ПОӘК «Ақша, Несие, Банктер» пәні бойынша



бет6/11
Дата24.04.2017
өлшемі2,05 Mb.
#14952
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Несие принциптері – несиенің қайтарылу мерзімділігі, саралануы, қамтамасыз етілуі, ақылылығы.

Осы заманғы коммерциялық банктер несие ақысын белгілегенде ескеретін негізгі факторлар:



  • коммерциялық банктердің ҚР ҰБ-ға беретін ссуда бойынша проценттік базалық мөлшерлемесі;

  • банкаралық несие бойынша орташа процент мөлшерлемесі, яғни, өзінің активтік операциялары үшін басқа коммерциялық банктен сатып алынатын ресурстардың орташа процент мөлшерлемесі;

  • банктің әр түрлі депозит шоты бойынша өз клиентіне төлейтін орташа процент мөлшерлемесі;

  • елдегі ақша айналысының тұрақтылығы (инфляция қарқыны неғұрлым жоғары болса, несие ақысы соғұрлым қымбат болуы керек, яғни ақшаның құнсыздануынан банктердің өз ресурстарын жоғалтып алу қатері артады).

Несие принциптеріне сәйкес несиені берудің тәсілін және өтеудің тәсілін несиелеудің әдістері ретінде ұғуымыз қажет.

Банк іс – тәжірибесінде несиелеудіңекі әдісі пайдаланады. Бірінші әдістің мәні: ссуданы беру жөніндегі мәселе жеке тәртіпте әрдайым шешілетін болады. Ссуда белгілі бір мақсатты қажеттілікке беріледі. Бұл әдіс ссуданы нақты мерзімге беруде, яғни мерзімді ссудада қолданылады.

Несие берудің мұндай формасы ашық несие желісі деп аталады. Ашық несие желісі клиент пен банк арасында бекітілетін несие келісімінде қарастырылған кез келген ақшалай – есеп айырысу құжатын несие есебінен төлеуге мүмкіндік береді. Несие желісі негізінде бір жылға ашылады, алайда, одан да қысқа кезеңге ашылуы мүмкін. Несие желісінің мерзімі ішінде клиент ссуданы кез келген сәтте банкпен қосымша келіссөздер жүргізбей – ақ және рәсімдеудің қандай да бір рәсімдерін орындамай – ақ ала алады.

Несиелеу әдісі ссуданы беруде және өтеуде пайдаланылатын ссудалық шот формасының пайда болу қажеттілігін тудырады. Қарыз алушыларды несиелеу бойынша операцияларды жүзеге асыру үшін коммерциялық банк мекемесі оларға ссуда шотын ашады: әдеттегі (жай) және арнайы.



Арнайы ссуда шоты, әдетте, төлем айналымының көп бөлігі несие арқылы жүзеге асатын, банк несиенің ұдайы қажетсінетін қарыз алушыларға ашылады.

Бүгінгі таңда тауар қорының айналымы бойынша арнайы ссуда шоты арқылы мемлекеттік бөлшек және көтерме сауда ұйымдары, сондай – ақ өткізу – жабдықтау қызметі несиеленеді. Несие беру үшін арнайы ссуда шотын пайдалану банк ссудасын уақытылы өтеуге арналған әрі қарыз алушылардың өзіндік қаражатын ұдайы өндіріс процесіне толық қатыстырылуын ұйғартып осы шоттың несиесіне тауарларды өткізуден түскен барлық түсімдерді бағыттап отыруды қажет етеді.

Кәсіпорынға бір ғана арнайы ссуда шоты ашылуы мүмкін, алайда, бұл, егер банк қандай да бір тауарды, шығынды немесе оларға қатысты шараны жеке несиелігісі келсе, жай ссуда шотын ашудың да мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Жай ссуда шоты банк іс – тәжірибесінде көбінесе бір жолғы ссуданы беруде пайдаланылады. Ол бойынша берешектер мерзімді міндеттеме – тапсырма негізінде қарыз алушымен келісілген мерзімде өтеледі.

Егер бір мезгілде бірнеше объектіні несиелегісі келсе, кәсіпорынға бірден бірнеше жай ссуда шоты ашылуы мүмкін және осыған орай ссуда әр түрлі мерзімге, әр түрлі шартпен әрі әркелкі процентпен беріледі. Ссуда есебін бұлайша оқшауландыру оларды қарыз алушының уақытылы өтеуіне банктердің бақылау жүргізуі үшін маңызды болады.

Алайда, төлем сипатындағы несиені берудің жай ссуда шоты бұрын да пайдаланылып келген, қазір де пайдаланылып жүр. Мәселен, жаңа коммерциялық құрылымдарда несие ашық несие желісімен жай ссуда шотынан беріледі. Ол бойынша мемлекеттік өнеркәсіп, құрылыс, көлік, ауыл шаруашылығы және дайындау ұйымдарындағы ірілендірілген объекті айналымы бойынша несиелеу жүзеге асырылады.

1Несилік мекемелердің түрлері

Несие ісі – ақшалар саудасына бағытталған кәсіпкерлік қызметтің айрықша саласы болып табылады, соның негізінде несиелік операциялар жүргізіледі. Оларды әр алуан несие институттары жүзеге асырады. Операциялар ауқымы және шаруашылық айналымына қызмет көрсетудің маңыздылығы бойынша банктер негізгі болып табылады.

Несиелік мекемелердің, соның ішінде банктік мекемелердің түрлерін қарастырмас бұрын, біз «банк» және «банк қызметі» түсініктерінің өзін анықтап алуымыз керек. Әлемдік тәжірибеде банк қызметі дегеніміз банктің басты кәсіби қызметтерін ретінде депозиттерді қабылдау және ссудаларды беру.

ҚР Президентінің «ҚР банктер және банктік қызмет туралы» заң күші бар Жарлығының 1-бабында былай делінеді, яғни банктің ресми мәртебесі оны ашуға Ұлттық банктің рұқсатымен, Әділет министрлігінде банк ретіндегі заңды тұлғаны мемлекеттік реттеумен және банктік операцияларды жүргізуге ҚР Ұлттық банкі тарапынан берілген лицензияның болуымен анықталады.

Банк – коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға, ол осы заңға сәйкес банктік қызметті жүргізеді.

Әмбебаптық құрылым кезінде заңда операциялардың жекелеген түрлеріне және қаржылық қызмет көрсету саласына қатысты шектеулер болмайды. Барлық несиелік мекемелер операциялар мен қызметтердің барлық түрлерін атқара алады. Біздің еліміздегі негізгі коммерциялық банктер әмбебап болып табылады, көптеген банктік операциялармен айналысады.

Банктер өздері орындайтын қызметтердің ерекшелігіне байланысты екі түрге бөлінеді: эмиссиялық және эмиссиялық емес.

Эмиссиялық – бұл айналымға ақша белгілерін эмиссиялау (шығару) құқығы бар орталық банктер. Әр түрлі елдерде оллар ұлттық, халықтық, резервтік деп аталады. КСРО-да мұндай банк Мемлекеттік деп, ал қазіргі Қазақстанда – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі деп аталады. Орталық банктің басты міндеті – айналымға ақша шығару, банктер арасындағы ақша тауарының сауда, банктік жүйенің эмиссиялық, несиелік және есеп айырысу қызметін басқару. Ол екі деңгейлі жүйе кезінде елдің банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады..

Мемлекет эмиссиялық құқықты бір банкке (Орталық) ғана береді, өйткені ақша шығару құқығын бірнеше банкке беру жағдайында бүкіл ел бойынша ақша айналымын реттеу мүмкін болмай қалар еді. Эмиссиялық банк басқа банктердің бірінде жоқ ірі қаржыларды иеленеді. Оның пассивтері айналымдағы қолма – қол ақшалардан, бюджеттік құралдардан тұрады. Бұл жағдайда оған барлық банктерге көмек көрсетуге және олардың қызметіне жетекшілік етуге мүмкіндік береді. Қазақстанда эмиссиылық банк болып Ұлттық банк саналады, қалған банктер, соның ішінде коммерциялық банктер – эмиссиялық емес банктер. Олардың айналымға ақша шығару құқығы жоқ, бірақ та өз клиенттерінің шаруашылық қызметін қамтамасыз етумен байланысқан несиелік, есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады. Олардың ең маңыздылары: уақытша бос ақшалай қаражаттар, халық жинақтары мен қорларын тарту, несиелеу; бағалы қағаздармен жасалатын операциялар және тағы басқа.

Соңғы жылдары коммерциялық банктер қаржылық кәсіпкерліктің дәстүрлі емес салаларына ене отырып, қызмет аясын үнемі кеңейте келе және клиенттерге көрсетілетін қызметтер сапасын жоғарылата отырып, өздеріне тән емес операцияларды белсенді түрде жүргізіп келеді. Бұл әмбебап несиелік мекемелер. Бірақ та, жоғарыда аталғандай, өз клиенттерінің басым бөлігі үшін негізінен қызметтің бір – екі түрін көрсетуге бағытталған мамандырылған банктер бар. Банктердің мамандануының басқа типі болып клиенттердің тек белгіленген категориясына қызмет көрсету, яғни салалық мамандану саналады. Банктердің функционалдық мамандануы айқын көрініс тапты, өйткені ол банк қызметінің сипатына ықпал етеді, активтер мен пассивтердің қалыптасу ерекшелігін, клиенттермен жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтайды. Мұндай типтерге инвестициялық, инновациялық, ипотекалық, жинақ банктері жатады.

Инвестициялық және инновациялық банктер ұзақ мерзімге ақшлай қаражаттар тартуға, соның ішінде облигациялық займдарды, акцияларды және бағалы қағаздарды шығару арқылы және ұзақ мерзімдік ссудаларды беруге маманданады. Инвестициялық банктер ұзақ мерзімдік салымдар үшін қаржылары жетіспейтін кәсіпкерлер және ұзақ мерзімге қаржы салушы салымшылар арасындағы делдалдық мекеме болып табылады. Инновациялық банктер инвестициялық банктер сияқты, бірақ та технологиялық жаңашылдықтарды әзірлеу мен игеруді ғана несиелейді.

Қазақстан Даму банкі 2002 жылы құрылды. 100 пайыздық мемлекеттік жарғылық капиталы бар акционерлік қоғам ретінде оның ҚР-ның «Қазақстан Даму банкі жөніндегі» заңымен айқындалатын құқықтық мәртебесі бар.

Ол маңызды қаржы буыны және ҚР-ның 2003 – 2015 жылдардағы индустриалды – инновациялық Даму стратегиясын жүзеге асыру құралдарының бірі болып табылады. Банк инвестициялық – инновациялық мәртебеге ие. Қазақстан Даму банкінің негізгі мақсаттары мен міндеттеріне мыналар жатады:

Мемлекеттік инвестициялық қызметті жетілдіру және тиімділігін арттыру, өндірістік инфрақұрылым мен өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, экономикаға ішкі және сыртқы инвестициялардың тартылуына ықпал ету.



Ипотекалық банктер жер мен жылжымайтын мүлікті ұзақ мерзімдік негізде кепілге қою арқылы қаржыларды тарту мен орналастыру бойынша несиелік операцияларды жүзеге асырады.

Салалық және аймақтық банктердің мамандану дәрежесі, олардың активтері мен пассивтерін қалыптасу ерекшеліктері едәуір дәрежеде олардың қызмет ету саласына, сонымен бірге клиенттердің шаруашылық қызметін ұйымдастырудың ерекшеліктерімен байланысқан айырмашылықтарға тәуелді болады.



Жинақ банктері әлемдік несие жүйесінде айрықша орын алады. Жинақ банктерінің басты мақсаты – коммерциялық банктер сияқты пайда алу емес, мемлекет пен халыққа қызмет көрсету болып табылады. Барлық елдердегі жинақ банктері халықтың барлық салымдарының едәуір бөлігін тартады.

Тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстанда 2003 жылы жарғылық қоры 10 млрд. теңгеге құрайтын Қазақстан тұрғын үй құрылысы – жинақ банкі құрылды.

1997 жылы 11 шілдеде қабылданған «Банк қызметі мәселелері бойынша ҚР-ның кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу жөніндегі» ҚР заңы банктердің депозиттік және инвестициялық банктерге бөлінуін тоқтатты.

Мамандандырылған банктік емес несие – қаржы екемелері – кез келген жүйесінің маңызды буыны. Олар ссудалық капиталдың салыстырмалы шағын аясында әрекет етеді, ол жерде арнайы білім мен айрықша техникалық тәсілдер талап етіледі. Ол әр түрлі маманданудағы қаржы институттарының жиынтығы: ссуда – жинақ мекемелері, инвестициялық қорлар мен компаниялар, зейнетақы қорлары, сақтандыруфирмалары мен компаниялары, өзара көмек кассалары, ломбарттар және т.б. Бұл мекемелер өзінің дамуының бастапқы кезеңінде коммерциялық банктердің орындамайтын қызметтері мен операцияларын орындауды өз мойнына алады. Бірақ та қазіргі таңда дамыған елдердегі бұл институттар халыққа, фирмалар мен компанияларға қызмет көрсету бойынша коммерциялық банктермен бәсекелесе бастады, яғни коммерциялық банктер және банктік емес мекемелер арасындағы айырмашылық жойылып жатыр.Дәстүрлі емес операцияларды кеңейту арқылы банктік емес мекемелер банктік нарықтарға кіре бастады.

Мамандырылған несие – қаржы институттары ипотекалық, тұтынушылық және ауыл шаруашылығы несие саласында кең тарады. Олар халықтың аздаған жинағын тартумен, капиталды инвестициялаумен, бағалы қағаздарды орналастырумен айналысады.



Өзіндік бақылау сұрақтары:

  1. Банктік мекемелердің түрлері.

  2. Эмиссиялық банктер және оларды ұйымдастырудың құқықтық формалары.

  3. Эмиссиялық емес банктер: әмбебап банктер және операциялардың кейбір түрлеріне маманданған банктер.

  4. Банк жүйесі экономиканың дербес саласы ретінде, оның құрамдас элементтері, экономикадағы рөлі және оның атқаратын қызметері.

  5. Банк жүйесінің түрлері.Екі деңгейлі банк жүйесінің құрылымы мен қызмет ету механизмі.

Ұсынылған әдебиеттер тізімінен: 1,3,10,15

2.2. тақырып. Несие жүйесі. Несиелік мекемелердің түрлері

1. Несие жүйесі туралы ұғым, оның қызмет ету шарттары, негізгі құрылымдық элементтері.

2. Несиелік мекемелердің түрлері: банктік және банктік емес қаржылық-несиелік институттар.

3.Банктік мекемелердің түрлері. Эмиссиялық банктер және оларды ұйымдастырудың құқықтық формалары

Нарықтық экономикада несие – банк жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы кәсіпорындар, ұйымдар мен халықтың ақшалай есеп айырысулары мен төлемдерінің едәуір көлемі жүргізіледі, сондай – ақ ол уақытша еркін ақша құралдарын, халықтың жинақ ақшалары мен табыстарын белсенді әрекет етуші капиталға айналдырады, көптеген әр алуан несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенімділік, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.

Өндіріске қатысты екінші кезекте бола тұра, несие жүйесі оған үнемі және едәуір дәрежеде ықпал етті. Ол ақша жинақтарының масштабын бірнеше есеге кеңейтеді, ақша құралдарының бір саладан екінші салаға құйылуын қамтамасыз етіп, сол арқылы өндіріс тиімділігінің өсуіне ықпал етеді.

Несие жүйесінің ролі мен меңызы бірқатар көрсеткіштермен сипатталды: несиелік салымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталының қалыптасуындағы банктік ссудалардың үлесі, жалпы төлем айналым және т.б.

Несие жүйесі өз қызметін атқарған кезде несиелік қатынастар туындайды. Несиелік мекемелер және әр түрлі субъектілер арасында қайтарымдылық және төлем шарттары негізінде уақытша еркін ақша қаражатын жинақтау және қайта бөлістіру жөніндегі экономикалық байланыстары несиелік қатынастардың мазмұнын анықтайды.

Бірақ несиелік қатынастардың мазмұны ақша капиталының жинақталуымен және оны заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың уақытша пайдалануына берумен ғана шектелмейді. Несиелеу процесінде өндірістік құнға, яғни ұдайы өндірістің ақша айналымына арналған төлем құралдарының қосымша массасы қалыптасады. Төлем айналымының үлкен ағымы несие жүйесі арқылы өтеді, ол несиелік қатынастардың мазмұнын толықтыра отырып, төлеушілер мен несиелік мекемелер арасында, несиелік мекемелер мен алушылар арасында экономикалық қатынастарды қалыптастырады.

Несие жүйесі елдегі ақша айналымын реттейді, заңды және жеке тұлғаларға әр түрлі қызметтерді көрсетеді, соның нәтижесінде несиелік экономикалық қатынастар туындайды.

Несиелік қатынастардың екі түрлі сипаты бар және шаруашылық субъектілері үшін де, несие жүйесі мекемелері үшін де бірдей дәрежеде қажет болады. Несие мекемелерінде ақшаны сақтау – несиелік ресурстардың құрылуын, ал оларды экономика мен халықтың қажеттілігі үшін орналастыру – несие беруді білдіреді.

Екі жақты қатынастар мыналардың арасында болады: шаруашылық ұйымдары мен несие жүйесі, несие жүйесі мен халық, мемлекет пен несие жүйесі, несиелік мекемелер арасында, әр түрлі мемлекеттердің несиелік мекемелері арасында.

Жоғарыда анықтағанымыздай, несиелік қатынастар несие экономикалық категориясының әрекет етуі кезінде ақша формасында жүзеге асырылады. Несиелік қатынастардың сыртқы көрінісін несие формасы сипаттайды. Ол несиелік қатынастардың мәні мен ұйымдастырылуын синтездейді. Несиелік қатынастардың формасы мен мазмұны диалектикалық бірлікте болады. Несиелік қатынастардың формасы олардың мазмұнына сәйкес келіп және олардың дамуын ынталандыруы тиіс. Өндірістік қатынастардың өзгерісі несиелік қатынастар мазмұнының және несие формасының өзгеруіне әкеледі.

Несие екі формада болады: тауарлық және ақшалай. Тауарлық несие коммерциялық несиенің алғашқы негізін қалайды. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің ссуданы бір – біріне беруі кезінде бұл несие ақша формасына өзгереді. Оның мәнісі мынада, яғни алушы субъект несие берушіге алынған тауарлық несиенің дәлелі ретінде вексель, кепілдік қағаздарды немесе басқа құжаттарды жазып береді, несие беруші оларды ақша формасында ссуда алу үшін банкке ұсынады. Бұл жерде несиелік қатынастардың жүргізуші субъектілері ретінде шаруашылық субъектілері және банк саналады. Оның мазмұнындағы өзгерістер салдарынан несиелік қатынастардың тауарлық формасы ақша формасына ұласады. Осылайша, тауар формасы негізінде несиенің, ең алдымен банктік несиенің ақшалай формасы туындайды және дамиды.

Қазіргі кездегі несие жүйесі соңғы жылдары едәуір өзгерістерге ұшырады. Әлемдік экономикадағы құрылымдық қайта құрулар нәтижесіндегі өзгерістерге байланысты банк жүйесінің барлық компоненттері жаңғыртылуда. Банктердің жекелеген типтері, банктер және банктік емес мекемелер арасындағы айырмашылықтардың жедел жойылуы немесе кедергілердің жойылуы – соңғы жылдардағы несие жүйесінің құрылымдық қайта құрылуының маңызды тенденцияларының бірі.

Ірі әмбебап банк өз клиенттері үшін депозиттік шоттарды жүргізу, қолма – қолсыз есеп айырысу, жинақтарды қабылдау, әр алуан несиелерді беру, құнды қағаздардың сатып алу, сенімхат бойынша мүлікті басқару және басқа көптеген банктік және «банк маңындағы» қызметтерді көрсету бойынша операциялардың көптеген түрлерін жүзеге асырады. Несиелік мекемелер қызметінің көп жақты сипаты қазіргі кездегі қаржылық капиталға толық жауап береді.

Несиелік мекемелердің әмбебаптануы екі бағыт бойынша жүргізіледі. Біріншісі – дәстүрлі емес банктік операциялардың факторингке, ақпараттық – кеңестік бизнеске және т.б. енуге тырысады. Олар қаржылық қызмет көрсету, атап айтқанда жылжымайтын мүлікпен мәмілелер, бухгалтерлік және компьютерлік қызмет көрсету, лизингтік іс салаларына қатыса отырып, несиелік мекемелердің басқа топтарымен тікелей конфронтацияға шығады.



Екіншісі – банктік емес мекемелердің (сақтандыру, брокерлік, жинақ, сенімгерлік компаниялар, зейнетақы қорлары және т.б.) банктік нарықтарға енуі арқылы. Банктік емес мекемелер қазіргі таңда банктермен инвестициялық салада, ақпараттық – кеңестік қызметтерді көрсетуде, сонымен бірге банктік салада – депозиттік – ссудалық операцияларда барынша бәсекелесіп келеді.

Соңғы жылдары банктік және басқа арнайыланған қаржы – несие мекемелері арасында халықтың жинақ ақшалары және фирмалар мен компаниялардың жинақтары үшін күрес өткір сипат алды.

Бұрын коммерциялық банктер депозиттер бойынша қойылымдарды көтеру сияқты халықтың жинақ ақшаларын тартудың тиімді құралын еркін қолдана алмады. Олар пайыздық қойылымдардың максималды шегін белгіледі, оны жедел және сақтандыру салымдарын салушыларға төлеу рұқсат етілді, ал басқа арнайыланған несиелік мекемлерде шектеулер болмады. Әрине, соңғылары бәсекелік күресте артықшылыққа ие болды. Банктер ақша нарығы сертификаттарын шығаруға рұқсат алды, олар бойынша пайыздар конъюктураның жағдайына байланысты белгіленді.

Ірі банктік мекемелерге арналған әмбебаптануға қатысты жалпы тенденция олардың мамандануының сақталуымен сәйкес келеді.

Мынаны атап өту керек, экономиканың өзгермелі жағдайларына сәйкес банктік қызметтің өзінді, дәстүрлі банктік операцияларда қайта құру жүзеге асты. Оған банктік қызметті реттеуші әкімшілік ережелерді алып тастауға, яғни қайта реттеуге ықпал етті. Қайта реттеудің мақсаты – бәсекенің өте құралдарын қолдануға, банктік қызметтердің нарығын жандандыруға банктерді термелеу.

Банк қызметті қайта реттеу активі операцияларды да, пассивті операцияларды да қамтыды. Коммерциялық банктердің активті операциялары едәуір өзгерістерге ұшырады. Қазіргі таңда олар фирмаларды және корпорацияларды жанама несиелеуден тікелей несиелеуге толығымен көшті.

Банк жетекшілері өз активтерінің сапасын, жаңа несиелерді ұсынуды, несиелеу технологиясын, қарыз алушының несие шарттарын сақтауын қадағалайды.

Ұзақ мерзімді несиелеу кең өріс жоюда. Коммерциялық банктердің қаржыларды тарту жөніндегі пассивті операциялары өзгерістерге ұшырады. Оларды үкімет белсенді түрде қолдайды.

Банктердің пассивті операцияларының инновациясы қосымша ақша көздерін тартудың жаңа құралдарын құрудан көрініс тапты. Салымдардың жаңа типтері ашылды, олар бойынша пайыз көлемі нарықтық көлемге жетті. Мұндай шоттарға ақша нарығындағы депозиттік шоттар жатады. Көптеген коммерциялық банктер депозиттік сертификатты шығара бастады, ол ақша нарығында еркін айналды.

Банктік операциялардың дамуында ақпарат пен коммуникацияның қазіргі кездегі техникалық құралдары айрықша рольді атқарады. Банк ісі ақпаратты дер кезінде беру, оны жедел өңдеу және мәліметтердің ақиқаттылығы, экономикалық жағдайды талдау және ақша нарығының даму болашағын дұрыс бағалау сияқты жағдайларға тәуелді болды.

Банк жүйесінің дамуындағы елеулі құбылыс ретінде мынаны атап өтуге болады, яғни несиелік мекемелердің «көтерме» операциялардан «бөлшек» операцияларға өтуі оның клиенттері шеңберінің кеңеюіне әкеледі. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін банкирлер сақтампаздық пен байыптылық көрсетті, таңдаулы, «айрықша сенімді» клиентураға ғана қызмет етті, қазір көптеген банктер өз стратегияларын өзгертті. Кәсіпкерліктің барлық салаларына белсенді түрде жүре отырып және шағын бизнесті қамти отырып, олар жаппай клиентураға, яғни халықтың әл – ауқаты нашар тобына бағдарланады. Ол қазіргі кездегі ірі банктің келбетін, оның саясатын өзгертеді.

Соғыстан кейінгі жылдар дамыған нарықтық қатынастарды бар елдер экономикасындағы өндірістің шоғырлануының жоғары деңгейімен сипатталады, ол банк капиталының шоғырлануы мен орталықтануына, осы процестердің жаңа формаларының туындануына әкеледі, сонымен бірге ел ішінде де, әлемдік қаржы нарықтарында да күшті позицияларды алатын алып банктер тобының жедел өсуін туындатты. Мұндай алып банктер ең алдымен Жапония, Германия, Канада, АҚШ және араб әлемі елдерінде пайда болды, олардың активтері 100 млрд. доллардан астам болды.

Біз дамыған нарықтық экономикасы бар елдердің қазіргі кездегі несие жүйесін сипаттаушы кейбір маңызды мәселелерге ғана тоқталды. Өз экономикасын нарықтық жолға қайта құрушы Қазақстан үшін әлемдік банк жүйесінің қазіргі кездегі даму тенденциялары үлкен қызығушылық туғызады, өйткені нарықтық экономикаға өту өзіндік нарықтық несие жүйесін құрудың талап етеді. Республикамыз үшін шет ел тәжірибесін толығымен меңгерген тиімді болады, өйткені экономика нарыққа өтудің ең басында тұр, ал Батыс болса мұнда бұрыннан қызмет етуде, бірақ осы тәжірибеден барлық жағымды жайттарды алған дұрыс болады, өйткені ол өтпелі кезең жағдайында өз қолданысын табары сөзсіз.

Өзіндік бақылау сұрақтары:


  1. Банктік мекемелердің түрлері.

  2. Эмиссиялық банктер және оларды ұйымдастырудың құқықтық формалары.

  3. Эмиссиялық емес банктер: әмбебап банктер және операциялардың кейбір түрлеріне маманданған банктер.

  4. Банк жүйесі экономиканың дербес саласы ретінде, оның құрамдас элементтері, экономикадағы рөлі және оның атқаратын қызметері.

  5. Банк жүйесінің түрлері.Екі деңгейлі банк жүйесінің құрылымы мен қызмет ету механизмі.

Ұсынылған әдебиеттер тізімінен: 1,3,10,15
2.3. тақырып. Банктік емес несиелік мекемелердің мәні және түрлері

1. Маманданған несиелік-қаржылық институттар, олардың типтері мен қызмет ету спецификасы.

2. Зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, факторингтік, лизингтік, пошталық-жинақтау компаниялары, ломбардтар, клирингтік палаталар.

3. Экономикасы дамыған елдердегі арнайы несиелік-қаржылық мекемелердің түрлері.

Сұраныс пен ұсынысты ұтымдылығына сәйкес пайдалану үшін ресрстардың бөлініп таралуы арқылы нарық экономикалық тиімділікке өол жеткізеді. Белгілі қоғамдық қажеттілікті өаржыландыру үшін және өз бетімен оперативті түрде жұмсалатын қаржылай қаражытты пайдалануды мемлекет тарапынан, қайтадан таратудың бірі бюджеттен тыс қордың формасы болып саналады.

Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға мыналар жатады:

- Зейнетақы қорлары

-Халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік қоры

-Міндетті медициналық сақтандыру қоры

Бюджеттен тыс қорлар дегеніміз мемлекеттік органдардың қол астындағы және мақсатты түрде қолданылатын ақшалай ресурстардың жиынтығы.

Бұл қорлардың дұрыс құрылуы мен пайдаланылуы қарастырылған құқықпен реттеледі. Бюджеттен тыс қорлар мақсатты қолданылуына байланысты экономикалық және әлеуметтік, ал басқару деңгейіне байланысты мемлекеттік және аймақтық болып бөлінеді.

Экономикалық, қорларға экономикалық даму мәселелерін шешуге арналған қорлар жатады.

Әлеуметтік қорларға коғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге арналған қорлар жатады.

Мемлекеттік қорларға мемлекеттік деңгейде құрылған қорлар, ал аймақтық қорларға аймақтық деңгейде құрылған қорлар жатады.

Бюджеттен тыс қорлардың көздері бірқалыпты және уақытша болуы мүмкін.

Бюджеттен тыс қорлардың ақшалай қаражаттары мынадай негізгі бағыттарға жұмсалады:

- жарғылық қызметі;

- артық ақшаның белгілі бір үлесінің қаржылық активтерге инвестициялануы;

- коммерциялық қызметі.

Бюджеттен тыс қорлар мемлекеттік қаржылардың бір буыны болып табылады. Бюджеттен тыс қорлар өзінің, мәні бойынша мемлекеттің кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қар жыландыру үшін тартатын және жедел түрде кешенді жұмса латын каржылық ресурстарды пайдалану және қайта бөлу нысаны болып табылады.

Тағайындау — қаражаттардың аударымдары есебінен мақсатты шаралардың каржыландырылуы:

а) арнайы мақсатты салықтар есебінен;

б) зайымдар мен ақшалай-заттай лотереялар есебінен;

в) бюджеттен алынған субсидия есебінен;

г) қосымша табылған кірістер мен үнемделген қаржылық ресурстардың есебінен;

д) заңды және жеке тұлғалардың ерікті жарналарынан.

Бюджеттен тыс қорлардың көмегімен мыналар асырылады:

- отандық кәсіпорындарды қаржыландыру, несиелеу арқылы өндірістік процеске әсер ету;

- қоршаған ортаны ластағаны үшін алынған айыппұл мен арнайы белгіленген көздер есебінен табиғатты қорғау шараларын жүргізу;

- әлеуметтік инфрақұрылымды қаржыландыру, субсидиялау, зейнетақы, жәрдемақы төлеу арқылы халыққа әлеуметтік қызмет көрсету;

- зайымдар беру.

Бюджеттен тыс қорлардың кызмет етуі орталық, реслубликалық және жергілікті мемлекеттік билік органдарының басшылығымен ұйымдастырылады.

Бюджеттен тыс қорлар белгілі бір жеңілдіктерге ие бола алады:

а) салық төлеуден босатылуы;

б) кеден баждарын төлеуден босатылуы (коммерциялық кызметтегі жеңілдіктерден басқа).

Келесі дамып отырған банктік емес мекемелер түріне — почта – жинақ мекемелері жатады. Бұл жүйенің маңызды элементтері — ұсақ салымшылардың қаражаттарын тартатын мемлекеттік мекеме ретінде құрылатын пошта-жинақ банктері болып табылады. Бірақ ондай банктердің құрылуы біздің елімізде әлі де болса кешеуілдік танытуда. Бізде әзірге мұндай банктердің рөлін атқаратын Қазпошта мекемесі жұмыс жасауда.

Пошта-жинақ мекемелері пошта бөлімдері арқылы халықтың салымдарын жинақтап, қаражаттарды қабылдау және беру қызметін жүзеге асырады. Соңғы уақыттарда көптеген елдерде пошта-жинақ жүйелерінің несие-есеп айырысу қызметтері қанат жаюда. Сондай- ақ, банктік заңдылықтардың шектеу қойылуына байланысты аталған мекемелердің кейбір көрсететін қызметтері дами алмай отыр.

Қазпочта ТМД аумағында бірінші болып пошта-жинақ жүйесін құрастырып енгізген бірден-бір пошта әкімшілігі болып табылады. «Қазпочта» АҚ-ның сапалы пошта-жинақ жүйесін құрастырудағы жұмысының нәтижелері Байланыс саласындағы аймақтық достастықпен сәтті деп танылды. Ал Қазақстандағы жаңа пошта жүйесінің үлгісі Достастық елдері пошта әкімшіліктері үшін болашағы мол даму жолы ретінде атап өтілді.

Бүгінгі күні қазақстандық пошта 21 000-ға жуық қызметкер, республика бойынша 3200 байланыс бөлімшелері, 14 облыстық және 4 республикалық мәндегі филиалдан тұрады.

Қазіргі кезде қазақстандық поштаны көп функционалды қаржылық супермаркетке айналдыру үрдісі жедел іске асырылуда. Мұнда жақын арада пошталық, қаржылық және басқа да қызметтер көрсетіледі. Қазақстан сияқты үлкен мемлекетте ақпараттық қоғамның дамуы жағдайында әмбебап логистикалық операторының қызметінсіз мүмкін емес.

Пошта саласында жүріп жатқан өзгерістер, тұтастай алғанда компанияның алға жылжуына негіз қалады. «Стандард & Поор'с» халықаралық рейтингтік агенттігі 2005 жылы «Қазпочта» АҚ-ға ұзақ мерзімді несиелік ВВ+ «Тұрақты» рейтингісін берді. Бұл компанияның тұрақты дамып келе жатқан кәсіпорын екенін дәлелдейді.

«Қазпочта» АҚ 2006 жылдың қаңтарынан «Самұрық» мемлекеттік холдингісіне кіреді. Бұл даму институтын құрғанда алға қойған басты мақсаттар корпоративтік басқару, мемлекеттің қызығушылығын қорғау мен макроэкономикалық тұрақтылықты одан әрі қолдау болды. Бір жыл ішінде алға қойған міндеттер мен мақсаттарды орындауда бірлесіп жасалған жұмыстар жемісті болды. Осы уақыт ішінде осындай мемлекеттің шешімін дұрыс қабылдау мен түсіну де келді. Директорлар кеңесінде жай ғана поштаның даму тұжырымдамасын емес, сонымен қатар ұлттық пошта операторының инфрақұрылымын жаңартатын бағдарламаны қамтитын 2007—2009 жылдарға дамудың стратегиялық бағыттары бекітілді. Мұндай жаңартудың негізгі міндеттері пошта байланысы бөлімшелерінің жеке желісін оларды жан-жақты қамтып, техникалық нығайту мен ақпараттық коммуникациялық және банктік жабдықтармен қамту арқылы жетілдіру болып табылады.

Бұл шаралар көптеген стратегиялық маңызды міндеттерді орындауды ұйғарады. Бірінші кезекте қаржыландыру көздерін аймақтық желіні қалалық, аудандық, ауылдық деңгейде дамытуға толық жұмылдыру қажет. Бұл жан-жақты әрі ақпараттық-техникалық жабдықтау деңгейінде стандартты пошта-жинақтау қызметтерінің тізімін сапалы негізде көрсетуге мүмкіндік береді. Екішіден, бұл қайта жабдықталған пошта байланысы бөлімшелерінде «электронды үкімет» жүйесіне қосылу, несиелеу, тұрғын үй салу жинақтарын жасау үшін теле- және ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді дамыту есебінен көрсетілетін қызметтер аясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Компанияның даму жоспарын іске асыру пошта-жинактау қызметтерін көрсету деңгейін көтеруге, пошта жөнелтімдерін тасымалдау жиілігін арттыру, сонымен қатар тұтастай алғанда аймақтық желі мен тораптық бағдарларды оңтайландыратын тораптық бағыттар бойынша пошталық жөнелтімдерді жеткізу мерзімін қысқартуға септігін тигізеді.

«Қазпочта» АҚ қызметінің тағы бір онды нәтижесі клиенттер мен әріптестер жағынан компания қызметгеріне деген жоғары қызуғышылық болып табылады. Пошта — Қазақстан халқының бәріне дерлік қол жетімді бірегей күшті желілік құрылым. Қазпочта ең пәрменді филиалдық желіге ие. Республикада мұндай желіге іспеттес желі жоқ. Қазпочтаның барлық облыстық филиалдарында «К-мобіле» мен «К-целл» ұялы байланыс қызметтері үшін төлемдерді қабылдаудан жаңа жобаларды іске асыру бойынша бағдарламалық өнімдер сәтті қолданылып келеді.2006 жылдың мамырында Қазпочта құнды қағаздар рыногында трансфер-агентгік қызметті іске асыруға лицензияны алды. Бұл компанияның трансфер-агенттік қызметтерді көрсетудегі жұмысын кеңейтуге мүмкіндік берді. Қазіргі кезде «Қазпочта» АҚ езінің қызметін құнды қағаздар рыногында белсенді түрде дамытуда. Мұнда негізгі екі бағытты атап өтуге болады.

Біріншісі пошта секторында «Казпост-секьюритиз»деп аталатын бірегей жобаны қамтиды. Ол бүгінде Қазпочтада енгізілуде. Мұнда Алматы қаласы Аймақтық қаржы орталығы алаңында құнды қағаздармен түрлі операцияларды жүргізу ұйғарылады.

Екінші бағыт «Қазпочта» АҚ құнды қағаздар рыногында трансфер-агенттік желіні дамытуды айқындайды. Осыған байланысты «Самұрық» мемлекеттік холдингінің «Қазақтелеком» АҚ-ның 4,6% жай акциялары мемлекеттік пакетін «Қазпочта» АҚ трансфер-агенттік пункттері арқылы сату тәжірибесі сәтті болды. Казпочтаның трансфер-агенттік пункттері инвесторлар мен сатушылар арасында байланыстырушы түйін қызметін атқарады. Трансфер агенттік желі арқылы акцияларды сатып алу өтініштері бүкіл Қазақстан бойынша қабылданды. Аймақтардағы инвесторлар акцияларды сатып алу келісімін өздері тұрған жерден-ақ жүзеге асырды. Бұл жобаны іске асыру трансфер агенттік желіні қолданудың инвесторлар үшін де, Қазпочта үшін де тиімді екенін көрсетті. Бұған дейін трансфер агенттік қызмет қор рыногында табысты қызмет түрлеріне жатпайды деп есептелген. Бірінші тәжірибе сәтті өткендіктен бұл бағыт одан әрі де белсенді дами береді. Жақын болашақта халыққа «Қазпочта» АҚ-ның барлық ірі қалалық және аудандық пошта байланысы тораптарында орналасқан трансфер агенттік пункттері арқылы акциялар сату жоспарлануда.

Соңғы жылдары Қазакстан Республикасы аумағында ішкі және халықаралық жөнелтімдерді бақылау автоматтандырылған жүйесін енгізу арқылы қазақстандық пошта халықаралық ЕМС қызметі сапасын сәтгі дамытуда. Бұл сертификаттау деңгейінде өз үлесін тигізді. 2006 жыл қорытындылары бойынша «ЕМС-Казпост» қола деңгейіне қол жеткзді.

«Қазпочта» АҚ басқаруды нығайту, қызметкерлер құрамын оқыту, пошта байланысын жаңарту, бәсекеге қабілетті пошта-жинақ жүйесі мен тұтынушыларға көрсетілетін қызметтер сапасын көтеруге бағытталған қазіргі күнгі ақпараттық-технологиялық тізбектерді енгізуге зор назар аударады. Біздің бүгінгі күнгі стратегиямыз — көрсетілетін қызметтер аясын кеңейту мен оларға нақты сапа стандарттарын бекіту. Компания сапа менеджменті жүйесін енгізумен белсенді түрде айналысуда. Бұл еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру қарсаңында өте маңызды болып табылады. 2007 жылдың желтоқсанында «Қазпочта» АҚ-ға ХС ИСО 9001:2000 талаптарына сәйкестілік халықаралық сапа сертификаты тапсырылды. Бұл сертификат — компания басқару жүйесінін, халықаралық сапа менеджменті стандарттарына сай келетінінің куәлігі. Аталған сертификатқа ие болу компания мен оның қызметкерлеріне ерекше жауапкершлік жүгін артады.

Халықаралық сертификатқа ие болып және сапаға деген ұстанымын көпшілікке паш етіп, «Қазпочта» АҚ өзінің күнделікті жұмысымен халықаралық деңгейге сай сапалы қызмет көрсету компанияның барлық басқару деңгейлерінде, өндірістік бөлімшелерінде басымды міндеті екенін, ал тұтынушылардың қанағаттануын көбейту атқарған жұмысының мақсаты мен нәтижесі екенін растайды.

Әлеуетті компания мәртебесін алу қазақстандық пошта операторының өз беделін халықаралық деңгейде едәуір көтеруге септігін тигізді. «Қазпочта» АҚ әлемдік пошта қоғамдастығында сенімді әрі жауапты әріптес ретінде лайықты орын алып, әлемдегі алдыңғы қатарлы пошта әкімшіліктерімен өзара тиімді әріптестікке қол жеткізді.

Сақтандыру компаниясы - меншік, ұйымдық-құрылымдық нысанына және құрылысына қарамастан сақтандыру операцияларын жүзеге асырумен (сақтандыру қорын қалыптастырып, пайдаланумен) айналысатын ұйымдық құрылымды. сипаттайтын жалпылама ұғым Кейде сақтандырушы деген үғымның баламасы ретінде пайдаланылады. Сақтандыру компаниясы азаматтарға, кәсіпорындарға олардың қызметі мен өмірінде сақтандыру жағдайлары басталғанда зиянның орнын толтыру және көмек көрсету жөніндегі операцияларды жүзеге асырады Сақтандыру компаниясы бірқатар белгілері бойынша: меншік нысанына қарай (мемлекеттік, жекеше, өзара қарыз, бірлескен сақтандыру компаниясы); капиталының көлеміне қарай (ірі, орта, ұсақ сақтандыру компаниясы), аумақтық қызметіне қарай (аймақтық, ұлттық, халықаралық сақтандыру компаниясы); сақтандыру қызметінің бағытына қарай (мамандандырылған, әмбебап сақтандыру компаниясы) сыныпталады. Мамандандырылған сақтандыру компаниясы сақтандыру қызметінің тек бір түрі бойынша операциялар жүргізеді (өмірді сақтандыру, теңіз сақтандыруы, т. б.). Әмбебап сақтандыру компаниясы сақтандыру қызметі түрлерінің тобы бойынша операциялар жүргізеді. Бір немесе бірнеше заңи тұлғалар (әдетте корпорациялар мен қаржы-несие топтары) өздерінің немесе құрамына кіретін шаруашылық жүргізуші бірліктердің мүліктік мүдделерін сақтандыру арқылы қорғау мақсатында құрылатын "кэптивтік" сақтандыру компаниясы ерекше орын алады.

Маманданған несиелік-қаржылық институттар, оларадың типтері мен қызмет ету спецификасы. Зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, факторингтік, лизингтік, пошталық-жинақтау компаниялары, ломбардтар, клирингтік палаталар және т.б. Олардың ұйымдастырылу және қызмет ету ерекшеліктері. Экономикасы дамыған елдердегі арнайы несиелік-қаржылық мекемелердің түрлері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет