Фотометриядеп—оптиканың жарық толқындарының толқын ұзындықтары 380 нм-ден 760 нм аралығында тасымалдайтын энергиясын өлшейтін және оның адам көзіне тигізетін әсерін зерттейтін саласын айтады. Жарық толқындары тасымалдайтын энергияны екі тұрғыдан бағалауға болады:
Фотометрияның энергетикалық шамалары. 1 бірлік уақыт ішінде S аудан арқылы өтетін жарық энергиясының мөлшерін жарықағыны деп атайды, яғни:
мұндағы Ф–жарық ағыны, W жарық энергиясының мөлшері, t-уақыт. Сәулелену шоғының өлшемі — ватт (Вт). Энергетикалық жарқырау (сәулеленгіштік)Re — жарқырау дегеніміз бет шығаратын сәуле ағынының осы ағын өтетін беттің қимасының S ауданына қатынасына тең шама. ( беттік сәуле ағынының тығыздығы ) Энергетикалық жарқыраудың өлшем бірлігі – (Вт/м2).
жарықтың энергетикалық күші (сәулелену күші) Ie —нүктелік көздің сәулелену ағынының осы шоқтар тарайтын ω денелік бұрышқа қатынасына тең шама. Жарықтың энергетикалық күшінің –ваттың стерадианға қатынасы (Вт/ср).