6.Дәрістер кешені
1 бөлім. Ақша, несие, банктер туралы негізгі түсініктер
тақырып. Ақшаның мәні және оның атқаратын қызметтері
Ақша түсінігі және оның пайда болуының қажеттілігі. Ақша жалпылама құн эквиваленті ретінде.
Ақша айналыс құралы ретінде. Ақша айналыс Заңы.
Ақшаның қызметтері
Алтынның демонетизациялану процесі. Қазіргі таңдағы алтынның ролі.
Ақшаның пайда болуы, жаратылысжәне мәні туралы ортақ пікір жоқ. Бірақ та ақшаны анықтаудың көп түрін шартты турде екі тұжырымдамаға бөлуге болады: рационалистік және эволюциялық.
Экономикалық категория ретіндегі ақшаның мәні олардың қызметтерінде көрініс табады, олар ішкі ақшаның негізін және құрамын сипаттайды. Ақша қызметінің әрқайсысы таурлардың айналымы процесінен шығатын әлеуметтік-экономикалық қатнастардың бір жағын қарастырады.
Ақшаның алғашқы және негізгі қызметі болып. Барлық тауарлар құнының өлшемі қызметі болып табылады, ол тауарлардың балама айырбасын қамтамасыз етеді. Бірақ та тауарларды салыстармалы ететін ақша емес, тауарды өндіруге кеткен қоғамдық қажетті адам еңбегң саналады. Ақша мен тауар салыстыру ушін біртекті базаны иеленуіне байланысты, барлық тауарлар өзара салыстырмалы болады.Ақшалар құн өлшемі қызметінде идеалды оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбастағанға дейін орындалады.
Баға –тауар құнының ақшалай көрінісі болып табылады. Ол тауарды өндіру мен өткізуді кететін қоғамдық қажеті еңбек шығындарымен анықтайды, яғни баға бұл тауардың қоғамдық танылған құны болып табылады.
Ақша түсінігі және оның пайда болуының қажеттілігі. Ақша жалпылама құн эквиваленті ретінде. Ақша формалары. Ақшаның атқаратын қызметтері және олардың ерекшеліктері. Ақша құн өлшемі ретінде және баға масштабы. Баға – құнның ақшалай көрінісі. Құн заңы және оның жүзеге асуы.
Ақша айналыс құралы ретінде. Ақша айналыс Заңы. Шаруашылық айналымының ақшаға деген қажеттілігін бағалау. Төлемдер айналымы және оны ұйымдастырудың негізгі заңдылықтары. Ақша қор жинау және қазына жасау құралы ретінде. Қоғамдағы қор және қазына жасаудың негізгі формалары және олардың перспективалары.
Ақшаның дүниежүзілік қызметі. Әлемдік ақшаның құрылымдық формаларының эволюциясы.
Әлемдік ақшаның құн өлшемі, айырбас құралы және жалпы байлықтың қоғамдық заттануы ретіндегі атқаратын қызметтері. Ұлттық валютаны және халықаралық есептесу бірліктерін әлемдік ақшалар ретінде қолдану. Алтынның демонетизациялану процесі. Қазіргі таңдағы алтынның ролі.
Өзіндік бақылау сұрақтары:
Ақшаның формалары?
Ақшаның аткаратын қызметтері қандай және олардың ерекшеліктері?
Баға құнның ақшалай көрінісі?
Төлемдер айналымына түсінік беріңіз?
Әлемдік ақшаның құрылымдық формалары?
Ұсынылған әдебиеттер тізімінен: 1,2,7,9
тақырып. Ақша айналымы, ақша айналысы және ақша жүйесі
Ақша айналымы және ақша айналысы туралы түсінік.
Қолма-қол және қолма-қолсыз ақша айналысы.
Ақша айналысы заңы. Ақша жүйесі, оның элементтері мен негізгі типтері. Қолма-қолсыз есеп айырысу формалары.
Инфляция. Инфляцияның түрлері және оның пайда болу себептері.
Ақша айналысы ұдайы өндірістік процестің әр түрлі жақтарын бейнелейтін өте күрделі жүйе.
Тауарлық немесе тауарлық емес фирмада болатын өндірістік және тұтынуға арналған өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтер ақша арқылы сатылады. Ақшаның көмегімен табыс, оның ішінде қосымша өнімнің құны қалыптасады әрі бөлінеді.
Кәсіпорыдардың, ұйымдардың арасында, олар мен халықтың арасында, жекеленген азаматтардың арасында тауарлар мен қызметтерді өткізу себебі бойынша орын алатын ақшалай есеп айырысулар ақша айналымының көп бөлігін құрайды.
Алайда, ақша айналымы тауар айналымының ақшалай жағын ғана білдіреді. Ақшалай айналымның жиынтық көлемі кәсіпорындардың, ұймдардың және халықтың өткізген тауарлары мен қызмет бағаларының сомасынан әрдайым көп жоғары болады.
Ақша айналымының бңршама бөлігі мемлекеттік бюджеттің табысын пайлалану сатысында, яғни әлеуметтік қажеттіліктерді, экономиканы, мемлекетті, капиталдық шығындарды және т.б. қаржыландыруда жузеге асады. Ақша айналымының бір бөлігіне банктің кредиттік ресурстарын жқмылдыру және оларды орналастыру жатса, тағы бір бөлігіне сақтандыру бойынша төлем, зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы және т.б. төлемдері жатады. Ақша айналымының жалпы көлеміне халықтың тұрғын үй, коммуналдық қызмет және кәсіпкерлердің тұрмыстық қызметі,көлік және басқа да осындай қызмет түрлері үшін төлейтін төлемдермен байланысты айналымда кіреді.
Осылайша, бүкіл ақша айналымы қолма –қол ақша айналымына және қолма- қол ақшасыз айналымына бөлінеді, сондай –ақ, ол төменде келтірілген ретінде де бөлінеді
-тауарлық сипаттағы, яғни өнімдері өндіру өткізу процесін бейнелейтін ақша айналымы;
-еңбкақы төлеумен сақтандыру төлемдерін төлеумен, коммуналдық қызмет төлемдерін төлеу, халықтық, көліктік, тұрмыстық және тағы басқатөлемдермен байланысты орын алатын тауарлық емес сипаттағы ақша айналымы.Сонымен ақша айналымы төлем құралы және айналыс өқралы қызметінде төлемдердің ақша арқылы жкзеге асатын процесінде қалыптасатын кәсіпорыдардың, шаруашылық, мемлекеттік, жеке және кооперативтік ұйымдардың, қаржы және кредит мекемелерінің, халықтың қаражаттар жиынтыгын білдіреді.
Ақша айналымы мынадай принциптердің негізінде ұйымдастырылады:
-барлық ұйымдар мен мекемелер, шаруашылық органдары өз ақшаларын банктерде сақтау керек;
- шаруашылық органдарының арасындағы ақшалай есеп айырысу, әдетте, қолма- қол ақшасыз аударымдар мен өзара талаптарды есепке алу жолымен жүзеге асырылады;
-есеп айырысу құжаттары тек банктер мен байланыс рогындары арқылы өтетін төлемдер үшін пайдаланылады әрі олар айналыстың кредит құралы бола алмайды;
-төлемдер тек төлеушінің келісімімен ғана жүзеге асырылады.
Ақша айналымы және ақша айналысы туралы түсінік. Қызмет етуші ақшаның формалары: толық құнды, толық құнсыз – қағаз және несиелік ақшалар. Қолма-қол және қолма-қолсыз ақша айналысы. Ақшалай және төлем құралдарының түрлері. Ақша айналысының эволюциясы. Металл ақшалар айналысы. Несиелік айналыс құралдары. Қағаз ақшалар айналысы. Электронды төлем құралдары. Ақша базасы, ақша массасы және ақша агрегаттары. Ақша айналысы заңы. Ақша жүйесі, оның элементтері мен негізгі типтері. Қолма-қолсыз есеп айырысу формалары. Инфляция. Инфляцияның түрлері және оның пайда болу себептері. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары және мемлекет тарапынан оған қарсы күресу әдістері.
Ақша жүйесі — белгілі бір елде қалыптасып, әдетте заңмен бекітілетін ақша айналымын ұйымдастыру түрі. Елдегі жалпыға бірдей балама ретінде қабылданған асыл металға және ақша айналысының негізіне қарай ақша жүйесі екі түрге бөлінеді. Ақша жүйесі дегеніміз жеке элементтері белгілі бірлікте болатын жүйе болып табылады. Ақша жүйесінің негізгі элементтері мыналар:
ақша бірлігі мен баға масштабының атаулары;
ақша белгілерінің түрлері, оларды шығару тәртібі және қамтамасыз ету сипаты;
нақтылы акша тшемейтін төлем айналымын ұйымдастыру;
ұлттық валютаның курсы, оны шетел валютасына айырбастау тәртібі.
Елдін ақша жүйесін реттеу жұмысын, осы жүйенің әрқилы элементтерін үйлесімге келтіріп отыратын, қаржы-несие органдары жүргізеді.
Металдық ақша жүйесі негізгі екі типке: биметализм мен монометализмге бөлінеді. Биметализм тұсында жалпы эквивалент рөлін екі метал атқарады (алтын мен күміс), монометализм тұсында - тек бір метал. Биметализм жүйесі Еуропада ХВЫ-ХВЫЫЫ ғасырларда кең тараған. Бірақ жалпы эквивалент болып табылатын ақшаның табиғатына, ақша рөлін екі металдың атқаруы қарсы келеді. Осылайша уақыты жеткен мерзімде бұл жүйе монометализмге алмастырылады. Тарихқа монометализмнің үш түрі мәлім: Мыс (Рим — б.дд. В—ЫЫЫ ғғ.), күміс (Ресей — 1843-1852 жылдары; Голландия, Үндістан — ХЫХ ғ.), алтын (Англия — ХВЫЫЫ ғасыр аяғынан, басқа елдер — ХЫХ ғасыр аяғынан).
Өзіндік бақылау сұрақтары:
Ақшалай және төлем құралдарының түрлері қандай?
Ақша айналысының эволюциясы.
Металл ақшалар айналысы. Несиелік айналыс құралдары. Қағаз ақшалар айналысы. Электронды төлем құралдары.
Ақша базасы, ақша массасы және ақша агрегаттары. Ақша айналысы заңы. Ақша жүйесі, оның элементтері мен негізгі типтеріне түсінік беріңіз
Қолма-қолсыз есеп айырысу формалары қандай?
Ұсынылған әдебиеттер тізімінен: 3,5,6,9
1.3. тақырып. Ақша реформалары және валютаны
тұрақтандыру әдістері
Ақшалай дағдарыстар.
Ақша реформаларының тарихи маңызы.
КСРО-дағы 1922-1924 жылдардағы ақша реформасы және оның кезеңдері.
КСРО-дағы 1947 жылғы ақша реформасы және оның экономиканы дамытудағы маңызы. 1961 жылы КСРО-да баға масштабының өзгеруі.
Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасы, оның қажеттілігі мен жүргізілу ерекшеліктері.
1990 жылы Қазақстан Республикасы өз егемендігін жариялағаннан бастап нарықтық қатынастардың талаптарына сай келетін меншікті банк жүйесін құруға бетбұрыс жасады.
1990 жылы желтоқсан айында қабылданған «ҚазКРО-дағы банктер және банктік қызмет туралы» алғашқы заң Қазақстандағы банктік реформаны жүргізудің бастапқы кезеңдерін қамтиды.
Бұл банктік реформа Ұлттық банктің 1995 жылға арналған «Қазақстандағы банктік жүйені реформалау» бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылды.
Нарық экономикасына өту жағдайында және экономикалық дағдарысты жоюда, макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуде ҚР банк жүйесі маңызды роль атқарады.
Қазіргі уақытта қалыптасқан екі деңгейлі банктік жүйенің қызмет етуіне байланысты жасалған талдауда, олардың көрсетіп отырғанындай, кемшіліктердің басым бөлігі банктер қызметін реттейтін нормативтік базаны жасаудағы артта қалушылық және оның іске асырылуына іс жүзінде бақылау жасау механизмдеріндегі кемшіліктерімен сипатталады.
Қазіргі таңда ҚР-дағы жұмыс жасап отырған банктік жүйенің қалыптасуын үш кезеңге бөледі:
I кезең. 1988 – 1991 ж.ж. (КСРО – ның тұсында) – мемлекеттік салалық мамандандырылған банктер қызметінің бір бөлігін республикалардағы сол банктердің тиісті бөлімшелеріне беру арқылы қайта түрлендіру; алғашқы коммерциялық банктер құру; КСРО Мемлекеттік банкіне орталық банктің жекелеген қызметтерін бепуге байланысты бастапқы қадамдар жасау кезеңі.
II кезең. 1992 жылдың аяғы 1993 жылдары – рубль аймағында бола отырып, ҚР Ұлттық банкінің бірқатар қызметтерін орындауға біртіндеп кірісуі, коммерциялық банктердің экстенсивті (сандық) түрде қалыптасуы және дамуы, ұлттық нормативтік базаның қалыптасуының бастапқы кезеңі.
III кезең. 1993 жылдың қараша айынан осы уақытқа дейінгі, яғни айналысқа Ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Ұлттық банкінің ақша – несие аясының қызмет етуіне толық жауапкершілік алу, бюджет және банктермен қарым – қатынас орнатудың классикалық қағидаларын енгізу, банктердің қызметін реттеу жүйесін нығайту кезеңін білдіреді.
1995 жылғы банктік реформалауға дейінгі жұмыс жасаған банктік жүйенің басты кемшіліктеріне мыналарды жатқызуға болады:
Ұлттық (орталық) банк қызметіне байланысты:
мемлекеттің қаржы саясатын жүргізу барысындағы Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі қызметтерінің жеткіліксіз шоғырлануы;
екінші деңгейдегі банктер қызметін қадағалау және реттеу жүйесінің баяу құрылуы;
валюталық реттеу және бақылау жүйесінің қалыптасуындағы артта қалушылық;
макроэкономикалық процестерді жедел түрде талдау, оларды болжау және шешім қабылдауда пайдалану деңгейінің төмендігі;
Ұлттық банк жүйесіндегі еңбекақының төмендігінен кадрлардың кету деңгейінің жоғарылығы.
екінші деңгейдегі банктерге байланысты:
Ұлттық банктер тарапынан белгіленген экономикалық (қазіргі пруденциалдық) нормативтер мен банк клиенттерінің құқықтарын тікелей бұзған банктердің нарықта қызмет ете беруі;
қаржы ресурстарын жинақтаудың іс жүзіндегі механизмдерінің әлсіздігі;
шаруашылық субъектілерін несиелеу барысында жобаларды бағалау деңгейінің және банк үшін несие беруден туындайтын тәуекелді бағалау дәрежесінің, сондай – ақ несиенің қайтарылуына жасалатын бақылаудың қанағаттанарлықсыз деңгейде болуы;
банк қызметкерлерін кәсіби жағынан даярлаудың жалпы төмен деңгейде болуы.
Сонымен бұрынғы салалық мамандандырылған банктерді қайта түрлендіруге байланысты бірқатар шаралар 1994 ж. орта кезінен басталып, 1995 жылға дейін жалғасты.
Бірінші кезекте 1994 жылы Ұлттық банктің ұсынысы бойынша Кабинет Министрлігінің Қаулысына сәйкес арнайы құрылған комиссия Қазагроөнеркәсіп банкіне санация процесін жүргізіп, ондағы орталықтандырылған несиелерге (шаруашылықтардың төлем қабілеттілігін ескермей, Жоғарғы Кеңес пен Үкіметтің шешімі бойынша өткен жылдардағы берілген) байланысты мерзімі өткен қарыздарды Қазагроөнеркәсіп банктің балансынан Қаржы министрлігінің қармағындақұрылған ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау мемлекеттік қорының байланысына беру шаруашылығын іске асырады.
Екінші кезекте, Қазақстан ӘлемБанкін 1994 жылдың орта кезінде Мемлекеттік Экспорттық – импорттық банкке (қазіргі Эксимбанк) және әмбебап акционерлік ӘлемБанкке бөлу шаралары жүзеге асырады. Сөйтіп, сол уақыттағы ӘлемБанктің жарғылық мемлекеттің үлесі – 35% құрады. Бұл бір жағынан, ӘлемБанктегі мемлекеттің қаржымен мемлекеттік емес акционерлер қаржылығын өзара бөлуге мүмкіндік берсе, екінші жағынан, ӘлемБанктегі монополияны жоюға мүмкіндік жасады.
Үшінші кезекте, мемлекеттік мамандырылған Халық Банкін әмбебап банкке түрлендіру шаралары жүргізіледі.
Түрлендіру мынадай үш кезеңді қамтыды:
Бірінші кезеңде (1995 жылдың бірінші жартысын) мемлекеттік емес акционерлерден акцияларын сатып алу жолымен 100% мемлекеттік меншікті қалпына келтіру және оның жарғылық капиталын ұлғайту мақсатында мемлекеттен жалға алған ғимараттың Халық банкінің меншігіне беру, сондай – ақ 01.01.1992 ж. жағдайға байланысты халық салымдарын индексациялау жүйесін анықтау міндеті белгіленеді.
Екінші кезеңде (1995ж. екінші жартысында және 1996 ж.), Халық банкіне пластикалық дебеттік және кредиттік карточкаларды енгізу және олардың қолданылы ауқымын кеңейту міндеті жүктеледі.
Үшінші кезеңде (1997 ж. ішінде), Халық банкісінің алдында Ұлттық банк белгіленген пруденциалдық нормативтерге сәйкес 01.01.1998 ж. бастап салымдарды мемлекеттің толық кепілдемесінен ұжымдық сақтандыруға негізделген аралас сақтандыру жүйесіне өтуге дайындық жасап және жекешелендірудің бірінші кезеңін бастау міндеті тұрды.
Коммерциялық банктер үшін нақты секторды қысқа мерзімді несиелеу тиімсіз болып табылғандықтан, орта және ұзақ мерзімді несиелеу қызметін өз міндетіне алатын мамандырылған мемлекеттік банктерді құру қажеттігі туды. Ондай банктерді халықаралық тәжірибеде даму банктері деп атайды, себебі олар үшін басты мақсат пайда табу емес, яғни экономиканың жекелеген салаларын дамыту болып саналады.
Сонымен, Қазақстанда банк секторын реформалау бағдарламасын іске асыру шегінде Экспортты – импорттық банк (ЭксимБанк), Мемлекеттік даму банк және Тұрғын үй құрылыс банк құрылды. Мамандырылған банктер қатарында халыққа қызмет көрсетуге маманданған Халық жинақ банкі де болды.
Мемлекеттік даму банкі – бұл банк экономиканың маңызды салаларында тиімді инвестициялық жобаларды ұзақ мерзімді несиелеуді жүзеге асыруға бағытталған үкіметтің қаржы – несие институты болып табылады.
Экспортты – импорттық банк (Эксимбанк) – бұл Қазақстан үшін дәстүрлі емес, даму және ғылыми ұйымдардың экспортын қаржыландыру үшін, экспорттық несиелер мен инвестицияларға сақтандыру және кепілдеме беру үшін Әлем банктен бөлініп шыққан банк.
Тұрғын үй құрылыс банкі – бұл тұрғын үй құрылысын коммерциялық құрылысшылар арқылы несиелеуге, халық үшін тұрғын үй жинақ шоттарын қалыптастыру, ипотекалық несиелеу жүйесін құру мақсатында құрылған банк.
Медетші банк(траст) – бұл Дүниежүзілік банктің ықпалымен «Проблемалық кәсіпорындар үшін госпиталь» ретінде құрылған банк. Бұл банкті құру туралы жарғыға сәйкес, ол небәрі 4 жыл мерзімге қызмет етуге уақытша құрылды.
1995 жылдың бірінші жартысында Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктерге берілетін несиелері несиелік ресурстар аукцион арқылы 3 ай мерзімге дейін берілсе, ал екінші жартысында операциалардың ауыртпалығы мемлекеттік бағалы қағаздардың қайталама нарығына өте бастады. Сөйтіп, банкаралық несиелер нарығы дами түсті. 1995 жылы қыркүйек айынан бастап ломбарттық несиелеу жүйесі енгізілді. Базалық ақшалардың өсуі қарқынына шек қою мақсатында Ұлттық банк айналысқа өзінің қысқа мерзімді ноталарын шығару арқылы ақша массасын реттеп отырды.
1995 жылы Ұлттық банк қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің нақты мәнін қалпына келтірді. Инфляция қарқынын төмендету арқылы оның мөлшерлемесін төмендетті. Айталық 1995 жылы қаңтар айындағы инфляцияның қарқыны 8,9% - дан, қыркүйек айында – 2,4% - ға дейін төмендету нәтижесінде қайта қаржыландыру мөлшерлемесі: 210%-дан 45 – ға дейін төмендеген. Айта берсек, тағы да басқа көптеген жетістіктерге қол жеткізіледі.
1996 – 1998 ж.банктік реформалар – бұл реформалар Ұлттық банктің 1996 – 1998 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының банк жүйесін реформалау бағдарламасына сәйкес жүргізілді.
Банк реформасын жүргізу бағдарламасының басты мақсты – ҚР ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын әрі қарай арттыру және экономиканы қаржыландыру мүмкіндігін кеңейту үшін екінші деңгейдегі банктердің жүйесін нығайту.
Көздеген мақсатқа жетуде Ұлттық банк мынадай міндеттерді шешуге күш жұмсайды:
ақша – несиелік реттеу әдістері мен құралдарын жетілдіру;
елдің қаржы нарығына Ұлттық банктің араласуы арқылы қолма – қол ақша айналымында әкімшілік басқаруды күшейту;
валюталық реттеуді дамыту және алтын валюта резервін басқару;
банктік қадағалау жүйесін және банк қызметін реттеу принциптерін түбірімен өзгерту;
бухгалтерлік есепті және банк жүйесін реформалауды аяқтау;
Ұлттық банктің құрылымын жетілдіріп, кадр және техникалық әл – ауқатын нығайту;
екінші деңгейдегі банк жүйесін сауықтандыру;
төлем жүйесін дамыту;
елдің банк жүйесінің қызмет етуінің және реформалауының құқықтық қамтамасыз етілуін жетілдіру.
Республикамызда тәжірибелерден берілген директивті несиелердің уақытында қайтарылмаған, яғни олардың 24% - дан астамы ғана қайтқандығы белгілі. Соның салдарынан Ұлттық банк ондай несиелерді беруді тоқтатуға мәжбүр болды. Осындай жағдайдаларға байланысты Ұлттық банк 1996 – 1998 жж. орталықтандырылған несиелерді тек қана банктердің қысқа мерзімді қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін несиелік аукциондар, банкаралық нарық, ломбардтық несиелеу, «репо» операциялары, вексельдерді қайта есепке алу арқылы беріп отырды.
Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі арасындағы бюджетті несиелеуге байланысты жаңа қатынастың қалыптасуына сәйкес, 1998 жылдан бастап, Қаржы министрлігі бюджет тапшылығын өз күшімен несиелеуге міндеттеме алғандықтан, Ұлттық банк оған тікелей несие беруін тоқтатты.
Банк жүйесін реформалау және ақша банкноталарын шығаруда меншікті өндірісті іске қосу республикамыздың қолма – қол ақшамен байланысты жағдайды түбірімен өзгерістерге әкелді.
Ұлттық валютаның тұрақтылығын сақтап отыру мақсатында Ұлттық банк шетелдік тәжірибелерді ескере отырып, теңгенің жүйелі валюталық айырбас бағамы саясатын жүргізіп отырды. Алтын – валюта резервін басқаруда Ұлттық банк мынадай екі портфелді құру қажет деп таныды: стратегиялық инвестициялық портфель және тактикалық өтімділік портфель.
Стратегиялық инвестициялық портфель құрамы Ұлттық банктің орта мерзімді (3 айдан 3 жылға дейінгі) және ұзақ мерзімді (3 жылдан 10 жылға дейінгі) міндеттемелерінен тұрды.
Аталған портфельдің негізгі құралдарына: мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының құралдары, орта және ұзақ мерзімді депозиттер және капиталдар нарығының басқа да құралдары жатқызылды.
Ұлттық банктің 1995 жылы бастаған банк жүйесінің бухгалтерлік есебін реформалау 1996 – 1998 жж. әрі қарай жалғасып, нәтижесінде Ұлттық банктің халықаралық стандартқа сәйкес жасалған жаңа шоттар жоспары екінші деңгейдегі банктер қызметіне толығымен енгізілді.
Банк жүйесіндегі бухгалтерлік есепті реформалау – нарықтық экономика талаптарына жауап беретін жалпыға ортақ халықаралық принциптер мен стандарттарды банктердің тәжірибесіне енгізуге мүмкіндік беретін шаралар кешенін білдіреді.
Өзіндік бақылау сұрақтары:
Ақша реформаларының тарихи маңызы.
КСРО-дағы 1922-1924 жылдардағы ақша реформасы және оның кезеңдері.
КСРО-дағы 1947 жылғы ақша реформасы және оның экономиканы дамытудағы маңызы. 1961 жылы КСРО-да баға масштабының өзгеруі.
Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасы, оның қажеттілігі мен жүргізілу ерекшеліктері.
Ұсынылған әдебиеттер тізімінен: 3,5,6,9
2 бөлім. Несие және несие жүйесі
2.1. тақырып. Қарыз капиталы, пайыз және несие
1. Несиелік капиталдың құрылу көздері. Біздің елімізде несие қорларын құрудағы ерекшеліктер.
2. Несиенің мәні және оның өзіндік экономикалық категория ретіндегі сипаттамасы.
3. Несиенің атқаратын қызметтері.
4. Несие формалары.
Шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайында несиенің негізгі формасына банк несиесі, яғни, коммерциялық банк беретін несиенің әр түрі мен тұрпаты жатады. Банк несиесі саласында несиелік қатынастың субъектілеріне шаруашылық органдары, халық, мемлекет және банктердің өздері жатады. Белгілі болғандай, несие мәмілесінде несиелік қатынастың субъектілері несие беруші және қарыз алушы ретінде алға шығады.
Несие берушіге өзінің уақытша бос қаражатын белгілі бір мерзімге қарыз алушының иелігіне беретін тұлға (жеке және заңды) жатады.
Қарыз алышы – қаражатты (ссуданы) пайдалану үшін алатын және оны белгіленген мерзімде қайтаруға міндетті несиелік қатынастағы тарап. Банк несиесіне келсек, бұл арада несие мәмілесінің субъектілері ретінде екі тұлға, яғни, несие беруші мен қарыз алушы алға шығады. Бұл мынаған байланысты: банк негізінен тартылған қаражатпен жұмыс істейтіндіктен банк шотына қаражатын орналастыратын субъектілердің (шаруашылық органдары, халық, мемлекет) алдында қарыз алушы ретінде болады. Өзінде шоғырландырылған ресурстарды қаражатқа мұқтаж субъектілердің пайдасына қайта бөлу арқылы банк несие берушіге айналады. Халық шаруашылығы, мемлекет және тағы басқа секілді несие мәмілесінің өзге тараптары өз қаражатын банк шотына орналастыру арқылы несие берушінің рөліне енеді, ал ссуданы сұрағанда қарыз алушыға айналады.
Коммерциялық банк өз клиенттеріне әр қилы беогілері бойынша жіктеуге болатын несиенің әр түрін ұсынады.
Ең алдымен қарыз алушылардың негізгі тобы бойынша жіктеуге болады, мәселен, халыққа, мемлекеттік органдарға берілетін несие.
Тағайындалуы (бағыты) бойынша несиені былайша жіктеуге болады:
- тұтыну несиесі;
- өнеркәсіп несиесі;
- сауда несиесі;
- ауыл шаруашылығы несиесі;
- инвестициялық несие;
- бюджеттік несие.
Шаруашылықтың барлық саласындағы кәсіпорындарға берілетін банк несиесін жұмыс істеу салаларына қарай екі негізгі түрде болуы мүмкін: негізгі қордың ұлғайтылған ұдайы өндірісіне қатысатын ссуда және айналым қорын ұйымдастыруға қатысатын несие. Соңғысы өз кезегінде өндіріс саласына бағытталатын несиеге және айналым саласына қызмет ететін несиеге бөлінеді.
Пайдалану мерзімі бойынша мынадай несиелер бар:
- талап етілмелі;
- мерзімді.
Соңғысы өз кезегінде мыналарға бөлінеді:
- қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
- орта мерзімді (1 жылдан 3 жылға дейін);
- ұзақ мерзімді (3 жылдан жоғары).
Әдетте, айналы қорын қалыптастыратын несие қысқа мерзімді болып келеді, ал негізгі қордың ұлғайтылған ұдайы өндірісіне қатысатын ссуда орта және ұзақ мерзімді несиелерге қатысты.
Мөлшері бойынша несиелер – ірі, орташа және ұсақ, ал қамтамасыз етілуі бойыша – қамтамасыз етілмеген (бланктік) және қамтамасыз етілген несиелер. Қамтамасыз етілу сипаты бойынша – кепілзаттық, кепілдікті және сақтандырылған несиелер.
Берілу тәсілі бойынша банк ссуданын өтемақы ссудасы және төлем ссудасы деп бөлуге болады. Бірінші жағдайда несие қарыз алушының есеп айырысу шотына оның тауарлы – материалдық құндылыққа салынған немесе шығынға жұмсалған өзіндік қаражатының орнын толтыру үшін бағытталады. Екінші жағдайда банк ссудасы несиеленген шара бойынша төлемді төлеуі үшін қарыз алушыға ұсынылатын ақшалай – есеп айырысу құжатының төлеміне тікелей бағытталады.
Өтелетін әдісіне қарай мерзімі ұзартылған (бөліктеп, біртіндеп төленетін) банк ссудасы және бір мерзімде өтелетін (белгілі бір күнде төленетін) ссуда болып бөлінеді.
Кәсіпорындардың және өзге де ұйымдық – құқықтық құрылымдардың өндірістік және әлеуметтік қажеттіліктерін банк несиелеудің принциптерін қатаң сақтай отырып несиелейді. Несие принциптері несиелеу жүйесінің негізгі элементі болып табылатындықтан несиенің мәні мен мағынасын, сондай – ақ, объективті экономикалық заңдылықтардың, оның ішінде несие қатынасы саласындағы заңдылықтардың талаптарын бейнелейді.
Достарыңызбен бөлісу: |