ПОӘК 042-18-38-27/02-2013 №1 басылым 05. 09. 2013ж


Лекция №11. Айнымалы тоқ тізбегіндегі резонанстық құбылыстар. Кернеулер резонансы. Тоқтар резонансы. Жиіліктік сипаттамалар



бет13/14
Дата27.08.2017
өлшемі1,77 Mb.
#29921
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Лекция №11. Айнымалы тоқ тізбегіндегі резонанстық құбылыстар. Кернеулер резонансы. Тоқтар резонансы. Жиіліктік сипаттамалар
10.1. Айнымалы тоқ тізбегіндегі резонанстық құбылыстар.

Кернеулер резонансы. Тоқтар резонансы

Тармақталмаған тізбек (10–1 сурет) үшін Ом заңы мына түрде болады.

Резонанс жағдайында индуктивтілік пен сыйымдылықтағы кернеу тең. Мұндай жағдайдың векторлық диаграммасы 10–2 суретте келтірілген.


Кернеулер резонансы кезінде тізбектің толқындық өткізгіштігі () түсінігі қолданылады

және реактивті элементтері бар тармақтардағы тоқтар тізбектің тармақталмаған бөлігіндегі тоқтан неше есе артық екенін көрсетеді. Резонанстық қисықтар 10–7 суретте келтірілген.

Тізбектің тармақталмаған бөлігіндегі тоқ резонанс кезінде ең аз мәнге ие болады, ал қуат коэффициенті 1 – ге тең.

Лекция №12. Сызықты емес тізбек. Айнымалы тоқтың магниттік тізбектері. Индуктивті байланысқан тізбектер

Катушка қысқаштарындағы синусоидалы кернеу синусоидалы магнит ағынын тудырады. Катушкадағы тоқ ағынмен магниттелу қисығынқайталайтын тәуелділігі арқылы байланысқан.



Осы қисықтарды қолдана отырып, катушкадағы тоқтың уақытқа тәуелділігін график түрінде құруға болады (сурет). Оның бірнеше ерекшеліктері бар:

  • қисық синусоидалы сипатта емес;

  • тоқ экстремумдары магнит ағынының экстремумдарымен сәйкес келеді;

  • нөлдік фазада тоқ қисығы гистерезис әсерінен магнит ағынының қисығын озып кетеді.

Өзекшені магниттейтін синусоидалы емес тоқ

  • әсерлі мәні нақты тоқтың әсерлі мәніне тең болатын;

  • магнит ағыны векторынан магниттік кешігу бұрышына озып кететін тоқ векторы бар

синусоидалы тоққа теңеледі.
Лекция №13. Коммутация заңдары. Үшфазалы электр тізбектері. Анықтамалар. Жұлдыз тәрізді қосу. Үшбұрыш тәрізді қосу

13.1. Үшфазалы электр тізбектері. Анықтамалар

Электр энергиясын тасу кезінде және оны техникада қолдану тиімділігін сақтау мақсатында қоректендіру көздері тәуелсіз бірқатар тізбектерді бір жүйеге біріктіреді. Үш фазалы және алты фазалы тізбектер кеңінен қолданылады.

Үшфазалы жүйені ХІХ ғасырдың аяғында алғаш жасаған және енгізген М.О.Доливо-Добровольский. Үш фазалы жүйедегі энергия көзі генератордың үш орамасы болып табылады. Орамалар периодтың үштен біріне ығысқан айнымалы ЭҚК – ті индукциялайтын етіп жатқызылады.



Үшфазалы электр тізбегі – бұл амплитудасы мен жиілігі бірдей синусоидалы ЭҚК-і бар үш электр тізбегінің жиынтығы. ЭҚК фаза бойынша периодтың үштен біріне ығысқан.

Бұл ЭҚК-тер бір қоректендіру көзінен алынады.



Фаза деп бір жүйеге біріктірілген қоректендіру көздері тәуелсіз болатын тәуелсіз электр тізбектерін айтады.

Фаза деп біріге алатын қоректендіру көздері тәуелсіз әрбір тізбекті айтады.

Фаза деп біріге алатын әрбір тізбектегі электр энергиясының қабылдағыштарын айтады.

шфазалы жүйенің анықтамасы бойынша фазалық ЭҚК-тердің лездік мәндері:

Барлық фазалар бойынша бірдей шарттары бар (комплексті кедергісі мен ЭҚК амплитудалары тең) үш фазалы жүйе симметриялы деп аталады.
13.2. Жұлдыз тәрізді қосу

Үш тәуелсіз тізбекті генератор орамасының фазасы және қабылдағыштар фазасының ұштары екі түйін құрайтындай етіп біріктіруге болады. Мұндай біріктіру жұлдыз тәрізді қосу деп аталады.



Екі түйінді қосатын тоқ өткізгіш сымды нейтраль деп атайды. Ал басқа тоқ өткізгіш сымдар (, , ) сызықты деп аталады. Генератор фазаларының (немесе жүктемелерінің) қысқаштарындағы кернеу фазалық кернеу деп аталады. Фазалар орамасындағы немесе фазалық жүктемелердегі тоқ – бұл фазалық тоқ. Сызықты тоқ өткізгіш сымдар арасындағы кернеу – сызықтық кернеу. Сызықты тоқ өткізгіш сымдардағы тоқтар сызықты тоқтар деп аталады.
13.3. Үшбұрыш тәрізді қосу

Генератор орамасы мен жүктемелерді суретте көрсетілгендей етіп біріктіруге болады. Мұндай қосылу үшбұрыш тәрізді қосу деп аталады. Бұл жағдайда тізбек үш өткізгішті болады.

Үшбұрыш тәрізді қосу схемасынан

яғни үшбұрыш тәрізді қосу кезінде сызықты кернеу барлық уақытта фазалық кернеу болып табылады.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет