3. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР:
3.1 Пән мазмұнының қысқаша сипаттамасы
Әлемде және Қазақстан Республикасында жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси салада қайта құру процесі өзін-өзі дамыта және өз мүмкіндігін барынша пайдалана білетін тұлғаның шығармашылық күш-қайратын дамыту барысында рухани-адамгершілік, интеллектілікті белгілі бір деңгейде жақсарту қажеттілігін көрсетеді. Бұл міндетті нәтижелі жүзеге асыру жоғары дәрежеде кәсіби білікті маман ретінде педагог-мұғалімдердің даярлығын жетілдіруді талап етеді.
"Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі" курсы базалық пән ретінде педагог-мұғалімдерді кәсіби-педагогтік даярлау жүйесіне кіреді және «Педагогика» пәнінің «Тәрбие теориясы» бөлімімен, сонымен бірге педагогикалық практикамен логикалық тұрғыдан байланыста болады.
Достарыңызбен бөлісу: |