ПОӘК 042-18-16 41/03-2014 №1 басылым 2014 ж



бет3/11
Дата20.06.2018
өлшемі282,26 Kb.
#43629
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Негізгі ұғымдар: білім беру, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш білім беру, орта білім беру, жоғары білім беру, білім беру моделдері.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Білім беру түрлеріне талдау жасаңыз.

  2. ҚР білім беру үйесінің өзіндік ерекшеліктері

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Айсмантас Б.Б. Теория обучения: схемы и тесты, москва, ВЛАДОС, 2002

  2. Крутецкий В.А.Основы педагогической психологии.М.,1972

  3. Курс общей, возрастной и педагогической психологии.Вып.3/Под ред.М.В.Гамезо.М.1982.Гл.ХХ

  4. Талызина Н.Ф. Педагогическая психология.М.,1998.

  5. Выготский Л.С. Педагогическая психология.

  6. Сламбекова Т.С. Педагогикалық психология. Оқу құралы. Семей, 2008



4-тақырып: Оқыту психологиясының негіздері

Жоспар:


  1. Оқыту, оқыту процесі және концепциялары

  2. Оқыту процесінің құрылымы

  3. Оқыту даму проблемалары және оларды шешудегі негізгі бағыттар




  1. Ерте және ортағасыр ойшылдары «оқыту», «оқыту процесін» сабақ беру деп түсіндірді.

ХХ ғ. Басында оқыту ұғымы 2 компоненттен тұрды, олар сабақ беру немесе оқыту (преподавание) және оқу (учение). Ондағы оқыту- оқу материалын қабылдау үшін ұйымдастырылған мұғалімнің іс-әрекеті, ал оқу- оқушылардың білімді қабылдаудағы іс-әрекеттері.

Біраз кешірек оқыту (обучение) ұғымы танымдық әрекетті қалыптастырудағы оқытушының басқару әрекеті және оқытушы мен оқушының арасындағы бірлескен әрекет деп те қарастырылды.



Оқыту, оқу түсініктерін анықтаудың көп жақтылығы:

«Оқу- әртүрлі тапсырмаларды шешу арқылы білім мен икемділікті меңгеру» (Я.А. Коменский).

«Оқу- білім, икемділік пен даму және жалпы танымдық процестерді жетілдіру» (И. Гербарт).

«Оқу- белгілі бір пәндер бойынша білім, икемділік пен дағдыларды меңгеру» (А. Дистервег).

«Оқу- педагогикалық процестің ішкі жағы болып табылатын оқушының ішкі әрекетінің белсенді процесі» (П.Ф. Каптерев).

«Оқу- сыртқы қимылдардың қажетті қатысуымен сезімді және ойлы мазмұнның элементтерінен жаңадан пайда болған қасиеттер құрудың белсенді процесі» (В. Лай).

«Оқу- үш негіздеме бойынша тәжірибе жинақтаудың түрлері: біртіндеу-секіріс; саналы түрде ұғыну- аңғармаушылық; нақты көрінетін- сырт көзге көрінбейтін байланыстарды ұғыну» (Ж. Пиаже).

«Оқу- мінез-құлықтың өзгеруі, «стимул-реакция» схемасы (Дж. Уотсон) және міндетті түрде нығайтылуымен «стимул-жауап беруші реакция» схемасы бойынша (Э. Торндайк , Б. Скиннер, К. Холл) өзгеретін стимулдарға сыртқы реакциялардың өзгеруі, «стимуларалық ауыспалы (бейне, карта, жоспар) реакция» «Э. Толмен) формуласы бойынша проблемалық жағдаяттарда жаңа жоспарлар, мінез-құлықтың когнитивтік картасын меңгеру».

«Оқу- мағынасын меңгеру, яғни кейбір тітіркендіргіштер арқылы (ең алдымен, сөйлеу белгілерімен) объект-тітіркендіргіші жағдайындағы туатын реакцияларды туғызу қабілеттілігін игеру, сонымен қатар инструменталдық реакцияларды меңгеру» (Ч. Осгуд).

«Оқу- тәжірибенің бұрынғы құрылымын қайтадан құрылымдау, онда екі фаза бар- білім беру әрекетінің (алғашқы рет) жаңа формаларын құру және әрекеттің жаңадан пайда болған формаларын қайтадан құру және есте сақтау» (К. Коффка).

«Оқу- әрекет түрі, мұндай әрекет түрінде субъект берілген жағдаятта сыртқы шарттардың әсер етуінен және өзінің жеке әрекетінің нәтижесінде өзгереді, ол өз мінез-құлығын және өзінің психикалық процестерін жаңа ақпаратпен өз-өзіне сенімсіздік дәрежесін төмендетіп, өзін-өзі ұстаудың адекватты ережесін немесе дұрыс жауап табу мақсатында құрайды» (И. Лингарт).

«Оқу- ақпарат алу процесін кодтау, сақтау және пайдалану» (Р. Гэгни).

«Оқу- білім алу мен проблемаларды шешу» (К.Д. Ушинский).

«Оқыту- жеке тұлғаны дамыту мен тәрбиелеу міндеті шешілетін, педагогикалық негіздемесі бар оқыту актілерінің бірізді ауысуы» (И.Я. Лернер).

«Оқыту- жаттығуларды арқау ететін, оны бұрынғы жаңа жеке жаттығулар мазмұнымен байланыстыра толықтыратын жеке тұлғаны және ұжымды қалыптастыру түрі» (К.К. Платонов).

«Оқыту- оқушыларға білім беру міндеті шешімін табатын оқытушы мен оқушының біріккен әрекеті» (Ю.К. Бабанский).

«Оқыту- басқарылатын таным, қоғамдық-тарихи тәжірибені меңгеру, қайта жаңғырту, жеке тұлғаны қалыптастыру негізіне жататын нақты немесе кейбір әрекеттерді меңгеру процесіндегі қарым-қатынас» (П.И. Пидкасистый).

«Оқыту- оқыту процесіндегі оқытушының әрекеті» (Н.Ф. Талызина).

«Оқыту- отбасы, мектеп, ЖОО, қоғамдастық жағдайында қоғамдық-тарихи, әлеуметтік-мәдени тәжірибелерді басқаларға (адамзатқа) мақсатты, жүйелі түрде тасымалдау түсінігін білдіреді» (И.А. Зимняя).

«Оқыту- оқушылардың ғылыми білімді, дағдыны меңгерудегі, шығармашылық қабілетті, дүниетанымды және адамгершілік-эстетикалық көзқарас пен сенімді дамытудағы белсенді оқу-танымдық әрекетті ұйымдастыру мен ынталандырудағы мақсатты педагогикалық процесс» (И.Ф. Харламов).

«Оқыту- оқыту мен оқу процесінде жүзеге асатын оқитындарға оқытушылық және тәрбиелік ықпал ететін бірыңғай жүйе» (С.М. Жақыпов).

Бұгінде оқыту, оқу төмендегіше түсіндіріледі:

● Оқыту- педагогтың басшылығымен оқушыларды әлем туралы ғылыми білім жүйесімен және ғылыми негіздемесі бар әрекет құралдарымен қаруландыру.

● Оқыту- ғылыми негіздемесі бар әрекет құралдары арқылы білім жүйесін меңгеру, білім алушының интеллектуалдық сферасын, танымдық қабілеттері мен қызығушылықтарын дамыту.

● Оқыту- оқу материалын меңгеру негізінде жеке тұлғаны дамыту құралы.

Оқу- оқушының алдағы іс-әрекеті үшін білім, білік, дағдылары мақсатты түрде меңгеру процесі. Мектеп жағдайында оқу оқытумен өзектес жүреді. Оқу оқушының ақыл-ой (байқау, оқу, тапсырма орындау, т.б.) және дене (шеберханада, мектеп жанындағы үлескіде жұмыс істеу, т.б.) жұмысының жиынтығын бейнелейді. Мұғалімнің оқытқанын оқушы оқуда жүзеге асырады: тапсырманы көшіру, орындау және шығармашылық өзіндік әрекеттер орындалады.

Оқыту, оқу- білім, білік, әрекет дағдыларын үйрету мен меңгерту процесі, өмір мен еңбекке бейімді етіп даярлаудың негізгі құралы. Оқу процесінде білім мен тәрбие мақсаттары жүзеге асырылады. Түрлі оқу орындарында оқу білім берудің басты жолы. Оқу- екі жақты процесс: мұғалім- білім беруші, оқушы- білім алушы. Оқу құрылымына оқушылардың өзінің жеке әрекетін және оқу әрекеттерін ұйымдастыру, оқушылардың білімді меңгерудегі белсенділігі мен саналылығын ынталандыру және білімді меңгеруінің, оқу әрекеттерін орындаудың сапасын реттеу, бақылау, оқу нәтижесін талдау мен оқушы тұлғасының әрі қарай дамуын болжау жатады.

Оқыту үйренуге қарағанда көбінекей бір қалыпта жоспарлы түрде ұйымдастырылуымен және саналы түрде басқарылуымен ерекшеленеді, үйрену жасырын (стихиялы) да болу мүмкін.

Оқыту және оқу- саналы процестер, ал үйрену болса санасыз деңгейде де жүзеге асады. Адамдардың өз бойынан мақсат етіп қоймаса да басқаларға тән дағды, сөз, әдет, қозғалысты байқауы үйренуге мысал бола алады.

Олай болса, үйрену кез келген іс-әрекеттің жемісі.

Егер, негізгі іс-әрекет мотиві- танымдық қызығушылық немесе индивидтің психологиялық дамуы болса, онда оқу іс-әрекеті туралы сөз болады. Егер мотив индивидтің басқа қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталса, онда «үйрену» ұғымы қолданылады.



  1. Педагогикалық процесс 5 элементтен тұратын жүйені құрайды (Н.В. Кузьмина)

  1. Оқыту мақсаты (оқу не үшін қажет);

  2. Оқу ақпаратының мазмұны (нені оқыту қажет);

  3. Оқыту әдістері, тәсілдері, педагогикалық коммуникация құралдары (қалай оқыту қажет);

  4. Оқытушы;

  5. Оқушы.

● Педагогикалық процесс күшінде болу үшін оған басқару компоненті қажет.

Педагогикалық басқару- мақсатқа сәйкес педагогикалық жағдаяттарды, процестерді бір жағдайдан екіншісіне аудару.

Педагогикалық басқару келесі компоненттерден тұрады:

▪ мақсат қою;

▪ ақпараттандыру (оқушылар ерекшеліктерін диагностикалау);

▪ мақсатқа сәйкес міндетті табу;

▪ мақсатқа жетуде іс-әрекетті жобалау, жоспарлау;

▪ жобаны іске асыру;

▪ орындау барысын басқару;

▪ түзету;

▪ қорытындылау.

˅ Оқыту процесі дидактикалық жүйелер деп аталатын психологиялық-педагогикалық концепцияларды тірек етеді.



Дидиктикалық концепциялар:

  1. Дәстүрлі

  2. Педоцентристік

  3. Дидактиканың қазіргі жүйесі

Дидактикалық оқыту жүйесінде доминантты роль- оқытуда, мұғалімнің іс-әрекетінде.

Оны Я.А. Коменский, И. Песталоцци, И. Гербарт сынды педагогтардың дидактикалық концепциялары құрайды.

Гербарт дидактикасын басқару, мұғалімнің жетекшілігі, орегламентация, ереже, бұйрық беру ұғымдары сипаттайды.

Оқыту құрылымы дәстүрлі түрде 4 кезеңнен тұрады:

˅ мазмұндау

˅ түсіну


˅ жалпылау

˅ қолдану.

Гербарт дидактика үшін маңызды мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыруға және жүйелеуге ұмтылады.

● ХХ ғ. Басында жаңа бағыт туындады- соның бірі педоцентристік концепция.

Бұнда басты роль- оқытудағы – баланың іс-әрекетіне берілді.

Осы концепция негізіне- американ педагогы Д. Дьюи, Г. Кершенштейннің, В. Лайдың мектептері жатқызылады.

Д.Дьюи оқыту процесін баланың қажеттілігін, қызығушылығын, қабілеттілігін негізге ала отырып, оларды «еңбек, өмір мектебінде» ақыл-ой қабілетін және әртүрлі іскерліктерін дамытуға ұмтыла отырып, сондай-ақ іспен шұғылдана отырып үйренуге, білім алуға ұйымдастырған.

Оқыту құрылымы:


  1. Қиындықты іс-әрекет процесінде түйсіну;

  2. Проблеманы және қиындық мәнін түсіну;

  3. Қорытындылау және алынған білім негізіндегі жаңа іс-әрекет.

Оқыту процесінің кезеңдері ойлануды, ғылыми ізденісті тудырады.

Баланың іс-әрекеттері:

˅ мазмұндама;

˅ сурет салу;

˅ театр;

˅ практикалық жұмыстар.

Осындай жүйенің барлық пәнде қолданылуы оқыту іс-әрекетіндегі жүйелілікті жоюға, кездейсоқ материалдарды қолдануға, уақыттың мөлшерден тыс бөлінуіне, оқу деңгейінің төмендеуіне әкелді.

Қазіргі дидактикалық жүйеде- оқыту мен үйрету оқыту процесін құрайды. Және бүгінде дидактикалық концепцияны мынадай бағыттар құрайды:

˅ бағдарламалық оқыту;

˅ проблемалық оқыту;

˅ дамыта оқыту;

˅ гуманистік психология;

˅ когнитивті психология;

˅ педагогикалық технология;

˅ ынтымақтасу педагогикасы.

Осы концепциялардағы оқыту мақсаты оқушыларға білім беру ғана емес, олардың жалпы дамуы, интеллектуалдық, еңбектік, бейнелеу, іскерлігін кеңейту, танымдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру, алған білімді тиісті жағдайда қолдану.

Ғылымда оқытудың тәрбиелік және адам дамуының негізін ашатын және сипаттайтын теориялар жеткілікті болғанымен, бүгінгі күнде маңызды оқыту теориялары мен тұжырымдамалар қатарына жататындар:

˅ танымдық тұжырымдарды дамыту тұжырымдамасы (Г.И. Щукина т.б.);

˅ дамыта оқыту тұжырымдамасы (Л.В. Занков т.б.);

˅ проблемалық оқыту тұжырымдамасы (М.И. Махмутов);

˅ ақыл-ой әрекетін кезеңдеп қалыптастыру теориясы (П.Я. гальперин т.б.);

˅ білім беру мазмұны теориясы (Л.Я. Лернер);

˅ мазмұнды толықтыру теориясы (В.В. Давыдов);

˅ оқу процесін тиімдендіру теориясы (Ю.К. Бабанский);

˅ оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру теориясы (Т.И. Шамова);

˅ оқыту әдістерінің теориясы (М.И. Махмутов, В.А. Онищук);

˅ өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру теориясы (М.А. Зарина, М.К. Журавлев);

˅ біртұтас педагогикалық процесс теориясы (Н.Д. Хмель т.б.);

˅ оқытудың тұжырымдылық теориясы (В. Дьяченко т.б.).

3. Оқыту процесін құрайтын құрылымдар

Педагогикалық

˅ Мақсат;

˅ Принциптер;

˅ Мазмұн;

˅ Әдістер;

˅ Құралдар;

˅ Формалар.

Психологиялық

˅ Қабылдау, ойлау, есте сақтау, қорыту, мәліметті меңгеру процестері;

˅ Оқушыларда қызығушылықтың, оқу мотивациясының тууы;

˅ Дене, жүйке-психикалық күштің жоғарылауы, төмендеуі, белсенділік

Тің динамикасы, жұмысқа қабілеттілік, шаршау (күш жұмсау).

Әдістемелік

˅ Педагогикалық мақсат педагог пен оқушының жүйелі әрекет кезең

Дері арқылы анықталатын міндеттер қатарынан тұрады.



  1. Оқыту процесінің компоненттері мен негізгі міндеттері

˅ Оқыту процесінің міндеттері:

● Білім алушылардың оқу-танымдық белсенділігін стимулдандыру;

Ғылыми білім мен іскерлікті меңгертуде оқушылардың танымдық

Әрекетін ұйымдастыру;

Ойлау, ес, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

Оқу іскерлігі мен дағдысын жетілдіру;

Адамгершілік-эстетикалық мәдениетті қалыптастыру.

˅ Оқытуды ұйымдастыруда мұғалім атқаруға тиіс компоненттер:

● оқу мақсатын қою;

● оқушы меңгеруге тиіс материал мазмұнын анықтау;

● материалды меңгеруге деген қажеттіліктерді қалыптастыру;

● оқу-танымдық әрекетті ұйымдастыру;

● оқушылардың оқу әрекетіне эмоционалды-жағымды сипат беру;

● оқушылардың оқу әрекетін реттеу және бақылау;

● оқушылар әрекеті нәтижесін бағалау.

˅ Оқытудағы оқушы әрекетінің компоненттері:

● оқу мақсаты мен міндеттерін сезіну;

● оқу-танымдық әрекет мотивтері мен қажеттіліктерін тереңдету және дамыту;

● меңгерілуге тиіс материалдың тақырыбы мен негізгі сұрақтарын ой елегінен өткізу;

● оқу материалын қабылдау, қорыту, есте сақтау, практикада қолдану, қайталау;

● оқу-танымдық әрекетке эмоционалдық қатынас пен ерік-жігер туындату;

● өзін-өзі бақылау және оқу-танымдық әрекетті түзету;

● өзінің оқу- танымдық әрекетін бағалау.

Оқыту процесінің компоненттері:

˅ Дидиктикалық компонент- процестің дидактикалық мазмұнын жалпылайды, олар оқытудың мақсат, мазмұн, түр, әдіс, құрал, тәсіл, формалары т.б.

˅ Гнесеологиялық компонент- оқытушының басшылығымен оқушылардың объективті шындықты, табиғат пен қоғам фактілері мен заңдарын, өзін-өзі танумен анықталады.

˅ Психологиялық компонент- оқыту процесінде оқушының ішкі психологиялық танымдық әрекетінің аумағын қамтиды.

˅ Кибернетикалық компонент- оқыту процесіндегі байланыс түрлерінің көптігі, мәліметтік ағымдар циркуляциясы, мәліметті меңгеруді басқару.

˅ Әлеуметтік компонент- оқыту процесіне қатысушылардың өзара қарым-қатынасын бейнелейді. Мұнда оқушы мен оқытушының арасындағы байланыс қана емес, олардың әлеуметтік ортамен байланысы, оқытудың әлеуметтік маңызы енеді.

˅ Ұйымдастырушылық компонент- оқытуды және оқытушы еңбегін ұйымдастыру, оларды материалды-техникалық жабдықтау, өнім шығару, рентабельділік.

5. Оқыту мен психикалық даму проблемалары:

˅ Даму мен оқыту ұғымдарының өзара қатынас проблемалары;

˅ Оқыту, тәрбие, даму ұғымдарының өзара байланыс проблемалары;

˅ Оқу процесінде жеке тұлғаның интеллектуалдық және жеке тұлғалық даму проблемалары;

˅ Дамудағы сензитивті кезеңдер проблемалары;

˅ Оқыту процесінде психикалық дамудың көрсеткіштері мен критерийлері проблемалары;

˅ Оқыту процесіндегі психикалық дамудың негізгі бағыттары мен тенденциялары.

Оқыту және даму проблемаларын шешудегі негізгі бағыттар

● Дамытушы ретінде оқу іс-әрекеттерін анықтау;

● Балалардың ақыл-ойын жоғары деңгейге жеткізетін оқытудың нақты формаларын анықтау;

● Оқытудың мазмұнын өзгертуге басты назар аудару (Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов);

● Оқытуды дамыту тиімділігінің оны жан-жақты жетілдіру арқылы жүзеге асырылуы (Л.В. Занков және т.б.);

● Ақыл-ой әрекеті құралдарын өзгерту арқылы меңгеру тиімділігінің артуы (Н.А. Менчинская, Д.И. Богоявленский, Е.Н. Кабанова-Меллер т.б.);

● Интеллектуалдық дамуға ақыл-ой әрекетінің кезеңдеп қалыптасуы әсерін зерттеу (П.Я. Гальперин, Н.Ф. Талызина т.б.);

● Әр түрлі оқыту әдістерінің әсерін зерттеу (Б.Г. Ананьев, А.А. Люблинская т.б.);

● Проблемалық оқытудың рөлін зерттеу (Т.В. Кудрявцев, А.М. Матюшкин).

Оқыту мен даму ұғымдарының өзара байланысы проблемаларын шешу бағытындағы ағымдар:

Психологиялық даму ішкі өзіндік заңдылықтары бар дербес тәуелсіз процесс (У. Джеймс, Ж. Пиаже, З. Фрейд);

˅ Бала дамуы табиғат заңдарына бағынышты және толысу барысында жүзеге асырылатын процесс;

˅ Оқыту мен даму бір-біріне тәуелсіз екі түрлі процесс ретінде қарастырылады;

˅ Оқыту дамудың сыртқы ерекшеліктеріне ғана әсер етеді, ол психологиялық өзгешеліктермен жүйелілігін өзгертпестен дамудың заңды кезеңдерін тездетуі немесе тежеуі мүмкін.

Психикалық даму табиғи тұқым қуалаушылық, әлеуметтік, тәрбиелік факторлардың өзара байланысының нәтижесі ретінде (Б.Г. Ананьев).

˅ Оқыту және тәрбиелеу психологиялық функциялар мен жеке адам қасиеттерінің байланысын реттейді, өзінің кезеңдері мен сипаты бар коррелятивтік (ара қатынастық) тәуелділікті басқарады.

● Психикалық даму- нақты тарихи-әлеуметтік табиғаты бар процесс (П.П. Блонский, Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, П.Я. Гальперин, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов).

˅ Тәрбие мен оқыту- бала психикасын дамытуға қажетті жалпыға бірдей форма;

˅ Интеллектуалдық даму кезеңдері мен олардың психологиялық ерекшеліктері нәтижесінде индивид қоғамдық-тарихи тәжірибені тасымалдау құралдары мен оны ұйымдастыру жүйесін меңгереді. Ойлау әрекетінің барлық формалары мен ерекшеліктерінің қарым-қатынас процесінде меңгерілетін объективті қоғамдық талапқа сәйкес үлгілері болады.



6. Л.С. Выготскийдің оқыту және дамыту концепциясы

Л.С. Выготский (1896-1934) бала психикасы дамуының заңдары қатарын қалыптастырды:

˅ Бала дамуының өзіне тән ритмі және темпі болады, ол бала өмірінің әрбір жылдарында өзгеріске ұшырайды (нәрестелік кездегі бір жыл жеткіншектік кезеңдегі бір жылға тең емес);

˅ Даму бұл сапалы өзгерістердің тізбегі және бала психикасының ересектер психикасынан сапалы негізде өзгешелігі бар;

˅ Бала дамуының біркелкі дамымау заңы: бала психикасының әрбір жағының өзіне тән қолайлы даму кезеңдері бар;

˅ Жоғары психикалық функциялардың даму заңы.

● Жоғары психикалық функциялардың басты ерекшеліктері: жанамалығы, саналы түрде меңгеруі, еркіндік, жүйелілік; олар қоғамның тарихи дамуы барысында пайда болған арнайы құралдарды меңгеру процесінде өмір бойында қалыптасады; жоғары психикалық функция дамуы оқыту процесінде, берілген үлгілерді меңгеру процесінде жүзеге асады.

Бұл теорияның ерекшелігі сол бала айналасындағы адамдармен қарым-қатынас жасауда тарихи тәжірибелерді, тыныс-тіршілік шындығын өзгелердің сөзінен, тәлім-тәрбие өнегесінен жанамалай үйренеді. Осылайша бала өзінің дербестігін, жеке басының психикалық қасиеттерін өзгертеді, әлеуметтік ортадан меңгерген білімі мен әр алуан мағлұматтары оның ішкі дүниесінің, психикасының дамуындағы ең жоғары функция, яғни болмыстың бала санасындағы бейнеленуі деп аталады.

Бала басынан кешірген әрқилы оқиғалар мен болмысты белгі, таңбалар ретінде танып-біліп, олардың мән-жайын түсінуі оның жан дүниесін байытады, яғни мұндай процесс баланың әрбір нәрсенің мазмұнын өз ойымен, ақылымен пайымдап білуін қалыптастырады. Дамудың осы жолы Л.С. Выготский пікірінше материалдық (заттық) дүние жоғары психикалық функция арқылы мәдени факторға (оның бейнесін) айналады.

Ішкі процестердің бәрі сыртқы әсерлер (экстериоризация) нәтижесінде пайда болып, қайтадан ішкі процестерге (интериоризацияға) айналады. Психикалық құбылыстардың пайда болуы туралы осы пікір баланың мәдени дамуындағы кез келген қызметтің сыртқы көрінісінің байқалуы екі түрлі бағытта анық байқалады.

Оның бірі- әлеуметтік сипатта, екіншісі- психологиялық сипатта.

● Адам психикасының мәдени-тарихи дамуы.

Мәдени-тарихи теория туралы жүйе, біріншіден, адамның әлеуметтік өміріндегі тіршілік бейнесі қоғамның даму дәрежесіне, екіншіден, даму деңгейі сол әлеуметтік өрістіің заттарды ұстап-тұтыну деңгейіне тәуелді, үшіншіден, адамның жарық дүниеге келуінен өмірдің соңғы кезеңіне дейін ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде қалдыратын өмір тәжірибесіне, іс-әрекеті мен мінез-құлық бейнесіне, яки бүкіл жан дүниесінің өзгеріп өрістеуіне, қалыптасуына ықпал етіп отыратын тарихи фактор ретінде қарастырылады.

● Баланың дамуы биологиялық заңдарға емес, қоғамдық-тарихи заңдарға тәуелді, демек баланың дамуы мен өсіп жетілуі, азаматтық қасиетке ие болуы, кісілік сипаттарының жетілуі де өрістеп отыратын тарихи жағдайларға, әлеуметтік ортаға, іс-әрекет тәсілдеріне байланысты.

Адамның дамуының қозғаушы күші- оқыту болып табылады. Бірақ оқыту дамумен бірдей емес, ол жақын арадағы даму аймағын туындатады, басында тек ересектердің қатысымен және дос-жолдастарының ынтымақтасуымен мүмкін болатын, бірақ дамудың барлық ішкі жолдарына өтіп баланың өзінің жетістігіне айналатын дамудың ішкі процестерін қозғалысқа келтіреді.

● Бала дамуының жақын арадағы аймағы- баланың белсенді даму деңгейі мен ересектердің қатысуымен жүретін оның мүмкіндігінше даму деңгейі арасындағы аралық, «дамудың жақын арадағы аймағы пісіп жетілмеген, бірақ жетілу процесі үстіндегі функцияларды анықтайды, ертеңгі күнгі ақыл-ой дамуын сипаттайды». Дамудың жақын арадағы аймағының феномені баланың ақыл-ойын дамытуда оқыту ролінің маңызды екендігін дәлелдейді (Л.С.Выготский).

● Адам санасы- жеке процестердің бірігуі емес, оның жүйесі, олардың құрылымы. Ерте балалық шақта сана орталығында- қабылдау болса, мектепке дейінгі шақта- ес, мектептегі кезде- ойлау болады. Ал қалған психикалық процестер әрбір жаста санадағы доминантты функциялар әсерінен дамиды. Психикалық даму процесі мәндік құрылымның өзгерісімен яки дамудың қорытындылау кезеңдерімен байланыстырылған сананың жүйелі құрылымын қайта құрудан тұрады.

Санаға тек сөз арқылы ғана енуге болады және сана құрылымының біреуінен екіншісіне өту қорытынды сөздің дамуына байланысты жүзеге асырылады.

Қорытындылауды қалыптастыра отырып, демек оны жоғарғы деңгейге жеткізуде, оқыту бүкіл сананың жүйесін қайта құруға қабілетті («...оқытудағы бір қадам дамудағы жүз қадамды беруі мүмкін»).
Негізгі ұғымдар: оқыту, оқу, педагогикалық процесс, педагогикалық басқару.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:


  1. Оқыту концепцияларың негіздері

  2. Оқыту процесінің құрылымы қандай?

  3. Оқыту даму проблемалары және оларды шешудегі негізгі бағыттарды атаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Зимняя А. Педагогикалық психология. А., 2005

  2. Столяренко Л.Д. Педагогическая психология для студентов вузов. Ростов-на-Дону

  3. Выготский Л.С. Баланың жас ерекшеліктері мен кемтар бала психологиясы туралы таңдамалы еңбектер. Алматы, 1999

  4. Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. 10-томдық. 1-том. Мәдени-тарихи тұжырымдама. Алматы, 2005


5-тақырып: Оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекеттердің дамуы

Жоспар:


  1. Оқыту процесіндегі психикалық дамудың негізгі тенденциялары

  2. Оқытуда танымдық процестердің дамуы

Бірінші тенденция – еріксіздіктен, бірбеттіліктен,албырттықтан, импульсивтіліктен, ситуациялықтан еріктілікке қарай «қозғалыста» байқалады; бұл тенденция өз мінез-құлқын басқару,саналы түрде мақсат қою, қиындық пен кедергілерді жене отырып, мақсатқа жету жолдарын алдын – ала іздеу мен табу іскерліктерінен көрінеді.

Екінші тенденция – интеллектінің анализдік-синтездік функцияларын дамытуда,тұрақтандыруда,қалыптастыруда байқалады.

Үшінші тенденция – ақиқатты бейнелеудің көрнекі-қозғалыстық,көрнекі – бейнелі формаларының абстрактілі-логикалық(теориялық ойлау) формасына біртіндеп ауысуынан тұрады.

Төртінші тенденция – әрбір танымдық процестің өзіне тән функцияларды атқаруы интеллектінің тұтастай дамуына әкелетіндіктен танымдық процестерді біртіндеп «интеллектуалдандырудан» тұрады. Мұнда даму психикалық функциялардың салыстырмалы автономдылығынан оларды біртұтас құрылымға шоғырландыру бағытында жүзеге асады.

Бесінші тенденция – сыртқы реттеудің (регуляция) біртіндеп өзін-өзі реттеуге ауысуында көрінеді,әсіресе бұл тенденция зейінді өзі реттеуге ауысуында көрінеді, әсіресе бұл тенденция зейінді дамытуда, бақылауда, өзін-өзі бақылауда ерекше байқалады.

2. Оқыту процесіндегі психикалық дамудың негізгі бағыттары



  • Танымдық сфераның (интелект, сана механизмдердің)дамуы;

  • Жеке тұлғаның дамуы (бағыттылық, эмоция,құндылық);

  • Іс-әрекеттің психологиялық құрылымының (мақсаттар, мотивтер,олардың өзара байланысы,әдіс-тәсілдер,құралдар) дамуы.

  • Психикалық дамудың қозғаушы күштері

  • Қажеттілік және сыртқы жағдайлар арасындағы қарама-қайшылық;

  • Жаңа қажеттілік пен оларды қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы қарама-қайшылық;

  • Дене қабілеті, рухани мүмкіндіктер мен іс-әрекеттің ескі формалары арасындағы қарама-қайшылық;

  • Іс-әрекеттің жаңа талаптары мен қалыптаспаған іскерлік пен дағдылар арасындағы қарама-қайшылық;

  • Психикалық дамудың факторлары. Индивидтің тіршілік әрекетін анықтаушы:

  • Сыртқы факторлар (орта);

  • Ішкі факторлар (адамның биогенетикасы);

  • Индивидтің психикалық дамуына белгілі мөлшерде әсер етуші сыртқы және ішкі жағдайлар

  • Сыртқы жағдайлар

  • сыртқы (оқыту және тәрбие)

  • ішкі жағдайлар

  • адамның белсенділігі,мүддесі, мотиві, еркі, мақсатқа ұмтылушылығы

  • Психикалық ( ақыл-ой) дамуының деңгейлері

  • Белсенді даму деңгейі- оқушының қандай да бір тапсырманы өз бетінше орындауымен сипатталады;

Білімділігі (оқушының білімі, іскерлігі,дағдының қалыптасуы);

Тәрбиелілігі (оқушының адамгершілік туралы білімі, адамгершілік сенімі, мотиві, мақсаты, эмоциясы);

Дағдығандығы (оқытудың міндетін өз бетінше қоя алуы, өзін-өзі бағалау);

  • Дамудың жақын арадағы аймағы - оқушы тапсырманы өз бетінше орындай алмаса да, кішігірім көмек арқылы орындаумен сипатталады.

Үйрету,оқыту (білімді меңгерудегі қабілеттілік, басқалардың көмегімен қабылдау, жаңа жағдайларға белсенді бейімделу, оқу жұмысының бірінен келесісіне ауысу, жаңа түсініктердің және әрекеттердің пайда болу жылдамдығы, темп, жұмысқа қабілеттілік, шыдамдылық);

Тәрбиелеу (жек тұлғаның дамуы,жаңа әлеуметтік жағдайларға бейімделу белсенділігі, жаңа жағдайлардағы мінез- құлық тәсілдерінің тасымалдануы және икемділігі);

Даму (кейінгі ақыл-ой дамуының пайда болуына үлесі, ойлау формаларының біреуінен екіншісіне ауысуы);

2. Оқыту процесінде ойлаудың дамуы

Ойлауды дамыту дегеніміз – ол: ойлаудың барлық түрлері мен формаларын дамыту және олардың біреуінің екіншісіне ұласу процесін ынталандыру болып табылады.

Ойлау түрлері мен формалары:

-практикалық – әрекеттік;

-көрнекі – образдық;

-эмпирикалық;

-теориялық;

-репродуктивтік;

-продуктивтік;



-дискурсивті;

  • Іскерлікті дамыту. Іскерлік түрлері:

  • Заттың негізгісін қосымшасынан бөліп алу іскерлігі;

  • Зат мен қоршаған ортадағы құбылыстардың қатынастарындағы басты байланысты табу іскерлілігі;

  • Өз пікірінің ақиқаттығын дәлелдей алу және жалған ой қорытындысын жоққа шығару іскерлігі;

Өзінің ойын мағыналы және дәлелді жеткізу іскерлігі;

  • Іскерлікті тудыру:

  • Ойлау операциясы мен тәсілдерін бір алаптан екіншісіне тасымалдауын жүзеге асыру;

  • Құбылыстың дамуын алдын-ала көре білу;

  • Дәлелді тұжырымдар жасау.

  • Ойлау операциясын қалыптастыру және толықтай жетілдіру

  • Анализ;

  • Синтез;

  • Салыстыру;

  • Жалпылау;

  • Жүйелеу және т.б.

  • Формальды логикаға негізделген ойлаудың диалектикалық логикаға негізделген ойлауға ауысу процесін ынталандыру.

  • Ойлауды дамыту критерийлері

Оқушылардың белгілі ойлау деңгейіне жетудегі жетістіктерін айғақтайтын көрсеткіштер:

  1. Ойлау әрекетінің операциялары мен тәсілдерін игеру дәрежесі, оларды оқу және оқудан тыс танымдық процестерде қолдана алу іскерлілігінің деңгейі ;

  2. Ойлау әрекетінің операциялары мен тәсілдерін саналы түрде сезіну деңгейі;

  3. Ойлау операциялары мен тәсілдерін , сондай-ақ оларды қолдану дағдыларын басқа ситуациялларға және басқа заттарға тасымалдауды жүзеге асыру іскерлілігі деңгейі;

  4. Ойлаудың әр түрлерінің, сондай-ақ ойлаудың бір түрінің екіншісіне ұласу процесінің қалыптасу деңгейі;

  5. Міндетті шығармашылықпен шешу, жаңа жағдайға бейімделу әрекетіндегі жинақылық дәрежесі;

  6. Тезаурус көлемі, яғни білім қоры, оның жүйелілігі, сондай-ақ білімді меңгерудің жаңа тәсілдерінің пайда болуы;

  7. Әртүрлі ойлау сапаларының жағдайы мен өсу бағытындағы динамикасы: дербестік, тереңдік, сыншылдық, орамдылық, ұшқырлық, логикалық, жүйелілікті, жылдамдық және т.б.

  • Ақыл-ой міндетін шешу кезеңдері:

  1. Проблемалық ситуацияны сезіну;

  2. Міндет қоя білу;

  3. Іздену аймағын іздеу;

  4. Болжам (гипотеза) жасау;

  5. Болжамды тексеру;

  6. Әрекет пен нәтижелерді рефлексиялау.

  • Оқу процесіндегі есте сақтаудың нәтижелілігіне әсер етуші себептер

  • Субъективті:

  • Есте сақтау типі;

  • Бұрынғы жинақталған тәжірибе;

  • Бағыт-бағдар;

  • Қызығушылық;

  • Организмнің жағдайы.

Объективті:

  • Материалдарың сипаттамасы;

  • Мағынасын сезіну;

  • Байланыстылығы;

  • Түсініктілігі;

  • Көрнекілігі;

  • Бір қалыптылығы;

  • Материалдардың көлемі;

  • Материалдық жағдай.

Логикалық есте сақтаудың кезеңдері:

  • Есте сақтаудың мақсатын сезіні;

  • Есте сақтайын материалдардың мағынасын түсіну;

  • Материалдарды саралау;

  • Мәнді-мағыналы ойларды бөліп алу, жинақтап қорыту;

  • Осы жинақтап қорытуды есте сақтау.

Сабақ барысында оқушылардың танымдық процестерінің даму ерекшеліктерін зерттеу. Ойлау



  1. Сабақтың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес оқушыларды ақыл-ой әрекеттерінің жүзеге асырылуы деңгейі.

  2. Педагогтың оқушыларды сабақтың мақсатын анықтауға үйретуі.

  3. Белгілі тапсырманы орындауда оқушылардың оқу міндеттерін ажырата алу деңгейері.

  4. Мұғалімнің басқару әрекетінің оқушылардың ақыл-ой әрекетінің заңдылықтарына сәйкестігі.

  5. Ойлау мотивтерінің сабақ барысында қалыптасуы. Танымдық мотивтердің қалыптасуының рөлі.

  6. Мұғалімнің меңгерілетін материалға және ойлау процесіне қызығушылықты қалыптастыруда қолданған құралдары.

  7. Сабақ барысында ақыл-ой әрекетінің рефлексивті компоненттерінің қалыптасуы.

  8. Сабақ барысында оқушыларды ақыл-ой әрекеті тәсілдерінің қалыптасу деңгейі.

  9. Сабақ барысында оқушылардың материалды логикалық және мағыналық өңдеуге үйретілуі.

  10. Оқушылардың жолдастарының жұмыстарын, өзінің ақыл-ой әрекетін бағалауға, талдауға, үйретілуі.

  11. Оқу процесінің барысының дұрыстығы туралы мұғалімнің ақпарат алуы (кері байланыс). Алынған мәліметтің педагогтың бақылауы мен басқаруына әсері.

  12. Түсіндіру (әңгімелесу ) кезінде (және оқушы жауабында) негізгі мәселені бөліп алудың жүзеге асырылуы.

  13. Сабақ материалы мен оқушының жекелей іс-тәжірибесі арасындағы байланысты орнату.

  14. Оқушының материалды меңгеру деңгейін анықтау үшін меңгеру критерийлерін мұғалімнің қолдануы.

  15. Сабақ материалына оқушылардың эмоционалдық қатынастарын туындату, сабақ мазмұнының оқушылардың мотивтерімен байланысы.

  16. Мұғалімнің оқушыларды ойлануға дайындауы. Оқушыларды өздерінің ақыл-ой әрекетін басқаруға деген ниетін туындату жолдары.

  17. Сабақта ұжымдық ақыл-ой әрекетінің қолданылуы.

  18. Сабақты жоспарлау мен ұйымдастыруды оқушылардың жақын аралық даму аймағына бағыттауы. Мұғалімнің оқушылардың әр түрлі деңгейдегі топтарына көмек формаларын қолдануы.

  19. Оқушыларға қойылатын талап деңгейлері мен олардың нақты мүмкіндіктері арасындағы сәйкестік.

  20. Оқу тапсырмасын орындауда мұғалімнің білім деңгейлері әр түрлі оқушыларға көмек көрсету түрлері.

  21. Оқушылардың ойлауының дербес ерекшеліктері мен білім деңгейлері туралы мұғалімнің нақты түсінігі.

  22. Оқу процесін ұйымдастыруда оқушылар ойлауының жекелей көрсеткіштерінің ескерілуі.

  23. Оқушылардың ойлау сапалары (ақылдың тереңдігі, икемділігі, тұрақтылығы, өзбеттілігі, сапалылығы) арасындағы айырмашылықтарды ескеруі.

  24. Педагогтың оқушылардың ойлау жылдамдығын, қарқынын қалыптасуы

  25. Оқушыларда шығармашылық ойлау элементтерін қалыптастыру деңгейі.

  26. Оқушыларда өзін-өзі бақылау дағдысының қалыптасуы.

  27. Мұғалімнің оқушылардың ақыл-ой әрекеттерін бақылау формаларын қолдануы.

  28. Проблемалық мазмұндау, проблемалық тапсырма элементтерінің қолданылуы.

  29. Педагогтың оқушылар білімін бағалауда ақыл-ой қабілетін ескеруі.

  30. Мұғалімнің оқушылармен сабақты жекелеп өткізу формасын қолдануы.

  31. Оқушылардың белсенді ақыл-ой әрекетін құралдарды қолдану арқылы ынталандыру.

  32. Оқушылардың және жекелей оқушы ойлауының деңгейін бағалау.

  33. Оқушылармен әңгімелесе отырып сабақтың білім беру (ұғымды меңгеру, дағдыны қалыптастыру және т.б.) және дамыту мақсаттарына жету тиімділігін бағалауға тырысуы. Оқушылармен әңгімелесе отырып олардың нені және қандай деңгейде меңгергендңгін анықтау.

  34. Жеке оқушының ойлау қабілетін бөліп алып, оның ақыл-ой әрекеті тәсілін және оның басқалармен ұқсастығын бағалау. Сыныптың және оқушылардың ойлау белсенділігі деңгейін бағалау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет