ПОӘК 042-18-12 17/03-2013 №3 басылым 09. 09. 2013ж 03. 09. 2012ж №2 басылым орнына



бет3/14
Дата18.06.2017
өлшемі10,09 Mb.
#19404
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Тораптарды тегістеу

Тораптарды тегістеу деп олардың орналасуын горизонталь не вертикаль бойынша орналастыруды айтамыз, яғни олар бір горизонтальды немесе вертикальды қисықта немесе түгел бірге орналасуы керек. Тегістеу тек қисыққа жататын біреуден көп торап ерекшеленген жағдайда ғана мүмкін. Бірнеше тораптарды ерекшелегеннен кейін Упорядочить – Выровнять и распределить командасын орындау керек және экранда торапты тегістеу диалогтік терезесі пайда болады (9-сурет).


9-сурет. Тегістеу диалогтік терезесі


Дәріс №4, 5. CorelDraw қүрделі объектілер тұрғызу

Дәріс жоспары

  1. Объектілермен жұмыс істеудің қосымша мүмкіндіктері

  2. Орналасу вкладкасымен жұмыс істеу мысалы


Дәрістің қысқаша мазмұны

Объектілермен жұмыс істеудің қосымша мүмкіндіктері

CorelDraw программасы күрделі объектілерді құру және редактрлеу бойынша үлкен мүмкіндіктер береді. Упорядочить (Arrange) менюінде объектілермен әртүрлі операциялар орындауға мүмкіндік беретін командалар бар.

Түрлендіру (Преобразования )

Бұл терезеде объектілерді түрлендірудің барлық түрлері берілген. Олар бес вкладкадан тұрады.



Орналасу (Положение)

Объектілерді орналастыруға арналған. Г және В санағыштары объектілердің координаттарынан тұрады, олардың типі Относительное (Relative) жалаушасына байланысты. Егер жалауша алынса, онда координаттар абсолютті болып табылады, кері жағдайда – бұл объектінің бастапқы орнына қатысты орын ауыстыру координаттары. Терезенің төменгі жағындағы маркерлі тор нүктені таңдауға мүмкіндік береді, оның координаттары объектілер координаттарын сипаттау керек.

Енгізілген өзгерістер Применить батырмасын басу кезінде енгізіледі. Применить к копии батырмасы енгізілген өзгерістермен көшірме жасайды.

Келесі суретте терезені баптаудың әртүрлі режимі кезінде объектілердің орналасу параметрі келтірілген.





Орналасу вкладкасымен жұмыс істеу мысалы

Фигураның оң жақ шекарасын оның көшірмесін құра отырып, 20 бірлікке оңға жылжыту.





Бұрылыс (Поворот)

Фигураны бұру үшін пайдаланылады. Г және В санағыштары нүктелер координаттарынан тұрады. Относительно центра жалаушасы координат абсолюттігін немесе қатыстығын анықтайды. Угол санағышы фигура бұрылысының бұрышын анықтайды.



Бұрылыс вкладкасымен жұмыс істеу мысалы

Жоғары бұрышқа қатысты фигураны 20 градусқа бұру керек.





Масштаб

Объекті өлшемінің өзгеруі мен айна түрінде көрсетуі үшін пайдаланылады. Г және В санағыштары горизонталь мен вертикаль бойынша ұлғайту немесе қысу коэффициенттерінен тұрады. Отражение батырмасы горизонтальды және вертикальды осьқа қатысты айна түрінде көрсету үшін пайдаланылады.



Масштаб вкладкасымен жұмыс істеу мысалы

Фигураның өлшемін оның сол жақ төменгі бұрышысына қатысты пропорционалды өзгерту.



Фигура көшірмесін оның сол жақ төменгі бұрышына қатысты көрсете және оның масштабын кішірейте отырып, көшірмесін құру.





Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет