ПОӘК 042-18. 18. 1-56/01-2015 №1 басылым 11. 09. 2015 80 беттің 2 беті



бет7/7
Дата27.02.2020
өлшемі0,67 Mb.
#58733
1   2   3   4   5   6   7

1. Бүгінгі тарих ғылымның дамуы туралы... Адам қоғамының дамуы негізін материалдық өндіріс құрайды. Өмір сүру, оқу және жұмыс істеу үшін, адамдарда тамақ өнімдері,киім,тұрғын-үйі және т.б. болуы қажет.  Материалдық және рухани игіліктер өндірісін тоқтатқан болса,онда адам қоғамы жойылып кеткен болар еді. Материалдық өндірістер саласы-халық шаруашылығы  салаларының төмендегідей материалдық игіліктер өндірісі және материалдық қызмет көрсету саласы бойынша  екіге бөлінеді. Қоғамдық өндірістің құрылымы


Материалдық өндіріс

Материалдық емес өндіріс

Өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, материалдық-техникалық жабдықтау, сауда, қоғамдық тамақсаласы, құрылыс, су шаруашылығы және т.б.

Денсаулық сақтау, білім беру, көлік, байланыс, мәдениет, несиелік мекемелер, қоғамдық мекемелер, басқару органдары.

Қазіргі қоғамдық өндіріс құрылымына материалдық  өндіріс салаларынан басқа ,материалдық  емес өндіріс салаларыда бөлінеді. Оларда ерекше материалдық емес игіліктер  жасалады, сондай-ақ материалдық емес қызмет көрсету – денсаулық сақтау,білім,ғылым,мәдениет,спорт,және басқаларыда бар және бұлар бұрын өндірістік емес салаға жатқызылған. Ғылыми зерттеудін көрсеткеніндей,білім,ғылым,денсаулық сақтау,өнер, мәдениет материалдық өндірістиімділігіне үлкен әсер етеді. Бүгінгі кезде қазіргі қоғамдық өндірістің алдында төмендегідей маңызды мәселелер тұр:а)өндірістің тиімділігін арттыру,ә) өндірістің экологиясын сауықтыру, б) гуманизациялау мәселесі,яғни өндірісте адамға бір қалыпты жағдай жасау. Адамзат қоғамы осы мәселерді шешу жолында ғылыми зерттеу жұмыстарын және эксперименттерін жүргізуде.


  Адам мен қоғам өмірінің негізінде шаруашылық қызмет,өндіріс жатыр. Өндіріс - адамдардың табиғи  заттарға әсер ете отырып,материалдық және рухани игіліктерді өндіру процесі. Игіліктер деп қажеттіліктерді қанағаттандыратын заттарды айтамыз.өндіріс үш элементтің: адам еңбегі,еңбек заты мен еңбек құралдары өзара әрекеті арасындажүзеге асырылады. Оларды еңбек процесінің қарапайым моменттері деп атайды. Еңбек - адамдардың материалды,рухани игіліктер өндіруі мен қызмет көрсетуіне байланысты мақсаты,нәтижелі қызметі. Еңбек заты - адамның  дайын өнім өндіру мақсатында өз еңбегі арқылы әсер ететін зат. Еңбек құралдары-бұл адамның еңбек затына әсер ететін қаруы. Қандайда бір тауарды өндіруг қажет еңбек заттары мен құралдарының жиынтығы өндіріс құрал-жабдықтарын құрайды. Игіліктер өндірісі, біріншіден, адам мен табиғаттың қарым-қатынасын, екіншіден, өз шаруашылық қызметтері барысындағы адамдардың өзара қарым-қатынастарын бейнелейді. Өзара қарымқатынастың бірінші типін өндіргіш күштер деп, ал екіншісін  - экономикалық қарым-қатынастар дейміз. Өндіргіш күштер – бұл қоғамдық өндірістің жеке және заттық факторларының өзара әрекеті адам мен табиғат қатынасының шешуші,белсенді элементтері. Ғылыми-техникалық революция өндіріс факторларын өзгертеді. Осылайша, өндіріс құрал-жабдықтары информатика, электронды-есептеуіш және компьютерлік техникамен байытылады. Өз кезінде жұмыс күші құрылымында да сапалы өзгерістер жүреді: оның ғылыми ұйымдастырылуы пайда болып , жұмыскерлердің біліктілік және интелектуалдық деңгейлері көтеріліп, адамның кәсіпкерлік қасиеттерінің рөлі мен маңыздылығы арта түседі. Экономикалық қатынастар-бұл адамдар арасындағы қызметтер мен материалды,рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну прцесі барысында пайда болатын қатынастар. Экономикалық қатынастардың сипаты өндіріс құрал-жабдықтарына меншік формасымен анықталады, бұны экономикалық базис деп атайды. Өндірістік қатынастар біріншіден, тек өндіріс сферасында болатын қарым-қатынастар, екіншіден, өндірістік емес сферада қалыптасқан қатынастардан тұрады. Құрылымы  бойынша экономикалық қатынастар ұйымдастыру-экономикалық болып бөлінеді. Ұйымдастыру-экономикалық қатынастар өндірілген өндіріс өнімінің, бөлінуі және айырбасталуының қалайша ұйымдастырылғанына қарай қалыптасады. Ұйымдастыру формаларына еңбек бөлінісі, еңбек кооперациясы, өндіріс концептрациясы, өндірістің орталықтандырылуы және т.б. жатады. Осы қатынастардың дамуы мен қалыптасу тарихында үш кезенді бөліп қарастыруға болады: еңбектің қарапайым кооперациясы, мануфактура, машиналы өндіріс. Еңбек кооперациясы бір ғана адамның нұсқауымен біртектес жұмыс атқаратын адамдарды біріктіреді, бұл бір адамның қолынан келмейтін жұмысты атқару үшін көптеген адамдардың күштерін жұмылдыруға мүмкіндік бере отырып, күмәнсіз экономикалық нәтиже берді. Мануфактура ( manes-қол, facere - жасау) – бұл да еңбек кооперациясы, бірақ бір айырмашылығы мұнда өнімділікті едәуір арттыратын еңбек бөлінісі бар. Мануфактура қол еңбегіне негізделген. Машиналы өндіріс – еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділігін арттыру жолындағы келесі бір маңызды қадам. Ол өндіріс техникасы мен технологиясын түбірлі түрде өзгерте отыра, өндірістің жаңа технологиялық тәсіліне көшуге себепші болды. әлеуметтік –экономикалық қатынастар өндіріс құрал-жабдықтарына меншік формаларымен анықталатын өндіріс жағдайларына байланысты адамдар арасында қалыптасады. Меншік формасында басты нәрсе: өндіріс, бөлу, айырбас пен тұтыну қатынастарының әлеуметтік-экономикалық мазмұны туындайды. Бұл қатынастардың дамуы мен меншік иелерінің жеке мүддесіне, сана-сезімдеріне қарай жүзеге асырылады. Бір жыл бойы өндірілетін адамдардың шаруашылық қызметінің нәтижесі қоғамдық өнім юолып табылады. Өзінің қозғалысына ол төрт сатыдан өтеді:өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну. Өндіріс пайдалы өнім шығару процесі. Бұл бастапқы саты. Оның қоғамдық өнім қозғалысындағы орнына қарай экономистер әр түрлі бағыттар ұсынады. Біреулері, бұл саты шешуші мағынаға ие, себебі, егер материалды және рухани игіліктер өндірілмесе, нені бөліп, айырбастап және тұтынылар еді. Кейбір зерттеушілер пікірінше, экономика дек айырбас болғанда қалыптасады, сол себепті тек айырбас пен бөлу шешуші сфераларға жататындығын айтады. Өз пайымдауларында олар, әдетте , айырбас пен бөлуден басталатын батыстық зерттеулерге суйенеді. Көпшілік санасында қалыптасқан өндірісті екінші кезекке қою экономикаға орасан зиян тигізетіні түсінікті. Көз алдымызда еңбек өнімділігінің ролі, мазмұны мен беделі жойқын жылдамдықпен төмендеді, ал бұл тұтастай қоғамның жасампаз еңбегінің де құлдырауын білдіреді. Бөлу өндірілген өнімдегі әр адамның үлесін анықтауды білдіреді. Айырбас – бұл бір өнімнің өнімге айырбассталу процесі. Бөлу мен айырбас органикалық түрде өндіріспен байланысты, олар бір тізбектің бөліктері болып табылады. Бөлу мен айырас өндіріс пен тұтыну арасын жалғайды. Тұтыну- адамның қажеттіліктерін өтеуі үшін өндірілген игіліктерді қолдануы. Тұтыну өнімді пайдаланудың тәмамдаушы кезеңі болып табылады. Тұтыну екі сипатта: өндірістік және өндірістік емес болуы мүмкін. Өндірістік тұтыну дегеніміз өндіріс процесінде  өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмысшы күшін пайдалану ұдайы өндіріс негізін құрайды. Өндірістік емес тұтыну жеке және қоғамдық болып екіге бөлінеді. Жеке тұтыну - бұл адамдардың тамаққа, киімге, білім, демалысқа және т.б. қажеттіліктерін қанағаттандыру. Қоғамдық тұтыну –қоғамның ғылымға, білімге, мәдениетке, басқаруға, қорғанысқа және т.б. қажеттіліктерін қанағаттандыру. Өнімдерді тұтынған кезде, олар оң мағынада жойылады, яғни оларды ұдайы өндіріп тұру қажет. Ұдайы өндіріс – бұл өндіріс процесінің қайталануы.  Ұдайы өндірістің жай және ұлғаймалы түрлері бар. Жай ұдайы өндіріс- бұл өндіріс процесінің бұрынғы ауқымында қайталануы. Ал, ұлғаймалы ұдайы өндіріс – ұлғаймалымөлшерде өндірістің жаңартылып отыруы. Қоғамдық өнімнің барлық өтетін төрт сатысы немесе кезеңдері өзара тығыз байланысады және қоғамдық өндірісті құрайды. Қоғамдық өндірістің әрекет етуінің маңызды көрсеткіші  - оның тиімділігі. Бұл көрсеткіш өндіріс нәтижелерінің оның шығындарына қатынасымен анықталады.  

Қоғамдық сананың басқа формалары сияқты, ғылым да шындықтың адам санасында бейнеленуі. Ғылымның мәнін түсіну үшін оның шығу себептерін, шындықты бейнелеу ерекшеліктерін және қоғам дамуындағы ролігі білу қажет.  


Ғылым дегеніміз табиғат және қоғам құбылыстары мен процестері жайындағы теория түрінде бір жүйеге келтірілген білімдер. Бірақ ғылым дегеніміз тәжірибеде тексерілген теориялық білім ғана емес. Ол сонымен қатар, жаңа білімдер алуға бағытталған қызметті де, эксперимент жүргізу базасын, түрліше прибор, аспаптар сияқты таным құралдарын да қамтиды.  
Сондықтан, оқушылар мына жағдайды ескерулері қажет ғылыми қоғамдық сананың бір формасы ретінде қарастырғанда біз оны шындықты бейнелендірудің формасы, дүниетанудың формасы ретіндеғана аламыз. 
Дүние - ғылыми бейнелендірудің ерекшелігі неде, Оның қоғамдық сананың басқа формаларынан, мәселен өнерден, діннен айырмашылығы неде? Бұл жөнінде жоғарыда жеткілікті айтқанбыз, бірақтағы да айта кетсек артық болмас. Дін сыртқы дүниенің бұрмаланғану жалған бейнесі ал ғылым – дәл, ақиқат бейнесі. Өнер шындықты көркем образ, типтік образ түрінде бейнелендіреді, яғни жалпыны жеке, нақты образ арқылы көрсетеді.  
Ғылым шындықтың абстракциялық формада, ұғым, категория, заң түрінде — бейнеденуі. Ғылым дүниені білудің негізгі формасы болып табылады.  
Ғылымның ерекшелігі ең алдымен оның пәнімен анықталады. Адамды қоршаған сыртқы дүние — табиғат пен қоғамның, сондай-ақ ойлаудың да объективтік заңдары бар. Ғылымның міндеті — міне осы заңдарды танып білу. Адамның мақсатты қызметі үшін, материалдық өндірісті жүзеге асыру үшінғылым заңдарында бейнеленетін сыртқы дүниенің объективтік заңдарын білу қажет. 
Дүние-біртұтас дүние оның бірлігі материалылығында. Олай болса, ғылым да біртұтас материалдықдүние туралы өзара байланысты, біртұтас, үнемі дамып отыратын білімдер жүйесі. Бірақ ғылым сонымен қатар, көптеген білім салаларына, яғни нақты I ғылымдарға бөлінеді. Нақты ғылымдардыңбір-бірінен айырмашылғы олардың объективтік шындықтың қай жатан, материя қозғалысының қай формасын зерітейтініне қарай айқындалады. Демек, нақты ғылымдардың көп түрлілігінің негізін, идеалистер сияқты, адам санасының қасиеттерінен іздемей, обиъективтік дүниенің қасиеттерінен, материя қозғалысы, формаларының көп түрлілігінен іздеу керек.  
Ғылым қоғамдық-өндірістік практиканың қажеттерінен туындайды. Ф. Энгельс 1894 ж. 25 қаңтарда В. Боргауске жазған хатында ғылымның өндіріске тәуелділігін ашып көрсете келе: «Егер, Сіз айтқандай-, - техника айтарлықтай дәрежеде ғылымның жағдайын тәуелді болса, онда ғылым техниканың күйі мен қасиетінен әлде қайда көбірек тәуелді. Егер қоғамда бір техникалық қажет туса, онда ол ғылымды ондаған университеттерден гөрі қөбірек алға бастырады», - деп жазды. Энгельстің бұл айтқаңдарынғылымдардың даму тарихы толық дәлелдеді.

Ғылымның практикаға өндіріске тәуелділігін атап көрсете отырып, тарихи материализм соныменқатар біріншіден, ғылымның дамуындағы салыстырмалы дербестікті және, екіншіден, ғылымныңпрактикаға, өндірістің дамуына тигізетін кері әсерін де мойындайды. 


Ғылымның дамуы сайыл келгенде "ғана қоғамдық-тарихи практиканың, өндірістің қажеттерімен анықталады. Бірақ оның дамуының өз ішкі логикасы бар: ғылым өзінің ішкі қайшылықтарыныңнегізінде дамиды, өйткені эксперименттің, тәжірибенің жаңа мәліметтері мен ескі теориялардыңарасындағы қайшылықтардың нәтижесінде ғылымда жаңа проблемалар, гипотезалар (ғылыми жорамалдар) туып отырады. Ал бұл соңғылар дүниені бұрынғыдан тереңірек танып білу қажетін тудырады. Мәселен, ғылымның көптеген ұлы жаңалықтары, (айталық, атомдық физиканың ашқан жаңалықтары) өңдірістің қажетінен тікелей туған жоқ, ең алдымен ғылымның ішкі даму заңдылықтарының нәтижесіңде туып, адамдар оларды практикада пайдаланудың жолдарын кейінғана тапты. Оқушылар ғылым дамуының бұл диалекгикасын ұғына білуі тиіс, өйткені дүниетанудыңдамуындағы әрбір жаңа қадам жаңа проблемалар тудырады. Ғылымның дамуындағы салыстырмалы дербестік дүниетанудағы сабақтастық байланыстан айқын көрінеді. Ғылым қоғамның бүгінге дейінқол жеткен біліміне сүйене отырып қана дами алады. Мұңсыз қоғамдық прогресс жүзеге аспас еді. 

Ғылымның дамуындағы салыстырмалы дербестік оның өндіріске тигізетін кері әсерінен ерекдій айқын көрінеді. Ғылым қоғамдық өндірістің дамуында қуаныш күш болып табылады, өйткеніғылымның күші, адамның ақиқатын танып білуден күш-қуат практикада "ғана айтқан көрінеді. Бұл істің барысында өндірісте жүргізілетін ғалыми экспериментөндіріспен, материалдық игіліктер өндіру процесімен тұтас бірігіп кетеді; е) ғылым мен техникада болған түбірлі өзгерістер, ашылған жаиалықтар өндіргіш күштердің екінші жағы — адамды даөзгертеді, ғылым мен техниканың жаңалықтары адамның біліміне, тәжірибесіне, дағды-іскерлігше айналуы тиіс, яғни адамның рухани күшіне де айналуы тиіс, өйткені мұңсыз ол хана техниканы басқара алмады, ал бұл техникалық прогреске кедергі болар еді. Кең көлемді ғылыми-техникалык, білім алған еңбекші адам жаңа техниканы жай басқарып қана коймайды, ғылыми-техникалықтворчествоға белсене қатыса отырып, еңбек өнімділігін арттырады. Демек, еңбекші адамның ғылыми-техникалық дәрежесін ұдайы арттырып, отыру - ғылыми-техникалық революциядан туып отырған объективтік заңдылық.  



2. «Мәңгілік ел» идеясының тарихи санаға ықпалы. «Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері 2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті«,- деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық — тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады. Түркі тарихын, көне түркі мұраларын зерттеуші филология ғылымдарының докторы, профессор Қаржаубай Сартқожаұлының «MANGI EL» халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналында: «Мәңгілік ел — түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк (Тұй-ұқық) негізін қалаған идея...» — екендігін жазған.

Елтеріс Құтлық қаған екінші Түрік қағанатын құрғаннан кейін Тоныкөк «Мәңгілік ел» идеясын қолға алды. Мәңгілік ел — мақсаты түрік елінің билігі деп осыдан 13 ғасыр бұрын мәңгілік идеясын ұсынған. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін геосаяси және ішкі, сыртқы қорғаныс шеңберін жасап, мәңгілік ел саясатын Көк Түріктер іске асырды. Сол идея, сол мұрат бүгінгі қазақ елінің бас ұранына айналуда.«Күл тегін» жазуының қазіргі қазақ тілінің нормасына келтірілген Ғұбайдолла Айдаровтың нұсқасында: «Көктегі түркі тәңірісі, түркінің қасиетті жер-суы былай депті: Түркі халқы жоқ болмасын дейін, халық болсын дейін...» — деген жолдар бар . Бұл жерде елдің тарих сахнасынан кетпей, сақталуын тілейді. Мәңгілік ел дегеніміз — мемлекеттің ғасырлар тоғысында, ірі державалар арасында бәсекеге төтеп беріп, өзіндік қорғаныс саясатын ұстану деп түсінуге болады. Орхон өзенінің бойында Түрік қағанатының Ордабалық деген астанасы болған. Қағанаттың хан ордасы мемлекеттің ішкі ядросы. Оны қорғайтын арнайы полиция(тұрғақ деп аталған) және оған қоса тұрақты әскер (шерік деп аталған) пайдаланылды. Ішкі қорғаныс деп атаған екінші шеңбер белдеуін түрлі тайпалар қорғап тұрды. Үшінші шеңберде он-оқ Түркештер тұрды. Қырғыздар, Кидандар, Татабилер, Таңғыттар, Басмылдар да үшінші шеңбердің қорғаушысы болды. Осы үш шеңбер тұтас империяны қорғап тұрды. Түріктер осы 3 шеңберді орнатып болған соң, «Мәңгілік ел» идеясын нық бекемдейді. Ғұлама ойшыл, сазгер, қобыз жасаушы Қорқыт бабамыздың өлімге қарсы тұрып, мәңгі өмірге ұмтылуы, тек Қорқыттың ғана емес, сол замандағы билеушілердің елдің мәңгі өмір сүруін қалағандығын білдіреді. М. Әуезов Қорқыттың мәңгілік өмір туралы толғаныстарының негізгі философиялық түйініп аша келіп, оның болашақ ұрпақ үшін дүниетанымдық маңызы зор, мәңгілік мұра екенін атап өткен. Қазақ халқы арасында тараған аңыздардан Қорқытты бірде айтулы күй атасы ретінде көрсек, енді біразында ол өлім атаулыға қарсы шара іздеген қамқоршы ретінде көрінеді. Қорқытты мәңгі өмірді іздеген, бақилық болғысы келмеген деген түсінікті, халқына жерұйықты іздеген Асан Қайғымен түсіндіруге болады. Асан Қайғы өз халқы үшін ең қолайлы, ең құнарлы жерді іздегендігі белгілі. Утопиялық көзқарастағы Асан қайғының жерұйықты іздеудегі мақсаты, халқының жайлы жерге қоныстанып, болашақта мәңгі ел болуын қалаған. Көрнекті еуразияшыл ғалым, тарихшы-этнолог Л.Н.Гумилев «От Руси к России» атты еңбегінде: «Еуразия құрлығы үш рет біріктірілді. Алғашында оны Ұлы Түркі қағанатын құрған көне түріктер біріктірді. Түріктерден кейін Шыңғыс хан бастаған монғолдар, кейіннен Ресей өз қолына алды» — дейді.

Л.Н.Гумилев еуразия құрлығының бірлігі, мәңгілігі туралы ойын көне түріктерден бастайды. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қалыптасып жатқан Еуразиялық идеясының негізінде Ресейлік емес, түріктік ынтымақтастыққа қол жеткізіп, көне түріктердің мәңгілік ел идеясының өміршеңдігін дәлелдеуіміз керек.«Тұтас түрік елі» идеясынан «біртұтас Түркістан» идеясына дейінгі бабаларымыздың атқарған істері едәуір. Елбасы Түрік бірлігі идеясын тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап көтеруде. Ел азаматтары мен Қазақстан саяси элитасының ұлттық идеология қалыптастыру жолындағы ойларын Елбасы сараптады. «Біртұтас Түркістан идеясы», «Түркістан конфедерациясы», «Еуразиялық одақ идеясы», «Қазақстандық ұлт идеясы», «Жерұйық», «Атамекен», «Қазақ Елі идеясы» сынды ұғымдар арқылы мемлекет құрушы қазақ халқы мен тарихи тағдыр тоғыстырған ұлттарға ортақ боларлық идея, мемлекеттік мәнге ие боларлық идеология қарастырылды. Мәңгілік Ел идеясы —қазақ ұлтының мақсат-мүддесіне және елімізді ортақ Отан еткен жүз отыздан астам ұлттар мен ұлыстардың ұлттық идеясына негізделген идеология болатынына сенуге болады. Еуроцентристік көзқарас бойыншатүркі тілдес халықтардың ынтымақтастығына деген сын айтушылар көп. Түркі интеграциясын Т. Рысқұлов пен М.К. Ататүрік бастаса, кейін нақты практикалық шараларды қолға алған ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың шешуші саясаты өз жемісін берді. Н.Ә. Назарбаевтың түрік халықтарының бірлігін нығайтудағы тарихи рөлінің қаншалықты маңызды болғанын аңғаруға болады. Қазақстан Халықаралық «Түрксой» ұйымына қолдау көрсетіп, түрік дүниясының барын бағалап, жоғын түгендеуге жол сілтеді. Халықаралық аренада Қазақстанның беделі нығайған сайын, түрік мемлекеттерінің бірлігі идеясы ашық әрі табанды насихаттала бастады. Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Тарихтың алға қойып отырған өктем талабы әрбір түрік еліне әртүрлі салада саяси, экономикалық, мәдени және гуманитарлық тәсілдермен бірігу проблемасын шешудің бәріне бірдей тең институттық тетіктерін жаппай-тұрмай іздестіруді міндеттейді», — дей отырып, түрік мемлекеттері интеграциясының тиімді жолдарын іздеу қажеттілігін көрсетті. Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2000 жылы 14-желтоқсанда латын алфавитіне көшу мәселесіне қатысты өз пікірін білдіре келіп, өте мұқият дайындықтан соң латын алфавитіне көшетінімізді айтты. Бұл жерде Тоныкөк негізін салған «Мәңгілік ел» идеясын қалпына келтіруші, жандандырушы Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың қазақ халқына славяндық кириллица емес, түркі тектес бауырларымыз қолданатын латын қарпіне көшудің қажеттілігін айтты. «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Түркі халықтары жұмылған жұдырықтай болып біріккен кезде геосаяси өмірге тең құқықты субъект ретінде ықпал ете алады, мәдени әлемдегі өзара қарым-қатынастарда қайдағы бір енжар, ынжық элемент ретінде емес, өзгелермен терезесі тең тұлға ретінде бой көрсете алады. Бұл бағыттағы алғашқы игі қадам ортаазиялық одақтың құрылуы болды. Оның шеңберінде біздің бәрімізге ортақ мәдени ұқсастығымызды жете сезіну арқылы деңгейіміздің көтеріле түсетіні сөзсіз» — деп түрік бірлігінің болашағына зор үмітпен қарады

ХХІ ғасырды Түрік мәдениетінің ғасыры болады деп болжам жасаушылардың қатары күн санап артып келеді. Осы орайда Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары, түркітанушы ғалым Дархан Қыдырәлі: «Енді осы Еуразиялық кеңістікті толтыра беруіміз керек. Түріктің бойындағы пассионарлық қасиет қайта оянуда. Түркі мәдениетінсіз, түркілік санасыз, түркі тарихынсыз Еуразия кеңістігін елестету мүмкін емес. Ежелгі түркілер, сақтар мен скифтер, ғұндар мен қыпшақтар Еуразияның ен даласын еркін қоныстанған. Бүгінгі түсінікпен алғанда, Алтын Орданы да Еуразиялық мемлекет деп атауға болады. Біздіңше, Шыңғысхан идеялық тұрғыда ұлы түркілік идеяны көтеріп, қос мұхиттың арасын мекендеген халықтың жадындағы тарихи сананы қайта жаңғыртқан», — дейді. Белгілі тарихшы, 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымов бастаған қазақтардың көтерілісі жайында диссертация жазған ғалым Елтоқ Ділмұхамедовтың қызы Эльза Ділмұхамедова Л.Н.Гумилевтен сұхбат алады. Лев Николаевич Гумилев «Қазақтың пассионар тұлғасы кім?» деген сұраққа: «Ол, әрине, хан Кенелерің» деп жауап беріпті. Эльза Елтоққызы «Қазақстанды алда не күтіп тұр?» деп сұрайды. Сонда ол: «Қазақстанда таяу уақытта мықты серпіліс, пассионарлық дүмпу болады» деген екен. Бұл жерде Л.Н.Гумилевтің этностардың өмір сүруі теориясы бойынша әрбір ұлт, әр халық 1200-1500 жылдай өмір сүреді. Осы кезеңде халықтың туып, өсіп-өркендеп, даму шыңына жететіні, содан соң біртіндеп құлдырап құрдымға кететіні дәлелденген. Осы эволюциялық үрдіске 1500-дей жыл кетеді екен. Ал Қазақ хандығы ХV ғасырдың ортасында құрылды. 14 ғасырдың орта шенінде қазақ халқы пайда болады. Соған қарағанда, халықтың даму жолының шырқау шегіне жақындап қалдық деп ойлаймын. Эльза Ділмұхамедова Гумилевке тағы да бір сұрағын қойып, «халықтың күшейіп бара жатқанын қалай білуге болады?» дейді. Сонда ғалым: «Оның белгісі сол жерде алқалы жиындар өтеді. Халық пассионарлық болып жатса, тарихын зерттейді. Пассионар тұлғалар көбейеді. Алдымен бір адам туады, ол өз ойларымен екінші адамның ойын қозғайды. Және адам баласының ойына келмейтін биік мақсаттар қойып, елді жұмылдырып, соған қол жеткізеді. Міне, пассионар халықтың белгісі осындай» деген екен. Гумилевтың айтқан сөздері жаңа дәуірге қадам басып жатқан Қазақ елінің қазіргі жағдайымен тұспа-тұс келеді. Гумилевтың «алқалы жиындар өтеді» дегені түркі ұрпақтарының ынтымақтастық жолында атқарып жатқан шаралары болса, «тарихын зерттейді» дегені түркі академиясының құрылуы және де 2013 жылы 5 маусымдағы М.Тажиннің ұлттық тарихты зерделеу бағдарламасының жариялануы, сонан кейін, «бір адам туады» дегені Ұлт Көшбасшысының дүниеге келуі, сонымен қатар, «адам баласының ойына келмейтін биік мақсаттар қойып, елді жұмылдырып, соған қол жеткізеді» дегені Елбасының Қазақстан 2030 стратегиясын мерзімінен бұрын аяқтап, дамыған 30 елдің қатарына кіру бағытын алға қоюы деуге болады. Көне түркілердің «Мә .гілік Ел» идеясы үш негізден тұрады: оның біріншісі — көне түркі жазба ескерткіштеріндегі «Мәңгілік Ел» идеясы, екіншісі — Әл-Фарабидің «Қайырымды қалада» философиялық шығармасында, әсіресе, бұл идеяның теориялық-методологиялық тұрғыдан тиянақталуы және үшіншісі — Жүсіп Баласағұнның осы идеяны негіздеген «Құтты Білік» дастаны. Тоныкөк ескерткішінде мемлекеттің тұрақты болуы үшін билікті ұстап отырған қаған мен ақылгөй дана бірауыздылығы, сөз бен істің ажырамауы, елдің тұтастығы үшін ынтымақтың, барлық күштердің ұйытқысы болу қажеттігі түп нысана ретінде айтылады. Түркі халқының елдігінен айырылып, қағансыз қалып, тағы да басқаларға бағынып, одан қайта көтеріле бастағаны, жаңа қаған отырғаннан кейін елдің басын біріктіру шаралары, яғни «түнде ұйықтамай, күндіз отырмай, түркі елі үшін қызыл қанын ағызып, қара терін төккені, күш-қуатын бергені» паш етіледі.Осының бәрі кейінгі ұрпаққа да үндеу ретінде айтылғаны көрінеді. Сонымен қатар, бұл жерде «Мәңгілік Ел» ұғымы, тәуелсіздік рухы, азаттық идеясы бір-бірімен үндесіп тұр. Әл-Фараби ежелгі грек философиясы мен шығыстың мұсылман ілімдерін байланыстыра отырып, түркі дүниесінің «Мәңгілік Ел» философиясының теориялық негіздемесін жасап берді. Ғалым «Мәңгілік Ел» теориясының негізгі ережелерін «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Мемлекет билеушінің нақыл сөздері», «Азаматтық саясат» шығармаларында баяндайды. Бақытқа жету жолында адамдардың арасындағы қайырымдылық пен түсінушілік, бір-біріне көмек беру, достық пен бейбітшілік, тәрбие мен тәлім — Әл-Фарабидің тұтас әлеуметтік-саяси теориясының ажырамас бір бөлігін құрайды. Мемлекет пен қоғамның кемелденуі туралы әлеуметтік-саяси теориясында мемлекет басқарушылары мен сол қоғамда өмір сүретін адамдардың да ұстануы тиіс мемлекетті басқарудың императивтері мен механизмдері көрсетілді. Сондықтан, бұлардың бәрі қазіргі таңда түркітілдес мемлекеттердің ұлттық құндылықтары ретінде саналуы тиіс. Фараби мемлекеттің міндетін және оның ішкі және сыртқы міндеттерін толық анықтап береді. Сыртқы міндеті ретінде мемлекеттің қайырымды қала тұрғындарын немесе мемлекетті сыртқы жаулардан қорғау, яғни күшті қорғаныс ұйымдастырумен жүктеледі. Ішкі міндеті ретінде мемлекеттің өз халқының бақытқа жетуі үшін көрнекті шараларды іске асыру керек: олар — әділеттілікті орнату, халықты оқыту, оларды керекті ғылыммен толықтыру, адамгершілікке тәрбиелеу, қайырымдылықты тарату және ең жақсы бақытқа жеткізетін әдеттерді бойға сіңіру. Қалған мәселелердің бәрі — экономикалық және саяси мәселелер — негізгі міндетке бағынады, яғни адамдардың бақытқа жетуі олардың рухани жетілуіне тәуелді. «Құтты білік» дастаны Қарахан мемлекеті түріктерінің тілінде жазылғаны белгілі. Жүсіп Баласағұн «Құтты білікті» 1069-1070 жылдары Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашқар қаласында аяқтаған. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» шығармасы, араб-парсы әдебиетінің көшірмесі емес. Дастанда X–XI ғасырлардағы Жетісу жерінде тұрған тайпалардың салт-санасы, әдет-ғұрыптары, наным-сенімдері көп жырланған. «Құтты білік» кейіпкерлерінің есімдері де бұрынғы тәңірілік дін нанымдарына қатысты. Басты бейне Күнтуды — әділ ел басшысының рәмізі. Бұл бейне «Күлтегін» («Түркі қағанаты туралы сөз») жазуларынан басталып, әл-Фараби мен Қожа Ахмет Иассауи армандаған түрік мәдениетіндегі үлгі, мұрат тұлғаның бастысы. Жүсіп Баласағұнның басты кейіпкер қылып Күлтегінді көрсетуі түркі мәдениетін жалғастырушы, мәңгілік ел бағдарының қолдаушысы екендігін айқындайды.

XVIII ғасырда Қазақ хандығының басын қосып, Айдаһардай Қытайдың аузына түсірмей, ақырған аюдың тырнағынан аман алып қалған Абылай ханның саясаты түркілік мәңгілік ел идеясын жандандырушы тұлғаның ерлігі. Шығыстағы ежелден дұшпанымыз қытайлар жоңғарларды қазақ жеріне айдап салып, сол арқылы қазақ жерін де, жоңғарларды да өзіне қарату еді. Осы соғыста не қазақ, не жоңғар, болмаса екеуі де құруы керек екендігі алпауыт елдердің жаттанды саясаты еді. Бірақ қазақ елі аман қалды. Қазақтың бақытына орай Абылай хандай дара тұлға тарих сахнасына келді. Нәтижесінде бұл соғыста қазақ емес, жоңғар 1758 жылы тарих сахнасынан мүлдем жойылып кетті. Ел басына түскен үлкен қиыншылықтан Абылай хан бабамыз елді біріктіріп, жұмылдырып, соның арқасында қазақ елін аман сақтап қалды. Ендеше, Абылай хан елді біріктірген ұлы тұлға және «мәңгілік ел» идеясын жалғастырушы екендігін мақтанышпен айтуға болады. Мәңгілік Ел — жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы.

Бабаларымыздың арманы. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Астанада асқақ рухымыз бен мәңгілік мұраттарымызды паш етіп тұрған «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының салынуы «Мәңгілік Ел» идеясының мелекеттік идеологияға айналғандығының бір дәлелі. «Мәңгілік Ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар.

Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздерімен мағыналас қолданылды. Осыдан кейін, «Мәңгілік Ел» «Алла Тағаланың елі, халқы» дегенді білдіреді және мемлекет пен ұлттың уақытпен шектелмеген тұмары болады деуге толық негіз бар.

Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні — мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті. Мәңгілік Ел ұлттық идеясы дегеніміз — өткенімізден сабақ ала отырып, болашағымызды баянды ету жолындағы хақ мұраттарымыз.




Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет