ПОӘК 042-18 32/01-2014 №1 баспа 28. 08. 2014 ж



бет2/4
Дата25.08.2017
өлшемі0,58 Mb.
#25874
1   2   3   4

Акколадаекі немесе одан да көп нота жақтауларын біріктіретін белгі. ( фортепианоға, органға, оркестрге, сүйемелдеумен орындалатын әнге т. б.). Екі немесе одан да көп нота жақтауларына жазылатын аспаптық ( фортепиано, арфа) музыкаға фигуралы акколада пайдаланылады.

Партитура – бірнеше немес өте көп аспаптарға арналған музыканы жазудағы акколаданың орыны ерекше. Симфониялық партитуралардағы әр аспаптар тобының өз акколадасы көрсетіліп, бөлектеніп жазылады.

Шеткі регистрлердің дыбыстарын нотаға түсіру кезінде көптеген қосымша сызықтар жазу қиындығынан құтылуы үшін октаваға төмен, жоғары оқылу белгілері ойлап табылды.



Тапсырма:

Кез – келген бір танымал әнді нотаға бас кілтінде, альт кілтінде, тенор кілтінде жазып, ойнап көріңіз.



Әдістемелік нұсқаулар:

Әнді алдымен скрипка кілтінде жазып алып, содан кейін басқа кілттерге орайын келтіру керек.



Өзін -өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Акколада деген не?

  2. Қандай акколадалар болады?

  3. Аколада неге қажет

  4. Партитура деген не?

  5. Қандай белгі ең төменгі және ең жоғарғы дыбыстардың жазылуын жеңілдетеді

№ 9. Тақырып. Ырғақ және метр. өлшем. Такт. Такт сызығы. Затакт.



Сабақ мақсаты: метр, акцент, ырғақ, такт және такт сызығы деген ұғымдарға түсініктеме бере отырып музыкадағы затактыны ажырата білуге үйрету.

Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері:

Акцент- бір дыбыстың айналасындағы басқа дыбыстардан өзінің қаттылығы мен ерекшеленуі.

Метр – акценттелген және акценттелмеген біркелкі уақыт қиындыларының периодты қайталанбалы тізбегі. Метрдің қалыптасуына қолданылатын акценттер метрлік акценттер деп аталады. Метрлік акценттердің арасындағы уақыт қиындылары біркелкі болып бөлінеді – үлес.

Акценттелген үлес- күшті немесе ауыр үлес деп аталады.

Акценттелмеген үлес- әлсіз немесе жеңіл үлес деп аталады.

Өлшем – метрдің санмен берілуі. Төменгі сан қандай ұзақтықтағы ноталар екендігін білдірсе, жоғарғы сан сол берілген ұзақтықтағы ноталардың неше үлес екендігін білдіреді. өлшем кілт пен кілттік белгілерден кейін қойылады.

Такт - бір ауыр үлестен келесі ауыр үлеске дейінгі аралық. Тактілерді бір – бірінен бөліп тұратын тік сызықты такт сызығы деп атайды.

Затакт –шығарманың тактіге толмайтын әлсіз үлестен басталуы.

Тапсырма:

Акцент, такт, өлшем, затакт, такт сызығы, ауыр, жеңіл үлестерді шығармалардан мысал ретінде тауып көрсету.



Әдістемелік нұсқаулар:

өлшемдерді көбінесе шығарманың басында кілттен кейін іздеу керек және кездескен өлшемдерді жазып алыңыз.



Өзін -өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Метр дген не?

  2. Акцент қалай белгіленеді?

  3. Акцент деген не?

  4. Такт деген не?

  5. Такт сызығы не үшін қажет?

  6. Өлшем деген не?

  7. Өлшемнің үстіңгі саны нені білдіреді?

  8. Өлшемнің төменгі саны нені білдіреді?

  9. Затакт деген не?

№ 10. Тақырып. Жәй метрлер мен өлшемдер. Жәй өлшем тактілріндегі ұзақтықтардың топтастырылуы.



Сабақ мақсаты: топтастырылудың бес ережесін қолдана отырып студенттерге жәй өлшемдер мен метрлер және жәй өлшемдердегі ырғақтық суреттемелерді дұрыс топтастыруға үйрету.

Негізгі сұрақтар мен олардың тезистік берілулері:

Жәй метрлер мен өлшемдер – бір тактіде небәрі бір ауыр, екі жеңіл үлестен аспайтын метрлер мен өлшемдер яғни екі үш үлестік өлшемдер. Үлестер әртүрлі ұзақтықтармен берілуі мүмкін – жартылық, төрттік, сегіздік, кейде бүтін, он алтылықтармен де. Іс жүзінде музыкада бір тактідегі дыбыстар саны метрлік үлес санына әл-қайда асып түседі. Сондықтан бұл дыбыстар метрдің біркелкілік ықпалына бағына отырып, метрлік үлестің ұзақтықтарына сай топтастырылады.

Топтастырылу- такт ішіндегі метрлік топтардың бас қосуы. Топтастырылу нота оқуын жеңілдетуге ықпал етеді.

Жәй тактілердегі топтастырылу ережелері:



  1. Тактіде қанша үлес болса, соншама топ болуы керек.

  2. егер бір тактідегі балық үлестер санына сай ірі ұзақтықтағы дыбыс берілсе , ол бір нотаға жазылады.

  3. егер нотаға қойылғн нүктенің уақыты көрші үлестің уақытына кірсе онда ол нүкте лигамен ауыстырылады.

  4. үзілістер де нотаға ұқсап топтастырылады.

  5. егер тактілердегі ырғақтық бөлінулер тым ұсақ болса, бұлар ұзақтықтары бірдей екі немесе төрт топшаларға бөлінеді.

Тапсырма:

  1. Шығармалардан жәй өлшемдерге мысал қарастырыңыз.

  2. Ноталар жазып ережелерге сай топтастырыңыз.

Әдістемелік нұсқау:

Топтастыру кезінде метрлік топтарды бір- бірінен ажырату басты міндет. Сегіздік, он алтылық, отызекілік ноталардың жалаушалары топтастырылуда бірігіп кетеді.



Өзін- өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Жәй метр деген не?

  2. Жәй екі үлесті метрлерге мысалдар көрсетіңіз?

  3. Қандай жәй үш үлестерді метрлі білесіз?

  4. Топтастырылу не үшін қажет?

  5. Топтастырылудың қандай ережелерін білесіз?

№ 11. Тақырып. Күрделі метрлер мен өлшемдер. Қосалқы күшті үлестер. Күрделі өдшем тактілеріндегі ұзақтықтардың топтастырылуы.



Сабақ мақсаты: Күрделі өлшемдердің пайда болу қажеттілігін көрсете отырып, тактідегі ұзақтықтардың топтастырылу ережесімен танысу және қосалқы күшті үлестерге анықтама беру.

Негізгі сұрақтар жне олардың тезистік берілулері:

Күрделі метрлер мен өлшемдер – екі немесе одан да кқп жәй өлшемдерден құралғандықтан, мұнда акцент саны міндетті түрде біреуден көп болады. Яғни қанша жәй өлшемнен құралса, сонша акцент болады. Күрделі метрлер мен өлшемдер екі үлесті және үш үлесті болуы мүмкін.

Күрделі кеі үлесті метр – екі үлесті жәй метрлердің құралуынан пайда болады. Мысалы: төрт үлестік метр: 4/2 және 4/8 сирегірек кездесе, 4/4- жиі кездеседі. 4/4- өлшемін кейде С әріпімен белгілейді, ал 4/2 – СС.

Күрделі үш үлестік метр- тек үш үлесті жәй метрлердің құралынан пайда болады. Бұлар:

Алты үлестік метр: (3+3) 6/4, 6/8, 6/16;

Тоғыз үлестік метр: (3+3+3) 9/4, 9/8, 9/16;

Он екі үлестік метр: ( 3+3+3+3) 12/4, 12/8, 12/16;

Күрделі тактілерге арналған топтастыру ережесі жәй өлшемдердікіндей, бірақ қосымша екі ереже қосылады:


  1. Күрделіні құрайтын ж»й өлшемдердің топтастырулары бір-біріне тәуелсіз кейде болуы керек.

  2. Бір күрделі тактінің ішіндегі барлық жай өлшемдердің ұзақтығына тең ірі ұзақтықтардың қолданылуына болады.

Тапсырма:

Шығармалардан күрделі өлшемдерге мысал тауып олардың өандай жәй өлшемдерден құралғандарын көрсету.



Әдістемелік нұсқаулар:

Шығармалардағы өлшемдерді ең бірінші тактіден қарастыру керек, егер әрине ауыспалы өлшемдер жолшылай кездеспесе.



Өзін- өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Күрделі өлшемдер не үшін пайда болады?

  2. Күрделі өлшем дегеніміз не?

  3. Күрделі өлшемнің бірінші үлесі қалай аталады?

  4. күрделі өлшемнің бірінші үлесінен басқа күшті үлестерді қалай атайды?

  5. күрделі екі үлесті метр дегеніміз не?

  6. Күрделі үш үлесті метр дегеніміз не?

  7. Күрделі тактілердегі топтастырылуға арналған қандай ережелерді білесіз?

№ 12. Тақырып. Аралас метрлер мен өлшемдер. Аралас өлшем тактілеріндегі ұзақтықтардың топтастырылуы.



Сабақ мақсаты: курделі аралас метрлер мен өлшемдерді пайдалануға және ішіндегі ұзақтықтарды дұрыс топтастыруға үйрету.

Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері:

Күрделі аралас метрлер мен өлшемдер екі немесе оданда көп әртүрлі жәй метрлер мен өлшемдердің қосылуынан пайда болады. Бұлар:

Бес үлестік метрлер (2+3 немесе 3+2): 5/4, 5/8;

Жеті үлестік метрлер (2+2+3 немесе 3+2+2 немесе 2+3+2): 7/4, 7/8;

Сегіз үлестік (3+3+2 немесе 3+2+3 нмесе 2+3+3): 8/8;

Тоғыз үлестік (2+2+2+3 с.с.): 9/8;

Он бір үлестік (2+2+2+2+3 с.с.): 11/4;

Күрделі аралас өлшем тактілеріне күрделі өлшемдеріндегі топтастырылу заңдылықтары жарамды.

Тапсырма:

Шығармалардан мысал ретінде күрделі аралас өлшемдерді тауып, олардың қандай жәй әр-түрлі өлшемдерден құралғандығын көрсету.



Әдістемелік нұсқаулар:

Шығармалардың ішінде ауыспалы өлшемдер көптеп кездесетіндіктен, өлшемнің көрсетілуін тек бастапқы тактіден іздемей, кез келген тұсынан қарастыру керек. Аралас өлшемнің құрамын түсіндіру үшін,ішіндегі топтастыруларға назар аудару керек.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Қандай өлшемдер күрделі аралас өлшемдер деп аталады?

  2. Олар не үшін құралған?

  3. Күрделі аралас өлшем тактісіндегі бірінші үлес қалай аталады?

  4. Күрделі аралас өлшемге біріккен жәй өлшемдердің басқа күшті үлестері қалай аталады?

  5. Күрделі аралас өлшем тактілеріндегі топтастыруларға арналған қандай ережелерді білесіз?

№ 13. Тақырып. Ауыспалы өлшемдер. Синкопа. Вокалдық музыкадағы топтсатырылу. Темп.



Сабақ мақсаты: синкопаға түсініктеме беру, темптердің алуан түрлерімен танысу, вокалдық музыкадағы топтастырылуларды үйрету.

Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері:

Ауыспалы өлшемдер дегеніміз барлық шығарма бойында немесе оның бөлімдеріндегі үлес сандарының әр-қилы өзгеріп отыруы. Егер ауыспалы өлшемдер бір-келкі заңдылықпен ауысып отырса, онда олар бір ақ жерге жазылады.Мыс: 5/8 4/8. Ал белгілі бір заңдылыққа бағынбаса, онда үлес саны ауысқан жерге тиісті белгісі қойылады.

Полиметрия – әр-түрлі метрлердің бір мезгілдегі оқылуы. Бұл уақытта негізгі акценттері сәйкес келуі де, келмеуі де мүмкін.

Затакт – шығарманың толық емес тактіден, яғни әлсіз үлестен басталуы. Мұндай шығармалардың ақырғы тактісі де толықтай аяқталмайды.

Синкопа – ауыр үлестің,алдындағы әлсіз үлеспен бірігіп кетуі.

Вокалдық музыкадағы топтсатырылу кезінде басты назар сөз тіркестеріне, буындарының құрамына аударылады. Буынға келетін жеке ұзақтық, көршілес ұзақтықтармен бір топқа бірікпейді. Ал егер бір буынға бірнеше дыбыс келсе, бұлардың ұзақтықтары ортақ заңдылықтарға сәйкес лига арқылы бір топқа бірігеді.

Темп – метрлік үлестердің пульстік жийіліктері немесе жылдамдық.


Итальян терминдері

айтылуы

мағынасы

Жай жылдамдықтар

Largo

лярго

Кең, созылмалы

Larghetto

ляргэтто

Largo-дан тезірек

Lento

ленто

Жай

Adagio

адажио

Жай

Grave

гравэ

Ауыр

Орташа жылдамдықтар

Andante

андантэ

Асықпай

Andantino

андантино

Andante-дан тезірек

Moderato

модэрато

Орташа

Sostenuto

состэнуто

Ұстамды

Commodo

комодо

Ыңғайлы, сабырлы

Allegretto

аллегретто

Ширағырақ

Тез жылдамдықтар

Allegro

аллегро

Асыға, тез

Vivo

виво

Тез

Vivace

виваче

Тез

Vivacissimo

вивачиссимо

Өте тез

Veloce

велоче

Жылдам, жүгірме

Presto

прэсто

Өте жылдам

Prestissimo

прэстиссимо

Барынша жылдам

Қосымша сөздер

assai

ассаи

Өте, барынша

con moto

кон мото

Тезірек

moderato

модэрато

Орташа

molto

мольто

Өте

non tanto

нон танто

Соншалықты емес

non troppo

нон троппо

Аса емес

poco

поко

Көп емес

possible

поссибиле

Мүмкідігінше

sempre

сэмпрэ

Қашанда, ылғи


Тапсырма:

  1. Әр түрлі темптерге ноталық мысалдар келтіріп олардың маңыздылығын ашу.

  2. Ауыспалы өлшемдерге ноталық мысалдар қарастыру.

Әдістемелік нұсқаулар:

Темптер міндетті түрде шығарманың басына нотаның үстіңгі жағына жазылады, кей жағдайларда басқа бөлімдерде де кездесуі мүмкін және тек итальян тілінде ғана емес, орыс, қазақ, француз тілдерінде де кездесе береді.

Ауыспалы өлшемдер әсіресе қазақ композиторларының шығармаларында көптеп кездеседі.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Қандай өлшемдерді ауыспалы өлшемдер деп атаймыз?

  2. Полиметрия деген не?

  3. Синкопа деген не?

  4. Затакт деген не?

  5. Вокалдық музыка қалай топтастырылады?

  6. Қандай темптерді білесіз?

  7. Темп дегеніміз не?

№ 14. Тақырып. Арақашық (интервал). Арақашықтықтардың сатылық және сапалық биіктіктері. Жәй арақашықтықтар. Диатоникалық арқашықтықтар.



Сабақ мақсаты: арақашықтық, үндестік ұғымдарына түсініктеме беру, олардың мінездемесі , жәй диатоникалық арақашықтықтармен танысу.

Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері:

Арақашықтық деп екі дыбыстың арасын айтамыз. Арақашықтықтың төменгі дыбысы негізі, ал жоғарғы дыбысы шарықтауы болып саналады. Арақашықтықтар берілуіне қарай екіге бөлінеді: Гармониялық және мелодиялық. Гармониялық деп екі дыбыстың бір уақыттағы үндестігін айтсақ, мелодиялық деп екі дыбыстың кезектесе алынуын айтамыз.Арақашықтықтар сатылық биіктіктеріне, естілулеріне қарай әртүрлі болып келеді. Оларды Латын санағымен санаймыз: 1саты- прима, 2 саты- секунда, 3саты- терция, 4саты- кварта, 5саты- квинта, 6саты- секста, 7саты- септима, 8саты- октава.Октава дейінгі арақашықтықтар жәй арақащықтықтар деп аталады.



Сапалық биіктіктеріне қарай да арақашықтықтар әртүрлі болып келеді. Мысалы: прима таза және прима ұлғайтылған т.с.с Бұлар арақашықтықтардың ішіндегі жарты және бүтін тондардың санына байланысты.

Дыбыс қатарының негізі сатыларынан құралған арақашықтықтар негізгі немесе диатоникалық деп аталады.: барлық таза, үлкен, кіші, ұлғайтылған 4 және азайтылған 5.



Тапсырма:

До дыбысынан барлық негізгі арақашықтықтарды құру.



Әдістемелік нұсқаулар:

Арақашықтықтарды құру кезінде ең алдымен олардың сатыларын санап алып, содан кейін сапасын анықтау керек.



Өзін- өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Арақашықтық дегеніміз не?

  2. Қандай арақашықтықтар болады?

  3. Арақашықтықтың төменгі дыбысы қалай аталады?

  4. Жоғарғы дыбысы қалай аталады?

  5. Қандай арақашықтықтар жәй арақашықтықтар деп аталады?

  6. Арақашықтықтар қалай белгіленеді?

  7. Арақашықтықтың сатылық биіктігі дегеніміз не?

  8. арақашықтықтың сапалық биіктігі дегеніміз не?

  9. Қандай арақашықтықтарды жәй және диатоникалық деп атаймыз?

№ 15. Тақырып. Ұлғайтылған және азайтылған арақашықтықтар (хроматикалық). Арақашықтықтардың энгармониялық теңдігі.



Сабақ мақсаты: ұлғайтылған және азайтылған, энгармониялық теңдігі бір арақашықтықтар құруды үйрену.

Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері:

Арақашықтықтар энгармонизмідеп биіктігі бір болғанымен атааулары әртүрлі арақашықтықтарды айтамыз. Ұлғайтылған арақашықтық- сатылық биіктіктері бірдей болғанымен , сапасына қарай таза және үлкен арақашықтықтардан хроматикалық жарты тонға алшағырақ болады. Азайтылған арақашықтық- сатылық биіктіктері бірдей болғанымен, сапасына қарай таза және кіші арақашықтықтардан хроматикалық жарты тонға жақынырақ болады. Примадан басқа арақашықтықтардан барлығы азайтылған бола алады.



Арақашықтықтар айналымы дегеніміз екі дыбыстың біреуі орнында қалып, екіншісі октаваға жоғары нетөмен бір-бірімен орын ауыстыру болып табылады.

Айналым заңдылықтары:



  1. Барлық арақашықтықтар айналмалы екі топқа бөлінеді:

1 2 3 4

8 7 6 5


2. Арақашықтықтар айналымы сапасына қарай тазалардан басқалары бір- біріне қарама – қарсы болып келеді:

Т ---- Т. айналады.

К---- К айналады.

Үлк--- к айналады.

Ұлғ--- аз айналады.

Аз---- ұлғ. Айналады.



Тапсырма:

  1. Ке-келген арақашықтықтың энгармониялық теңдігін табу.

  2. Берілген кіші арақашықтықты үлкен, ұлғайтылған және азайтылған етіп жазу.

  3. Таза арақашықтықты ұлғайтылған және азайтылған етіп жазу.

Әдістемелік нұсқау:

  1. Кез- келген бір арақашықтықты алып астыңғы дыбысын энгармониялық өзгеріске ұшыратыңыз. Сонда сізде қосымша екі арақашықтық пайда болады, одан әрі жоғарғы дыбысын энгармониялық өзгеріске ұшыратыңыз – тағы үш арақашықтық, барлығы тоғызға тарта энгармониялық теңдіктегі арақашықтықтарға қол жеткізесіз.

Өзін- өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Арақашықтық энгармонизмі деген не?

  2. Қандай арақашықтықты ұлғайтылған деп атаймыз?

  3. Қандай арақашықтықты азайтылған деп атаймыз?

  4. Арақашықтық айналымы деген не?

  5. Айналымның қандай заңдылықтарын білесіз?

№ 16. Тақырып. Консонанстық_және_диссонанстық_арақашықтықтар'>Консонанстық және диссонанстық арақашықтықтар.

Сабақ мақсаты: консонанстық және диссонанстық арақашықтықтардың дыбыстық мінездемесін тәжірибе жүзінде меңгеріп, айналымдарын құрып үйрету.

Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері:

Барлық арақашықтықтар естілуін қарай екі топқа бөлінеді: Консонанс ( жағымды естіледі), және диссонанс ( жағымсыздау естіледі).



Тапсырма:

Естіп айыру және екі топқа берілген арақашықтықты бөлу:консонанс, диссонанс.



Әдістемелік нұсқаулар:

Шынайы консонанстарға барлық таза арақашықтықтар, шынайы емес консонанстарға терция, сексталар, диссонанстарға секунда, септима және тритон жатады.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Консонанс, диссонанстарды есту кезінде қандай ой келеді?

  2. Қандай арақашықтықтарды косонансқа жатқызамыз?

  3. Қандай арақашықтықтарды диссонансқа жатқызамыз?

№ 17. Тақырып. Лад және тональдік. Жалпы ұғым. Тұрақты дыбыстар.



Тоника.

Сабақ мақсаты:тоника ладтың негізгі тұрақты дыбысы екендігіне, тональдіктерге, ладтың тұрақты дыбыстарына, жалпы лад үғымына түсініктеме беру.

Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері:

Шығармалардағы музыкалық дыбыстар бір жүйеге бірігіп, бір- бірімен ерекше қатынаста болады. Мұндай жүйелерде діңгек ретінде қолданылатын дыбыстар болады, оларды тұрақты дыбыстар деп атаймыз.

Жүйенің негізгі тұрақты дыбысы тоника деп аталады. Тұрақты дыбыстың тұрақтылығын байқату үшін оған қарама- қарсы қойылатын тұрақсыз дыбыстарда болады. Олар музыкалық ойдың аяқталмағандығын құлаққа анық естілдіріп тұрады.

Лад- тоникасы бар бір- бірімен туыстық негізде бір жүйеге біріккен дыбыстар жиынтығы. Ладтық жүйе барлық октаваларға бірдей тарайды.

Саты- ладтық жүйедегі дыбыс.

Тапсырма:

Музыкалық шығармаларда берілген тұрақты, тұрақсыз дыбыстарды етіп анықтау.



Әдістемелік нұсқаулар:

Көбінесе шығарманың ақырғы дыбысы тоникаға аяқталады, соның қалай естілетінін тыңдаңыз. Дыбыстарды тыңдай отырып қай жерлерінде тұрақсыз, аяқталмай тұрғандығын сезініңіз.



Өзін- өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Лад деген не?

  2. Қандай дыбыстарды тұрақтыға жатқызамыз?

  3. Қай дыбыс тоника деп аталады?

  4. Саты деген не?

№ 18. Тақырып. Тұрақсыз сатылар және олардың шешілулері.



Сабақ мақсаты: ладтағы тұрақсыз дыбыстарға мінездеме беріп, олардың дұрыс шешілу заңдылықтарын үйрету.

Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері:

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет