ПОӘК 042-18. 22. 1/03-2013 2013 ж. № басылым



бет1/11
Дата15.09.2017
өлшемі6,48 Mb.
#33895
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ПОӘК 042-18.22.1/03-2013

2013 ж. № басылым

Страница из







ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі ОӘБ құжаты

ПОӘК

ПОӘК042-18.22.1.8/03 2013


«Жануарлар систематикасы» пәнінің оқу әдістемелік кешені

№ басылым

5В060700 «Биология», 5В080300 «Аң өсіру және аңшылык»,

мамандықтарына арналған


«Жануарлар систематикасы»

ПӘНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ (ПОӘК)



ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰЖАТТАР ЖИЫНТЫҒЫ

Семей- 2013


Мазмұны
1. Глоссарий

2. Дәрістер

3. Тәжірибелік сабақтар

4. Студенттің өзіндік жұмыстары

1. Глоссарий

Бөкен Жыртқыштар Сирены

Борсық Ескекаяқтылар Тақтұяқтылар

Бегемот (су сиыры) Киттәрізділер Норка

Барибал Кашалоты Нутрия

Бурозубки Кит Оленевые

Вилорогие Колонок Оцелот

Жұпар тышқан Куньи Мозолоногие

Гризли (американың

аса ірі сұр аю ) Куницы Жұптұяқтылар

Ақ тышқан Марал Перевязка

Грызуны Медоед Пищуха (шақылдақ)

Дельфин Трубкозубые Рысь

Жайра Ласка Россомаха

Даманы Хоботовые Сурок

Ехидны Хорек Сфинкс

Зебры (жолат) Тюлени Сайгак

Қоянтәрізділер Фанек Қорқау қасқыр



2. Дәрістер
1 - тақырып. «Жануарлар систематикасы» пәнінің мақсаты және қысқаша сипаттамасы

Пәннің қысқаша сипаттамасы:

Жануарлардың негізгі типтерінің және кластарының өкілдерімен таныстыру, олардың морфологиясын, физиологиясын, экологиясын, этологиясын, көбеюін, дамуын, маңызын, филогениясын оқып білу. Халықаралық ғылыми терминдерді меңгерту. Лабораториялық құралдармен жұмыс істеуді үйретіп, тірі организмдерді бақылап, объектілермен өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.



Пәнді зерделеудің негізгі міндеттері:

Жануарлардың көптүрлілігін, олардың шығу тегін, органдар жүйесінің кұрылысын, систематикасын, таралуын, тіршілік ортасымен байланысын және адам үшін маңызын көрсету. Типті, оның кластарын, қазіргі системаға сәйкес төменгі сатыларынан жоғарыларына дейін зерттеу әрбір топтардың ерекшеліктері туралы түсінік беріп қоймай, олардың пайда болуы мен туыстық карым - катынастарын, құрылысы мен органдар жүйесінің эволюциясын және олардың функционалдық байланыстарын бақылауға мүмкіндік береді.

Систематика жануарлардың қазіргі кездегі түрлілігін қарастырып, сырқы түрін сипаттайды, олардың туыстық байланыстарын қарастыра отырып, осының негізінде түрді туысқа, туысты тұқымдасқа, отряд, класс, тип деп жүйесін құрастырады. Филогенетика жануарлар әлімінің эволоюциялық жолдарын және оларды анықтайтын факторларды қарастырады. Зоогеография жер бетіндегі жануарлардың таралуын зерттейді және фаунаның әртүрлі аудандардағы тарихи заңдылықтарының құрылуын анықтайды. Палеонтология жануарлардың жойылған түрлерін және жойылған фауналары мен флораны т.б. қарастырады. Зоологияда жануарлардың әртүрлі топтарын қарастыратын тармақтарды ажыратады: териология сүтқоректілерді, орнитология құстарды, герпетология - амфибиялар мен рептилияларды, ихтиология- балықтар мен домалақ ауыздыларды қарастырады.

Жануарлар систематикасында мынадай жалпы биологиялық ғылымдар жиі қолданыды: морфология, анотомия және гистология (жануарлар денесінің сыртқы және ішкі макро-микроскопиялық құрылысын), физиология және биохимия (оның функционалдық қасиетін), эмбриология (жеке даму заңдылықтарын, ішкі және сыртқы даму факторларын), генетика

( өзгергіштік және тұқым қуалаушылық, табиғи сұрыпталу-популяциялық генетика), экология (өмір сүру көрінісі, органикалық емес ортамен және басқа да жануарлар, өсімдіктер, микроағзалар түрімен байланысы, популяциялық экология, биоценология), және этология (жануарлардың мінез-құлқы). Табиғат жағдайының әр түрлілігі, яғни адам баласының қабылдауына қиын болғандықтан жер бетінде әр түрлі жануарлар әлемінің таралуына себеп болды, қазіргі кезде республика фаунасында құрлықтағы сүт қоректілер түрі 692 (қосмекенілер немесе амфибиялар 13, бауырмер жорғалаушылар немесе рептилилер, құстар 473 аң немесе сут қоректілер) және 140 түрлі балық бар, мұндай жануарлардың көп түрлілігі және бір келкілігі Қазақстанда таралғандай, ешқай мемлекетте таралмыған . Республикамызда мекендейтін осы сут қоректілердің 155 түрінің көбінің шаруашылық маңызы бар. Жүн өндірісінде жануарлардың 72 түрі, оның ішінде бұлғын, сусар, кәмшәт, кара күзендерді аулау ерекше қымбат тері береді. Жануарлардың басқа түрлерінің белгісі мұндай қымбат бағаланбайды, дегенмен олар көп жане 100 мыңдап миллиондап ауланады (ондатр, кәдімгі саршұнақ, күзен, каспиліқ итбалық т.б.).

Жүн өндірісі «еркін» шет елдік волютаны алудың бірден - бір маңызды және экономикалық тиімді көздердің бірі болып табылады. Сондықтан, Жүн өндірісін тегіннен (жұмсақ алтын деп атамаған). Жергілікті фаунаның көптеген жануарларының (барс, гепард, арқар, марал, және т.б.) мемлекет ішіндегі зооэкспорт және зоосауда да маңызы зор.

Қазақстанның жануарларға бай фаунасы үй жануарларының жаңа түрімен тұқымын шығаруда ірі және бағалы генооронд болып табылады. Өткен жүз жылдықта оңтүстік Алтайда жас қанат алу мақсатында маралдарды өсіру, мал шаруашылығында жаңа марал шаруашылығының пайда болуына әкелді. Сүт қоректілердің 3 отряды (насеком қоректілер, жарқанаттар жане жыртқыштар) ауыл шаруашылығына және орман шаруашылығына, сонымен қатар денсаулық сақтау ұйымына белгілі бір пайдасын тигізеді. Олар зиянды кемірушілермен насекомдардың белгілі бір санын жойды. Кейбір сүт қоректілердің ішкі органдары (мүшелері) дене мүшелері және майы ғылым саласында, халық медицинасында порфюмер өндірісінде және т.б. кең қолданысқа ие. Аюдың өтін дайындап, экспорттайды, маралдың жыныс мүшелерін және құйрығын, маралдың қатпаған мүйізін – панта, киік, аюдың, барыстың, саршұнақтың майын. Қазақстанда марал пантасы және киіктің мүйізі жылына белгілі бір мөлшерде экспортталады.

Республикамыздың халық шаруашылығына көп пайдасы бар дегенмен, кейбір түрлері экономикалық шығынға ұшыратады. Ауыл шаруашылығына көбінесе кемірушілер (саршұнақ, тышқан, атжалман) және қасқыр зиянын тигізеді.

Саршұнақтар – жайылымды құртатын маңызды зиянкестер. Ең аз 1 га – ға 30 – 40 кіші саршұнақ, азықтық қордың жартысын құртады. Кемірушілер орман шаруашылығына экономикалық шығын әкеледі, егіс қорғайтын орман жолактарына, бақтарға және жүзімдіктерге кемірушілер (су егеуқұйрығы, ондатор, саршұнақ) өздерінің індерін темір жол шосе т.б. бойына салып, оларды бұзады.

Сүт қоректілерге, әсіресе адамдар мен үй жануарларына үлкен кері әсерін тигізетін және таралатын инффекциялық аурулар және глистті инфазиялар бар сонымен бактериялық аурулардан сүт қоректіледі жабайы немесе үй жануарлары болсын ортақ түрлері: паройлар, коллнибалнеллаз, пябереллаз, листерреллез, сібір жарасы, ббруцеллез, туляремия туберкулез, жане т.б. ал вирустардан – оба.



Әдебиеттер: 1-9 (негізгі), 10-12 (қосымша)

Сұрақтар:

  1. Жануарлар системетикасы нені оқытады?

  2. Қандай отряд, тұқымдас, түрлерді қарастырады?


2 - тақырып. Коян тарізділер отряды. Пишуха (шақылдақ), қоян тәрізділер

(Leporidae) тұқымдасы.

Қоян тәрізділер отрядының сипаттамасы. Систематикасы.

Систематикасы (жүйеленуі): Коян тәрізділер отряды Lagomorpha. Пишуха (шақылдақтар), қоян тарізділер тұқымдасында 10 тұқымдас (45) бар. Оларды 3 негізге топқа қосуға болады. 1) нағыз қояндар 20 түр аралығында 2) үй қояндары 15 түр аралығында 3) қатты жүнді немесе бұрынғы қояндар 10 түр аралығында. Қоян тәрізділердің кемірушілерден ерекшелігі олардың жоғарғы жағындағы жұп күрек тістерінің болуы.

Сипаттамасы: тұқымдас өзіне отрядтың ірі өкілдерін қосады, дене ұзындығы 30 - 69 см құрайды. Кемірушілердің жоғарғы иегінде бір емес жұп күрек тістерінің бар болуымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, сол және он жақ тістер қатарының арасында жіңішке көпір тәріздес сүйегі бар.

Қоян тәрізділерде жыртқыш тістері жоқ және күрек тістері өз тістерінен кең диастемамен бөлінген. Құлақтары ұзын, бас сүйегіне жабысқан, бұлар көздерінен алшақ артқа қайырылған, алдыңғы аяқтары қысқа болып келеді. Барлықтарымен жүреді ал артқы аяқтары керісінше ұзын, табаны жерге тиеді. Аяғының табны қалың түкпен қапталған, олар ешқашан жалаңаш болмайды. Сау тістері ашық және әр уақытта өсуде болады. Жүні жұмсақ, үлпілдек, терісі жұқа, мықты емес. Тұқымдасқа денесінің мөлшері орташа. Денесінің ұзындығы 44 – 47 см. Жүні жұмсақ және қалың. Құлақтары ұзын бас сүйегіне жабысып, артқа қарай қайырылған. Орманда жас қояндарды көбінесе балапан күйінде табады. Салмағы 90 -130 грамм болып туады. Олар өте тез өседі және 9-10 кун өткен соң шөп жей бастайды. Ақ қоянның табиғи жағдайда өмір сүру ұзақтығы 8-9 жыл. Ақ қоянның саны жылда өзгермелі болды.

Жыныс мүшесінің сүйегі жоқ. Кемірушілерге қарағанда қоян тәрізділердің қарны (морфологиялық емес, физиологиялық) 2 бөлімнен тұрады: а) фундальді, мұнда тек азықтың бактериялды ашууы жүреді б) пилорикалық, мұнда азық пепсинмен қортылады.



Пищуха (шақылдақ) тұқымдасында 20 түрі бар делінеді. Тұқымдасқа ұсақ (дене мөлшеі 25 см көп емес) қоян тәрізділер жатады. Үлкен құлақты, жирен түсті, дала, тибеттік, непал және қара ерінді пищуха деп ажыратылады. Құлақтары қысқа және сәйкесінше жалпақ. Терісі жұқа қоянға қарағанда мықты емес. Жүні бір түсті, жазда бурыл, сары я қошқыл түсті, қыста сұр түсті болады. Қыс мезгілінде ұйқыға кетпейді. Буаз болу уақыты 25-30 тәулік 2-6 дан туады.


Шақылдақтардың суреті




Жүнді және жапондық ағаш кеміретін қояндардың суреті

Үй қояны сәйкесінше ұсақ жануарлар, денесінің мөлшері 25-50 см, жүнінің жалпы түсі жиірек бурыл, реңі бар сұр және қызыл қышқыл түсті болады. Буаз болу уақыты 28-30 күн.

Қатты жүнді қояндар. Бұлар құлақтары қысқа және артқы аяқтары қысқа ұсақтау жануарлар түрі жүні қатты, қылықты. Қатты жүнді қояндар нағыз қояндар сияқты тез жүгіре алмайды және үй қояндары тәрізді ін қазуға бейім емес. Таралуы: Антрактида мен Мадагаскарда басқа барлық жерде таралған. Жаңа Зеландия, Австралияда, Онтүстик американың онтүстик бөлігінде және Мұхит аралдарында адам таратқан. Қазақстанның Шығыс бөлігінде, Тарбағатай, Алтайда, және т.б. жерде таралған.

Мекен ету аймығы әр түрлі. Орманнан орман далаға, дейін таралады. Жазда және қыста қоян қалың бұта және құрап сынып түскен ағаш бұтақтарының астында түнейді. Ақ қоянның қоректенүі жыл мезгііліне байланысты әр түрлі. Жазда әр түрлі шөптесін өсімдіктерді, бұршақты, саңырау құлақтарды қалайды. Қыста негізі азығы ретінде ұсақ бұташаларды, жаңғақтарды және т.б. жеп қоректенеді. Көбеюі және өсіп дамуы: Түрдің көп бөлігінің аналығы жылына бірнеше ұрпақ әкелді. Балаларының саны 2 ден 8 - ге дейін тіпті 15 көжекке дейін құбылып өзгереді. Інде тұратындарының балалары жалаңаш және соқыр, әлсіз болып туады. Ал жақсы тұрағы жоқтары көреген, денесі түкті тіптен туа сала қозғалысқа бейім болып туады. Буаз болу мерзімі 26 – 55 күнге дейін. Жыныстық жетілуі 10 аптадан 2 жасқы дейін. Қояндардың жаулары көптеген жыртқыш құстар және сүт қоректілер. Халық шаруашылығындағы маңызы. Қоян жүні фетр өндірісінде (қоян жүнінің және мех қалдықтарынан басылған мата дайындау өндірісі) шикі зат, сирек жүн тауары ретінде қолданысқа ие.

Әдебиеттер: 1-9 (негізгі), 10-12 (қосымша)

Сұрақтар:

1) Системетикасы

2) Таралған мекені

3) Қоян тәрізділер отрядына сипаттама беріңдер?

4) Көбею мен өсіп дамуы қалай жүреді?



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет