ПОӘК 042-18.1.32/01-2014
|
№1 баспа 28.08.2014 ж.
|
Бет -дан
|
5В010600 –Музыкалық білім мамандығының
МУЗЫКА ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНЕ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰЖАТТАР
Семей 2014 ж.
Алғы сөз
1 ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
Құрастырған: «Музыкалық білім»
кафедрасының оқытушысы : ______________________Кисамеденова М.К.
2 ТАЛҚЫЛАНҒАН
2.1 Кафедра отырысында бекітілген:
Хаттама № ___ от «___»_____ 2014 жыл
«Музыкалық білім» кафедрасының меңгерушісі,
п.ғ.к.: ______________ Бодауова Б.К.
2.2 Педагогика факультетінің Оқу - әдістемелік Бюросының
отырысында бекітілген «___»________ 2014 жыл. Хаттама № 1
Төраймы: ______________ АхметоваТ.Ш.
3. БЕКІТІЛГЕН
Университеттің Оқу Кеңесінің отырысында бекітілген «___»____ 2014 жыл. Хаттама №
ОӘК төрайымы _________ Искакова Г.К.
4. БІРІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН
Мазмұны
1
|
Глосарий
|
|
2
|
Тәжірибелік сабақтар
|
|
3
|
Өздік жұмыстар
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Пән бойынша глоссарий
Акцент – бір дыбыстың басқа дыбыстардан қаттылығымен ерекшеленуі.
Аккорд – терциялық тізбекпен орналасқан не болмаса орналаса алатын кемінде үш дыбыстан тұратын үндестік.
Альтерация – негізгі сатының жоғарылатылуы не төмендетілуі.
Кіріспе септаккордтар – мажордың және гармониялық минордың жетінші сатысында құрылады.
Гамма – бір тоникадан келесі тоникаға дейінгі лад дыбыстарының биіктік ретімен орналасуы.
Гармониялық арақашық – бір уақытта алынған қос дыбыс.
Гармониялық мажор – табиғи мажордан алтыншы сатысы төмендетілгендігі мен ерекшеленеді.
Гармониялық минор – табиғи минордан жетінші сатысы жоғарылатылғандығымен ерекшеленеді.
Ладтың басты үшдыбыстылықтары – ладтың бірінші, төртінші және бесінші сатыларында құрылады.
Гомофония – аккомпонементке қосылған негізгі дауысы бар фактура.
Диапазон – дыбысқатарының ең төменгі дыбысынан ең жоғарғы дыбысына дейінгі жалпы аумағы.
Диатоника – табиғи жеті сатылық ладтардың аймағы.
Диатоникалық жарты және бүтін тон – көрші сатылардан тұрады.
Динамикалық белгілер – музыканың орындалу кезіндегі дыбыс қаттылығының өлшеуіштілігі.
Диссонанстар – құлаққа жағымсыздау естілетін арақашықтар,үндестіктер.
Доминантсептаккорд – мажордың және гармониялық минордың бесінші сатыларында құрылатын кіші мажорлы септаккорд.
Дорийский лад – табиғи минордан алтыншы сатысы жоғарылатылатындығы мен ерекшеленеді.
Дуолі – нүктесі бар ұзақтықтарды үшедің орнына екіге бөлу.
Дыбысқатары – жоғары не төмен бағытта ретімен орналасқан музыкалық жүйенің дыбыстары.
Арақашық – кезектесе не бір уақытта алынған екі дыбыс.
Ионийский лад – табиғи мажордың дыбысқатары мен сәйкес келетін ескі халықтық лад.
Каденция – шығарманың аяқталуына әкелетін бірнеше дыбыстар не аккордтар тізбегі.
Арақашықтың сапалық биіктігі – оның құрамындағы жарты және бүтін тондардың саны.
Кварта – төрт сатыны құрайтын арақашық .
Квартсекстаккорд – квинтасы төменде жатқан үшдыбыстылықтың екінші айналымы.
Квинта – бес сатыны құрайтын арақашық.
Арақашықтың сандық биіктігі – қамтылған сатылардың саны.
Консонанс – құлаққа жағымдырақ естілетін арақашықтар.
Лад – тоникасы бар,бір-бірімен туыстық негізде бір жүйеге біріккен дыбыстар жиынтығы.
Лидийский лад – табиғи мажордан төртінші сатысы жоғарылатылатындығы мен ерекшеленеді.
Әуен – бір дауыста берілген музыкалық ой.
Мелодиялық мажор – табиғи мажордан алтыншы,жетінші сатылары төмендетілгендігі мен ерекшеленеді.
Мелодиялық минор – табиғи минордан алтыншы,жетінші сатылары жоғарылатындығы мен ерекшеленеді.
Әуендік өрнек - әуеннің бір орнында,жоғары және төмен қозғалыстарының жиынтығы.
Мелизм - әуеннің бояуы.
Метр – акценттелген және акценттелмеген біркелкі ұзақтықтағы уақыт қиындыларының периодты қайталанбалы тізбегі.
Мелодиялық арақашық – кезекпен алынған қос дыбыс.
Миксолидйский лад – табиғи мажордан жетінші сатысы төмендетілетіндігі мен ерекшеленеді.
Модуляция – бір тональдіктен келесісіне дайындық арқылы көшу.
Тұрақсыз дыбыстар – музыкалық ойдың аяқталмағандығын сезіндіреді.
Арақашықтың айналымы – кез-келген бір дыбысының октаваға не төмен не жоғары орын ауыстыруы.
Аттас тональдіктер – ортақ тоникасы бар мажор-минор.
Ырғақпен бөлінудің ерекше түрлері – негізгі өзіндік (табиғи) бөлінісуге сәйкес келмейтін, қолдан жасалынған жасанды біркелкі бөлітерге бөлу.
Параллелді мажор-минор – табиғи түрінде біркелкі дыбыс құрамы бар және кілттік белгілері бірдей тональдіктер.
Пауза – музыкадағы үзіліс.
Ауыспалы метрлер – бүкіл шығарма бойында не оның бір бөліміндегі үлестер санының өзгеріп отыруы.
Пентатоника – бір-бірінен аралары үлкен секунда және кіші терция қашықтықтарында жатқан бес дыбыстан тұратын дыбыс қатары.
Полифония - әр-қайсысы бір-біріне тәуелсіз көп дауысты фактура.
Қосалқы үшдыбыстылықтар – ладтың негізгі үшдыбыстылықтары орналасқан сатыларынан басқа сатылардағы үшдыбыстылықтар.
Жәй метрлер мен өлшемдер – бір тактіде бір акценттен аспайтындар.
Жәй арақашық – биіктігі таза октавадан аспайтындар.
Өткінші дыбыс – кемінда бүтін тон қашықтығындағы екі дыбыстың арасын толықтырады.
Ырғақ – бірыңғай немесе әр түрлі ұзақтықтағы дыбыстардың бірлескен тізбегі.
Секунда – екі сатыдан тұратын арақашық.
Секстаккорд – төменде терциялық тон жататын үш дыбыстылықтың бірінші айналымы.
Септаккорд – терциялық тізбекпен орналасқан төрт дыбыс.
Синкопа – ауыр үлестің,алдындағы әлсіз үлеспен бірігіп кетуі.
Күрделі метрлер мен өлшемдер – екі немесе одан да көп біркелкі жәй метрлер мен өлшемдердің қосындысы.
Күрделі,аралас метрлер мен өлшемдер – екі немесе одан да көп әр түрлі жәй метрлер мен өлшемдердің қосындысы.
Үндестік – бір уақыттағы бірнеше дыбыстың оқылуы.
Қосынды арақашықтар – таза октавадан әрі асып түсетін арақашықтар.
Саты – музыкалық жүйедегі дыбыс.
Такт – бір ауыр үлестен келесі ауыр үлеске дейінгі аралық.
Темп – метрлік үлестердің пульстік жийіліктері немесе жылдамдық.
Терция – үш сатыдан тұратын арақашық.
Тетрахорд – таза октаваның тең жартысы.
Тоника – ладтың басты тұрақты дыбысы.
Транспозиция – шағарманың, не оның бір бөлімінің еш өзгертусіз басқа бір тональдікке орын ауыстырылуы.
Үшдыбыстылық – терциялық тізбекпен орналасқан не болмаса орналаса алатын үшдыбыс.
Триоль – екі дыбыстың орынына үш дыбыстың ыңғайлануы.
Ұлғайтылған арақашық – сатылық биіктігі сапасы таза және үлкен арақашықтармен сәйкес болғанымен жарты тонға кеңірек.
Ұлғайтылған үшдыбыстылық – екі үлкен терциядан тұрады.
Кішірейтілген арақашық - сатылық биіктігі сапасы таза және үлкен арақашықтармен сәйкес болғанымен жарты тонға тығыздау.
Кішірейтілген үшдыбыстылық – екі кіші терциядан тұрады.
Тәжірибелік сабақтардың өтуінің әдістемелік нұсқаулары.
Тәжірибелік сабақтар:
№ 1. Тақырып: Дыбыс. Музыкалық дыбыстар және олардың қасиеттері.Диапазон және регистірлер. Дыбысқатары.
Сабақ мақсаты: дыбысқатарын анықтау, музыкалық дыбыстардың негізгі қасиеттерімен және олардың шулы дыбыстардан айырмашылығын студенттерге таныстыру.
Негізгі сұрақтар мен олардың тезистік берілулері:
Дыбыс – Қандай да бір қатты дененің қозғалысынан туындайтын толқын, физикалық құбылыс.
Музыкалық дыбыстар: белгілі бір биіктігі бар ,біркелкі тербелістен туындайды.
Музыкалық дыбыстардың қасиеттері: биіктігі, тембрі, ұзақтығы, қаттылығы.
Дыбыстар биктігіне қарай топтарға бөлінеді. Әрбір топ естілуіне, баяуына қарай үш регистрге топталады. Төмендегі, ортаңғы және жоғарғы регистрлер.
Шулы дыбыстар: белгілі бір биіктігі жоқ дыбыстар.
Биіктігі: тербеліс жиілігіне байланысты (бір секундтағы тербеліс саны). Неғұрлым тербеліс жиілесе соғұрлым дыбыс биіктейді.
Адамның есту қабілеті секундына 16- дан 4200 ге дейінгі тербеліс жиілігін қабылдайды .
Қаттылығы: тербелмелі дененің күштілігіне байланысты.
Тембр: дыбыс бояуы, обертондардың санына, биіктігіне және күшіне байланысты.
Ұзақтығы: қозғалмалы дененің тербеліс уақытына байланысты.
Тапсырма:
Келесі сөз тізбектерінен кластер құрастыру: биіктік, тембр, ұзақтық, тербеліс, обертон, күші, регистр, амплитуда, дыбыс, шу, шиқыл, сыңғыр, тарсыл т.б. Осыларды музыкалық дыбыстар және шулы дыбыстар деп екі топқа бөлу.
Әдістемелік нұсқаулар:
Тапсырманы орындау үшін бір парақ қағазға өз тобын, аты жөнін, тегін және музыкалық дыбыстар, шулы дыбыстар деген екі топқа бөлінген жолдарды толтыру қажет.
Өзін- өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Дыбыс деген не?
Музыкалық дыбыстың шулы дыбыстан басты айырмашылығы?
Музыкалық дыбыстардың қандай қасиеттері бар?
Дыбыс биіктігі неге байланысты?
Регистр деген не?
Ұзақтық неге байланысты?
Дыбыс тембрі неге байланысты?
Дыбыстың қаттылығы неге байланысты?
Амплитуда дегеніміз не?
Обертондар қалай пайда болады?
Қандай дыбыс қатары табиғи деп аталады?
№ 2 Тақырып . Музыкалық дыбыстардың атаулары. Октавалар, музыкалық құрылым.
Сабақтың мақсаты: музыкалық дыбыстардың аттарымен таныстыру, октавалардың атаулары мен анықтамалары, фортепионода берілген дыбыстарды табуға үйрету.
Негізгі сұрақтар және тезистік берілулері: Музыкада қолданылатын барлық дыбыстар музыкалық жүйеге жатады .
Дыбыс қатары- жоғары не төмен бағытта тізбекпен орналасқан музыкалық жүйенің дыбыстары .
Октава- кез- келген бір дыбыстың келесі биіктіктен қайталануына дейінгі аралық.
Октаваның арасы бір- бірінен біркелкі аралықта жатқан 12 дыбыспен толтырылған. Оның 7-еуіне жкелеген ат берілгенжәне бұлар негізгі дыбыс қатарлары болып саналады.
11- ғасырға дейін тек әріппен белгіленген:a b c d e f g. 11- ғасырдан бастап дыбыстардың буындық белгілері енгізілді: до, ре, ми, фа, соль, ля, си.
Дыбыс қатарындағы дыбыстар қайталанып отыратындықтан олар бірнеше октаваларға бөлінген:(төменнен жоғары қарай): субконтроктава, контроктава, үлкен октава, кіші октава, бірінші октава, екінші октава, үшінші октава, төртінші октава, бесінші октава.
Тапсырма:
Берілген әріптік атауларды буындық атауларға ауыстыру: a g d e c f b
Берілген буындық атауларды әріптік атауларға ауыстыру: фа, си, ре, ми, соль, до, ля.
Әдістемелік нұсқаулар:
Тапсырма ауызша орындалады. Әркім жеке жұмыс жасайды . Оқытушы жеке- жеке сұрақ қояды.
Өзін-өзі баөылауға арналған сұрақтар:
Дыбыс қатары деген не?
Октава деген не?
Барлық октаваларды төменнен жоғары атау?
Бір октавада неше дыбыс?
Қандай дыбыстар негізгі деп аталады?
11- ғасырға дейін дыбыстарды қалай белгіледі?
Дыбыстарды белгілеудің буындық жүйесі қалай пайда болды?
№ 3 Тақырып. Нота жазуы. Нота. Ұзақтықтар және олардың белгіленуі. Нота жақтауы.
Сабақ мақсаты: нота жазуының пайда болу тарихын ашу, ноталардың нота жақтауларында орналасуы және ноталардың ұзақтық белгілерін көрсету.
Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері:
Нота жақтауы- нота белгілері орналасатын көлденеңнен жатқан параллель бес сызық.
Нота- дыбыстардың ұзақтығын және белгілі бір биіктігін қағаз бетінен көрсететін белгі.Нота жақтауының сызық саны төменнен жоғары саналады. Өте төмен және өте жоғары дыбыстарды белгілеу үшін қосымша сызықтар пайдаланылады(бесеуге дейін).
Нота таяқшалары үшінші сызыққа дейін жоғары одан әрі төмен қарай жазылады .
Екі дауыста таяқшалар екі жаққа қарай орналасады. Ұсақ ноталарда жалаушалар болады.
Топтастыру- Екі немесе оданда көп ұсақ ноталардың жлаушаларын біріктіру.
Ең ірі ұзақтық- бревис нотасы. Одан әрі бүтін, жартылық, төрттік, сегіздік, он алтылық, отыз екілік т.б.
Тапсырма:
Таяқшаларын жоғары және төмен қаратып дыбыстарды нота жақтауына жазыңыз.
Бір бүтінде неше он алтылық? Бір жартылықта неше он алтылық? Бір сегіздікте неше отыз екілік ? т.б.
Әдістемелік нұсқаулар:
Бірінші тапсырмада әр адам он-он әртүрлі ұзақтықтағы және биіктіктегі дыбыстарды таяқшаларын дұрыс жазу заңдылықтарына сәйкес етіп жазады.
Екінші тапсырмада өзіндік жүйе жасап, сол арқылы есептеу қажет.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Нота жақтауы дегеніміз не?
Нота деген не?
Олар қандай элементтерден тұрады?
№ 4. Тақырып. Кілттер.
Сабақ мақсаты: кілттердің пайда болу тарихымен танысу, әрі түрлерін қарастыру.
Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері:
Кілт- нота жақтауындағы бір сызықты белгілі бір дыбыс биіктігіне бекітетін белгі. Негізінен қолданысқа енгізілген үш кілт: до, соль және фа.
Соль кілті – бірінші октаваның соль нотасы нота жақтауының екінші сызығының үстінде жататындығын білдіретін белгі.
До кілті – қай биіктікте тұрса, сол жер бірінші октаваның до нотасы екендігін білдіретін белгі.
Фа кілті – кіші октаваның фа нотасы нота жақтауының төртінші сызығының үстінде жататындығын білдіретін белгі.
Ортаңғы және жоғарғы регистрдегі дыбыстарды жазуға соль кілті ыңғайлы, оны скрипка кілті деп те атайды. Төменгі және жиірек ортаңғы регистрдегі дыбыстарды жазуға фа кілті ыңғайлы, оны бас кілті деп атайды. 12 – 18 ғасырлар аралығында вокалдық музыкада до кілті маңызды рөль атқарған. Оны әр дауыстың ыңғайына қарай әр-түрлі сызықтарға орналастырған: 1-ші сызықта ол сопраналық (дисканттық), 2-ші сызықта – меццо-сопрано, 3-ші сызықта – альт, 4-ші сызықта – тенор, 5-ші сызықта – баритон деп аталады.
Тапсырма:
А) Скрипка кілті; Б) Бас кілті; В) Альт кілті; Г) Тенор кілттерінде бірінші октаваның негізгі дыбыстарын жазыңыз.
Бірінші октаваның до, кіші октаваның си, бірінші октаваның си, екінші октаваның ре, үшінші октаваның до, бірінші октаваның фа, екінші октаваның соль дыбыстарын скрипка кілтінде жазыңыз.
Бірінші октаваның до, ре бірінші октава, фа кіші октава, до кіші октава, си үлкен октава, фа үлкен октава, до үлкен октава, кіші октавадағы ре дыбыстарын бас кілтінде жазыңыз.
Әдістемелік нұсқаулар:
Бірінші тапсырманы орындау үшін міндетті түрде, берілген кілттердің қандай биіктікті көрсететінін жаттап, есте сақтау керек. Нота жақтауынан берілген дыбыстарды табу үшін кілттік дыбысқа иек арту керек.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Кілт деген не?
Қазір көбінесе қандай кілттер қолданыста?
Соль кілті қандай биіктікті көрсетеді?
До кілті қандай биіктікті көрсетеді?
Фа кілті қандай биіктікті көрсетеді?
Нота жақтауының барлық сызықшаларына қай кілт жазылған?
№ 5. Тақырып. Жарты және бүтін тон. Қосалқы сатылар және олардың атаулары. Альтерация белгілері.
Сабақ мақсаты: жарты тон, бүтін тон, альтерация белгілері туралы түсініктеме беру, олардың алуан түрлілігімен таныстыру,негізгі сатылар мен қосалқы сатылардың барлық атауларын білу.
Негізгі сұрақтар мен олардың тезистік берілулері:
Жарты тон – дыбыстардың ең жақын аралығы.
Бүтін тон – екі жарты тонның қосындысы.
Дыбыстарды жоғарылату не төмендету үшін альтерация белгілері пайдаланылады (латын тілінен өзгерту дегенді білдіреді)
Диез – жарты тонға жоғарылату.
Бемоль – жарты тонға төмендету.
Дубль-диез – екі жарты тонға жоғарылату(бүтін тон).
Дубль-бемоль – екі жарты тонға төмендету.
Бекар – кез келген альтерациялық белгінің күшін жою.
Әріптік жазылу кезінде альтерациялық белгілер дыбыс атауынан кейін жазылса,ал нотамен берілгенде алдына қойылады. Әріппен берілгенде аяғы: is (жоғарылату), es (төмендету), isis (екі есе жоғарылату), eses (екі есе төмендету).Си дыбысы төмендетілгенде в әріпімен жазылады,ал ля-бемоль мен ми-бемоль дыбыстарын жазғанда es –тің орынына s жазылады.
Тапсырма:
Дыбыстардың буындық және әріптік атауларына кесте құру.
Әдістемелік нұсқаулар:
Кесте құрылып ішін толтырған кезде си, ми, ля дыбыстарының жазылуына көбірек назар аудару керек, өйткені бұл дыбыстарды төментету кезінде кейбір өзгертулер енгізіледі. Си-дубль дыбысының жазылуына мән беру.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Жарты тно дегеніміз не?
Тон дегеніміз не?
Альтерация белгілері не үшін қажет?
Диез дегеніміз не?
Бемоль дегеніміз не?
Бекар дегеніміз не?
Дубль-диез дегеніміз не?
Дубль-бемоль дегеніміз не?
Нота жазуында альтерация белгілері қалай белгіленеді?
Альтерация белгілері әріптік жүйеде қалай белгіленеді?
№ 6. Тақырып. Дыбыстар энгармонизмі. Диатоникалық және хроматикалық жарты, бүтін тондар.
Сабақ мақсаты: энгармонизм ұғымымен таныстыру, диатоникалық және хроматикалық жарты, бүтін тондардың бір-бірінен айырмашылығын көрсету.
Негізгі сұрақтар мен олардың тезистік берілулері:
Энгармонизм - бір дыбыстың әр түрлі аталуы.
Көршілес сатылардың арасындағы жарты және бүтін тондар диатоникалық болып саналады.(до – ре-бемоль)
Дыбыстың өзі және оның өзгертілуінің арасы хроматикалық болып саналады.(до – до-диез)
Тапсырма:
Бір октава көлеміндегі музыкалық дыбыстардың барлығының энгармониялық теңдігін жазу.
Әрбір негізгі дыбыстан жоғары диатоникалық жарты тон құру.
Әрбір негізгі дыбыстан жоғары хроматикалық жарты тон құру.
Әрбір негізгі дыбыстан төмен диатоникалық жарты тон құру.
Әрбір негізгі дыбыстан төмен хроматикалық жарты тон құру.
Әдістемелік нұсқаулар:
Бірінші тапсырманы орындау үшін дәптердің алғашқы бетіне бір октава көлемінде дыбыс қатарының фрагментін (фортепианоның басқыштарын) сызып алып, әр дыбыстың тұсына буындық, әріптік атауларын жазып қойған абзал.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Энгармонизм дегеніміз не?
Энгармонизмге байланысты өмірден бір мысал келтіріңіз.
Диатоникалық жарты тонды қалай құру керек?
Хроматикалық жарты тонды қалай құру керек?
№ 7. Тақырып. Дыбыс ұзақтықтарын ұзартатын нотаға қосымша белгілер. Үзілістер.
Сабақ мақсаты: нота ұзақтықтарын ұзартатын қосымша белгілермен студенттерді таныстыру: нүкте, лига және фермата, үзілістің әр түрлері.
Негізгі сұрақтар мен олардың тезистік берілулері:
Ұзақтықты ұзартатын нүкте,лига және фермата.
Нүкте – ұзақтықты жартысына созады. Екінші нүкте біріншісінің жартысына созады.
Лига – (латын тілінен біріктіру дегенді білдіреді) бір биіктіктегі ноталарды біріктіретін доға.
Фермата – (латын тілінен тоқтау дегенді білдіреді) орындаушының өз ырқынша созуын білдіретін белгі.
Үзіліс (пауза) – үнсіздік белгісі. Үзіліс ұзақтықтары нота ұзақтықтары мен дәлме-дәл. Үзілістерге лига белгісі қойылмайды, нүкте,фермата белгілері қойылуы мүмкін.
Тапсырма:
1. Жартылық нүктесімен қаншаға созылады? Бүтін нүктесімен? Төрттік нүктесімен? Сегіздік нүктесімен? Он алтылық нүктесімен?
2. Бүтін екі нүктесімен қаншаға созылады? Жартылық екі нүктесімен? Төрттік екі нүктесімен? Сегіздік екі нүктесімен?
3. Нота ұзақтығын ұзартатын белгілердің,үзілістердің қолданылуын шығармалардан мысал ретінде көрсету.
Әдістемелік нұсқаулар:
Дыбыс ұзақтықтарына арнайы жасалынған кестені қолдануға болады.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Қандай белгі нота ұзақтығын ұзартады?
Нүкте дыбысты қандай ұзақтыққа ұзартады?
Лига қандай ұзақтықты көрсетеді?
Фермата қаншалықты созылады?
Үзіліс деген не?
Қандай үзілістерді білесіз?
№ 8. Тақырып. Екі дауыстың жазылуы. Фортепианоға арналған музыканың жазылуы. Акколада. Ансамбльдер мен хор музыкаларының жазылуы. Нота жазуын қысқартатын белгілер.
Сабақ мақсаты: екі дауыстық музыканың нотадағы жазылуы. Акколаданың қажеттілігі, нота жазуын қысқарту белгілері, т. б. таныстырып үйрету.
Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері:
Достарыңызбен бөлісу: |