ПОӘК 042-18. 38. 44/01-2013.№1 баспа 2013 ж


Екі жіңішке саңылаулардан шығатын сәулелердің интерференциясын зерттеу



бет46/46
Дата18.02.2017
өлшемі4,6 Mb.
#10360
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46

12 Екі жіңішке саңылаулардан шығатын сәулелердің интерференциясын зерттеу


Жұмыстың мақсаты: Юнг тәжірибесінің көмегімен жарықтың екі сәулелік интерференциясын зерттеу.

Зертханалық жұмыстың әдістемелік нұсқауына сәйкес өлшеулер жүргізіп,төмендегі сұрақтарға жауап беру:



  • Егер интерференцияны бірдей қашықтықта орналасқан үш саңылаудан байқайтын болсақ, монитордан қандай бейне көрінеді?

  • Толқын ұзындықтары 0.5 мкм тең ультра дыбыс толқындары интерференцияланатын болса интерференциялық бейне қалай өзгереді?

  • Егер 1) жарықтандырғыштың интенсивтігін ұлғайтса; 2) бір саңылаудың ені екінші саңылаудікінен артық болса; 3) бір саңылаудың мөлдірлігі екінші саңылаудікінен аз болса интерференциялық максимумдердің арасындағы қашықтық өзгереді ме?

«Оптика» пәні бойынша практикалық тапсырмаларды дайындау және орындауға арналған әдістемелік нұсқау

Машықтану сабақтарын жүргізудегі мақсат теориялық матриалдырды бекіту, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру. «Оптика» пәні бойынша есептер шығаруды төмендегі ретпен жүгізу ұсынылады:



  • тақырып бойынша теориялық материалды оқу;

  • есеп шығару процесінде мазмұнын терең түсініп, оған байланысты құбылыстарды білумен қатар есепті шығарудың қарапаыйым да түсінікті жолдары іздестіріледі;

  • есептің мазмұнына сәйкес шығарылу жолдарына түсініктеме беретін схемалар, графиктер салынып, электр тізбегі құрастырылады;

  • есептің шарты қықаша жазырып, физикалық шамалардың өлшеу бірліктері БХЖ өрнектеледі;

  • физикалық тұрақтылардың мәндері сәйкес таблицалардан жазылып алынады;

  • шығару жолдарына қысқаша түсініктеме жазылады;

  • ізделіп отырған шама жалпы түрде шығарылады, яғни әуелі жұмыс формуласы қортылып, одан кейін формуланың дұрыстығы тексеріледі;

  • формуланың дұрыстығын тексеру үшін шамалардың бірліктері негізгі бірліктер арқылы өрнектеліп жазылады да теңдіктің екі жағының өлшем бірліктерінің дәл келуі анықталады;

  • шамалардың сан мәндері формулаға қойылып ,есептеулер жүргізіледі;

алынған шаманың дұрыстығы, олардың эксеримент нәтжелерімен үйлесуі анықталады;

Көрсетілген әдебиеттер мен әдістемелік нұсқауларды қолданып курстың жеке тақырыптары бойынша есептер шығару мысалдары қарастырылады:



Тақырып: Фотометриялық шамаларды есептеу

Сабақтың мақсаты: Жарықтың техникалық және энергетикалық шамаларының арасындағы байланысты талдау. Жарық көздерінің фотометриялық шамаларын есептеу мысалдарын қарастыру.

Тақырып бойынша есеп шығаруға қажет болатын төмендегі теориялық сұрақтарды қайталау:



  • Жарық ағыны,жарық энергиясы.Оларды өлшеу бірліктері;

  • Жарық күші,жарықталыну;

  • Жарқырау,жарықтылық;

  • Жарық бірліктері;

  • Жарық шамаларын өлшеу;

Тақырып бойынша есептер шығару мысалдары қарастырылады: 15.53; 15.55; 15.57; 15.59; 15.61; 15.63; 15.65; 15.67; 15.69; (Волькенштейн В.С. Жалпы физика курсының есептер жинағы, Алматы:, «Мектеп», 1977 ж.)
Тақырып: Жарық интерференциясы

Сабақтың мақсаты: интерференция тақырыбы бойынша есептер шығару дағдысын қалыптастыру, білімді бекіту.

Төмендегі теориялық сұрақтарды оқып-білу:



  • когерент толқындар деп қандай тоқындарды айтады?

  • когерент көздер деген не?

  • Френель және Юнг тәжрибелерін сипаттаңыздар;

  • жолың оптикалық ұзындығы деген не?

  • интерференция мөлдір жұқа пластикада шағылған жарықта бақыланған кезде жарықтың күшею шарты;

  • интерференция мөлдір жұқа пластикада шағылған жарықта бақыланған кезде жарықтың әлсіреу шарты;

  • бірдей қалыңдық жолақтары деген не?

  • Ньютон сақиналары денен не?

  • Ньютон сақиналарында орталық дақ қай кезде жарық болады?

  • Интерференция мөлдір жұқа пластикада өткінші жарықта бақыланған кезде жарықтың күшею және әлсіреу шарттары;

  • бірдей көлбеулік жолақтары деген не?

Есептерді шығару жолдарын қарастыру: 16.4; 16.6; 16.8; 16.10; 16.12; 16.14; 16.4; 16.4; 16.4; (Волькенштейн В.С. Жалпы физика курсының есептер жинағы, Алматы:, «Мектеп», 1977 ж.)

Тақырып: Жарық дифракциясы

Сабақтың мақсаты:Френельдің зоналар әдісін дифракцияны есептеуде қолдану дағдысын қалыптастыру, білімді бекіту. Қорытқы амплитуда мәнін графиктік жолмен есептеу. Френель әдісін қарапайым дифракциялық құбылыстарға пайдалану әдістерімен таныстыру.

Төмендегі теориялық сұрақтарды оқып-білу:



  • Гйюгенс–Френель принципін тұжырымдаңыздар;

  • Френельдің зоналар әдісінің мағнасы неде?

  • Френель зонасының ауданын есептеу формуласын жаз;

  • Френель зонасының радиусы есептеу формуласын жаз;

  • Френель және Фраунгофер дифракциялары деген не?

  • дифракциялық спектр мен призмалық спекртдің айырмашылықтарын түсіндіріңіздер;

  • дифракциялық торың дисперсиясы мен ажырату қаблеті деген ен?

Есептерді шығару жолдарын қарастыру: №№16.53; 16.54; 16.55; 16.56; 16.57; (Волькенштейн В.С. Жалпы физика курсының есептер жинағы, Алматы:, «Мектеп», 1977 ж.)

Тақырып: Оптикалық жүйелер

Сабақтың мақсаты: студенттерге жарықтың линзада сынуы,жұқа линзадағы кескін алуды, оптикалық жүйелерде жарық шоғын шектеу құбылыстарын есептер шығару жолымен меңгерту.

Тақырып бойынша есеп шығаруға қажет болатын төмендегі теориялық сұрақтарды қайталау:



  • жұқа линзалар, оның формуласы, оптикалық күші;

  • Ньютон формуласы;

  • Аббе инварианттары деген не?

  • Лагранж-Гельмгольц теоремасын түсіндір;

  • Жарықтың сфералық бетте шағылуы мен сынуы;

  • оптикалық құралдардың сипаттамалары, олардың ажратқыштық қаблеті;

Есептерді шығару жолдарын қарастыру: №№16.53; 16.54; 16.55; 16.56; 16.57; (Волькенштейн В.С. Жалпы физика курсының есептер жинағы, Алматы:, «Мектеп», 1977 ж.)

Тақырып: Жарықтың изотропты және анизотропты орталарда таралуы

Сабақтың мақсаты: Екі диэлектрлік ортаны бөлуші шекарада электромагниттік толқынның шағылуы мен сыну құбылыстарын талдау.

Тақырып бойынша есеп шығаруға қажет болатын төмендегі теориялық сұрақтарды қайталау:

- Электромагнитгік толқындардың заттармен әсерлесуі.

- Ортаның электрлік және оптикалық қасиеттері.

- Электр диполінің жарық шығаруы.



Есептерді шығару жолдарын қарастыру: Цедрик М.С. Сборник задач по курсу общей физики. №№ 28.1; 28.12;
Тақырып: Жарық поляризациясы

Сабақтың мақсаты: Жарық поляризациясы. Поляризаторлар. Электромагнитгік толқынның анизотроптық ортада таралуы. Толқыңдар беті және нормальдар беті. Бір осьті кристалддардың оптикалық қасиеттері сұрақтарын талдап, бекіту.

Тақырып бойынша есеп шығаруға қажет болатын төмендегі теориялық сұрақтарды қайталау:



  • табиғи және поляризацияланған жарық деген не?

  • Малюс заңының өрнегін жазып, оны түсіндір;

  • анализатордан өткен жарық интенсивтігінің максимал және минимал болу шарттарын көрсет;

  • кәдімгі және ерекше сәулелер деген не?

  • Николь призмасындағы сәулелер жолы;

Есептерді шығару жолдарын қарастыру:16.58; 16.58; 16.60; 16.62; 16.64; 16.66; (Волькенштейн В.С. Жалпы физика курсының есептер жинағы, Алматы:, «Мектеп», 1977 ж.)

Тақырып: Жарықтың дисперсиясы, жұтылуы және шашырауы

Сабақтың мақсаты: жарық дисперсиясын бақылау әдістерімен таныстыру. Жарықтың фазалық және топтық жылдамдықтары тақырыбына есептер шығару. Дисперсия теңдеуі, қалыпты және аномальды дисперсия құбылыстарын , жарықтың жұтылуын сипаттайтын шамаладры талдау.

Тақырып бойынша есеп шығаруға қажет болатын төмендегі теориялық сұрақтарды қайталау:



  • спектр деген не?

  • призмадан өткен жарықтың ауытқуын сипаттайтын шаманың формаласын жаз;

  • монохромат сәуле деген не?

  • фазалық және топтық жылдамдықтар деген не?

  • жұтылу коэффициентінің физикалық мағнасы қандай?

  • лайқа ортада жарықтың шашарау құбылысының механизмін түсіндір;

Есептерді шығару жолдарын қарастыру: Цедрик М.С. Сборник задач по курсу общей физики. №№ 29.12; 29.13; 29.14; 29.15; 29.16;

Тақырып: Жылулық сәуле шығару заңдары

Сабақтың мақсаты: Жылулық сәуле шығару заңдарына есеп шығаруды меңгерту

Тақырып бойынша есеп шығаруға қажет болатын төмендегі теориялық сұрақтарды қайталау:



  • абсолют қара дене деп қандай денені айтамыз?

  • Кирхгоф заңын тұжырымдаңыз;

  • Сәуле шығарудың Стефан-Больцман және Виннің ығысу заңының өрнектерін жазыңыз;

  • Планк гипотезасының мәні неде?

- Рэлей-Джинс формуласының мәнін түсіндіріңіз;

  • жарық кванттары деген не?

  • «ультракүлгіндік апат» деген не?

Есептерді шығару жолдарын қарастыру: Волькенштейн В.С. Жалпы физика курсының есептер жинағы. №№ 18.18; 18.19; 18.20; 18.21; 18.22;

Тақырып: Фотоэффект заңдары. Жарық қысымы. Комптон эффекті

Сабақтың мақсаты:Фотоэлектрлік эффект заңдарын қолдану әдістерін үйрену.Төмендегі теориялық сұрақтарды оқып-білу:

  • маталдан бөлініп шығатын фотоэлектрондардың саны қандай шамаға тәуелді болады?

  • фотоэлектрондардың жылдамдығы қандай шамаға тәуелді болады?

  • сыртқы фотоэффект деген не?

  • Эйнштейн теңдеуін жаз; Мағнасын түсіндіріңіз;

  • Жарықтың кванттық қасиеттер туралы айтып беріңіз;

  • Жарық қысымы қалай пайда болады?

  • Комптон құбылысын түсіндіріңіз;

  • Комптон эффектісінде шашыраған сәулелердің толқын ұзындықтар айырымы негебайланысты өзгереді?

  • фотонның импульсінің, энергиясының, массасының формуласын жазыңыз;

Есептерді шығару жолдарын қарастыру: Волькенштейн В.С. Жалпы физика курсының есептер жинағы. № 19,20; 19.21; 19.31; 19.32; 19.33;

Тақырып: Қозғалыстағы денелермен жасалынған оптикалық тәжірбиелер. Физо мен Майкельсон тәжірибелері. Оптикадағы Доплер құбылысы .

Сабақтың мақсаты: Қозғалыстағы денелермен жасалынған оптикалық тәжірбиелердің сипаттап, мазмұнын түсіндіру

Тақырып бойынша есеп шығаруға қажет болатын төмендегі теориялық сұрақтарды қайталау:



  • жарық жылдамдығын өлшеу әдістері;

  • жарықтың фазалық және топтық жылдамдықтары;

  • Доплер құбылысы;

  • Физо тәжрибесі;

  • Майкельсон тәжрибесі;

Есептерді шығару жолдарын қарастыру: Волькенштейн В.С Жалпы физика курсының есептер жинағы..№ 16.1; 16.2; 16.3;

4. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

1. Классикалық интерференциялық тәжірибелер.

2. Кеңістіктік когоренттілік. Жарық көзінің өлшем шамасының әсері.

3. Жамен және Рожденственский интерферометрі.

4. Майкельсон интерферометрі.

5. Фабри-Перо эталоны немесе интерферометрі.

6. Тұрғын жарық толқыны.

7. Ойыс шағылдырғыш тор.

8. Телескоп пен микроскоптың ажыратқыш қабілеті.

9. Жұлдыздардың бұрыштық диаметрлерін өлшеу.

10.Екі осьті кристалдық торлар.

11.Кеердің электростатикалық эффектісі.

12.Лазердің жұмыс істеу принципі. Рубиндік лазер.

13.Зееман эффектісі.

14.Жылулық сәуле шығару.



15. Поляризациялайтын қондырғылар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет