өтуін қамтамасыз етеді. Ол буаздық кезде желіннің өсіп жетілуін, тууды, лактация кезінде желінде сүттің пайда болуын реттейді.

Қорыта айтқанда, жыныс гормондары жыныс бездері бөліп шығаратын, еркек пен ұрғашының жыныстық белгілері мен жыныстық шабытын қалыптастырып, табиғи жолмен реттеп отыратын заттар.



Бүйрек үсті бездерінің гормондары

Бүйрек үсті безінің екі қабаты бар: сыртқы қыртыс қабаты және ішкі ми сияқты заты. Бұл екеуі дара без сияқты және екі түрлі гормон жасап шығарады.


Ми затының гормондары


Ми заты екі түрлі гормон бөліп шығарады: адреналин және норадреналин.

Адреналин организмде көмірсулардың алмасуына әсер етеді. Фосфорилаза ферментін активтендіреді, ал гликоген – синтетазаны тежейді. Өзінің әсерін глюкагон сияқты цАМФ арқылы тигізеді. Сөйтіп, қан құрамындағы глюкозаның мөлшерін көбейтеді.

Адреналин мен норадреналин ткандерде қан қысымын арттыруға екі түрлі әсер етеді. Адреналин жүректі жиі соқтырады, артериялық қан тамыры саңылауын кеңейтеді. Ал, норадреналин қан тамырларына келетін жүйке ұшына әсер ету арқылы қан қысымын арттырады, қан тамыры саңы


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу