ПОӘК 042. 18-24 03/03 2013 18. 09. 2013ж. №1 басылымы



бет9/10
Дата19.05.2017
өлшемі2,14 Mb.
#16382
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


Негізгі әдебиеттер:
М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007

А.М. Смирнов, П.Я. Конопелько, Р.П. Пушкарев, В.С. Постников, Н.А. Уразаев, И.М. Беляков, Г.Л. Дугин, В.С. Кондратьев Клиническая диагностика внутренних незаразных болезней животных. Москва ВО «Агропроминиздат» 1988


5. СӨЖ / өздік жұмыстарының тақырыптары /


п/п


Сабақ тақырыбтары және олардың мазмұны

1.

2

1.

Жануарлардың клиникалық тексерудің сызбалары.

2.

Симптомдар және синдромдар. Диагноздың түрлері

3.

Жануарларға жақындау ережелері және бекіту әдістері.

4.

Клиникалық тексерудің жоспары. Тіркеу және құжаттарды дайындау.

5.

Анамнез. Жалпы клиникалық тексеру: көру, нұқу, перкуссия, аускультация.

6.

Негізігі теорияалық аустультациясы.

7

Қосымша зерттеу әдістері /эндоскопия, риноскопия, ларингоскопия, перкуссия, рентгенография, флюорография, зонд жібері/.

8.

Тері және тері асты клеткатканы зерттеу әдістері /түсі, ылғалдылығы, иісі, қызуы, серпінділігі, патологиялық өзгерістері/ Терідегі болуы мүмкін патологиялық өзгерістер.


9.

Асқорыту жүйесін тексеру әдістері.Жануардың азық пен суды қабылдауын тексеру. Жануарлардың аузын, жұтқыншағын, өңешін тексеру.


10.

Қосалқы қуыстар (мандай, жоғарғы жақ, аулы қапшықты: пішіні, қызуы, нұқығанда шығатын дыбысы), көмей, кеңірдек, жөтелді тексеру.

11.

Бауырды және көк бауырды тексеру. Эритропоэзді және лейкоэзді бұзатын синдромдары.

12.

Билирубин, глюкоза және қандағы жалпы ақуызды (белок) анықтау.

13.

Қан жағындысын дайында, тексеру. Лейкограмма шығару. Лейкопрофиль, гемопрофиль, клиникалық баға беру.

14.

Рентген кабинет, оның құрылымдары.


Студенттердің өздік жұмысын орындаудағы әдістемелік нұсқаулар
Реферат орындаудағы әдістемелік нұсқаулар
Өздік жұмысының кең таралған және маңызды түрлерінің бірі – ол тәжірибелік сабақтарға және ғылыми конференцияларға студенттермен әзірленетін рефераттар болып саналады. Бұл өздік жұмыстың түрі өте қызықты және маңызды, өйткені ол студентті ғылыми зерттеулерге баулиды. Рефератты дайындау студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарының элементі ретінде оларды аудиторияның алдында сөйлеуге мүмкіндік береді. Осының бәрі, студенттердің рефераттық жұмыстарын басқаруын ұйымдастыруға үлкен жауапкершілік артады.

Рефераттың тақырыбын таңдап алу өте маңызды орын алады, өйткені студенттің өздік жұмысқа деген қызығушылығы, алынған тақырыпқа байланысты болады. Сондықтан, оқытушыға студенттің тақырыпты дұрыс таңдап алуына көмек жасап, рефератты әзірлеу барысында оған жалпы басқаруды қамтамасыз ету қажет.

Рефератты әзірлеуінің бірінші кезеңі - әдебиетті дұрыс таңдау, ол үшін кітапханадағы каталогтарды және басқада библиографиялық нұсқауларды қолданған жөн. Студентті анықтамалық әдебиеттермен, термин – аудармалармен, әдістемелік нұсқаулармен, ғылыми журналдармен қолдануға үйрету қажет.

Екінші кезең – танысу, мәліметті топтастыру және талдау. Ең алдымен тақырып бойынша негізгі құжаттарды оқып, оларды зерттеуден бастау керек. Осы жұмыс барысында тақырыптың негізгі сұрақтары біліне бастайды, олардың реттілігі және бастапқы жоспары. Сонан кейін, жоспардың сұрақтары арқылы барлық зерттелген әдебиет бойынша мәліметті топтастыру қажет.

Барлық мәлімет жиналғаннан кейін, жоспарды ретке келтіріп, рефератты құрастыруға және жазуға кірісуге болады. Бұл реферат әзірлеуінің үшінші соңғы кезеңі болмақ. Ақырында пайдаланған әдебиет тізімін келтіру қажет.

Оқытушыға студенттерді қатал бақылауының қажеті жоқ, керісінше олардың ынтасын марапаттау қажет.

Реферат толығымен әзірленбей тұрып, оқытушы студенттің дайындаған жоспарын қарап шығу қажет.

Рефератты ресімдеу сұрақтары бойынша арнайы кеңес берген жөн.

Рефераттың титулды бетіне университеттің және факультеттің атауын, мамандығын, тақырыбын, өзінің аты – жөнін, жазылған жылын көрсету қажет.

Келесі бетте, цифрлармен белгіленген рефераттың жоспары көрсетіледі.

Жоспардағы сұрақтардың жауабын жаңа беттен бастаған жөн. Рефератты жазу барысында беттерді нөмірлеп, сол жақтан (3 см) жолдарды қалтыру керек.

Ақырғы бетте пайдаланған әдебиеттің тізімі көрсетіледі, олардың жазылуын алдын ала оқытушы студенттерді таныстырады.

Реферат жұмысы аяқталғаннан кейін, оны студент тексеруге оқытушыға тапсырады, сонан кейін барып ол жұмысқа : «сыналды», «сыналған жоқ» немесе «қанағаттандырылған», «жақсы», «өте жақсы» деген баға беріледі.

Рефераттық жұмыстардың есепке алуының жеке журналы болғаны немесе рефераттарды болашақ оқу жұмыстарында пайдалану үшін оқу залында сақтаған жөн.


«Ішкі жұқпалы емес аурулар және клиникалық диагностика рентгенологиямен »

пәнінен тесттік бақылауға арналған сұрақтар:

1 нұсқа

SSS 1.

Организмнен удың шығарулуы



А. несеп арқылы;

В. қан арқылы;

С. тыныс ауамен шығарулуы;

Д. етпен;

Е. Сумен.

SSS 2.


Қанда эритроцит пен гемоглобин бірдей азайғанды қалай атайды?

А Олигемия

В Олигоцитомия

С Гидремия

Д Анемия

Е Гликемия.

$$$ 3

Анемия себептері мен дамуына қарай қалай жіктеледі?



А Тасымалдау, гемолитикасы, миелотоксикасы

В Қансырау, түрішілік, улану

С Гипопластикалы, гемолитикалы, қансырау

Д Алиментарлы, классикалы, апластикасы

Е Токсикалы, алиментарлы, классикалы.

$$$ 4


Тері бетіндегі жүннің қатаюы, қай элементтің жеткіліксіздігінде болады?

А Мыс В. Кобальт С. Марганец Д. Йод Е. Калий

$$$ 5

Иодтың жеткіліксіздігінде қай ағзаның ауруы пайда болады?



А Сүт безінің

В Қалқанша безінің

С Ұйқы безінің

Д Гипофиз

Е Бауырдың

SSS 6.


Қан қай витаминнің жеткіліксіздігінде ұйымайды?

А. В В. Д С. В12 Д. К Е. С.

SSS 7.

Д гиповитаминоз себебінен болатын ауруды ата



А. мешел;

В. цинга (діңгене, құрқұлақ);

С. диспепсия;

Д. гепатит;

Е. Кетоз.

SSS 8.


Омыртқа жотасының қисаюы қалай аталады

А. лордоз;

В. кифоз;

С. сколиоз;

Д. атаксия;

Е. Деформация.

SSS 9 .

Тақия қарынның жиі кездесетің патологиясы



А. жіті фарингит;

В.катаралды гастрит;

С.созылмалы абомазит;

Д.жарақатты ретикулит;

Е.серозды омазит.

$$$ 10


Бауырдың қабынуында қандай биллирубин кездеседі?

А Бауырдан көп мөлшерде өткен

В Бауырдан көп мөлшерде өтпеген

С Өткені және өтпегені

Е Қалыпты.
2 нұсқа
SSS 1

Сәйкес келмейтін қанды қүйғанда қандай шок пайда болады?

А.жарақаттан пайда болған;

В.анафилаксиялық;

С.гемотрансфузиялық;

Д.операциялық;

Е.коллапс.

SSS 2


Өт жолы қай ағзамен байланысады?

А 12- елі ішекпен

В Аш ішекпен

С Қақпа көк қан тамырымен

Д Тоқ ішекпен

Е Бұлшық еттермен.

SSS 3

Остеодистрофия ауруында сүйектерде кальциидің азаюын не деп атайды?



А Остеофиброз В Остеомаляция

С Остеосклероз Д Остеопороз

Е Остеодистрофия.

SSS 4


Өкпенің қандай қабынуында температура үнемі жоғары болып тұрады?

А Катаралды

В Крупозды

С Гипостатикалы

Д Аспирациялы

Е Мефастазды.

$$$ 5

Қандай ауру жүрек түрткісі қатты және саздары жарықшақтанған?



А Өкпенің катаральды қабынуында

В Бронхитте

С Өкпенің гипостатикалы қабынуында

Д Өкпенің аспирациялы қабынуында

Е Плевроторакста.

SSS 6


Гемофиляның себептерін атаңыз.

А Эритропоэздың жеткіліксіздігі, індетті құрт аурулары, суық тию

В Тромбокиназаның аз түйілуі, малдарды шағылыстырудың қателіктері

С Індет аурулары, протеиннің , темірдің, кобольттың жеткіліксіздігі

Д Тромбоциттердің талқандалуы, агглютинация, гемолиз

Е Лейкоцитоз, гиперемияя.

SSS 7

Руминаторлық заттардың нәтижесi қандай?



А.кyйiс қайратын малдарда алдыnғы қарыншалардың жиырылуын кyшейтедi;

В.жатырдың жиырылуын кyшейтедi;

С.бронхтың бұлшықеттерiнiң құрысуын жазады

Д.тер бездерiнiң қызметiн кyшейтедi

Е.қоздырады, дезинфекциялайды

SSS 8


Өкпенің ісінуінің себептері

А Суық факторлары

В Күн және ыстық өту

С Дененің аллергиялық жағдайы

Д Кеуде қуысының жарақаттануы

Е Барлық.

SSS 9

Зәр шығару жүйесінің ауруларының негізгі синдромдары:



А Ісіну, қан талау, несеп шығару, уремиялық

В Жүрек- қан тамырлар, полиуремиялық, қарапайым

С Қан-талау, ануриялық, қан сар суының түзілуі

Д Несеп шығару, қан -талау

Е Барлығы.

SSS 10


Күңгірт дыбыстар қандай ауруда байқалмайды?

А Катаралды пневмонияда

В Бронхитте

С Өкпе қанталағанда

Д Плевритте

Е Крупозды пневмонияда.

5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған «Жануарлардың ішкі аурулары, клиникалық балаумен» І, пәні бойынша өздік жұмысты орындау үшін
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ


Семей 2013 ж.

Кіріспе.

«Ішкі жұқпалы емес аурулар және клиникалық диагностика рентгенологиямен » курсы бойынша студенттерді міндетті түрде клиникалық дайындықтан өткізу түрінің ауру және сау малға курация жүргізу және тарихын орындау жатады.

Мал дәрігер қызметінің мәселелерін көрсететін студенттің өздік жұмысының ретінде (ауру және сау малға курация жүргізу және тарихын орындау) болып қарастырылады.

Кәзіргі оқу жоспарына сәйкес студенттер «Ішкі жұқпалы емес аурулар және клиникалық диагностика рентгенологиямен » курсы бойынша өздік жұмысты орындайды. Студенттер үшін өздік жұмыс өте маңызды рөл атқарады, ойткені ол студенттердің білімін арттыруға тереңдетуге және бекітуге бағытталған, мал дәрігерлік қызметін дұрыс ұйымдастыру және басқару, теориялық білімдерді қолдану үшін маңызы зор.

Өздік жұмысты дайындау және жазу барысында студенттер оқу және периодикалық әдебиетті, статистикалық материалды терең зерттеп, ғылыми негізделген теориялық және тәжірибелік қорытындыларды жасайды.

Бұл оларға ғылыми зерттеулердің негізін алуға және таңдап алған тақырыптың мазмұнын жазба түрінде өздік қарастыруына мүмкіндік береді.

Өздік жұмыстың ойдағыдай зерттелуі және жазылуы студенттің алдыға қойған негізгі талаптарды және мақсаттарды қалай дұрыс орындағанына байланысты.

Бұл талаптар ең алдымен жұмыстың теориялық және тәжірибелік деңгейіне, оның мазмұны мен құрылымына, нақтылы көрсеткіштерді сапалы талдауына, зерттелген материалдың негізінде ғылыми- негізделген қорытынды беруіне және жұмыстың безендірілуіне байланысты.

Орындалған өздік жұмыс студенттің дайындық деңгейін, материалды терең, жан-жақты зерттегенін және алған білімдерін дұрыс пайдаланғанын көрсетеді.

Өздік жұмыстың міндеттері және мақсаттары

Өздік жұмыстың міндеті болып таңдап алынған тақырып бойынша терең және бағытталған зерттеу саналады.

Өздік жұмыс орындау барысында мақсаттар теңберіне келесілерді атауға болады:

Студенттің меңгерген теориялық білімдерін жүйелендіру;

Әдебиет көздерімен өздік жұмыс қабылеттерін дамыту;

Таңдап алынған тақырып бойынша ғылыми және нақтылы материалды талдау және меңгеру;

Зерттелген материалды айқын ретімен баяндау және тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстарды дұрыс дәлелдеу.

Өздік жұмыстың тақырыбын таңдап алу және орындау тәртібі

Өздік жұмыстың тақырыбы кафедрамен ұсынылған тақырыптардан оқытушының көмегімен студент таңдап алады. Өздік жұмыстың тақырыбы жетекшімен келісіледі.

Күндізгі оқитын студенттерге жұмыстың тақырыбы және бекітілуі сабақ басталғаннан кейін алғашқы 2-3 жұманың мезгілінде, ал сырттай оқитындарға- сессияға келген уақытында беріледі. Өздік жұмыстың тақырыбы студентпен өздік таңдап алынады. Бір топта тақырыптардың қайталануы рұқсат етілмейді.

Өздік жұмыстың мазмұнына негізгі талаптар

Өздік жұмыстың дұрыс құрастырылған жоспары студент үшін тақырыптың мазмұны және оның тарауларын дұрыс тұсінгеннің қорытындысы деп есептеуге болады. Тақырыптың жоспары зерттелетін сұрақтардың ішкі байланысы, олардың қисыны және дәлелденгені үшін қажет.

Өздік жұмыстың құрылымына: кіріспе, екі сұрақ, қорытынды және ұсыныстар, пайдаланған әдебиеттің тізімі кіреді.

Өздік жұмысты ресімдеу

Өздік жұмыс көлемі бойынша қолжазба түрінде 15-20 бет, ал компьютер арқылы – 10-15 беттен аспауы керек. Жұмыстың бәрі беттері ретімен белгіленуі керек. Жазу беттерінің көлемі келесідей болуы керек: сол жақтан – 30 мм, он жақтан – 10 мм, жоғары және төменгі жақтары – 20 мм. Әр бір жаңа тарау жаңа беттен басталуы қажет.

Өздік жұмыстың текстінде әдебиеттердің тізімі бойынша пайдаланған әдебиеттің көздері келтірілуі керек. Өздік жұмыстың маңыздылығын көрсету үшін кестелер, суреттер, диаграммалар, схемалар, графиктерді келтіруге болады. Кестелердің атаулары мен реті көрсетіледі.

Өздік жұмысты орындау жоспары.

Титулды бет;

Ауру тарихы

Жалпы зерттеу;

Бездерді зерттеу;

Кілегей қабықтарды зерттеу.

Арнайы зерттеу

а/ Жүйке-жүйесін тексеру.

б/ Тыныс алу жүйесін зерттеу.

в/ Жүрек қан тамырлар жүйесін зерттеу.

г/Ас қорту жүйесін зерттеу жоспары.

д/ Зәр шығару жүйесін зерттеу.

е/ Жыныс жүйесі мен сүт бездерін зерттеу.

ж/ Ерекше зерттеу

Қортынды және ұсыныстар;

Қолданылған әдебиеттер. Әдебиет тізімі (10 бірліктен төмен болмауы керек);

Қосымшалар.

Титулды бет


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

АГРАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ МЕДИЦИНА КАФЕДРАСЫ

«Ішкі жұқпалы емес аурулар және клиникалық диагностика рентгенологиямен »

пәні

А У Р У Т А Р И Х Ы

Тақырыбы: Клиникалық зерттеудің желісі

Зерттеудің басталған күні: _________________________________________
Зерттеудің аяқталған күні: ________________________________________

Орындаған: ___________________________________________________

Тексерген: ____________________________________________________



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет