ПОӘК 14 07 20. 01/03-2013 03. 09. 2013 ж. №1 басылым


Алгоритм абстрактілі машина іспеттес



бет2/54
Дата15.09.2017
өлшемі4,87 Mb.
#32890
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54

Алгоритм абстрактілі машина іспеттес.


Тьюринг машинасы – белгілі бір есептерді шығаруға арналған қатаң математикалық құрылым, математикалық аппарат. Бұл аппарат машина деп аталу себебі оның құрамдас бөлігінің және функцияларының есептеу техникасына ұқсауында. Тьюринг машинасының есептеу техникасынан ерекшелігі оның еске сақтау құрылғысы шексіз лентадан тұруында, ал есептеу техникасының еске сақтау құрылғысы қаншалықты үлкен көлемді болса да шектеулі. Сондықтан Тьюринг машинасын лентасы шексіз болғандықтан есептеу техникасы түрінде қолдануға болмайды.

Тьюринг машинасымен жұмыс істеу үшін объектілер туралы ұғымдарға тоқталу қажет.



Анықтама. Әлдебір алфавиттен алынған әріптердің кез келген тізбегі осы алфавитте сөз деп аталады.

Анықтама. Сөздегі әріптердің саны сөз ұзындығы деп аталады. Әріптері жоқ сөзді бос сөз дейді. Олар «» немесе деп белгіленеді.

Әлемдегі барлық объектілерді әртүрлі алфавиттегі сөздер түрінде қарастыруға болады. Сондықтан алгоритмнің жұмыс істеу объектілері сөздер болып табылады.



Анықтама. Алгоритм қолданылатын сөзді енгізілетін сөз дейді. Алгоритмнің нәтижесі шығарылатын сөз деп аталады. Алгоритм қолданылатын сөздердің жиыны алгоритмнің қолданылу облысы деп аталады.

Әрбір Тьюринг машинасында 2 бөлік бар:



  1. Ұяшықтарға бөлінген екі жағынан да шексіз лента

  2. Автомат - жазу/оқу инесі

Тьюринг тезисі: Кез келген алгоритм үшін сәйкес Тьюринг машинасын құруға болады.

Анықтама. Тьюринг машинасы деп жүйесін айтады. Мұндағы: А – шекті –жиын, Тьюринг машинасының алфавиті, - А алфавитінің бос сөзі, Q –Тьюринг машинасының жағдайын білдіретін шекті жиынның элементі, q1- ТМ-ның бастапқы жағдайы, q0- МТ-ның тоқтау жағдайы, пассивті жағдай, Т-МТ-ның жылжу жиыны, - МТ-ның программасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет