ПОӘК 042-39 141/03-2013 03. 09. 2013 ж. №1 басылым


Файл-сервер және жұмыс станциялары



бет3/4
Дата04.08.2017
өлшемі1,08 Mb.
#22902
1   2   3   4

Файл-сервер және жұмыс станциялары


Файл-сервер жергілікті желінің ядросы болып табылады. Әдетте жоғары өнімді мини-компьютерлер операциялық жүйені жүктейді және желі арқылы берілген мәліметтер ағымын басқарады. Жекелеген жұмыс станциялары және кез-келген бірге пайдаланылатын перифериялық құрылғылар, мысалы принтерлерлер, - барлығы файл-серверге қосылады.

Әрбір жұмыс станциясы өзінің дискілік операциялық жүйесімен басқарылатын (DOS, Windows немесе Linux тәрізді) кәдімгі дербес компьютерді көрсетеді. Алайда автономды дербес компьютерден жұмыс станциясының айырмашылығы желілік интерфейс платасын және физикалық тұрғыдан файл-сервер кабельдеріне жалғанады. Сонымен қатар, жұмыс станциясы желі қабықшасы деп аталатын арнайы программаны іске қосады. Ол арқылы файл-сервер ақпаратымен, басқа да жұмыс станцияларымен және тағы басқа желі құрылғыларымен ақпарат алмаса алады. Қабықша жұмыс станциясына файл-серверде сақталатын файлдар және программаларды өзінің дискісіндегідей пайдалануына мүмкіндік береді.


Жұмыс станцияларының операциялық жүйелері


Жұмыс станциясының әрбір компьютері өзінің опреациялық жүйесінің басқаруы арқылы жұмыс жасайды. Әрбір жұмыс станциясын желі құрамына қосу үшін, желілік операциялық жүйенің қабықшасы алдымен компьютердің операциялық жүйесінде жүктеледі.

Қабықша жұмыс процесінде жұмыс станциясы кәдімгідей көрінуі үшін операциялық жүйенің командалары мен функцияларының көптеген бөліктерін сақтайды. Қабықша жергілікті операциялық жүйеге көптеген функциялар қосады.


Жергілікті желілер топологиясы


"Желі топологиясы" термині желі арқылы мәліметтер ауысатын жолға қатысты. Топологияның үш негізгі түрі бар: "жалпы шина", "жұлдыз" және "сақина".


"Жалпы шина" топологиясы желідегі компьютерлердің барлығы қосылатын бір ғана кабельді қолданады (1-сурет). "Жалпы шина" жағдайында кабель барлық станциялармен бірігіп кезекпен қолданылады. Ортақ кабельмен жұмыс кезінде мәліметтерді алғанда және жібергенде компьютерлер бір-біріне бөгет жасамас үшін арнайы шаралар қолданылады.

"Жалпы шина" топологиясында сенімділік жоғары болады, себебі жекелеме компьютерлер істен шығып қалса желідегі басқа компьютерлердің жұмыс істеу қабілеттерін бұзбайды. Шоғырланған сымдар арқылы байланысатын шиналық топологияның негізгі кемшілігі – кабель үзілсе, желі



түгелдей жұмыс істемей қалады.
2-суретте жұлдыз бейнесінде жалғанған компьютерлер көрсетілген. Бұл жағдайда әрбір компьютер арнайы желілік адаптерлер көмегімен жекелеме кабельдер арқылы біріктіруші құрылғыға қосылады.

Мұнда бір кабель үзілгенмен, тек бір ғана жұмыс станциясы істен шығады. Желі қалған станциялармен жұмыс істей береді.

Қажет жағдайда бірнеше желілерді «жұлдыз» топологиясына біріктіруге болады, онда тармақталған желі конфигурациялары пайда болады.

Сенімділік көзқарасы жағынан бұл топология өте жақсы шешім болып табылмайды. Себебі орталық торап істен шықса, онда барлық желі жұмысы тоқтайды.

Сонымен қатар «сақина» топологиясы қолданылады. Бұл жағдайда мәліметтер бір компьютерден екіншісіне эстафета бойынша беріледі. Егер компьютер басқа компьютерге арналған мәліметті алса, онда ол оны сақина бойымен ары қарай жібереді. Егер мәліметтер оларды алған компьютерге арналған болса, онда оларды ары қарай жібермейді.

Жергілікті желі осы айтылған топологиялардың бірін қолдануы мүмкін. Бұл біріккен компьютерлердің санына, олардың өзара орналасуына және басқа да шарттарға байланысты. Сонымен қатар бірнеше жергілікті желілерді әртүрлі топологияларды қолдану арқылы жеке бір жергілікті желіге біріктіруге болады.

Internet – бүкіл әлемді қамтитын ауқымды желі.

INTERNET желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70 жылдар басында АҚШ қорғаныс министірлігінің APRANET компьютерлік жүйесі болып саналады, онда соғыс жағдайында байланыс желілерінің жұмысы зерттелген еді.Желі нүктелерінің үлкен аумақта шашырап датқандығына және олардың бір-бірімен қосылу желілерінің күрделілігіне байланысты оның аздаған бөліктері бұзылғанмен сау желілердің өзара байланысы жылдам қайта құрылып, қалыптыжағдайына келе алатыны айқындалады. Дегенмен INTERNET тек желі ғана емес, ол-желілердің желісі. INTERNET көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен компьютерлер торабын құрайды.

Оның қарапайым желілік нүктелері өкімет мекемелерінде, университет-терде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана жүйелерінде, тіпті мектептерде де орналасқан.

INTERNET-тің бір ерекшелігі оның құрамындағы көптеген компьютерлер нақты ВВS тәрізді жұмыс істейді. INTERNET-ке қосылу дегеніміз-басқа жерлерде тұрған 1000-даған компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз. Желідегі компьютерлерден өкімет архивіндегі, университеттің мәлімет базаларындағы, жергілікті қорлардағы көлеміндегі, кітапхана каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді, суреттерді, дыбыс клиптерін, бейнелерді және т.б. цифрлық түрге айнала алатын барлықинформацйяны ала аласыз.

INTERNET информация магистралына өте ұқсас, институт, мектеп терминалы арқылы оған жеңіл кіруге болады.Ол үшін INTERNET-тегі жүйенің нөмірін теру керек. Мұнан кейін керекті жердегі желі нүктесімен байланысып, өзіңізге қажетті материалдарға қол жеткізесіз.

INTERNET желісін сипаттау үшін оны телефон жүйесімен салыстыру қалыптасқан.Жалғыз телефон компаниясы болмайтыны сияқты INTERNET компаниясы да тек біреу емес. Дүние жүзілік немесе мемлекеттік телефон жүйесінің иесі кім? Ешкім де емес. Әрине, оның бөліктерін біреулер иеленеді, бірақ жүйеге толық ешкім ие емес, бұл жүйе өзара келісім арқылы ортақ пайдалануға арналған. Дүние жүзіндегі ірі телефон компаниалары бірігіп, “телефон жүйесі” қалай пайдаланатыны жөнінде келісіп отырады, яғни әр елдің кодын, төлейтін ақшасын,мұхитаралық кабіл құнын-кімдер, қалай бөлісіп көтеретінін және де әр елдің телефон жүйесінің қосылу техникалық мәселелерін бірігіп анықтап отырады. INTERNET желісі де дәл осы телефон жүйесі тәрізді басқарылады.


Internet желісінің протоколдары

INTERNET-пен байланысқан провайдер компаниясы деп аталатын мекемелер әрбір компьютерді INTERNET-ке қосып береді. Желіге қосылудың бірнеше түрі бар, олар:



  • қосылып тұратын тікелей байланыстар (кіру жолдары);

  • Тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстар (кіру жолдары);

  • Почталық байланыстар.

Тұрақты қосылып тұратын байланыс – мұнда жеке компьютер тікелей TCP/IP желісіне қосылаған (Transmission Control Protocol/Internet Protocol – жетк3зуд3 бас0ару протоколы/инженерлі протоколы) түрінде болады, бұл INTERNET-тің бір шеткі бөлігі, яғни жеке компьютер мекемедегі желімен тұрақты байланыстағы негізгі компьютермен байланысып тұр. Мұндай байланыс ерекшеленген немесе тұрақты тікелей байланыс деп аталады.

Ерекшеленген немесе тұрақты тура байланыс тек ірі компаниялар мен корпорацияларда болады. Провайдер –– компания осындай мекемеде бағдарлауыш орнатып, бағдарлауыш INTERNET-ке қызмет ететін компьютерлермен (хост-компьютер) қосатын телефон каналын жалдап алады. телефон каналы мен INTERNET арасындағы байланыс тұрақты сақталады, сондықтан провайдер-компанияның компьютерімен байланысуға телефон шалу қажет емес, ауқымды желіге әрбір адам өз компьютерімен кіреді де, қалаған жеріне INTERNET арқылы мәлімет жібере береді.



Қосылып тұратын тура байланыс көбінесе SLIP, CSLIP немесе PPP деп аталады (serialLine Protocol –тізбекті желі үшін INTERNET протоколы, Compressed Slip – тығыздалған Slip, Point-to-Protokol –«нүкте-нүкте» протоколы). Ал Xremote деп аталатын байланыс түрі сирек кездеседі, бұл да TCP/IP секілді, бірақ телефон каналын тұрақты пайдалануға негізделген, ыңғайлылығы жағынан тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстан кейінгі орында тұр.

Тұрақты қосылып тұрмайтын байланыс қымбаттылығыныа қарай әр компьютерге қойылмайды да, оның орнына SLIP (арзан болғандықтан) өолданылып келеді. Ол желіге телефон арқылы қосылатындықтан, модем мен бір телефон нөмірі қажет болады. Солар арқылы хост-компьютермен байланыс орнатылған соң, SLIP пен қосылып тұрмайтын байланыс аралығында ешбір өзгеріс жоқ.

Почталық байланыс. INTERNET-пен қосыла алатын бірнеше почталық байланыс түрлері бар. Провайдері CompuServe America Online болып келетін компьютерлер бірден INTERNET-пен почталық байланысқа кіре алады. Олар өз почтасын INTERNET-ке беріп, одан да бірден хат-хабар ала алады. CompuServe жүйесінде почта адресі алдына INTERNET деп жазып қойылады. Бұл ортада әртүрлі тақырыптардағы дискуссияларға қатысу үшін LISTSERV жүйесін пайдаланған абзал. Осы секілді почталық байланыстар желілік көмей (network gateways) деп аталады. олар INTERNET желісімен шектеулі тәсілдер арқылы байланысады. Почталық қатынастың қолмен терілетін терминалдық байланыс түріндегі тағы да бір түрі бар, бірақ ол тек почта жүйесімен ғана қосыла алады. тағы да UUCP деген почталық байланыс түрі бар, онда байланыс тек осы мақсат үшін жұмыс істейтін программа арқылы орнатылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет