3.2 Курстың мақсаты :
«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» курсының мақсаты – сынып жетекшісі қызметін жүзеге асыру мен ұйымдастыруда тәрбиенің дәстүрлі және қазіргі жаңа технологиялары бойынша болашақ мұғалімдердің теориялық білімді меңгеруі болып табылады.
3.3. Пәннің негізгі міндеттері
«Тәрбие жұымысының теориясы мен әдістемесі» курсының негізгі міндеттері:
- мектептің тұтас педагогикалық үрдісіндегі сынып жетекші іс-әрекетінің ерекшелігі жайында студенттерді теориялық және практикалық біліммен қамтамасыз ету;
- мектептің тұтас педагогикалық үрдісіндегі тәрбие жұмысын басқаруды, тәрбиенің қазіргі жаңа технологияларын қолдануды,ұйымдастыру, жоспарл ау дағдысы мен тәжірибелік біліктілікті қалыптастыру;
- студенттерді өзіндік шығармашылық мүмкіндіктерін көтеруге ынталандыру;
- студенттерді саналы түрде педагогикалық шеберлікке мақсаттандыру;
- педагогикалық білімін, біліктілігін, дағдысын тереңдету;
Достарыңызбен бөлісу: |