ПОӘК 042-18 32/01-2014 №1 баспа 28. 08. 2014 ж


Үндестік- бір уақыттағы бірнеше дыбыстың оқылуы. Аккорд-



бет4/4
Дата25.08.2017
өлшемі0,58 Mb.
#25874
1   2   3   4

Үндестік- бір уақыттағы бірнеше дыбыстың оқылуы.

Аккорд- терциялық тізбекпен орналасқан не болмаса, орналаса алатын кемінде үшдыбыстан тұратын үндестік.

Гармония- дыбыстардың үндестікке бірігуі және үндестіктер тізбегі.

Үшдыбыстылық- терциялық тізбекпен орналасқан үшдыбысты аккорд.

Үшдыбыстылықтың түрлері:



  1. Мажор; төменнен жоғары қарай: Ү 3., К3.

  2. Минор; К3., Ү3.

  3. Ұлғайтылған; Ү3., Ү3.

  4. Азайтылған; К3., К3.

Төменгі дыбыс- негізгі немесе прима, екінші- терция, үшінші квинта;

Негізгі аккорд деп- берілген аккордтың негізгі дыбысы басқа дыбыстарға қарағанда ең төменгі жағдайда жатқандағы жәйі.

Аккордтың айналымы-берілген аккордтың ең төменгі дыбысы ретіндетерциялық не квинталық тон жатады.осыған орай екі айналым пайда болады:

  1. Терциялық тон төменде жатқан жағдайда скстаккорд деп аталады.

  2. Квинталық тон төменде жатса квартсекстаккорд деп аталады.

Тапсырма:

Кез-келген бір дыбыстан үшдыбыстықтың төрт түрін жазып алып, оның айналымдарын құру.



Әдістемелік нұсқаулар:

Үшдыбыстылықтарды құру кезінде ең алдымен сатылық, содан кейін сапалық биіктіктеріне ауысқан жөн.



Өзін -өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Үндестік деп нені айтамыз?

  2. Екі дыбыстан құралған үндестікті қалай айтамыз?

  3. үш, төрт, бес дыбыстардан құралған үндестіктерді қалай айтамыз?

  4. Үшдыбыстылықтың негізгі түрі деп нені айтамыз?

  5. Үшдыбыстылық деген не?

  6. Үшдыбыстылықтың айналымы деген не?

  7. Қшдыбыстылықтың бірінші айналымы қалай аталады?

  8. Екінші айналым қалай аталады?

№33, Тақырып. Мажор мен минордағы басты үшдыбыстылықтар. Басты үшдыбыстылықтардың қосылыстары.



Сабақ мақсаты:ладтың басты үшдыбыстылықтарын құрып, оларды қосып, қолданып үйрену.

Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері:

Гамманың әрбір сатысына түрлі аккордтар орналасады. 1,47,5 сатыларға T, S, D деген аттар берілген (осылар ладтағы басты үшдыбыстылықтар).

Бірінші сатыдағы үшдыбыстылық- тоникалық, төртінші сатыдағы үшдыбыстылық – субдоминанталық, бесінші сатыдағы үшдыбыстылық- доминанталық деп аталады.

Аккордтар қосылысының екі түрі болады:

а) гармониялық- екі аккордқа да ортақ дыбыс орнында қалады.

б) мелодиялық- барлық дауыстар қозғалысқа түседі.

Яғни гармониялық қосылыс тек екі аккордқа ортақ болғанда ғана іске асады.кварта- квинталық қатынастағы аккордтарда 1- ақ ортақ дыыбс болады. Бұл Т-Д, T-S.

Ал терциялық қатынастағы аккордтарда екі ортақ дыбыстан болады,мыс: S- 2 сатылардағы аккордтар.

Секундалық қатынастағы аккордтарда ортақ дыбыс болмайды, мыс: S- Д.

Тапсырма:

Таңдалынған бір ладта T, S, D- ларды алып, бір- бірімен қосу.



Әдістемелік нұсқаулар:

Ең алдымен кварта- квирталық қатынастағы аккордтарды гармониялық қосылыста жасап алған жөн, содан кейін секундалық қатынастағы , яғни S, D аккордтарын қосу.



Өзін- өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Қандай аккордтарды басты деп атаймыз?

  2. Тоникалық үшдыбыстылық деген не?

  3. Субдоминанталық үшдыбыстылық деген не?

  4. Доминанталық үшдыбыстылық деген не?

  5. үшдыбыстылықтардың қосылуына қарай неше түрі бар?

  6. S және D аккордтарын гармониялық әдіске қосуға бола ма? Неге?

№ 34. Тақырып. Мажор мен минордағы қосалқы үшдыбыстылықтар.



Табиғи және гармониялық мажор мен минордың

сатыларындағы үшдыбыстылықтылар.

Сабақ мақсаты: берілген ладта қосалқы үшдыбыстылықтар құрып, оларды тоникалық үшдыбыстылыққа шешіп үйрену және гармониялық ладтардағы үшдыбыстылықтар туралы білу.

Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері:

II, III, VI, VII сатыларда орналасқан үшдыбыстылықтар қосалқы деп аталады.

Табиғи және гармониялық ладта мажор мен минорлық үшдыбыстылықтардан басқа тағы екі түрі кездеседі: азайтылған және ұлғайтылған.

Азайтылған үшдыбстылық табиғи мажорда 7-ші сатыда, табиғи минорда 2-ші сатыда кездеседі.Гармониялық ладтарда екі азайтылған үшдыбыстылықтардан бар:2 және 7 сатыларда

Гармониялық ладтардағы жаңа арақашықтық –ұлғ5. пайда болған жерде сондай- ақ ұлғайтылған үшдыбыстылық құралады. Ол мажорда 4- ші, минорда 3- ші сатыларда орналасқан.

Тапсырма:

Таңдалынған бір ладта қосалқы үшдыбыстылықтар құрып, оларды тоникаға шешу.



Әдістемелік нұсқаулар:

Тапсырманы орындау кезінде аккордтардың алдымен негізгі түрлерін қосуға тырсыңыз. Егер қосатын үшдыбыстылықтарда ортақ дыбыстар болса, оларды орнында қалтырып, қалған дыбыстарын жақын жатқан тониканың дыьыстарына жылжыту керек. Мүмкіндігінше аккордтардың негізгі дыбысын екі еселендіріп төрт дауыста қосқан дұрысырақ.



Өзін- өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Қандай үшдыбыстылықтарды қосалқы деп атаймыз?

  2. Қосалқы үшдыбыстылықтар қай сатыларда құрылады?

  3. Қосалқы үшдыбыстылықтарды тоникаға қалай шешеміз?

№ 35. Тақырып. Септаккорд. Доминантсептаккорд және оның айналымдары, шешілуі.



Сабақ мақсаты: септаккорд құруды, ладта доминантсептаккорд, оның айналымдары және оларды тоникаға шешіп үйрену.

Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері:

Септаккорд – терциялық тізбекпен орналасқан, не болмаса орналаса алатын төрт дыбыстық аккорд. Ең төменгі дыбысы негізі немесе прима, екінші – терция, ушінші – квинта, ал жоғарғы дыбысы – септима деп аталады. Септаккорд басқа да аккордтар сияқты төменнен жоғары қарай құрылады.

Септаккорд атауы өз құрамына байланысты аталады: үшдыбыстылық және терция, яғни оны құраушы. Табиғи мажорда ладтың әр дыбысынан септаккорд құрғанда, барлығы жетеу болады. Минорда, табиғиға қоса гармониялық, мелодиялық түрлерін біріктіргенде – он бес септаккорд.

Әр септаккорд төрт түрлі жағдайда кездеседі: негізгісі және үш айналымы. Негізгі септаккорд деп баста негізгі тон жатқанда айтылады. Бірінші айналымы – квинтсекстаккорд – баста терциялық тон. Екінші айналымы – терцквартаккорд – баста квинталық тон. Үшінші айналымы – секундаккорд – баста септима жатады.

Ладтың бесінші сатысындағы кіші мажорлы септаккорд – доминантсептаккорд деп аталады. Ол тоникалық үшдыбыстылыққа шешіледі: ортақ дыбыс орнында қалады да, қалған тұрақсыз дыбыстар жақын жатқан тұрақты дыбыстарға орын ауыстырады.


Тапсырма:

Таңдалынған бір ладта доминантсептаккорд, айналымдарымен құру және оларды шешу.



Әдістемелік нұсқаулар:

Ең алдымен тональдік таңдаймыз, оның доминантасын яғни бесінші сатысын табамыз. Таңдалынған тональдіктің белгілерін кілтке қоямыз да, бесінші сатысынан септаккорд құрамыз. Пайда боған негізгі септаккордты үш түріне айналдыра отырып барлығын дыбыстардың шешілу заңдылықтарына сәйкес тониканың дыбыстарына шешеміз.



Өзін- өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Септаккорд деген не?

  2. Септаккордтың дыбыстары қалай аталады?

  3. Септаккордтың негізгі түрі деген не?

  4. Септаккордтың айналымдары қалай құрылады?

  5. Доминантсептаккорд ладтың қай сатсына орналасады?

  6. Септаккорд және оның айналымдары қалай шешіледі?

№ 36. Тақырып. Кіріспе септаккордтар. Екінші сатының септаккорды.



Сабақ мақсаты: ладта кіріспе септаккордтармен екінші сатының септаккордын құру, септаккорд тізбегін олардың тоникаға шешілуімен құру.

Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері:

Мажор мен минордың жетінші сатысында кіріспе септаккорд құрылады. Табиғи мажода ол к3+к3+ү3-лардан құрылады да жартылай азайтылған деп аталады. Гармониялық мажор мен минорда ол үш кіші терциядан құралып азайтылған деп аталады.

Басқа септаккордтар сияқты кіріспе септаккордтың да негізгі түрі мен үш айналымы бар.

Тоникаға шешілу заңдылықтары: кіріспе септаккордтың негізгі дыбысы тониканың примасына, терциясы – тониканың терциясына, шешілу кезінде параллель квинталарды болдырмау мақсатында септаккордтың квинтасы да тониканың терциясына, ал септима диссонанстық дыбыс ретінде тониканың квинтасына шешіледі. Тоқ етері кіріспе септаккорд тоникалық үшдыбыстылыққа екі еселенген терциясы мен шешіледі.

Кіріспе септаккордты тоникаға доминантсептаккорд арқылы да шешуге болады, мұндай жағдайда септаккордтар тізбегі пайда болады. Септаккордтардың арасында үш ортақ дыбыс болғандықтан доминантсептаккордқа ауысу өте жеңіл, яғни үш дыбыс орнында қалады да кіріспе септаккордтың септимасы доминантсептаккордтың негізгі дыбысына орын ауыстырады. Мұндай жағдайда шеңбер кестесі пайда болады:

7

2 6/5



¾
Мажордың екінші сатысында к3+ү3+к3-дан тұратын кіші минорлы септаккорд орналасады, оны екінші сатының септаккорды деп атаймыз. Бұл септаккордтың да үш айналымы бар, және бұлардың барлығын шешуге септаккордтар тізбегін пайдаланған өте ыңғайлы: алдымен доминантсептаккордқа, содан кейін тоникаға. Барлық шешілу ережелерін ұстаған жағдайда крест кестесі пайда болады: II7 – Д4/3, II6/5 – Д2, II4/3 – Д7, II2 – Д6/5. одан әрі доминантсептаккорд, айналымдары мен тоникаға қалай шешілетіні өздеріңізге белгілі.

Тапсырма:

  1. Таңдалынған бір ладта кіріспе септаккордты айналымдарымен бірге құрып алып, доминантсептаккорд арқылы тоникаға шешу.

  2. Таңдалынған бір ладта екінші сатының септаккордын айналымдары мен бірге құрып алып, доминантсептаккорд және айналымдары арқылы тоникаға шешу.

Әдістемелік нұсқаулар:

Тапсырмаларды орындау үшін ең алдымен тональдік таңдап алу керек, оған кілттік белгілерін қойғаннан кейін керекті сатылардан септаккорд құрамыз. Құрылған септаккордты доминантсептаккорд пен айналымдарына шеңбер немесе крест кестесі арқылы байланыстырып тоникаға шешкен дұрыс. Шешу кезінде параллель квинта, октава, унисондардың пайда болмауын қадағалау керек.



Өзін- өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Кіріспе септаккорд қай сатыда орналасады?

  2. Қандай септаккордты жартылай азайтылған деп атаймыз?

  3. Қандай септаккордты азайтылған деп атаймыз?

  4. Кіріспе септаккорд тоникаға қалай шешіледі?

  5. Септаккордтар тізбегін құру үшін қай септаккордты қолдануға болады?

  6. Ладтың екінші сатысындағы септаккорд қалай аталады?

  7. Ол қалай шешіледі?

№ 37. Тақырып. Нонаккорд. Кварталық септаккордтар туралы ұғым.



Сабақ мақсаты: нонаккорд құрып үйрену, кварталық септаккордтардың бар екендігімен танысу.

Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері:

Нонаккорд – терциялық тізбекпен орналасқан, не болмаса орналастыруға болатын бес дыбыстық аккорд. Ол 9 деген белгімен белгіленеді. Нонаккордтың айналымдары өте сирек және жеке-жеке атаулары болмайды. Нонаккордты төрт дауыста бергенде көбінесе квинталық тон түсіп қалады. Ладта нонаккорд бесінші мен екінші сатыларда жиірек көрініс табады.

Кейбір композиторлардың шығармаларында кварталық тізбекпен орналасқан аккордтар, тіпті септаккордтарды да кездестіруге болады. Олардың өзіндік атаулары мен белгілері болмайды.



Тапсырма:

Шығармалардан іздестіріп нонаккорд немесе кварталық гармонияларды табу.



Әдістемелік нұсқаулар:

Егер талдауға таңдаған шығармаңыздың гармониясы көп дыбысты аккордтардың жиірек қолданған түрінде келсе, жұмысыңыз жеңілдейді. Кварталық гармонияларды көріп байқау керек, оларда терциялық тізбектер кездеспейді.



Өзін- өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Қандай аккордты нонаккорд деп атаймыз?

  2. Толық емес нонаккордты қалай аламыз?

  3. Нонаккордтың айналымдары мен белгілері бола ма?

  4. Қандай гармониялар кварталық деп аталады?


7 Қолданылған әдебиеттер

  1. И.Способин. Элементарная музыка. М. 1987.

  2. В.В. Хвостенко. Задачи и упражения по элементарной теории музыки. М. 1973.

  3. В.В.Вахромеев. Элементарная теории музыки. М.1983

  4. Е. Назайкинский. Звуковой мир музыки. М.1988.

  5. Красинская, Уткин. Элементарная теория музыки. М.1984.

  6. Виноградов. Занимательная теория музыки. М.1989.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет