ПОӘК 042-18-12 45/03-2013 №3 басылым 18. 09. 2013ж



бет1/6
Дата06.07.2018
өлшемі487,5 Kb.
#48077
  1   2   3   4   5   6

ПОӘК 042-18-12.1.45/03-2013

3 басылым 18.09.2013ж.

беттің -сі




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК

042-18-12.1.45/03-2013



«Экономикалық-ақпараттық жүйелерде жаңа технологиялар» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

№3 басылым 18.09.2013ж


«Экономикалық-ақпараттық жүйелерде жаңа технологиялар»

пәнінен оқу-әдістемелік кешен

5В050900– «Қаржы», 5В051000-«Мемлекеттік және жергілікті басқару», мамандықтарына арналған
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей

2013
мазмұны

1. Глоссарий


2. Дәрістер

3. Практикалық сабақтар



4. Студенттің өздік жұмысы


1. глоссарий


1.1. Archie - архив. Интернет желісінің архивтерінде файлдарды анықтауға арналған жүйе.

1.2. DNS (Domain Name System) – атаулардың доменді жүйесі.

1.3. Ethernet – жергілікті желі типі. 2-ден 10 миллион bps (2-10 Mbps) дейін өткізгіштік қабілетін қамтамасыз ететін желілерді қосуға арналған проводтар типінің әртүрлілігімен жақсы.

1.4. FTP (File Transfer Protocol)

  • файлдарды жіберу протоколы.

  • бір компьютерден екіншісіне файлдарды жіберу ережесін анықтайтын протокол.

  • Осы протоколға сәйкес файлдарды жіберуді қамтамасыз ететін қолданбалы бағдарлама.

1.5. Internet – ауқымды компьютерлік желі.

1.6. Ақпараттық жүйе – қойылған мақсатқа жету үшін ақпараттарды сақтау, өңдеу және беруге пайдаланатын әдістер мен қызметші әдістердің өзара байланысқан жиынтығы.

1.7. Подсистема – қандай да бір белгі бойынша ерекшеленген жүйе бөлігі.

1.8. Ақпараттық технология - құбылыстардың немесе процестердің, обьектілердің жағдайы туралы жаңа сапалы ақпарат алу үшін қажетті өңдеудің, жинаудың және таратудың әдіс-тәсілдерінің жиынтығын пайдаланатын процесс.

1.9. Ақпараттық технология – объектінің, үрдістің немесе құбылыстың жағдайы туралы жаңа сападағы ақпараттар алу үшін мәліметтерді (алғашқы ақпаратты) жинау, өңдеу және жеткізу құралдары мен әдістер жинағын қолданатын процесс.

1.10. Жаңа ақпаратық технология – дербес компьютерді және телекоммуникациялық құралдарды пайдаланып қолданушының «достық» интерфейсті жұмысының ақпараттық технологиясы.

1.11. Экономикалық ақпараттық жүйе – бұл экономикалық объектінің тікелей және кері ақпараттық байланыстарының сыртқы және ішкі ағымдарының, ақпаратты өңдеу және басқару шешімдерін табу барысына қатысатын әдістердің, құралдардың, мамандардың жиыны.

1.12. Автоматтандырылған ақпараттық жүйе - ақпаратты өңдеу және басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат, экономикалық – математикалық модельдер мен әдістер, техникалық, программалық, технологиялық құралдар мен мамандар жиынын білдіреді.

1.13. Телекоммуникациялар компьютерлік желілер мен қазіргі техникалық байланыс құралдары негізінде мәліметтерді дистанционды жеткізу.

1.14. Ақпараттандыру – ақпараттық технологияларда жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында пайдалану негізінде ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қалыптастыруға және дамытуғабағытталған ұйымдық әлеуметтік-экономикалық және ғылыми - техникалық процесс.

1.15. Мейнфрейм - 512 Мбайттан 8 Гбайтқа дейін оперативті жады көлемі бар үлкен ЭЕМ.

1.16. Процесс – компьютерде кез келген түрдегі мәліметтерді өңдеу функциясы.

2. Дәрістер


Дәріс сабағының құрылымы:
Дәріс №1, 2.
Тақырып: Ақпараттық жүйелерге кіріспе. Ақпараттық жүйелер ұғымы. Ақпараттық жүйелердің даму этаптары.
Дәріс сұрақтары:
  • Ақпараттық жүйелер ұғымы.

  • Ақпараттық жүйелердің даму этаптары.

  • Ақпараттық жүйелердегі процестер.


  • Ақпараттық жүйелерді енгізуден нені күтуге болады?

Ақпараттық жүйе түсінігі


Жүйе болып кез келген объект түсініледі. Ол бір бүтін сияқты, сонымен қатар әр тектес элементтер жиынтығының қойылған мақсатына жету негізіне біріктірілген болып қарастырылады. Жүйе құрамы бойынша да, басты мақсаты бойынша да бір-бірінен ерекшеленеді.

Информатикада «жүйе» түсінігі кең таралған. Көптеген жағдайда ол техникалық жабдықтар мен программалар жиынтығына қолданылады. Жүйе болып компьютердің аппаратты бөлігі аталуы мүмкін. Жүйе, сонымен қатар көптеген есептерді басқару мен енгізу процедураларымен толықтырылған қолданбалы есептерді шешуге арналған программа болуы мүмкін.

«Жүйе» түсінігіне «ақпараттық» сөзінің қосылуы оның құрылу және жұмыс істеу мақсатын көрсетеді. Ақпараттық жүйелер есептерді шешуде шешім қабылдау процесіне қажетті ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу, іздеу, беруді қамтамасыз етеді. Олар мәселелерді анализдеуге және жаңа өнімдер құруға көмектеседі.

Ақпараттық жүйе – қойылған мақсатқа жету үшін ақпараттарды сақтау, өңдеу және беруге пайдаланатын әдістер мен қызметші әдістердің өзара байланысқан жиынтығы.

Ақпараттық жүйенің қазіргі түсінігі дербес компьютердің ақпараттарды қайта өңдеудің негізгі техникалық әдістері ретінде пайдалануды қамтамасыз етеді. Ірі өндірістерде дербес компьютерлермен қатар ақпараттық жүйенің техникалық қоры құрамына мэйнфрейм немесе суперЭЕМ кіреді.


Ақпараттық жүйелердің даму сатылары


Бірінші ақпараттық жүйелер 50-ші жж. пайда болды. Бұл жылдары олар есептерді өңдеуге және еңбек ақыны есептеуге арналған болатын.

60-шы жылдар ақпараттық жүйелерге деген көзқарастың өзгеруімен ерекшеленеді. Бұл жылдары алынған ақпарат көптеген параметрлері бойынша периодтық есеп беру үшін қолданыла бастады. Ол үшін көптеген функцияларға қызмет көрсете алатын мүмкіндігі бар компьютерлік жабдық қажет болды.

70-ші жж. мен 80-ші жж. басында ақпараттық жүйелер шешім қабылдау процесін жеделдететін және қолдайтын басқарушы бақылауының әдісі ретінде кеңінен пайдалана бастады.

80-ші жж. аяғында ақпараттық жүйелерді пайдалану концепциясы тағы да өзгеріске ұшырады. Бұл кезеңнің ақпараттық жүйелері дер кезінде ақпаратты беру арқылы өндірістерге табыс әкелуге, тауарлар мен қызметтер құруға, өтімділіктің жаңа нарығын табуғы, өзіне теңдес серікті қамтамасыз етуге, төмен бағамен өнімді шығаруды қамтамасыз ету және т.б. көмектесті.


Ақпараттық жүйелердегі процестер


Ақпараттық жүйенің жұмысын қамтамасыз ететін процестерді схема (1-сурет) түрінде көрсетуге болады, олар бірнеше блоктардан тұрады:





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет