Бұл функцияның шешімін табуға көптеген физиктер ат салысты, оны Рэлей мен Джинс тапқан:
Сондықтан бұл Рэлей - Джинс заңы деп аталады. Ұзын толқындар үшін, Рэлей - Джинс формуласы эксперимент қорытындысымен үйлесіп кетеді де, қысқа толқындар кезінде экспериментпен Рэлей - Джинс формуласы дәл келмейді. Ультракүлгін сәулелер үшін бұл заң ешқандай физикалық мәнге ие болмайды. Бұ «ультракүлгіндік апат» деп аталады. Сонымен классикалық физика заңдары маңызды эксперимент фактілерін теориялық тұрғыдан дәлелдеп бере алмады, бұл дағдарыстан шығудың жолын 1900 жылы М. Планк тапты. Ол жарық дискретті, бөлек-бөлек порциялармен шығарылады және жұтылады деп есептеді. Жарық кванттан (фотоннан) тұрады дегенді ұсынды. Фотонның энергиясы, массасы және импульсы болады.