ПОӘК 042-18 89/02-2015 2015 ж. №1 басылым



Дата20.06.2018
өлшемі168,5 Kb.
#43471

ПОӘК 042-18-6.1.89/02-2015

«__» ________ 2015 ж. №1 басылым

13 беттің беті




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 денгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-6.1.89/02-2015



ПОӘК

Студенттерге арналған «Кәсіби қазақ тілі» пәннің бағдарламасы


«__» ________ 2015 ж.

№___ басылым



ПӘННІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Кәсіби қазақ тілі»

5В072300 – «Техникалық физика» мамандығы үшін
СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей

2015

Алғы сөз
1 ӘЗІРЛЕГЕН
Құрастырушылар
_______ «___»________ 2015 ж. Касымов А.Б.,

«Техникалық физика және жылуэнергетика» кафедрасының аға оқытушысы

_______ «___»________ 2015 ж. Саганаева Г.Б.,

«Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты


2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 «Техникалық физика және жылуэнергетика» кафедрасының отырысында.

«__» ________ 2015 ж., № __ хаттама.
Кафедра меңгерушісі ___________ О. Степанова
2.2 Инженерлік - технологиялық факультеттің оқу-әдістемелік бюро отырысында

«__» ________ 2015 ж., № __ хаттама.


Төрайымы ______________ С. Толеубекова
3 БЕКІТІЛГЕН

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында қабылданған және баспадан шығаруға кеңес берді.

«__» _________ 2015 ж., № __ хаттама.
ОӘК төрайымы, бірінші проректор __________ Г. Искакова

4. АЛҒАШҚЫ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН.



Мазмұны


1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 4


1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 Оқытушы және пән бойынша жалпы мәліметтер


Оқытушылар:
Касымов Аскар Багдатович, аға оқытушы.

Кафедра – Техникалық физика және жылуэнергетикасы.


Саганаева Гульнур Бейсембаевна, аға оқытушы, ф.ғ.к.

Кафедра – Қазақ тілі және әдебиеті.


Байланыс ақпараты – тел: 35-46-02, №9 ғимарат, №201 кабинет.

Сабақты өткізу орны – дәрісхана № 203



Берілген пән бойынша кредиттер саны – 2.
1.2 Пәннің мазмұның қыскаша сипаттау

«Кәсіби қазақ тілі» курсы студенттерге оқу үрдісінде, өндіріс орындарында болашақ мамандықтары бойынша кәсіби қатынаста қолдануға қажетті білім, білік-дағдыны меңгертуге бағытталған. Берілген курс болашақ техникалық сала мамандарының қазақша ойлауын дамытуға, кәсіби салада сауатты сойлесу әдебі мен мәдениетінің деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.


1.3 Пәнді оқытудың мақсаты:

«Кәсіби қазақ тілі» пәнің оқыту мақсаты – техникалық жоғары оқу орындарының 5В072300 – «Техникалық физика» мамандығына оқитын студенттерінің мәдениетаралық және кәсіби қарым-қатынастық құзіреттілігін базалық стандарттың деңгейіне қалыптастыру болып табылады.

1.4 Пәнді оқудың негізгі міндеттері:

- мамандық саласы бойынша жиі кездесетін лексиканы, ғылыми терминдерді, күрделі синтаксистік құрылымдарды сөйлеу тілінде қолдануға үйрету;

- нақты мамандығы бойынша мәтіндерді, нұсқау қағаздарды оқып түсінуге үйрету;

- радио, теледидардан берілген немесе біреудің баяндаған мәліметін тыңдап түсіну, машығын қалыптастыру;

- кәсіби бағдарлы құжаттарды, хабарламаларды сауатты, дұрыс жазу, аудару қабілетін қалыптастыру;

- әртүрлі стильде жазылған мәтін, мамандықтарына қатысты еңбектер мен ғылыми зерттеулерді оқып, негізгі ақпараттарды ала білу дағдысын қалыптастыру;

- ауызекі сөйлеу стилі, көркем әдеби стиль, пулицистикалық, ғылыми стильдердің, сондай-ақ кәсіби тілдің қолдану жағдайларын айыра білуге үйрету;

- мамандығы бойынша ғылыми мақала, баяндама жазуға және ғылыми еңбектерге пікір беруге машықтандыру;

- кәсіби сөйлеу жағдаяттарында мамандығы туралы өз ойын еркін айту, пікір алмасу, әңгімені қолдау т.б. дағдыларын қалыптастыру.
1.5 Оқыту нәтижелері:

Оқып-білудің нәтижесінде студент мыналарды:



білуі қажет:

- кәсіби ұғымдар мен терминдердің ара жігін ажырата;



меңгеруі қажет:

- ғылыми-техникалық мәтінге аңдатпа жаза білуді;



игере білуі керек:

- кәсіби мәтіннен ақпаратты алу, оны талдауы;



істеу білуі керек:

- мәтінге мазмұндық-линвистикалық талдау;



түсіне білуі керек:

- ғылым және техниканың нақты тілін түсініп, ғылыми-техникалық терминдерді әңгіме барысында сауатты қолдану;



болуы керек:

- ғылыми мәтіндерге сай күрделі грамматикалық конструкциялар туралы түсінік;



ие болу керек:

- мәтінді ана тіліне ауызша және жазбаша түрде аудару қабілетіне.


1.6 Курстың пререквизиттері:

- Қазақ тілі;

- Физика I;

- Физика II.


1.7 Курстың постреквизиттері:

- Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуге үйрету.


2 САБАҚТАР ТҮРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ПӘН САҒАТТАРЫНЫҢ БӨЛІНУІ ЖӘНЕ ПӘН МАЗМҰНЫ
Сабақтар түріне байланысты пән сағаттарының бөлінуі және пән мазмұны 1 кесте көрсетілген.
1 кесте - Пәннің мазмұны. Сабак түрлері бойынша сағаттарды бөлу


№ тақырып

Тақырыптардың атауы

Сағаттар саны

Әдебиеттер


Д

ТС

ЗС

ОСӨЖ

СӨЖ

1

2

3

4

5

6

7

8

Микромодуль 1. Техникалық физика мамандығы

1

Кәсіби мәтіннің құрылымдық – мағыналық бөлінуі. Лексикалық тақырыптар: Техникалық қазақ тілі өндіріс тілі. Инженерлік кәсіптік техникалық білім беру.




2




1




7.1.1 – 7.1.14

7.2.1 – 7.2.10



2

Кәсіби мәтіннің қатысымдық міндеттері. Лексикалық тақырыптар: Техникалық физика мамандығы. Ғалам және техникалық физика.




2




1




7.1.1 – 7.1.14

7.2.1 – 7.2.10



3

Кәсіби мәтіндегі бұрын берілген және жаңа ақпарат. Лексикалық тақырыптар:Физика және табиғат байланысы. Техникалық физика жетістіктері.




2




1




7.1.1 – 7.1.14

7.2.1 – 7.2.10



4

Кәсіби мәтіндегі сөйлемнің өзіндік орны. Лексикалық тақырыптар: Ғарышты, ядролық қаруды бейбітшілік бағытта игеру. Қазақстанның индустриалдық ̶̵ инновациялық бағдарламасы.




2




1




7.1.1 – 7.1.14

7.2.1 – 7.2.10



5

Кәсіби мәтін прогрессиясы ̶ оның көлемін ұлғайту, ақпаратты кеңейту тәсілі ретінде. Лексикалық тақырыптар: Техника ғылымының дамуына үлес қосқан әлемдік ғалымдар. Әлемдік және отандық техника ғылымының дамуына үлес қосқан Қазақстандық ғалымдар.




2




1

10

7.1.1 – 7.1.14

7.2.1 – 7.2.10



6

Кәсіби мәтіндегі ақпараттың даму тәсілі. Лексикалық тақырыптар:Техникалық физика және технологиялар. Ғаламдандыру ғасырындағы техникалық физика.




2




1

10

7.1.1 – 7.1.14

7.2.1 – 7.2.10



7

Тілдегі ғылыми ̶ техникалық стиль, оның өзіндік ерекшелігі. Лексикалық тақырыптар: Техникалық физика және қоршаған орта. Жылудың адам өміріндегі мәні.




2




1




7.1.1 – 7.1.14

7.2.1 – 7.2.10



Микромодуль 2. Ғылыми ̶ техникалық стильдегі кәсіби мәтіндер

8

Ғылыми ̶ техникалық стильдегі кәсіби мәтіндер. Лексикалық тақырыптар: Жарық көздерін бақылау құралдары. Физика ғылымының техника мен жаңа технологиялардың пайда болуы мен дамуында атқаратын рөлі.




2




1




7.1.1 – 7.1.14

7.2.1 – 7.2.10



9

Ғылыми ̶ техникалық стильдегі кәсіби мәтіндер, олардың түрлері, өзіндік ерекшеліктері және олардың сипаттамалары. Лексикалық тақырыптар: Физикалық модельдер. Термодинамика және молекула кинетикалық теория.




2




1




7.1.1 – 7.1.14

7.2.1 – 7.2.10



10

Тілдегі ғылыми ̶ техникалық стиль лексикасы. Лексикалық тақырыптар:Техникалық физика және ғарыш. Ғарыштық техника және технологиялар.




2




1




7.1.1 – 7.1.14

7.2.1 – 7.2.10



11

Қазақ тілінің терминологиялық лексикасы. Лексикалық тақырыптар: Кванттық физика және ядролық физика. Ядролық технологиялар, электр және магнетизм.




2




1




7.1.1 – 7.1.14

7.2.1 – 7.2.10



12

Мамандыққа қатысты мәтіндер. Лексикалық тақырыптар: Техникалық физика және оптоэлектроника. Атомдық физика.




2




1

5

7.1.1 – 7.1.14

7.2.1 – 7.2.10



13

Ғылыми ̶ техникалық стильдің морфологиясы. Лексикалық тақырыптар: Техникалық физика және рентгенография. Биотехнология мен нанотехнологиялар.




2




1

10

7.1.1 – 7.1.14

7.2.1 – 7.2.10



14

Ғылыми ̶ техникалық стильдің синтаксисі. Лексикалық тақырыптар: Техникалық физика мен электроникадағы нанотехнология және наноматериалдар. Роботты техника және техникалық автоматика құралдары.




2




1

10

7.1.1 – 7.1.14

7.2.1 – 7.2.10



15

Әр түрлі стильдегі мәтіндердің салғыстырмалы талдауы. Лексикалық тақырыптар: Техникалық физика радиотехника, телекоммуникация және электроника саласында.




2




1




7.1.1 – 7.1.14

7.2.1 – 7.2.10






Қорытынды:




30




15

45




3 ПӘНДІ ОҚЫП-БІЛУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР


Осы тарауда студенттің берілген пәнді оқып үйренуін қамтамасыз ететін кеңестер мен түсіндірмелер берілген. Курстың бір бөлігі студенттің өздік оқып үйренуі мен жүретінің ескеру керек.

Әдістемелік ұсынымдар:

а) Пәнді оқып үйренуге қажетті уақытты жоспарлауға және оны ұйымдастыруға керекті ақыл-кеңестер.

Бұрын пәннің теориялық бөлігіне бөлінген жалпы сағат санының 60-70%-і бөлігі қарастырылса қазір оған небәрі 15-30 % қана, ал қалған 70-85 %-і студенттің оқытушының қадағалауымен жүретін өздік жұмысына (СОӨЖ) және тек студент өзі ғана жасайтын СӨЖ (студенттің өздік жұмысы) жұмсалатының ескерту керек.

Дәріс – оқудың ең маңызды түрі. Ғылыми- техникалық ақпараттың көлемі күннен күнге өскендіктен дәрістін мазмұнын кеңейтіп және оған қойылатын талапты да жаңартып, жақсартып отыру керек. Дәрістің студенттің пәнді оқып үйренуін ұйымдастыруға тигізетін пайдасы көп. Бірақ діәріс алушы дәріске иек артып алмауы шарт. Дәріс өздік жұмысты алмастыра алмайды. Сондықтан студент дәріске өз бетімен дайындалуы керек. Ол оқулықтан немесе басып шығарылған дәрістер жинағынан дәрістің мазмұнымен танысып, оны ар қарай дамытып конспект жазуы керек. Барлық дәріске дайындалу уақыты кемінде 20-40 минуттан кем болмауы қажет. Бұл уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Тәжірибелік сабаққа және зертханалық жұмысқа дайындық пәнді оқып үйренуде студенттің білімінің жетіле беруіне қол жеткізеді.

Екі сағаттық тәжірибелік сабағына кемінде бір сағат дайындалу керек. Тәжірибелік сабағына дайындықты тексеру әр сабақ тың басында болатының студент білуі керек. Тәжірибелік сабағында көрсетілген өздік жұмыстың творчествалық элементі ескерусіз қалмайтының студент білуі керек. Тәжірибелік сабағында есепті әр студент оқытушының қадағалауымен өзі жеке шығарады. Студенттің жұмысы аралық үлгерімді тексеру арқылы жүреді, сондықтан студент әрбір жіберілген (босатылған) сабақтың оған тигізер залалы үлкен екенін естен шығармауы керек. Егер студент белгілі бір себеппен жұмысты дер кезінде тапсыра алмаса онда бұл оның сынақ немесе емтиханды тапсыруына үлкен әсер ететінің білуі керек. Сынақ пен емтиханға дайындықтың нәтижесіне ұзақ уақыт бойы жасалған өздік жұмыстың арқасында жетеді.

б) Студенттің іс-әрекетінің жүру барысын сипаттау.

«Кәсіби қазақ тілі» пәнін оқып үйренуді тақырыптарды бірінен соң бірін оқу арқылы жүргізуі керек: алдымен берілген тақырыптың мазмұнымен және оған арналған әдістемелік нұсқаумен жақсылап танысып,содан кейін осы тақырыпқа қатысты материалды оқулықтан оқуы керек. Материалды оқып үйрену кезінде сұрақтың түпкі мәнін ашып алуы, тек содан кейін ғана оның нақтылы ерекшеліктерін талдауға кірісу керек.Оқып үйренетін құбылыстар мен процестердің физикалық мәнін анық көзге елестету қажет.

Формуланы дәлелдеп шығаруда оныңфизикалық немесе техникалық мәніне аса көп көңіл аудару керек. Пәндегі пайдаланылатын математикалық амалдар физикалық және техникалық есептерді шешуге қолданылады. Теориялық материалдарды оқып зерттегенде, әсіресе есептерді шығарғанда шамалардың өлшем бірліктерінекөңіл аудару қажет, себебі ол шаманың физикалық мәнін көрсетеді.

Әр тақыраптың материалын қарап шығып сол бойынша конспект құру қажет.

в) Оқу әдістемелік комплекстің (ОӘК) материалдарын пайдалануға арналған кеңес.

Студент оқу материалдарымен бірінші рет таныса отырып, оның берген жаңалықтарын, ерекшелік нысандарын қабылдап, сол арқылы пәннің негізгі жағдайын түсінуі керек.

Оқу процесіндегі негізгі рольге оқытушының материалдарды түсіндіруі және пайдаланылатын көрнекті құралы жатады. Ары қарай жаңадан алынған ақпарат бұрынғы алынған білімдермен араласып, олардың арасында пайдалы байланыс құралына айналады. Сонда барып студентда оқытылатын пән бойынша белгілі бір түсінік (ұғым) пайда болады.

Студент оқу пәнінің негізгі ережелерін және заңдылықтарын иеленіп, оқу материалдарын жалпы түрде меңгеріп оны күнделікті жұмыста, өмірде пайдалануға дайын тұрады.

г) Оқулықтар мен қосымша оқу құралдарымен жұмыс істеуге арналған кеңес.

Егер студент берілген материал көрсетілген оқулықта жеткіліксіз түрде берілген деп есептесе немесе онда берілген материалды оқып зерттеу қиын екенін білсе, онда ол берілген басқа оқулықтардағы немесе қосымша құралдардағы материалдарды пайдалану керек. Жақсы оқулықты дұрыс таңдаудың алатын орны зор. Сондықтанда оқулықтар негізгі және қосымша болып бөлінеді. Егер негізгі оқулықтарда берілген мтериал жеткіліксіз болса, онда қосымша оқулықтарды пайдаланғаны жөн.

Оқулықтар тізімі стандарт бойынша жасалады.

Берілген тақырып бойынша оқулықтарды және басқа ғылыми көпшілікке арналған материалдарды оқұыған соң, конспект құру керек. Онда пайдаланылған оқулықтардын реттік нөмірі, беті, кестелері және т.б. берілгендері көрсетілуі шарт.

Емтиханға (сынаққа) дайындыққа керекті кеңестер

Әртүрлі факторлерді еске сақтауды, процестердің принципін көрсететің заңдылықтарды жатқа айту, немесе берілген материалдарды өз сөзімен жеткізу сұрақ тарына жауап бере алуды үйрену және жалпы принциптерді жаңа жағдайда қолдана алуды үйрену. Студент объекті оның құрамдас бөліктеріне жіктей және керісінше құрамдас бөліктерін бүтіндей объектіге айналдыра білуі керек. Бұл процестер ерекше ойлау процестерін (жопарлау, байланысты, заңдарды құру) тлап етеді. Идеалардың, жұмыстардың құндылығын дайын немесе жаңадан жасалған критерилер мен стандарттар көмегімен қарастыра білу және басқалардың алдында өзінің көз қарасынқорғай білу студентға емтиханды, сынаты жақсы тапсыруға көп көмегін тигізеді.


4 КУРС ФОРМАТЫ
Аудиториялық сабақтар тәжірибелік сабақтардан (ТС) тұрады.

Бір қатар тақырыптарды студенттер сабақ үстінде оқиды, ал бір бөлігін СӨЖ және ОСӨЖ барысында игереді.


5 КУРС САЯСАТЫ

Сабаққа қатнасу студенттің міндеті. Егер қандай да бір себеппен студент сабаққа қатнаса алмаса, ол қарастарылмаған материал үшін жауапты болады.

Сабақ жүріп жатқан уақытта тәртіп бұзғаны үшін аудиториядан шығарылады немесе курс бойындағы бағасы «қанағаттанарлықсыз» деп жазаланады.

Бақылау жұмыстары міндетті түрде орындалып, уақытында тапсырылуы керек. Уақытында орындалмаған жұмыстар, автоматты түрде төмен бағаланады.

Аралық сынақтың қортындысында сабаққа қатнасуы, студенттің уақытында өздік жұмыстарды орындауы, ауызша немесе жазба түрде сабақтарда жауап беруі, аралық бақылаудың өзінің нәтижесі ескеріледі.

Көшіріп алу немесе плагиатқа (басқа студенттердің есептерін немесе дайын тапсырмаларды көшіру, пайдалану) жол берілмейді және сол үшін студент аудиториядан шығарылады немесе «қанағаттанарлықсыз» бағамен жазаланады.

Ұялы телефондар сабақ уақытында өшіру қажет.
6 БАҒА ҚОЮДЫҢ САЯСАТЫ
Кредит санына қармастан әрбір пәнге бір академиялық мерзімге 600 балл бөлінеді (1-7 апта - 270 балл және 30 балл сабаққа қатысқаны үшін; 8-15 апта – 270 балл және 30 балл сабаққа қатысқаны үшін).

Бақылаулар түріне қарай және апталар бойынша баллдар үлестірілуі 2 кестеде көрсетілген.


2 кесте – «Кәсіби қазақ тілі» пәні бойынша баллдар үлестірілуі

Апта

Бақылау түрі

Баллдар саны

Ескерту

1

2

3

4




1-7 апталар аралығында сабаққа қатысу

30




2

Тәжірибелік сабақ 1

20




3

Тәжірибелік сабақ 2

20




4

Тәжірибелік сабақ 3

10




4

СӨЖ 1

50




5

Тәжірибелік сабақ 4

30




6

Тәжірибелік сабақ 5

20




6

СӨЖ 2

50




7

Аралық бақылау 1

70




1 ден 7-ші аптаға дейін оқудың қорытынды баллдары

300







8-15 апталар аралығында сабаққа қатысу

30




9

Тәжірибелік сабақ 6

20




11

Тәжірибелік сабақ 7

20




12

Тәжірибелік сабақ 8

10




12

СӨЖ 3

50




13

Тәжірибелік сабақ 9

30




14

Тәжірибелік сабақ 10

20




14

СӨЖ 4

50




15

Аралық бақылау 2

70




8 ден 15-ші аптаға дейін оқудың қорытынды баллдары

300




Емтихан баллдары

400




Академиялық мерзімдегі барлық баллдар саны

1000




7 ӘДЕБИЕТТЕР
7.1 Негізгі

  1. Акылбаев Ж.С., Гладков В.Е., Ильина Л.Ф., Тұрмұхамбетов А.Ж., Механика. Оқулық. Астана: Фолиант баспасы. 2005.- 164 б.

  2. Ахметов А.Қ. Физика (оқулық) ̶ Ы. Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, Алматы, 2000 ж. – 485 б.

  3. Бегімов Т.Б. Физика. Оқу құралы. Алматы.- 1992 ж.

  4. Бегімов Т.Б., Беделбаева Г.Е., Даубаев Ү.Д. Физика. Оқу құралы. Алматы – 1992 ж.

  5. Жақсылықова К.Б. Қазақ тілі. «Техникалық физика» мамандығы студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы: ҚазҰТУ 2009.-174б.

  6. Жақсылықова К.Б. Қазақ тілі. (техникалық жоғары оқу орны студенттеріне арналған) Оқулық. – Алматы: 2009.-160 б.

  7. Зейнулина А. Ф., Жұмабаева З.Е., Шаһарман Ә.П., Пазыл Ә.Қ. Іскери - кәсіби қазақ тілі практикалық сабақтарға арналған әдістеиелік нұсқау.- Алматы, 2009.

  8. Кәсіби қазақ тілі пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы (жоғары оқу орындарының оқу орыс тіліндегі факультеттерінің студенттері үшін).- Алматы, 2007.- 27 бет.

  9. Құрманұлы С.Қ., Майлина Х.Р., Мұсағалиева Р.К., Мұхамедғалиева М.А., Ниязова Ш.В. Физикадан тестілік сұрақтар.- Алматы, 2004 ж.

  10. Құсайнов С.Қ. Электр және магниттік физика. Есептер жинағы. Алматы, 2005.

  11. Савельев И.В. Жалпы физика курсы. І том. Механика, тербелістер мен толқындар, молекулалық физика. – «Наука» баспасы, физика ̶ математикалық әдебиеттің бас редакциясы. – М, 1970.

  12. Савельев И.В. Жалпы физика курсы. ІІ том. Электр.– «Наука» баспасы, физика ̶ математикалық әдебиеттің бас редакциясы. – М, 1970.

  13. Тұрсынова Г.Т. Техникалық қазақ тілі. Оқулы. ̶ Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011.- 272 б.

  14. Шоқанов Ә.Қ. Физика курсы. Механика. Молекулалық физика. 1- бөлім. Алматы, Эверо баспасы, 2005 ж. – 189 б.

7.2 Қосымша



  1. Қазақша – орысша, орысша – қазақша терминологиялық сөздік физика саласы бойынша. Республикалық мемлекеттік «Рауан» баспасы, Аламты: 2000. – 273 б.

  2. Қазақша – орысша, орысша – қазақша сөздік (50 мыңға жуық сөздер) Алматы «Дайк Пресс», 2000.

  3. Қазақша – орысша, орысша – қазақша терминологиялық сөздік Статистика, стандарттау және патенттану. – Алматы: Рауан, 2000. – 304 б.

  4. Қазақша – орысша, орысша – қазақша терминологиялық сөздік: Электроника, радиотехника. – Алматы: Рауан, 2000.- 240 б.

  5. Қазақша – орысша, орысша – қазақша терминологиялық сөздік: Су шаруашылығы.- Алматы: Рауан, 2000. – 304 б.

  6. Қазақша – орысша, орысша – қазақша терминологиялық сөздік: Механика және машинатану. – Алматы: Рауан, 2000.- 328 б.

  7. Қазақша – орысша, орысша – қазақша терминологиялық сөздік: Энергетика. Алматы: Рауан, 2000. – 320 б.

  8. Қазақша – орысша, орысша – қазақша терминологиялық сөздік: Көлік және қатанас жолдары. Алматы: Рауан, 2000. – 288 б.

  9. Қазақша – орысша, орысша – қазақша терминологиялық сөздік: Сәулет және құрылыс. - Алматы: Рауан, 2000. – 366 б.

  10. Қазақша – орысша терминдік сөздік. Павлодар, 2008.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет