3. Тарихи философия ол не? . «Философия» ұғымы грек тілінен аударғанда «даналыққа құштарлық'' деген мағына береді. «Философия» деген сӛзді алғаш рет грек математигі және ойшылы Пифагор (б.э.д.580-500 жж.) жоғары даналыққа ұмтылушы адамдарды айту үшін қолданды. Философия дегеніміз не деген сұраққа тарихтың әр түрлі кезеңдерінде түрлі-түрлі жауап ізделіп, әр түрлі пікірлер айтылды. Бұл – адамзат мәдениетінің дамуымен, қоғамдық өмірдің өзгеруімен байланысты. Құбылыстар жан-жақты, олар адам ӛмірінің әр түрлі салаларында практикада, мәдениетте қалыптасады. Философия – бүкіл ғылыми жүйелердің ішіндегі ең алғашқысы, ең көнесі. Оның басты ерекшелігі – әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастыруында және оның ішкі байланысын, даму зандылықтарын жүйелі зерттеуінде. Ол -дүниетанымдық ғылыми жүйе болып табылады. Дүниетаным – адам санасының, танымының қажетті құрамдас бӛлігі. Ол адам танымының бір элементі емес, оның күрделі ӛзара әрекеттесуі. Түрлі білімдер, адамның сезімі, көңіл-күйі, үміті, ұмтылысы, мақсаты – бәрі дүниеге кӛзқарасқа бірігіп, адамның ӛзін және дүниені толығымен түсіндіреді.
Ертедегі ойшылдар білімді надандықты жоятын, халықтарды жақындастыратын күш деп білді. Ұлы ойшыл Әл-Фараби: «Білімді болу деген сӛз – белгісіз нәрсені ашу, игеру қабілетіне ие болу деген сөз», - деп айтқан. Философия дүниетанымның бір формасы болып табылады. Қоғамдық өмірдің дамуына байланысты дүниеге көзқарастың мынадай түрлері қалыптасады. Олар: мифологиялық, діни, философиялық дүниетанымдар.
Мифология грек сөзінен аударғанда mifos-аңыз, әңгіме, ертегі, ал logos-ілім, білім деген мағына білдіреді. Философияның алғы бастауы мифология болып табылады. Мифологиялық көзқарастар алғашқы қауымдық құрылыста пайда болды. Мифологияны адамзат баласының рухани мәдениетінің ежелгі формасы деуге болады. Әр халықтың өзіндік мифологиясы бар. Мифологиялық сана, сондай-ақ, табиғат пен қоғам бірлігін қарастырды. Адам мен дүние арақатынасын, оның қайшылығын шешуге тырысты. Алайда, мифология қойған дүниетанымдық мәселелерге жауап іздеу барысында дін мен философия екі түрлі жолды таңдады.
Дін – дүниетанымның бітімі. Діни дүниетаным табиғаттан тыс, құдіретті күшке адамның мүлтіксіз бас июін, бағынуын уағыздайды. Адам санасында табиғи құбылыстардың бұрмаланған бейнесін туғызады, оны табиғатты өзгерту мүмкіңдігінен шеттетуге бейімдейді. Діни дүниетанымның негізі – бізден тысқары тұрған түрлі күштерге сену. Сенім – діни сананың өмір сүру тәсілі. Діни түсінік жеке адамның сезімінен, ойынан шықпайды. Ол – қоғамның тарихи дамуының жемісі. Оның әлеуметтік, танымдық тамыры терең, қоғамда атқаратын функциясы бар.
Дін – күрделі рухани құрылым, қоғамдық – тарихи құбылыс, қоғамдық сана бітімі. Ол рухани мәдениеттің белгілі бір құбылысы, әлеуметтік түбірі бар идеологияның бітімі. Сондықтан да дінді бір жақты бағалауға. түсіндіруге болмайды. Дін сыртқы дүниені, табиғатты түсіндіруде бір жақты болғанымен, адамдар арасында адамгершілік қатынастарды қалыптастыруда, әдеп- ғұрып, салт-сананы сақтауда, адамды тәрбиелеуде орасан үлкен рӛл атқарып келеді. Дін қазіргі кезде ауқымды, жаһандық мәселелерді шешуде. Әрбір адамның дінге сенуге, ӛз дінін сақтауға құқы бар. Дін адамды адамгершілікке, тазалыққа, сүйіспеншілікке, адалдыққа үйретеді. Дін – жан-жақты, күрделі құбылыс. Ол – қоғам дамуының ерекше заңдылықтарынан шыққан. Қазіргі кезеңде қоғамымызда дінді келелі мәселелерді шешуге де қолданып жүр. Дін мен философияның жақындығы – екеуі де дүниетанымның қоғамдық -тарихи бітімдері, дүние құрылымын түсіндіреді, адамның санасына, іс-әрекетіне түрліше әсер етеді. Соңдай-ақ, олардың арасында терең айырмашылық та бар. Біріншіден, философия – ғылым. Ол рационалды – теориялық дүниетаным. Ал, дін сенімге сүйенеді. Екіншіден, философиялық ойлау еркіндікті, жан – жақтылықты қажет етеді. Ал, дін құдайға, шіркеуге негізделеді. Үшіншіден, философия білімсіз өмір сүре алмайды. Ол тарих, қоғам, мәдениет туралы білімдерді қажет етеді.
Философия дүниетанымның басқа формаларынан тек пәнімен ғана емес, сондай-ақ, ойлау тәсілімен, мәселені талдауда жоғары 14 интеллектуальды деңгейімен айрықшаланады. Адамтану үнемі даму үстінде тұратын философияның негізгі оқытатын пәні. Философия атқаратын қызметі – дүниетанымдық, гуманистік, гносеологиялық, әдістемелік, болжамдық, тәрбиелік.
МОДУЛЬ-2. Тарих методологиясының кезеңдері-6 сағат
4-тақырып. Тарих методологиясының қазіргі даму тенденциялары -2 сағ
Жоспар:
1.Ғылыми әдіс түсінігі
2.Тарихи әдістердің түрлері
1.Тарих философиясы оймен жүргізілетін ілім. Ол болған оқиғаларды тізбектеп, іріктеп жазып, соның соңында жүретін ғылым емес. Ол фактілерді билейтін, талдайтын, өткен жағдайды талқылап, дұрыс-бұрысын ажырататын, содан қорытынды жасайтын ілім. Әрбір ғылым өзінің логикасы бойынша дамиды, ол неге алып келеді, әрбір ғылымдағы жаңалықтың нәтижесі неде, ол мәселеге ғалым көп жағдайда мән бере бермейді. Ғылым логикасы ғалымды кейде өзіне жетелеп әкетеді. Әрбір ғылымның зерттейтін өз проблемасы, шеңбері бар. Ғалым байланыстары мен ерекшеліктерін, даму жолдарын, қоғамға тиімді жақтарын саралап, бағалайды, пікір айтады, дұрыс, бұрысын анықтайды. Бұл, әрине, ғылымның философиялық программаларына жатады.
Ғылым дегеніміз не? Бұл сұраққа жауап берудің оңай еместігінің дәлелі ретінде оның қашан пайда болғандығы туралы пікірталастың әлі күнге толастамай отырғанын айтуға болады. Ғалымдардың бір тобы ғылым ежелгі дүниенің антикалық кезеңінде, яғни, осыдан 2,5 мың жыл бұрын пайда болды десе, енді бір ғалымдар нағыз ғылым тек Жаңа Дәуір кезеңінде, шамамен ХVІІІ-ғасырда қалыптасты деген пікірді үстанады. Мұндай пікірталастың себебі ғылымның күрделі және санқырлы құбылыс екендігінде. Ол бір жағынан алғанда білімдердің, теориялық қағидалар мен методтардың жүйесі, сонымен бірге қоғамдық сананың формасы, қоғамды» дамудың рухани жемісі, қоғам дамуын басқару құралы, өндіргіш күш күрделі информациялық жүйе және т.б. Осы әр түрлі салалардың мамандары ғылымға әр түрлі анықтамалар береді және олардың ешқайсысын да теріске шығаруға болмайды. Әртүрлі анықтамаларды қорыта келіп, ғылымның жалпы анықтамасын беретін болсақ, ғылым – табигат, қогам және адам туралы білімдер өндіруге багытталган зерттеу қызметі саласы. Бұл анықтамадан ғылымның зерттеу пәні туралы түсінік алуға болады. Ғылым ең әуелі адамды қоршаған орта – табиғатты зерттеуге бағыталған қызметтің жемісі ретінде дүниегекелді.
Бірте-бірте қоғам турал ғылымитүсініктер жинақтау қажеттігі туындады. Бірақ ғылым процесіндегі басты тұлға, ғылымның басты субьектісі де, объектісі де – адамның өзі. Адамның қатысуынсыз ғылымның қалыптасуы мүмкін емес, сонымен бірге, адам өзін түсінуге, өз мүмкіндіктерін анықтауға, табиғат пен қоғамның ғана емес, өз болашағын болжауға көне заманнан бастап осы күнге дейін талпынып келеді және бұл процесс адам жерт бетінде қанша өмір сүрсе, сонша жалғаса бермек. Ғылымның функциялары. Ғылым күрделі әлеуметтік функциялар атқарады. Бұл функциялар ғылымның өзінің дамуымен бірге үнемі өзгеріп, толықтырылып және ғылымның дамуына өзіндік осерін тигізіп отырады. Қазіргі ғылымның үш әлеуметтік функциясын атап көрсетуге болады:
1) мәдени-көзқарастық; 2) өндіргіш күштерфункциясы; 3) әлеуметтік күштер функциясы. Ғылымның генезисі және негізгі даму кезеңдері.
Ғылымның генезисі, қоғамдағы қызметі және дамуының қозғаушы күштері мәселесі бойынша интерналистік, экстерналистік және позитивистік концепциялар бар.
Интернализм ғылымның пайда болуы мен дамуына философиялық ой тікелей әсер етті деп есептейді және қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси құрылымы мен сол қоғамның ғылымының арасында ешқандай байланыс болуы мүмкін емес деген пікірді ұстанып, ғылымның ішкі факторларын абсолютке айналдырады. Экстернализм бұл концепцияға қарсы. Оның өкілдерінің пікірі бойынша, ғылымға сыртқы факторлардың әсері мықты. Позитивизм; ғылым нақты, тәжірибеден өткен, дәлеледенген фактілерге сүйене отырып дами алады, абстрактылық ойлау мен метафизикалық түсініктер ғылым үшін пайдасыз. Біздің ойымызша, ғылымның пайда болуына, эволюциясына, қоғамда атқаратын қызметіне жоғарыда аталған факторлардың бәрі де белгілі бір дәрежеде ықпалын тигізеді және ол әр дәуірде әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан оларды бір-біріне қарсы қойып, немесе бір-бірінен бөліп алып, белгілі бір факторларды абсолютке айналдыру дұрыс емес.
Зерттеуші ғалымдар ғылымның даму кезеңдері туралы әр түрлі пікірлер айтады. Олардың бір тобы ғылым көне заманда қалыптасты десе, енді бір ғалымдар ғылым қоғамның ерекше саласы ретінде Жаңа Дәуірде пайда болды деп тұжырымдайды. Біздің пікірімізше, ғылымның даму кезеңдері туралы мейлінше дұрыс пікірді ұсынған қазіргі заманғы Ресей ғалымы В.В.Ильин. Ол ғылымның дамуын классикалық, классикалық емес және неоклассикалық емес деп жіктейді. Бұл жіктеуді ғылымның классикалыққа Дейінгі кезеңімен толықтырған дүрыс секілді деп ойлаймыз. Ақпараттық қоғам — өндіріс пен ғылыми-техникалық және басқа ақпаратты қолдануды қоғам дамуының басты факторы ретінде қарастыратын әлеуметтік және футурологиялық тұжырымдама; өндірістің жоғары деңгейімен және ақпарат пен ақпаратттық қызметтер мүддесімен сипатталатын қоғам. Әлемнін мәдениетті елдер қатарында болған компьютерлік революция адам жан дүниесінің, қоғам идеологиясының, білім мазмұнын анықтау мен жаңа ақпаратты білім технологияларынқұрастыру жолдарының өзгеруіне әкеліп соқтырады.
Қазіргі таңда бүкіл әлемде болып жатқан кең ауқымды қайта құрулар ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (бұдан әрі — АКТ) қарқынды дамуына байланысты. Қазақстанның «индустриалды» қоғамнан «ақпараттық қоғамға» өтуі ақпараттық теңсіздікті жеңуі, Қазақстандағы азаматтық қоғам мен демократиялық дәстүрдің дамуына, ақпараттық теңсіздікті еңсеруге байланысты. Бұл міндеттерді шешу тұрақты экономикалық өсуді, қоғамдық жағдайдың көтерілуін, демократияны нығайту саласында әлеуметтік келісімді ынталандыру, ашық және жауапты басқаруды, адам құқығы және бүкіл әлемде Қазақстанның саяси және экономикалық тұрақтылығын нығайтуда және Қазақстанның азаматтарының тең дәрежеде ғаламдық ақпараттық қоғамдастыққа енуін қамтамасыз ететін мақсаттарға жету негіз болып табылады. Республикада жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан ақпараттық-коммуникациялық технологиялар ғаламдық желідегі Интернеттің ақпараттық сегментін, оның рөлін және қазақстандық қоғамда алатын орны туралы түсінікті қайта қарауды талап етеді.
2.Тарихи әдістер, ол қандай әдістер? Ғылыми танымның деңгейіне байланысты – теоретикалық немесе эмпирикалық әдістер ретінде анықталады. Педагогикалық психологияда көбінесе эмпирикалық әдіс қолданылады.
Бақылау – педагогикалық психологияда (және жалпы педагогикалық тәжірибеде) адамды мақсатты, жүйелі зерттеудің эмпирикалық әдісі. Байқауға алынған өзінің байқау объекті болып табылатынын білмейді, байқау жаппай немесе таңдаулы бола алады, — мысалы, барлық оқу барысын тіркеп немесе тек бір немесе бірнеше оқушыны тіркеп отыру.
Өзін-өзі бақылау – адамның рефлекстік ойлау негізінде өзін-өзі бақылау әдісі (өзін-өзі бақылау объекті болып мақсаттар, мінез-құлық түрткісі, қызметінің нәтижесі бола алады). Бұл әдіс өзіне-өзі есеп берудің негізінде жатыр. Ол субъективтіліктің басымдылығымен сипатталады, ол көбінесе қосымша ретінде қолданылады (XIX-XX ғғ. қиылысында өзін-өзі бақылау интроспективті психологияның негізі болып табылған).
Әңгімелесу — педагогикалық психологияда (және педагогикалық тәжірибеде) адам туралы онымен қарым-қатынас жасау, оның мақсатты бағытталғын сұрақтарға жауаптарының нәтижесінде мәліметтер (ақпараттар) алудың эмпирикалық әдісі. Жүргізуші оның мақсаты туралы зерттелінушіге айтпайды. Жауаптар (мүмкіндігінше әңгімелесушілердің назарын аудармай) дыбыс таспасына жазу, немесе тез жазып отыру, стенография арқылы тіркеліп отырады.
Сұхбат — әңгімелесудің ерекше түрі ретінде, ол туралы хабардар, сұхбат алынып отырған адам туралы ақпарат алу үшін ғана емес басқа да адамдар, оқиғалар және т.б. туралы мәліметтер алу үшін қолданылады.
Әңгімелесу, сұхбат барысында сараптамалық баға берілуі мүмкін.
Сауалнама – арнайы дайындалған жауаптар және зерттеудің негізгі міндетіне сәйкес сұрақтар негізінде ақпарат алудың эмпирикалық әлеуметтік — психологиялық әдісі. Сауалнаманы дайындау – кәсібилік пен жауапкершілікті талап ететін іс. Сауалнама құрастыруда: 1) сұрақтардың мазмұны, 2) олардың түрі- ашық немесе жасырын, соңғысына «ия» немесе «жоқ» деп жауап беру қажет, 3) олардың тұжырымдалуы (анықтылығы, жауаптарға көмек берілмей және т.б.), 4) сұрақтардың саны мен реті ескеріледі. Педагогикалық тәжірибеде сауалнамаға 30-40 минуттан аспайтын уақыт беріледі. Сұрақтардың тізбектелу тәртібі көбінесе кездейсоқ сандар тәсілімен анықталады.
Сауалнама ауызша, жазбаша, жеке, топтық бола алады, алайда кез-келген жағдайда ол екі талапқа жауап беруі тиіс — іріктеудің көрнекілігі мен біркелкілігі. Сауалнама материалдары сапалық және сандық өңдеуден өтеді.
Эксперимент — ғылыми зерттеудің педагогикалық психологияда кеңінен таралған эмпирикалық әдісі. Эксперименттің зертханалық түрін (арнайы жағдайларда, аппаратура пайдалану және т.б.) және әсерін зерттеу үшін арнайы ұйымдастырылған, оқытудың, өмірдің, еңбектің кәдімгі жағдайларында жүргізілетін табиғи эксперимент түрлерін ажыратады. Соңғы онжылдықтарда ең бір тиімді және кеңінен таралған (әсіресе отандық педагогикалық психологияда) табиғи эксперимент түрінің бірі — қалыптастырушы эксперимент балып табылады. Оның барысында оқушыға мақсатты түрде білім және тәрбие бере отырып, оның білімі, білігі, қарым-қатынасы мен құндылықтары деңгейіндегі өзгерістер, оның психикалық және тұлғалық даму деңгейіндегі өзгерістер зерттеледі.
Іс-әрекет (шығарамашылықтың) өнімінің талдауы – адамды оның іс-әрекетінің материалдық және идеалдық (мәтіндер, музыка, бейнелеу және т.б.) өнімдерін интерпретациялау, талдау, заттансыздыру арқылы эмпирикалық зерттеу әдісі. Бұл әдіс (көбінесе ішікі түйсікпен) педагогикалық тәжірибеде оқушылардың мазмұндамаларын, шығармаларын, түсініктемелерін, жасаған баяндамаларын, суреттерін және т.б. талдау түрінде кеңінен пайдаланылады. Алайда, ғылыми зерттеу барысында іс-әрекет өнімінің талдау әдісі әрбір ерекше өнімнің (мысалы, мәтіннің, суреттің, музыкалық шығарманың) мақсатын, болжамын және талдау тәсілдерін ұйғарады.
3. Тарихи философияның мәні ол ғылыми революцияны жүзеге асырумен байланысты. Ғылыми революция дегеніміз – ғылым дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болып, оның ішкі қайшылықтарын шешетін, мазмұнын өзгертетін ерекше құбылыстар.
Ғылымдағы революция сан қырлы. Олардың үш негізгі сипаттарын бөліп қарастыруға болады:
1) Жаңа эмпирикалық материалдарды теориялық түрде талдау жасау,
2) Табиғат туралы бұрын қалыптасқан түсініктерді түбірімен жою;
3) Тығырыққа тірейтін жағдайлардың пайда болуы.
Ғылыми революцияларға тән жағдай ол: ескі идеялар мен теориялар талқандап, шығарып тастау арқылы танымның теориялық негізін саналы қайта құру.
Ғылыми танымның тарихи дамуы барысында бірнеше ғылыми революциялардың түрлерін бөліп қарастыруға болады.
Жеке – білімнің тек бір аумағын қарастыратын микрореволюция;
Кешендік – білім аумағының бірнеше салаларын қарастыратын революция;
Әлемдік – ғылым негізін тұтасымен өзгертетін жалпы революция.
Ғылыми революциялардың түрлерін анықтаған кезде мынандай жағдайларды еске алу қажет:
ғылыми революциялардың аумағы;
ғылымның іргелі теориялары мен заңдарын қайта құру тереңдігі;
жаңа іргелі заңдар мен жаңа жалпы ғылыми жаратылыстық теориялар ашу;
әлемнің жаңа картинасының қалыптасуы;
ойлаудың жаңа түрін қалыптастыру;
ғылым дамуының тарихи кезеңі,
ғылыми революцияға ілесе жүретін әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар.
Ғылым дамуының барысында оның негізгі ұғымдары мен түбірлі теорияларында шұғыл өзгерістер туған кезде ғана зерттеушілерде күмәндану пайда болады. Сын пікірлер айту көбейген сайын бұрынғы дәстүрлі дамуға деген сенімсіздік күшейе береді, сөйтіп ғылым дамуында дәстүрлі даму мен жаңашылдық арасында, бір сарынды даму мен революциялық өзгеріс арасында қарама-қарсылық туады. Бұл қарама-қарсылықтың мәнін американдық ғылым философы Т.Кун ғылыми ғылыми революция кезеңінің тууымен түсіндіреді. Мұндай революциялар, оның пікірінше, «қалыпты ғылымның дәстүрлі дамуымен байланысты қосымша, даму дәстүрін бұзатын қосымша болып табылады». Т.Кун ғылым дамуының жаңа моделін ұсынады. Ол модельде Кун ең алдымен қалыпты ғылымды атап көрсетеді. Қалыпты ғылымның революциялық кезеңге өту, Кунның пікірінше, зерттелуші дүниеге деген бұрынғы түсініктің түбегейлі өзгеріске ұшырауы. Сондықтан ол революцияның өзін «ғалымдардың дүниені көруінің негізі болып табылатын ұғымдар жүйесінің ауысуы» ретінде қарастырады. Ғылыми революцияны тар мағынады түсінушілер оның дәстүрмен байланысын көрмейді де, революцияны Коперниктің, Ньютонның және Эйнштейннің концепциялары сияқты жаңа іргелі теориялық концепцияның туу деп қана түсінеді.
5-тақырып. Тарихтың «жаңа» кезеңдерінің пайда болуы -2 сағат
Жоспар:
1.Тарихтың пайда болуы
2.Аузыша тарих
3.Шағын және гендерлік тарих
4.Менталитеттік тарих
1. Тарихты адамзат жасады. Қазірде адамзат баласы жасап, өзгертеді, дамытады, жаңартады. Жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуын қарастыра келіп, біз оның материяның орасан зор көлемдегі секірмелі өзгерісі мен әлемнің эволюциясы нәтижесінде мүмкін болғандығын анықтадық. Көптеген ежелгі тайпаларда арғы тектің жануарлардан, тіпті өсімдіктерден таралғаны туралы (ежелгі тотемдерде) түсінік болды, ол қазіргі кейбір тайпаларда да бар. Антикалық уақытта адамдардың лайдан, балшықтан жаратылғаны туралы ойлар айтылды (Анаксимандр). Ол кезде адамдар мен маймылдар арасындағы ұқсастық туралы да сөз болды (Карфагендік Ганнон). Қазіргі уақытта тіпті НЛО туралы әңгімелерге байланысты адамзаттың жерден тыс жан иелерінен шыққандығы туралы болжамдар айту әдетке айнала бастады. Бірақ ХІХ ғасырдан бастап, ғылымда Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясынан бастау алатын, адамзатттың қазіргі маймылдардың жоғары дамыған арғы тегінен шыққандығы туралы концепция қалыптасқан. Оны ХХ ғасырда генетика ғылымы негіздеп берді, өйткені барлық жануарлар ішінде гендік аппараты бойынша адамзатқа ең жақыны шимпанзе болып шықты. Палеоантропологиялық зерттеулер мен соңғы уақыттағы ашылулар – адамзаттың түп-тамырымен биосфераға еніп, оның сан алуан жаратылысының бірі ретінде саналатындығын дәлелдеді.
Адамзат пайда болған уақыт туралы айтпас бұрын біз адамзаттың жануарлардан айырмашылығы туралы сұрақты анықтап алуымыз керек. Ең алдымен адамзат пен жануарлардың ұқсастығы туралы. Ол біріншіден, организмдердің заттық құрамы, құрылымы және мінез-құлқымен анықталады. Адам да жануарлар секілді белоктар мен нуклеин қышқылдарынан тұрады және біздің денеміздің көптеген құрылымдары мен атқаратын қызметтері жануарлардікі сияқты.
2. Ауызша тарих қазақ қоғамын зерттеудің тиімді тәсілі.
Ауызша тарих дәстүрі қазіргі заманда тек қана тарих ғылымының емес сонымен қатар әлеуметтану,саясаттану сияқты қоғамды зерттейтін ғылымдар әдіснамасының құрамды бөлігіне айналды. Қазіргі заманда әлемнің белді университеттері мен зерттеу институттарындағы «Oral history» орталықтары осының айғағы болса керек. Осы зерттеу тәсілінің бастауларына назар аударсақ XIX ғасыр ортасындағы белгілі француз тарихшысы Сорбонна университетінің профессоры Жюль Мишле, өзінің «Француз революциясының тарихы» (1847-53), атты еңбегіне кірісер алдында мен үшін жазба құжаттар көптеген деректердің біреуі ғана деп айтқан болатын. Мен ауызша дәстүр дегенде, бөлек адамдардың пікірлерінен қалыптасатын ұлттық дәстүрді айтамын дей келе: то, что говорили и повторяли все — крестьяне, горожане, старики, женщины, даже дети; то, что можно услышать, если как-нибудь вечером заглянуть в деревенскую таверну; то, что можно почерпнуть, если, встретив на дороге праздного путника, затеять с ним разговор о дожде, о времени года, потом о высоких ценах на продукты, потом о временах Императора, а потом о Революции- деп түсініктеме беріп кеткен. Ал Ян Вансин «Ауызша дәстүр: тарихи әдіснама зерттеулері»(1965) деп аталатын өзінің классикалық еңбегінде африкалық ауызша дәстүрде есте сақталатын зердені бес категорияға бөледі: Во-первых, это формулы: заучивание формулировок, ритуалов, лозунгов и титулов. Во- вторых, географические названия и имена. Затем официальная и неформальная поэзия — историческая, религиозная или личная. Четвертую категорию составляют рассказы — исторические, дидактические, художественные или личные. И, наконец, пятую — юридические и иные комментарии.Көріп отырғанымыздай шет ел ғалымдары ауызша тарихи дәстүрдің әдіснамалық және деректік маңызын дәл анықтап жазып кеткен.
Бүгінгі күні ғылымның біртұтастығы, әдіснамасы мен әдіс-тәсілдерінің, құралдарының бірыңғайлылығы дейтін көзқарас өзгеріске ұшырады. Бұл тарихшыға зерттеу нысанын таңдау құқығымен қоса, оның интеллектуалдық инструментарийді таңдауына мүмкіндік береді . Әр халықтың тарихы туралы мәліметтер мен деректердің сипаты ол халықтың қоғамдық даму ерекшеліктеріне де байланысты. Мысалы, қазақ халқының тарихы туралы мәлімет берерлік заттай, жазба деректермен бірге ауызша түрде жеткен деректер мол. Шоқан Уәлиханов қазақ халқының тарихы оның көркемдік ойымен тығыз байланысты және халық шежіресі болып табылатындығын былайша пайымдайды: «Бұл халықтың ертеден өзіне тән тұрмысында есте қалдырмаған бірде-бір маңызды оқиғасы, бірде-бір тамаша адамы жоқ деуге болады. Олардың бірін суырып салма ақындар жырласа, екінші біреулерінің атын кейінгі ұрпақ естеріне ұмытылмастай етіп белгілі бір сыбызғышы не қобызшы сазгерлер қалдырып кеткен» Соңғы жылдары қазақ тарихына қатысты түрлі сипаттағы заттай, әсіресе, сан алуан жазба деректердің игерілуі қарқынды дамып келеді. Алайда фольклор, ауыз әдебиеті сияқты ауызша түрде жеткен рухани мұраларымыздың қазақ халқының тарихын түзуде маңызы жоғары. Қазақтар одан өзін өзі таныды, өткенін білді, біртұтас халық, ұлт ретінде сезіне алды. Мұнда халықтың бүтін бітім-болмысы, тұрмыс-тіршілігі, дүниетанымы, мәдениеті, тарихи даму жолы толық көрініс тапты.
Осыған орай Орталық Азия және қазақ тарихының аса көрнекті маманы, білікті ғалым В.П.Юдин монғолдардан кейінгі кезеңдегі Дешті-Қыпшақ ұлысында айырықша өркендеген «оқиғалық тарихты» ауызша жеткізу дәстүрін алдымен «далалық ауызша тарихнама», кейін көп жылғы зерттеудің нәтижесінде нақтыланған «далалық ауызша тарихизерттеу» (степная устная историология)деген ұғыммен белгілеуді ұсынды. Назар аударатын жағдай, ғалым бұл ұғымды аталмыш аласапыран кезеңнің үрдіс иірімдерінде қалыптасқан әрі дни- культтік, әрі идеологиялық,тіпті дүниетанымдық «құрал» ролін атқарған «мифке де,фольклорға http://www.enu.kz да,мысалы батырлық эпосқа да жатпайтын шығыс Дәшті-Қыпшақ көшпелілерінің тарихи білімін, ауызша тарихи зерттеу дәстүрін білдіретін ұғым ретінде қарауға тырысты. Тәуелсіздік кезеңінде осы бағытта іргелі зерттеулер жүргізген қазақ этнологиясына байланысты, кең ауқымды, өзекті мәселелерді қозғаған Ақселеу Сейдімбектің «Қазақтың ауызша тарихы» еңбегін айтпасқа болмайды. В.П.Юдин «далалық ауызша тарихнама» деген ұғымды пайдаланған болса, ал осы негізде А.Сейдімбек те шежірелік деректерді зерттеу барысында өзінің шежіре ішіндік зерттеу бағыттарын далалық ауызша тарихнама аясына сыйдырады. Ақаң «Қазақтың ауызша тарихы» атты зерттеу еңбегінде жаңа тұжырымдарға барып «қазақ шежірешілдігін» (шежіресін), шын мәнінде, «Қазақтың ауызша тарихы» деп атауға болады деген тың қорытындыға келеді. Ұлттық тарих айту дәстүрінің негізгі қасиеті қазақтың ұлттық ділі мен рухын қалыптастырды. Мұны Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінде терең пайымдаған: «...Сонымен бірге ұлттық сананың кейбір ерекшеліктері де қазақ болмысының құпиясы мен өміршең күштерін нұрландыра алады. Қазақтардың рухани әлемі негізінен ауызекі поэзия дәстүрінің ықпалымен қалыптасып отырған. Қазіргінің талай елін қайран қалдыратын осынау байтақ кеңістікті кернеген поэзиялық әлем тек қана сұлулық пен сезімнің шеңберінде шектелмеген. Ол жаңашылдықтың жалынын лаулата да білген. Содан да болар, қазақтың поэзиялық шығармаларында мейлінше терең танымдық қасиеттер бар. Сондықтан да қазақтың дәстүрлі поэзиясы ұдайы философиямен шендесіп жатыр. Қазақ даласында поэзия тек ақын-жыраулардың ғана еншісі болып қоймаған, ол қазақ мәдениетінің барлық тамырына нәр берген. Қазақты этномәдени тұтастық ретінде танып-түсіну үшін халықтың ауызекі сөзінің құдіреті айрықша мәнді».
Достарыңызбен бөлісу: |