ПОӘК 042-18-38-57/03-2014 №1 басылым 05. 09. 2014ж



бет15/23
Дата26.08.2017
өлшемі3,08 Mb.
#28958
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23

10.3. Гамма-сәулелену

Гамма-сәулелену энергиясы ядролардың қозған энергетикалық күйден


негізгі немесе аздау қоздырылған күйге өткен кезде, сондай-ак ядролық реакциялар кезінде шығарылатын қатаң электромагниттік сәулелену болып табылады.

γ-сәулелену радиоактивтіліктің өздігінен шыгарылмайтын типі. Ол α- жэне β-ыдырауларда ілесе жүреді және ядролардың заряды мен массалык санының өзгеруін тудырмайды. γ-сәуле тума ядродан (аналык ядродан емес) шығарылады жэне өзінің түзілу мезетінде қоздырылған күйде болады. Ядроның коздырылған күйінен негізгіге өтуі шамамен 10-13 ÷10-14 с уақытта өтеді, бұл коздырылған атомның омір сүру уакытынан (10-8 с) едәуір аз.

γ-сәулелену спектрі сызықты болып табылады, бүл атом ядроларының энергетикалык күйлерінің дискреттілігін дәлелдейді.

γ-сәуле өте кысқа толкынды болғандыктан, оның толқындык касиеті әлсіз байкалады, ал корпускулалык касиеті айкын корінеді. Сондыктан γ- сәулеленуді γ-квант бөлшектерінің ағыны ретінде қарастырады.

γ-кванттар нөлдік тыныштык массасына ие бола отырып ортада баяулай алмайды, сондықтан γ-сәуле заттан өткен кезде не онда жүтылады, не одан шашырайды.

γ-сәуле заттан өткен кезде ілесе жүретін негізгі процестер:



фотоэффект немесе γ-сәуленің фотоэлектрлік жұтылуы - атомның γ-квантты жүту салдарынан ішкі электрондык кабыкшасынан электронды және сонымен бірге сипаттамалык рентген сәулесін шығаруы. Фотоэффектіде γ-кванттың энергиясы аз аймактарында Е < 100 кэВ жұту механизмі басым.

  • Комптон-эффект (комптондык шашырау) Е ≈ 500 кэВ

энергияларда γ-кванттың затпен әсерлесуінің негізгі механизмі болып табылады.

- Электронды-позитронды жұптың тузілуіу > 1,02 МэВ = 2тес2)

Еу > 10 МэВ энергияларда γ-кванттың затпен әсерлесуінің негізгі процесі болып табылады.

Егер γ-квант энергиясы ядродағы нуклондардың байланыс энергиясынан (7 ÷ 8 МэВ) артық болса, онда γ-кванттың жүтылу нәтижесінде ядролық фотоэффект - нуклонның біреуін, көбіне нейтронды ядродан шығарып тастауы байқалады.


11-дәріс. Ядролық физиканың эксперименталдық әдістері. Ядролық сәулелерді тіркеу әдістері: Гейгер-Мюллер санауышы, сцинтилляциялык әдіс, пропорциональдық санауыш, көбікшелі камера, Вильсон камерасы, фотоэмульсия әдісі, зарядталған бөлшектердің үдеткіштері.


11.1. Радиоактивті сәулелер мен бөлшектерді тіркеуге арналған аспаитар
Радиоактивті сәулелер мен бөлшектерді тіркеу жэне байқау олардың иондалу жэне орта атомдарын коздыру кабілетіне негізделген.

Сцинтилляциялы санауыш - негізгі элементтері сцинтиллятор (өзіне түскен бөлшектерді жарық жарқылына сәулелендіретін - кристаллофосфор,) жэне әлсіз жарықтың жарқылын электрлік импульске түрлендіруге мүмкіндік беретін, фотоэлектронды кобейткіш болып табылатын ядролық бөлшектердің детекторы. Түрленген электрлік импульстер электрондык аппаратурамен тіркеледі.

Иондаушы санауыш - газбен толтырылған электрлік конденсаторлар - зарядталған болшектердің газдың иондалуын тудыратын қабілетіне және сол электр өрісінде ионизаңия өнімдерін бөлуге негізделген.

Егер санауыш бөлшектердің тікелей әсерінен түзілген иондарды тіркейтін болса, онда мүндай санауыш импульсті иондаушы камера деп аталады.



Алғашқы иондардың газ атомдары мен молекулаларына соқтығысуына және нәтижесінде газда разряд тудыруға негізделген екінші ретті иондалу маңызды роль аткаратын санауыштар

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет