2. Арзан да қоректілігі жоғары азық дайындау
3.Ауылшаруашылық дақылдарының агрономиядағы орны мен маңызы
Қазақстан ертеден аграрлы ел ретінде дүние жүзіне танымал. Ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі міндеті – республика халқын медициналық мөлшерге сәйкестендірілген тамақ түрлерімен толықтай қамтамасыз ету. Ол үшін республика бойынша жылына 1,4 млн. тоннадан жоғары ет, 7,0 млн тонна шамасында сүт және сүт өнімдерін, 4 млрд. дана жұмыртқа, 2,4 млн тонна көкөніс, 640 мың тонна қант және 2,0 млн тонна шамасында нан және нан өнімдерін өндіру қажет. Бірақта қазіргі кезде негізгі тамақ түрлері, оның ішінде мал өнімдері, жеткілікті мөлшерде өзімізде өндірілмей отыр. Ет, сүт өнімдері, өсімдік майлары, қант 30-40% дейін шет елдерден әкелінуде. Осындай олқылықтарды жою үшін ауыл шаруашылығының негізгі саласы мал шаруашылығын қарқынды дамыту бүгінгі күннің жауапты міндеттері.
Ол үшін ең алдымен өзіміздегі бай ресурстарды - табиғи шалғындықтар мен егістік жерлерді үйлесімді пайдалана отырып мал шаруашылығын қоректілігі және сапасы жоғары азықтармен толықтай қамтамасыз ету. Мал азығын өндіру саласының құрылымы мен міндеттерін нақтылы сараптай келгенде оның негізгі көздері болып табиғи шалғындықтар және егістік жерлер екенін анықтаймыз. Сонымен қатар мал азығы ретінде далалық егістіктерінің қалдықтары да (астық, техникалық дақылдардың) пайдаланылады. Мал азығы үлесіне микробиология және химия өндірістерінде шығарылатын өнімдерді (витаминдер, ашытқылар, ферменттер және басқа да биологиялық белсенді заттар) де жатқызуға болады. Алайда мал және құс шаруашылықтарында пайдаланатын барлық азық көлемінің 95% өсімдік тектес азықтарға тиесілі. Сол себепті республика бойынша мал шаруашылығы үшін мал азығының берік қорын жасауда табиғи шабындықтар мен жайылымдардан және азықтық егістіктерден түсетін азық өндірісін дамыту шешуші роль атқарады.
Табиғи жайылымдар мен шабындықтар республиканың кең байтақ жерін алып жатыр. Жайылым көлемі 182 млн га, шабындықтар – 4,7 млн га, немесе 39 гектар жайылымға 1 гектардай ғана шабындық жер келеді екен. Мұндай қайшылықтың басты себебі құнарлы шабындықтардың астық өндірудің көлемін көтеру үшін жыртылып егістікке айналып кетуінде. Осыған байланысты республиканың көпшілік шаруашылықтарында, әсіресе астық өсіретін аймақтарда, қысқы азықтардың тапшылығы орын алды. Ол үшін өткен ғасырдың 70-80 жылдары пішен амалсыздан табиғи жайылымдардан дайындала бастады. Мұндай «шабылатын жайылымдар» үкіметтің жоспарына кіріп, көлемі 15-20 млн гектарға дейін жетті. Әрине мұндай «шабындықтардың» өнімі төмен болды (2,0-3,0 ц/га) да, пішеннің өзіндік құны өсіп, көпшілік жерлерде мал шаруашылығының тиімділігі төмендеп кеткені көрініс берді. Сол кездері егістік жерлерде мал азықтық дақылдар көптеп өсіріле бастады. Оның көлемі республика бойынша 10 млн гектарға дейін жетіп, пішеннің көлемінің үштен бірі, сүрлем, шырынды және жемдік азықтар толығымен егістіктен алынды. Бірақта әлі күнге дейін табиғи жайылымдар мен шабындықтардың және егістік жерде өсірілетін азықтардың өнімі қазіргі күннің сұранысына сай келмей отыр.
Мал азығын өндіру ауыл шаруашылығы экономикасының ірі де күрделі саласы. Оның бүгінгі күннің талаптарына сай интенсивті дамуы және өркендеуі осы саладағы қорланған ғылыми-техникалық жетістіктерді өндіріске енгізуге байланысты.
Олардың негізгілеріне мына бағыттарды жатқызуға болады:
-әр аймақтың биоклиматтық мүмкіндіктерін және экономикалық қалыптасу ерекшеліктерін ескере отырып мал азығының негізгі көздерін – табиғи шабындықтар мен жайылымдарды және мал азықтық егістіктерді тиімді де ұтымды пайдалану;
-шаруашылықтарда (шаруа қожалықтары, акционерлік кешендер т.б.) ғылым мен алдыңғы қатарлы өндірістік тәжірибелердің жетістіктерін енгізе отырып табиғи шабындықтар мен жайылымдардың және мал азықтық егістіктердің өнімін көтеріп, сапалы, қоректілігі жоғары азықтар жинау;
-мал азықтарын дайындаудың алдыңғы қатарлы технологияларын және әр мал түріне, жасына және алынатын мал өніміне қарай ғылымға негізделген тәуліктік, айлық және жылдық азық мәзірін жоспарлап шаруашылықтарға енгізу;
-шаруашылықтарда мал азықтық жерлерді жақсартуға, тиімді пайдалануға және азық дайындау өндірісіне жаңа техникалар мен машиналарды енгізу арқылы азықтың өзіндік құнын төмендету.
Мал азығын өндіру ауыл шаруашылығының және ғылымның саласы ретінде егістік жерлерде азықтық дақылдарды өсірумен, екпе және табиғи жайылымдар мен шабындықтар жасап пайдаланумен айналысады. Бұл саланың алға қойған мақсаттары – мал азығы өндірісін республикада барынша интенсивтендіру.
Арзан да қоректілігі жоғары азық дайындаудың негізгі көзі табиғи мал азықтық жерлер. Мұндай жерлер жоғарыда келтірілгендей республиканың 70% жер көлемін алып жатыр. Бірақта осы табиғи жайылымдар мен шабындықтардан алынатын азық көлемі жыл бойы мал шаруашылығында пайдаланатын барлық азық көлемінің шамамен 40% үлесін ғана түзеді екен. Оның басты себебі табиғи мал азықтық жерлерден алынатын өнімнің төменділігімен түсіндіріледі. Табиғи жайылымдарды жүйесіз пайдалану және күтіп-баптау жұмыстарының уақытында жүргізілмеуі салдарынан шалғындық топырақтың құнарсыздануына, өсімдік қауымынан бағалы өсімдік түрлерінің жойылып, орнына басқа құнарсыз шөп түрлерінің, арамшөптердің өсіп, шалғындықтарды төмпешіктер мен бұталардың басып, нәтижесінде өнімінің төмендеп кетуіне әкеліп соқтырады. Мұндай кемшіліктерді жою үшін табиғи мал азықтық жерлерді жақсарта отырып дұрыс пайдаланудың маңызы өте зор.
Ғылым мен алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың жетістіктері көрсеткендей республиканың барлық аймақтарында табиғи жайылымдар мен шабындықтарды түбегейлі (табиғи шөптерді жойып орнына көпжылдық шөптер себу) жақсартқанда өнімін 3-5 есеге дейін және одан да жоғары көтеруге болатыны белгілі болды. Жеңіл-желпі жақсарту (төмпелерді, бұталарды жою, тыңайтқыштар шашу, үстеп шөп тұқымдарын себу, т.б.)әдістері шалғындықтың өнімін 1,5-3,0 есеге дейін жоғарылатты. Әр шаруашылықта суармалы жайылымдар жасап жаз маусымында малды толықтай көк азықпен қамтамасыз ету соңғы кездері мал азығын өндіру саласына кеңінен енгізіліп жатқан прогрессивті жаңа әдіс. Суармалы жайылымдарда сиырлардың сүттілігі 15-30%, бордақыдағы малдың ет қосуы 25-35% дейін өсетіні көптеген тәжірибелерден белгілі болды.
Далалық, шөлейт және шөл аймақтарда табиғи жайылымдарды тиімді пайдалану ондағы бағалы шөп түрлерін сақтауға және өнімін көтеруге, нәтижесінде әр гектардан алынатын мал өнімдерін (ет, жүн) екі есеге дейін көтеруге болатыны анықталды. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында тозып кеткен жайылымдар орнына изень, еркек шөп, тарлау т.б. шөптер сеуіп екпе жайылымдар жасау экономикалық жағынан да, және экологиялық жағынан да өте тиімді болатыны көптеген зерттеу жұмыстарында дәлелденді.
Республикада егістікте мал азықтарын өсіру көптен бері жүргізіліп келеді. Бірақта оның қазіргі жағдайы сын көтермейді. Мал азықтық дақылдар өсірілетін егістік жерлерден әр гектарынан алынатын азықтық өлшем, астық дақылы себілген егістіктен алынатын өнімнен төмен болып отыр. Оның басты себебі мал азығы дақылдарының өсіру технологиясының сақталмауында, және кейбір дақылдардың өсіру технологиясының әр аймаққа бейімделіп зерттелмеуінде.
Келешекте егістік жерлерден мал азығын өндіру мынадай негізгі бағыттарда жүргізілуі тиісті: әр аймақта мал азығы егістерінің құрылымын жетілдіру; мал азықтық дақылдардың өнімін көтеру; аралық, аңыздық және тығыздалған егістіктерді шаруашылықтарға кеңінен енгізу; жасыл конвейерлерді кеңінен қолдану; егістіктен алынатын мал азықтарын жаңа технологиялар бойынша дайындау; мал азықтандыруды ғылыми жолға қою.
Республикада мал шаруашылығын қарқынды дамыту үшін келешекте егістікте мал азығы дақылдарының себілу көлемін кем дегенде 3 есеге дейін көбейтіп, әр гектардан өнімін 2,0-2,5 тн а.ө. дейін жеткізу керек. Аралық және тығыздалған егістіктерде мал азықтық дақылдарды өсіру де айтарлықтай өндіріске енгізілуі тиісті. Бір егістік жерден жылына 2-3 дақыл өсіру арқылы әр гектардан түсетін өнімді 20-50% дейін көтеруге болатыны анықталған. Мысалы, жоғары өнімді мал азықтық астық тұқымдас дақылдарды протеинге бай бұршақ дақылдарымен қосып сепкен жағдайда тиімді болатыны тәжірибелер көрсетті.
Жалпы мал азығын өндіру саласы ғылымы бұрынғы Одақ көлемінде 18 ғасырдың аяғынан бастау алады. Алғашқы орыс ғалымдары И.И.Лепехин, В.А.Левшин, И.Т.Болотов, А.В.Советов, И.А.Стебут, П.А.Костычев т.б. Россияның әр аймақтарының мал азықтық жерлерін зерттеп, оны жақсарту жолдарын, мал азықтық өсімдіктердің сапасын, оларды жерсіндіру, егістікте өсірудің мүмкіндіктерін зерттеді. Алайда мал азығын өндіру саласының кеңінен, жоспарлы түрде дамуы 20шы ғасырдың бас кезінен басталды. Бұл жұмыстарға жетекшілік еткен белгілі орыс ғалымдары В.Р.Вильямс және А.М.Дмитриев болды.
Осы жылдары Қазақстанға Орталықтан (Москва, Ленинградтағы ҒЗИ) арнайы экспедициялар ұйымдастырылып табиғи жайылымдар мен шабындықтардың жағдайы, әр аймақта орналасуы, топтары, ондағы негізгі өсімдік қауымдастықтары, өсімдік түрлері, өнімі мен мал азықтық құндылықтары зерттеле бастады. Мұндай зерттеулерге басшылық етіп көп еңбек сіңірген ғалымдардың ішінен академик И.В.Ларинді, профессорлар Л.Г.Раменскийді, И.А.Цаценкинді, С.П.Смеловты атап кетуге болады. Сол кездегі Қазақстан ғалымдарынан Д.А.Зыковтың, Б.А.Быковтың, К.К.Құрмановтың, В.И.Матвеевтің, К.Д.Постоялковтың, П.А.Салюковтың еңбектерін атауға болады.
Өткен ғасырдың 60-шы жылдары республикада қайтадан ашылған Қазақтың шабындық және жайылым шаруашылығы ғылми зерттеу институтында табиғи мал азықтық жердерді жақсарту және тиімді пайдалану проблемалары барлық аймақтарда тереңдетіліп, жан-жақты зерттеле бастады. Республикадағы әр аймақта орналасқан табиғи жайылымдар мен шабындықтардың қазіргі жағдайлары анықталып, тозығы жеткен жерлерді жақсарту және тиімді пайдалану жолдары ұсынылды. Ғылми жұмыстарға жетекшілік етіп көп еңбек сіңірген ғалымдардың ішінен Ж.А.Жамбакинді, С.Н.Прянишниковты, К.А.Асановты, Е.Ш.Шахановты, Г.Т.Мейрмановты, К.А.Аубакировты, И.И.Алимаевты, К.А.Байтқановты, Е.Л.Бекмухамедовты, К.Ш.Смаиловты, У.Х.Альмишевты
атауға болады.
Егіншілікте мал азығын өндіру проблемаларын ғылыми жолға қойып зерттеген ғалымдардан Ю.Д.Зыковты, Н.И.Можаевты, В.А.Бенцты, А.М.Свешниковты, Г.М.Часовитинаны, А.Ахметті атап кетуге болады.
Осы оқулықта кездесетін кемшіліктерді және қамтылмай қалған, студенттер оқуға тиісті тақырыптарға байланысты пікірлеріңізді мына адреске жіберулеріңізді өтінеміз:
Алматы қаласы, Абай даңғылы 8, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Жалпы егіншілік және өсімдік шаруашылығы кафедрасы.
дәріс 2
Күздік астықтар өсіру технолгиясы
Мақсаты: Студенттерге күздік астық дақылдарының технологиясын уйрету
Міндеті: Күздік астық дақылдарымен таныстыру, өсіру технологиясын түсіндіру.
Түйінді сөздер: Күздік астық атаулары.
Дәріс жоспары:
Күздік бидай және қара бидай. Халық шаруашылығындағы маңызы
Күздік арпа, халық шаруашылығындағы маңызы, биологиялық ерекшелігі
Күздік тритикале халық шаруашылығындағы маңызы, биологиялық ерекшелігі
Күздік бидай және қара бидай. Халық шаруашылығындағы маңызы, таралуы, өнімі.
Қазіргі уақытта Қазақстанда астық өндіруді тұрақтандыру ауыл шаруашылығы ғылымдары мен өндірістің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Әсіресе бұл мәселе нарықтық экономикаға көшуге байланысты өткір қойылып отыр, бір жағынан Республикамыздың дүниежүзіндегі дамыған 50 елдің құрамына кіру мақсатында және қуатты бидай астығын артырудың, оның экономикалық әлеуетін тұрақтандырудың, әрі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамассыз етудің айтарлықтай шарты.
Мұндай қосымша астық алу көздерінің бірі-Қазақстанда күздік дақылдарды өсіру. Астық дақылдарының ішінде барынша өнімдісі күздік бидай екендігі белгілі. Ол барлық астық дақылдарынан өнімі бойынша 4,0-тен 10-12 ц/га дейін асып түседі. Осыған қоса жаздық бидайға қарағанда азық –түліктік құндылығы кем болмаса да, одан бірқатар артықшылықтарымен ерекшеленеді; ол топырақтан, күзгі,қысқы, ерте көктемгі ылғалды және қореқтік заттарды жақсы пайдаланады; топырақты су және жел эрозиясынан сенімді қорғалды; арамшөптерге қарсы күресте ерекше маңызы бар; аурулармен аз залалданады және астық зиянкесі-астық сұр көбелегі жарақаттануынан «өтіп кетеді», әрі 7-10-нан 15-30 тәулікке дейін вегетатциясын ерте сақтайды.
Дәнді астық дақылдары ішінде бидай өте құнды тағамдық өсімдіктердің бірі ретінде жүзінде 230 млн.га егіс алқабын алып жатыр, оның ішінде күздік бидай егістіктері 35% -ын құрайды, ал оның астық өнімі ортаесеппен 25,4ц/га.
Қазақстанда күздік бидай ретінде негізінен жұмсақ бидай өсіріледі. Осыған байланысты төменде аталған түрдің өсу, даму және технологиясының ерекшеліктері қарастырылады.
Биологиялық ерекшеліктер. Күздік бидай биологиясы бойынша бидайдан ерекшеленеді. Жаздық бидайдан айырмашылығы-оның вегетатциялық кезегі күзде басталады да келесі жылы жазда аяталады. Тіршілік үрдісінде күздік бидай өну, көктеу, түптену, түтікке шығу, масақтану, гүлдену және пісу кезеңдерінен өтеді. Алғашқы үш кезеңдері күзде, қалғандары-келесі жылы көктемде және жазда өтеді. Осы кезеңдері бойынша оның биологиялық ерекшеліктерін қарастырайық.
Тұқымның өнуі- бұл тыныштық күйінде тұқымның белсенді әрекетке көшуі, ол үшін жылу, ылғал және ауа қажет. Тұқымы өз массасының 45-50% су сігіргеннен кейін өне бастайды, топырақтың оңтайлы ылғалдылығы ТЫС-тың 60-70 % мөлшерінде болғаны дұрыс. Күздік бидай тұқымы 0°С-да суды сіңіре алады, бірақ мұндай жағдайда тұқым бөрткенімен физиологиялық өсу үрдісі тоқтап қалады.
Егін көгі (көктеу) кезеңі. Топырақ бетіне әуелі колеоптиле шығады, ол жарылады да бірінші нағыз жапырақ пайда болады, осы сәтті егін көктеді деп есептейді. Себуден өсімдіктен көктеу кезеңінің ұзақтығы температураға, ылғал ж.б. байланысты. Қостанай облысы жағдайында жақсы дайындалған ықтырмалы сүрі танабында 12-17°С жылылықта күздік бидай 6-9-тәулікте, ал куаңшылықты жылдары және сүрі танабы нашар өнделгенде-10-16-тәулікте көктеген. Ақмола облысының бұрынғы «Красный флаг» кеңшарында ылғал бойынша қолайлы 1990жылы орташа тәуліктік ауа температурасы 18,6°С және 12,8°С болғанда тиісінше күздік бидай 6 және 8- тәулікте егін береді.
Түптену кезеңі. Түптену кезеңінің басын әдетте төменгі жапырақ қолтығына бірінші бүйір өркенінің пайда болуымен анықтайды. Бірінші бүйір өркенінің жапырағының өсуіне қарай негізгі өркеннің екінші жапырақ негізінде орналасқан бүршіктен екінші бүйір өркен қалыптасады. Орта есеппен 5-7 өркен түзіледі, егістік сирек болғанда олардың саны жоғары болуы мүмкін. Осы кезеңде негізгі өркендердің түзілуі және өсуімен қатар түптену түйініненекіншілік немесе түйін тамырлары қалыптаса бастайды. Күздік бидайда күзгі және көктемгі түптену кезеңдері ажыратылады. Күздік бидайға түйін тамыр жүйесі жаздық бидайға қарағанда қуатты дамиды.
Түтікке шығу (сабақтану) кезеңі. Бұл кезең бірінші буынаралығының 5-6 см-ге ұзаруынан басталады. Өсімдік сабағының шапшаң өсуі мен масақтың дамуы осы кезеңнен басталады, жапырақтардың негізгі массасының түзілуі аяқталады.
Масақтану кезеңі. Кезең масақтың жоғарғы жапырақ қынабы бөлігінен сыртқа шығуымен сипатталады және түтікке шыққаннан кейін 20-25 тәуліктен соң басталады, аймақ жағдайында бұл кезең мамырдын ортасы мен аяғына дәл келеді. Кезеңнің өтуі үшін оңтайлы ауа тампературасы 18-20°С.
Гүлдену кезеңі. Қолайлы жағдайларда күздік бидайдың гүлдену масақтанудан соң іле-шала басталады. Оның ұзақтығы температураға, ауа мен топырақ ылғалдылығына тәуелді. Гүлдену мен тозаңдану жүретін ең төменгі температура 6-7°С, АЛ барынша қолайлы ауа температурасы-20-25°С. Оңтайлы жағдайлар гүлдену мен тозаңдану уақытында топырақ ылғалдылығы ТЫС-тің 75-80% деңгейінде қалыптасады.
Пісу кезеңі. Ұрықтанған ұрық бүршігінде эндосперм қалыптасады, ұрық өсіп-дамиды, жатын қабырғасынан қабық түзіледі де тұқыммен бірігіп өседі, соңынан дәнге айналады.
Өсіруге рұқсат етілген сорттар. Мироновская 808-Украинаның В.Н.Ремесло атындағы Миронов би дай селекциясы және тұқым шаруашылығы ҒЗИ-да топтық сұрыптау тәсілімен шығарылған. Масағы әлсіз призма пішінді, ақ, қылтықсыз,орташа ұзындықта және тығыздықта. Дәндегі клейковина 28-37% аралығында өзгереді.
Тыңайтқыш қолдану жүйесі. Ғылыми негізделген тыңайтқыш жүйесін қолданған күздік бидайдың заманауи сорттарының әләуеті өніміне жақын-гектарынан8,0-9,0 т өнім алуға болатыны дәлелденген дерек. Күздік бидайдың қоректік заттарды қажет ету мөлшері олардың топырақ құрамындағы мөлшеріне, өсірі жағдайына, өсімдіктің даму кезеңіне, сорттың ерекшелігіне тікелдей байланысты.
Топырақ өңдеу жүйесі. Күздік бидайға топырақ дайындау алғы дақылға, өсірілетін аймақтың топырақ климат жағдайына, нақты шаруашылықтың ресурстық ерекшеліктеріне ж.б. байланысты анықталады және өңдеу жазықтілгішті немесе қайырмалы құралдармен жүргізіледі. Күздік бидайдың ерекше сипаты-оның күзден тығыз топырақта қалыпты дамуы.
Тұқымды себуге дайындау және себу жұмыстары. Жоғары сапалы тұқым күздік бидайдан мол өнім алудың маңызды шарты. Осы себепті бірінші класты себу сапасына жеткізілген өткен жылғы өнімнен дайындалған күздік бидай тұқымы пайдаланылады. Өйткені жаңа жиналған астық тұқымдары себуге дейін қалған аз уақытта егін жинағаннан кейін пісіп-жетілу кезеңін-тыныштық күйін- өтіп үлгермейді, нәтижесінде олардың лабораториялық өнгіштігі 70-80% -дан аспайды. Олар кондициялық өнгіштікке 20-30 тәуліктен соң жетеді. Жаңа жиналған астықтант дайындалған тұқым кеш көктейді, танаптық өнгіштік төмен және егістік сирек болады, ал бұл астық өнімін төмендетеді.Өткен жылғы өнімнің тұқымдары тез және жаппай көктейді, өсімдіктер жақсы түптенеді, қыстайды және айтарлықтай мол қосымша өнім береді. Бұл шаруашылықта күздік бидай тұқымының ауыспалы қоры керектігін дәләлдейді.
Өнімді жтинау. Күздік бидайдың піскен егінін жинау әдісін таңдап алу, оның жалпы жағдайына, ауа райының ерекшелігінге тікелей байланысты. Өсірілген өнімді жинау дәннің толық пісу кезеңіне тікелей, ал дәннің балауызданып пісуінің ортасында ылғалдылығы 30-35% болғанда, бөлектеп ору әдісімен жүргізіледі.
Күздік қара бидай- маңызды азық-түліктік дәнді дақыл. Оның дәнінде толыққұнды белоктар, көмірсулар, майлар, өте бағалы айырбасқа жатпайтын амин қышқылдары (лизин, валин, триптован), сонымен қатар А, В1,В2,Е,РР дәрумендері және элементтер бар, олар адамзат тіршілігінде өте маңызды.
Морфологиялық ерекшеліктері. Қара бидай қоңырбастар тұқымдасына және Secale туыстығына жатады да 12 түрді біріктіреді. Дақылда негізінен күздік қара бидай өсіріледі, ал жаздық қара бидай-төмен өнімді, Қазақстанда мүлде өсірілмейді десе де болады.
Тамыр жүйесі. Күздік қара бидайдың тамыр жүйесі қуатты дамыған, шашақтық, ұрықтық және түйін тамырлардан тұрады, топырақта 1,0-1,5м дейін бойлайды, алайда негізгі массасы топырақтың беткі қабатында шоғырланады. Күздік қара бидайдың тұқымдары көбінесе 3-4 ұрықтық тамырмен өнеді, олар өсімдіктер тіршілігінің алғашқы кезеңдерінде қоректенуде үлкени рөл атқарады. Негізгі өркеннің төменгі түйінінен түйін тамырлар тарайды, олардың даму деңгейі топырақ климат ерекшеліктері мен өсіру жағдайларына байланысты өзгереді.
Сабағы- сабан, іші қуыс , биіктігі 0,6-1,8 м дейін және буынаралығы төрттен жетіге дейін, оның жапырылуы сабақтың биіктігі, төменгі буынаралығының ұзындығы мен жуандығына қарай өзгереді.
Жапырақтары-ланцетті, бидаймен салыстырғанда ендірек.
Гүл шоғыры- күрделі масақ, ақшыл-сары, масақ бірлігі мен масақшалар бекитінтұғырдан құралған. Гүл қауыздары бес жүйкелі және бір-екі килі болады. Масақта 30-40 масақшалар дамиды.
Жемісі-жіңішке ұзынша келген немесе сопақша келген дән, жасыл, сары, сұр және басқа түсті, 1000 санының массасы-18-52г. Қара бидай-айқас тозаңданатын өсімдік.
Күздік арпа. Халық шаруашылығындағы маңызы. Күздік арпаны негізінен мал азықтық және жармалық дақыл ретінде өсіреді. Дәнінде ақуыздың аз болуы оны сыра қайнату өнеркәсібінің құнды шикізаты қатарына жатқызады. Дәннің құрамында 13,4% ақуыз, 2,0% -май, 54,0% -крахмал, бар.
Биологиялық ерекшеліктері. Күздік арпа күздік бидаймен, әсіресе күздік қара бидаймен салыстырғанда қысқа төзімсіз. Ол үшін- 12°С-тан төмен аяздар қауіпті. Күздік бидайға қарағанда ол ерте көктемгі қолайсыз жағдайлардан көбірек зардап шегеді.
Сорттары. Қазақстанда күздік арпаның мынадай сорттарын өсіруге болады. Береке 54, Роман, Росова, Циклон және Южноказакстанский43.
3.Күздік тритикале. Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері.
Тритикале-ботаникалық тегі екі түрлі-бидай мен қара бидай өсімдіктері хромосомалары кешенін біріктірудің нәтижесінде синтезделген ауылшаруашылық дақылы.
Тритикале-бидай+қара бидай буданы-арифидиплоидтар қатарына жатады.
Тыңайтқышты қолдану. 1ц астық және соған сәйкес сабан түзу үшін тритикалеге 4-5 кг азот, 1,3-1,6 кг фосфор, 3,6-4,0кг калий қажет. Қоректік әлементтерді тритикале өсімдігі сабақтану және дәннің қалыптасуы мен толысуы кезеңінде барынша қажетсінеді.
Топырақты өңдеу жүйесінде күздік бидаймен және күздік қара бидайдікінен айырмашылық жоқ, негізінде алғы дақылға және танаптың арамшөптермен ластануына байланысты.
Өнімді жинау. Масақша қауыздары берік ұстайтындықтан тритикаленің дәндері піскеннен кейін шашылмайды. Тікелей және бөлектеп ору әдістері қолданылады. Тритикаленің дәндері бидайдікінен ірі болғандықтан бастырар алдында комбайнның барабаны мен барабан астының саңылауын ұлғайту керек және барабанның айналу жылдамдығын минутына 600-ге дейін азайтады.
Бастырғаннан кейінгі тазарту жұмыстары қолданыстағы тұқым тазартқыш машиналармен жүргізіледі, бірақ саңылаулары үлкен електер қолданылады.
Бақылау сұрақтары:
Дәнді астық дақылдарының биологиялық ерекшеліктері.
Күздік астық дақылдарының азық – түліктік маңызы.
Дүние жүзінде астық дақылдарын сақтау бойынша жүргізілетін негізгі іс-шаралары.
Тұқым сапасына экологиялық жағдайлардың әсері
Егістік дақылдар өнімділігін арттыруда тұқымның алатын орны
Тұқым шаруашылығын шоғырландыру мен мамандандыру шаралары және оны өнеркәсіптік негізге көшірудің жетістіктері
Тұқымның пайда болуы, толысуы және пісіп – жетілуі бойынша айырмашылықтары.
Тұқымның зақымдануы және оны азайтудың шаралары.
Тұқымның егістік өңгіштігі бойынша сараптама жүргізу жолдары қандай?
ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі әдебиет:
Қ. К. Әрінов, Қ.М. Мұсынов, А.Қ. Апушев, Н.А. Серекпаев, Н.А. Шестакова, С.С. Арыстанғұлов «Өсімдік шаруашылығы» , Алматы-2011жыл
М.М. Жанзақов. Өсімдік шаруашылығы. Алматы, 2007 жыл
М.И. Кондрашкина Лабороторно-практические заниятия по растениеводству, Москва-2006 г
Қосымша әдебиеттер
И.А. Абугалиев. Справочник агронома. Алма-Ата, Қайнар,1985 ж
В.Ф. Белик. Бахчевые культуры. М., Колос,1980 г.
дәріс 3
Жүгері өсірудің интенсивті технологиясы
Мақсаты: Студенттерге жүгері тұқымдарын өсірудің интенсивті технологиясын уйрету
Міндеті: жүгері дақылдарымен таныстыру және оларды интенсивті өсіру технологиясын түсіндіру.
Түйінді сөздер: Жүгері дақылдарының атаулары
Дәріс жоспары:
1. Халық шаруашылығындағы маңызы, таралуы, өнімі
2. Жүгерінің биологиялық ерекшеліктері
3. Егістікті күтіп-баптау іс-шаралары. 4. Шаруашылық маңызы және таралуы. 5. Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері. 6. Өсіру агротехникасы. Алғы дақыл.
Халық шаруашылығындағы маңызы, таралуы, өнімі: Қонақ жүгері-азық түліктік және малазықтық дақыл.
Африка, Үнді және Шығыс Азия елдерінде негізгі тағамдық дақыл болып саналады. Сондықтан, тағамдық өсімдік ретінде әлемде бидай мен күріштен кейін үшінші орын алады. Қонақ жүгері алуан түрлі мақсатта пайдаланылатын дақыл. Дәні-малдың бағалы азығы, құрама жем, крахмал, спирт және қант өнеркәсібінде шикізат. Қонақ жүгерінің 100 кг дәнінде 119 азықтық өлшем, ал көк балаусасында-23,5, сүрлемінде-22,0, пішенінде-49,2 азықтық өлшем болады. Қонақ жүгері дәнінде 15 пайызға дейін протин, лизинге бай, қантты сорттарында 10-15 пайызға дейін қант бар, одан қою шырын алынады. Перспективалы қант беруші дақылдар қатарына жатады.
Қонақ жүгері отаны Африка болып есептелінеді. Біздің арамызға дейін 3 мың жыл бұрын Үнді және Қытай елдерінде өсірілген, ал Орта Азия мемлекеттерінде 2,5 мың жыл бұрын белгілі болған, Ресейге 17 ғасырда әкелінген. Дүние жүзіндегі егіс көлемі48 млн. га, дән өнімділігі-14,2 ц/га. ТМД елдерінде қонақ жүгеріні 150 мың гектарға өсіреді, орташа өнімділігі-15 ц/га. Республикадағы егіс көлемі ағын, бірақта перспективалы дақылдар қатарына жатады.
Морфологиялық сипаттамасы: Қонақ жүгері дақылы Қоңырбастар тұқымдасына жатады. Көптеген түрлерінен біздің елімізде егілетіні кәдәмгі қонақ жүгері және малазығы үшін өсірілетін судан шөбі.
Қонақ жүгерінің тамыр жүйесі шашақты, жақсы жетілген, топырақтың 2,5 м. Және одан да терең қабатына бойлап кетеді. Сабағының биіктігі 2 м, ал суармалы жағдайларда 3-5 м дейін, іші бос өзекшемен толтырылған.
Гүл шоғыры- шашақ, ұзындығы 15-60 см, әрбір тармағының соңында екі масақша отырады, оның біреуі- қос жынысты, ал екіншісі- аталық, гүлденгеннен кейін түсіп қалады. Негізінен айқас тозаңданатын дақыл.
Дәні-қабақты немесе жалаңаш, пішіні-дөңгелек, жұмыртқа тәріздес, бояуы-ақ, қоңыр, сары, бурыл. 1000 дән массасы 25-45г. Бір шашақты 1600-3500 дән болады.
Жүгерінің биологиялық ерекшеліктері: Қуаңшылыққа, ыстыққа төзімді дақыл. Трансппирациялық коэффиценті 150-200. Жылу сүйгіш өсімдік. Қысқа мерзімдегі үсіктен өліп қалуы мүмкін. 30-35°С температурада жақсы өсіп дамиды, 40°С дейін ыстықты көтереді. Вегетация дәуірінде қажетті температура жиынтығы 2250-2500° С. Жарық сүйгіш және қысқа күн өсімдігі. Топырақ талғамайды, барлық топырақ типтерінді өсе береді, бірақта жоғары өнімді жақсы жылынатын, бос және ауа өткізгіштік қабілеті жоғары топырақты жерлерде қалыптастырады.
Өсіру технологиясының ерекшеліктері:Ауыспалы егістіктегі орны, бірінші кезекте, өсіру бағытына байланысты. Қонақ жүгеріні далалық және малазықтық ауыспалы егісте орналастырады.
Тыңайтқыштар жүйесі: Көптеген зерттеушілер қонақ жүгері егісіне органикалық және минералдық тыңайтқыштарды берудің тиімділігін көрсетеді.
Топырақ өңдеу жүйесі: Қонақ жүгері дақылы ылғалы жеткіліксіз аудандарда өсірілетіндіктен, топырақ өңдеудің негізгі мақсаты-ылғалды максималды жинау, сақтау және үнемдеп пайдалануға және арамшөптерді жоюға бағытталуы тиіс. Көктемгі топырақ өңдеу жүйелерінде ерте көктемгі танапты тырмалау және тұқымды себер алдындағы культиватциялау.
Себу тәсілі мен мөлшері: Қонақ жүгерінің өнімділігі әрбір өсімдіктің жеке түсімінен және өсіру жағдайына байланысты болады. Сондықтан, белгілі көлемдегі өсімдіктермен саны мен олардың орналасу тәсілін дұрыс анықтаудың іс-саналық маңызы зор. Сол себепті дақылдың қолайлы тәсілі мен оңтайлы мөлшерін анықтау өнімділік қалыптастырудың басты факторлары болып есептеледі.
Егістікті күтіп-баптау: Сепкеннен кейінгі тырмалау, қатараралықты өңдеу, өсімдікті арамшөптер, аурулар мен зиянкестерден химиялық жолмен қорғау. Қонақ жүгері танаптарында кешенді тырмалау. Осы шараның әсерінен танаптағы 65-70пайыз арамшөптерді құртуға мүмкіндік туады.
Дақылдың вегетация кезеңінде КРН-4,2 культиваторымен 3 рет қатараралық өңделеді: Бірінші 7-8 жапырақ пайда болғанда 8-10 см тереңдікке, екінші- одан кейін 7-10 күннен соң, 6-8 см тереңдікке, ал үшінші-түтіктену сатысының алдында 4-6 см тереңдікте жүргізіледі.
Суару: Қазақстанның оңтүстігінде қонақ жүгері танабын 3-4 рет суарады. Бірінші суғару өсімдіктің қарқынды өсу кезеңінде екінші-түтіктену кезеңінде минералдық тыңайтқыпен үстеп қоректендірумен бірге, үшінші- шашақтану кезеңінде, ал төртінші-дән толысу кезеңі.
Арамшөптермен, аурулар және зиянкестермен күресу үшін рұқсат етілген химиялық препараттарды толықтырады.
Өнімді жинау: Биік бойлы қонақ жүгері сорттарын тұқымға СМ-2,5 комбайнымен алдымен шашағы кесіліп, бастырылады, ал содан кейін сүрлем жинаушы комбайнымен-малазықтық массасы жиналады.
Шаруашылық маңызы және таралуы. Жүгері көп тараған дәнді дақылдарға жатады. Дүние жүзінде өндірілген жүгері дәнінің 60-65% мал азығына пайдаланады. Жүгері дәні бүтіндей, не болмаса ұсатылған күйінде құрама жемнің негізін құрады. Онымен малдың барлық түрлерін, әсіресе шошқа мен құстарды азықтандырады. Жүгерінің мал азықтық құндылығы өте жоғары. Оның құрмында малға керекті организмде жеңіл сіңетін барлық қоректік заттар кездеседі. 100 кг жүгері дәнінде 134 азықтық өлшем және 7,8 кг қорытылатын протеин бар (43-сурет).
Жүгері дәнінің негізін құратын көмірсулары (65-70%), ақзат (9-12%) және май (4-8%). Көмірсуларының құрамында негізінен крахмал және қант болады. Клетчатка аз мөлшерде болуына байланысты дәннің мал азықтық сапасы жоғары.
Жүгері дәніндегі ақзатта ауыстырылмайтын аминқышқылдары-лизин және триптофан аз кездеседі, ал мал азықтық бағалығы төмен ақзат-зеин көбірек болады. Және де жүгері дәнінде В, Е, РР витаминдері бар. 1 кг сары түсті жүгері дәнінде 20 мг дейін каротин болады. Минерал заттарын (1,3%) көбінесе фосфор және калий, содан кейін натрий, хлор, темір құрады. Мал азығына жүгерінің барлық өнімін пайдаланады. Яғни жүгері еш қалдықсыз пайдаланылады. Жүгері дәнінің өндірісіндегі оның: кебегі, дәні, қабыршағы, күнжарасы, төпі жақсы мал азығы. 100 кг жүгері күнжарасында 108-117 азықтық өлшем, 10-12 кг қорытылатын протеин, 40-50 г кальций және 300-330 г. фосфор бар.
Мал азығына жүгері сабаны, құрғақ жапырақтары, собық орамдары және ұсақталған кіндіктері пайдаланылады. 100 кг жүгері сабанында 37 а.ө. бар. Жүгері сабанында 1-1,3% қорытылатын протеин, 1,7% қант, 0,45% кальций, 0,30% фосфор, 0,26% магний қоры кездеседі.
43 сурет. Жүгері.
Қазақстанда дәндік жүгерінің егіс көлемі 110 мың гектар шамасында (2008 ж), оның 60 мың гектардайы суармалы жерде өсіріледі. Жүгері дәнінің өнімі республика бойынша әр гектардан 30 центнерден 105-110 ц дейін ауытқиды. Орташа өнімі әр гектардан 41,5 центнер (2008 ж.).
Қазақстанда жүгерінің 15 шақты буданы аудандастырылған. Солардың ішінен Казахстанский-43-ТН, Казахстанский-705-СН, Молдавский-456-МН, Южный-3-ТН, Алатау 107-ТН, Сары-Арқа 150 АСН, Днепропетровский-125-ТН, Каз-ЗП-125 т.б. атауға болады.
Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері. Жүгерінің тамыр жүйесі шашақты, топырақта 2-3 м тереңдікке дейін өседі. Жүгері тамырлары алғашқы кезеңде қарқынды дамиды, үшінші жапырақ салғанда 35-55 см тереңдікке жетеді. Жүгеріде бес тамыр түрлері ажыратылады. Олар: ұрықтық, гипотокильді немесе бүйір, ұрықтық эпикотильді, түйінді және сүйеніш тамырлар. Ұрықтық тамырлар егін көктегесін алғашқы бір ай бойы өсімдіктерді сумен және қоректік заттармен қамтамасыз етуде басты роль атқарады. Жүгерінің түйін тамырлары өсімдік 3-4 жапырақ түзгесін пайда бола бастайды.
Жүгері тамырлары негізінен топырақ қабатының 0-20 см шоғырланады (55-60 %). Тамыр жүйесінің ең қарқынды өсуі 7-ші жапырақтан – 12-13 жапырақ салған кезеңде байқалады.
Жүгері сабақтары тік өседі, өзегі борпылдақ, кеуекті, жас кезінде 5% дейін қант болады.
Сабақтың биіктігі 0,5-2,5 м және одан да биік, жуандығы 1,5-2,5 см, ал сирек себілгенде-3,0-3,5 см дейін жетеді. Сабақ түйнідерден тұрады, олардың саны будандарына байланысты 8-ден 30-ға дейін.
Жүгері жапырағы кең сызықты. Оның өніп-өсу кезеңінің ұзақтығын және будандарын жапырақ санымен де ажыртуға болады. Ерте пісетін будандарда сабақ түйіндері және жапырақ саны аз болады (8-10 дана). Кеш пісетін будандарда 23-25-ке дейін жапырақ болады. Сабақта орта қабаттағы жапырақтардың қолтығында собықтар түзіледі. Бір өсімдіктегі жапырақ көлемі 0,3-тен 1,5 м2 дейін жетеді.
Жүгері бір үйлі, дербес жынысты өсімдік, үш типтегі гүлдер қалыптас-тырады: аталықтар-шашақ, аналықтар-собық, кейде қос жыныстылар.
Аталық гүлдерде негізінен аталық генеративті органдар-аталықтар дамиды. Олар аталық гүл шоғырында –шашақта (сіпсебаста) жинақталған.
Аналық гүлдерде аналық генеративті органдар-аналықтар дамиды. Олар қысқарған бүйір өркендерінде қалыптасады. Аналық гүл шоғырын-собық түзеді.
Шашақта масақшалар жұптасып орналасқан. Собықта масақшалар, шашақтағы сияқты жұптасып орналасады да тығызданып собық білігінің ұзына бойына бойлай қатарлар қалыптастырады. Собықта көбінесе жұп қатарлы дәндер қалыптасады -4-8-12-16-20 және 32-ге дейін. Собықтардың ұзындығы әртүрлі және масақшалар саны 20-дан 50-ге дейін, одан да көп болуы ммүкін. Собық білігінің дән піскен кездегі массасы барлық собықтың 18-25%-на тең.
Жүгерінің жемісі – ақ, сары, қызыл, қызғылт, қоңыр-шие түсті, күлгін түсті ірі дән. Дәннің түстері мен пішіндеріне қарай жүгері топтарын мынадай түршелерге ажыратады: тістәріздес, кремнийлі, крахмалды, қантты, балауызды және қабықты. 1000 дәннің массасы будандары мен сорттарына қарай әртүрлі- ұсақ дәнділерінде-100-150 г., ірі дәнділерінде – 300-400 г.
Буданына немесе сортына және өсіру технологиясына байланысты бір собықта 200-ден 1000-ға дейін дән болады (орташа 500-600).
Жүгерінің өсіп-дамуында мынадай кезеңдерді ажыратады: тұқымның өнуі-ұрықтық тамырша өсіп шығады, өскіні (көктеу) -1-ші жапырақтың пайда болуы, 3-ші жапырақ кезеңі-өсімдіктің өздігінен қоректенуге көшуі, бұтақтануы- төменгі жапырақтардан бүйір өркендерінің шығуы, түтіктенуі-топырақ бетінде сабақ түйіндері (буындары) пайда болуы, 7,9,11 жапырақтар кезеңі, шашақтануы- жоғарғы жапырақ қолтығынан шашақтың (сіпсебастың) шығуы, шашақтың гүлденуі – тозаңдар шашыла бастауы, собықтың гүлденуі- орауыш астынан жіпті аналықтардың пайда болуы, дәннің қамырланып пісуі, дәннің балауызданып пісуі, дәннің толық пісуі-дәндер толықтай қатайып, өсімдік кеуіп сарғаяды.
Жүгері жылу сүйгіш дақыл. Жүгері дәнінің пісіп жетілуіне будандарына қарай керекті температура әртүрлі. Ерте пісетін жүгері будандары үшін белсенді температура жиынтығы 1800-20000С, орта және кеш пісетіндерге-2500-31000С. Жүгері будандарының даму кезеңдеріне тиімді температура жиынтығы да әртүрлі.
Жүгерінің тұқымының жер бетіне тегіс көктеп шығуы үшін топырақтың сіңіру тереңдігінің температурасы +10-120С дейін болуы керек.
Жүгері тамырының өсуіне қолайлы температура +240С, сабағының алғашқы кезеңдерінің өсуіне қолайлы температурасы +200С.
Тұқым қалыптастыруы топырақ жылуы +28-320С болғанда жақсы жүреді.
Жүгерінің ылғалға қатынасын анықтай келіп оның меофильді өсімдіктерге жататынын аңғарамыз. Ол жоғары өнімді өсімдік болғасын суды көп керек етеді. Ылғалды көп қажет ететін кезі шашақбас жарғаннан дәнінің сүттену кезеңіне дейін. Бұл кезде барлық керекті су қорының 70%-ы қажет. Жүгері өсіп-өнуіне қолайлы топырақ ылғалдылығы 70-75% ТСС (толық су сиымдылығы). Бірақта жүгері суды тиімді пайдалануымен ерекшеленетін дақыл. Оның транспирациялық коэффициентті 280-350 тең.
Жүгері жарық сүйгіш, қысқа күннің өсімдігі. Оның қолайлы өсуіне күннің жарық мезгілінің ұзақтығы 12-14 сағат. Күннің жарық мезгілі бұдан жоғары болса жүгерінің вегетациялық кезеңі ұзарады.
Жүгері қара, қызыл-қоңыр, сұр топырақтарда жақсы өнім береді. Сонымен қатар, ол ылғалы және қоректік заттары мол құмдақ және құмайт топырақтарда да жақсы өсе алады. Жүгері топырақ желдетілуіне жоғары талаптар қояды. Ауыр және жеңіл тығызданатын топырақтарда онша өсіп оңбайды.
Өсіру агротехникасы. Алғы дақыл. Жүгеріден жоғары өнім алу үшін алғы дақылдың маңызы зор. Қазақстанның оңтсүтік және оңтүстік-шығыс аймақтарының суармалы танаптарында жүгеріге жақсы алғы егіс дәнді-бұршақты дақылдар, ерте пісетін астық, мақта және бақша дақылдары.
Топырақ өңдеу. Суармалы жерлерде жүгері үшін топырақты негізгі өңдеу жұмыстары күзде алғы егісті жинап алғасын жүргізеді. Алдымен танапты БДТ-7 (және басқа маркалы) ауыр тырмамен 10-12 см тереңдікте қопсытудан бастайды. Содан кейін ауыр және орташа топырақты жерді 27-30 см тереңдікте аудара жыртады. Көктемде топырақ қатты тығыздалып қалған жағдайда қайталап 20-22 см тереңдікте жыртады. Тырмаланып ылғал жабылады және тұқым сепкенше 2-3 рет қопсытылады (культивацияланады). Бірінші қопсыту 10-12 см тереңдікте, екінші қопсыту тұқым себер алдында 8-10 см тереңдікте жүргізіледі. Қопсытудың негізгі мақсаты арамшөптерді жою. Ылғалы жетіспейтін жерлерде топырақты тығыздаудың маңызы зор.
Жүгерінің әр гектардан түсетін 60-70 ц дәнінің өнімі топырақтан 150-180 кг N, 50-60 кг Р және 150 кг К алады екен. Сол себепті топырақта қоректік заттардың жеткілікті болуы жақсы өнім жинаудың кепілі болмақ. Ең алыдмен жүгері азотты көп қажет етеді. Әсіресе жүгері бастапқы даму кезеңінде және гүлдену мен дәннің пайда болу кезеңдерінде азотты мол жұмсайды. Және де жүгерінің алғашқы даму кезеңінде фосфор жеткілікті болғаны дұрыс. Жүгері сүттеніп – қамырланып пісу кезеңінде фосфорды екінші рет көп мөлшерде керек етеді. Калийді де елеулі мөлшерде пайдаланады.
Жүгеріден мол өнім алу үшін органикалық және минералдық тыңайтқыштарды кеңінен қолдану қажет.
Бұрынғы В.Р.Вильямс атындағы Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының көпжылдық зерттеу жұмыстарының мәліметіне қарағанда республиканың оңтүстік аймақтарының суармалы жерінде жүгері негізінен азот-фосфор тыңайтқыштарын көп қажет етеді екен. Әр гектарға 120 кг азот 180 кг фосфор және 60 кг калий сіңіргенде, жүгеріден 92,8 центнер дән жиналған.
Тыңайтқыш беріліп, танапты егін себу алдында қопсытқанда және дақылды екі рет үстеп қоректендіргенде (N20-30Р20-30) жүгеріден мол өнім алуға болатыны белгілі болды.
Органикалық (көң) тыңайтқыштарды минералдық тыңайтқыштармен ұштастырып қолданған өте тиімді екенін көрсетті. Әр гектарға 20-30 тонна органикалық тыңайтқыш қолдану қажет. Жүгері өсімдігін қоректік заттармен толықтай қамтамасыз ету үшін органикалық және минералдық тыңайтқыштарды топыраққа жүгері себуге дейін сіңіру керек. Көңді танапқа күзде, топырақты негізгі өңдеу алдында шашады.
Себуге жүгерінің 1-ші 2-ші класты (өнгіштігі 96, 92%) тұқымын пайдаланады. Жүгері тұқымы арнаулы зауыттарда өңделіп, тұқым фракциясына іріктеліп, дәріленіп, қағаз қапшықтарға салынып дайындалады. Әр шаруашылық осындай тұқымды алып пайдаланған тиімді.
Жүгерінің себу мерзімі топырақтың тұқым сіңіру қабатының жылуына байланысты, яғни бұл көрсеткіш +8-100С кем болмауы керек.
Жүгеріні дәнге сепкенде негізгі себу тәсілі нүктелеп, кеңқатарлап себу. Жүгеріні СПЧ-6 не болмаса СУПН-8 дән сепкіштерімен себеді. Қатараралығының кеңдігі 60 немесе 70 см болады.
Дәндік жүгерінің өнімін арттыруда әр гектарға келетін өсімдіктер саны да маңызды роль атқарады. Республиканың оңтүстік аудандарында дәнге арналған жүгері үшін әр гектарда 60-65 мың, ал күзгі дән жинау алдында 45 мыңдай түп өсімдік болса жеткілікті.
Жүгері егістігін күтіп-баптау жұмыстары алдымен арамшөптермен күресуден басталады. Жүгері себілгеннен кейін арамшөптердің көгі өсіп шыққанға дейін құрту және топырақ бетінде пайда болған қабыршақ қабатын жою танапты ЗБСС-10 тырмасымен тырмалаудан басталады. Егістікті күтіп-баптаудың агротехникалық шарасы өсімдіктің қатараралығын арамшөптерден тазарту үшін топырақты қопсыту. Вегетация кезеңінде жүгері танабы екі, немесе үш рет культивацияланады (қопсытылады): бірінші қопсыту-үш-бес жапырақ салғанда; екінші-үшінші қопсыту- арамшөптердің өсуіне және топырақтың тығыздалуына қарай жүргізіледі. Қатараралығын қопсыту тереңдігі 6-8 см-ден 12-14 см-ге дейін. Қатараралықтарын өңдеумен бір мезгілде өсімдікті үстеп қоректендіріп отыру қажет.
Жүгерінің өсіп-дамуының бастапқы сатыларында арамшөптерге қарсы гербицидтер бүрку тиімді. Гербицидтердің ішінде Базагран 48 (2,0-4,0 кг/га), Баниел 480 (0,4-0,8 кг/га), 2,4Д (ДМА-6), (0,85-1,4 кг/га) қолданылады.
Суармалы жерлерде жүгері өнімін қалыптастыруда тірілей суару жұмыстары шешуші роль атқарады. Бірінші суару өсімдік көктеп шыққан 30-40 күннен кейін жүргізіледі. Ең соңғы суару ауыр топырақтарда егін жинауға 10-15, ал жеңіл топырақты 7-9 күн қалғанда жүргізіледі. Дәндік жүгері 6-10 ретке дейін суарылады. Әрбір суару мөлшері бір гектарға 500-700 текше метр. Суландыру мөлшері әр гектарға 2500-ден 4000 текше метрге дейін жетеді.
Жүгеріні дәні толықтай піскесін жинайды. Дән жинауды КСК-100, КСКУ-6, Х-9, Херсонец-7В комбайндарымен жүргізеді.
Бақылау сұрақтары:
Жүгерінің биологиялық ерекшеліктері дегеніміз не?
Жүгерінің халық шаруашылығында алатын орыны қандай?
Жүгеріні өсіру мерзімі қанша?
Семей аймағында қандай жүгері өсімдік түрі өседі?
Шығас Қазақстанда өсірілетін жүгерінің биологиялық ерекшеліктері қандай?
Жүгеріні күтіп баптауда қолданылатын агротехнологиялық іс-шаралар әдістерін ата.
ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі әдебиет:
Қ. К. Әрінов, Қ.М. Мұсынов, А.Қ. Апушев, Н.А. Серекпаев, Н.А. Шестакова, С.С. Арыстанғұлов «Өсімдік шаруашылығы» , Алматы-2011жыл
М.М. Жанзақов. Өсімдік шаруашылығы. Алматы, 2007 жыл
М.И. Кондрашкина Лабороторно-практические заниятия по растениеводству, Москва-2006 г
Қосымша әдебиеттер
И.А. Абугалиев. Справочник агронома. Алма-Ата, Қайнар,1985 ж
В.Ф. Белик. Бахчевые культуры. М., Колос,1980 г.
дәріс 4
Құмай (қонақ жүгері)
Мақсаты: Құмай (қонақ жүгері) туралы жалпы мағлұматтарды жеткізу
Міндеті: Студенттерге қонақ жүгері туралы жалпы бар мағлұматтарды жете түсіндіру
Түйінді сөздер: Құмай (қонақ жүгері) .
Дәріс жоспары:
Шаруашылық маңызы, таралуы
Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері
Өсіру агротехникасы.
Құмай (қонақ жүгері)
Шаруашылық маңызы, таралуы. Құмай құрғақшылық аймақтарда өсірілетін перспективалы малазықтық дақылдар қатарына жатады.
Құмайды мал азығына дәнін пайдаланады. Сондай-ақ одан пішен, көк азық және сүрлем дайындайды. Құмай пішені жақсы қоректілімен ерекшеленеді, онда 7,17% протеин бар. Құмай жеңіл сүрленетін дақыл. Құмай сүрлемі қоректілігі жағынан жүгері сүрлемінен кем түспейді. Құрамында қант мөлшері жағынан құмай жүгеріден асып түседі (44-сурет).
.
44 сурет. Құмай (қонақ жүгері)
Құмай дәнінің қоректілігі жоғары, одан жақсы құрама жем дайындауға болады. Оның 100 кг дәнінде 118-130 а.ө. бар. Дәнінде ақзат мөлшері 8,4%, май 3,3%, азотсыз экстрактивті зат 63,5% және 130 г. кальций, 370 г. фосфор, 280г. лизин, 110г. метионин, 100г. трифтофан бар. Және де дәнінде жеткілікті мөлшерде каротин, В группасына жататын дәруіштер, рибофлавин, илік заттар кездеседі.
Құмайдың көк массасын шауып алып мал қоректендіруге не болмаса сүрлем салуға пайдаланады. Оның 100 кг көк массасында 26,6 а.ө., ал 100 кг сүрлемінде 20-23 а.ө. бар. Құмай сүрлемі ондағы қант мөлшерінің жоғары (18%) болуына байланысты өте құнды азық. Құмайдың барлық сорттары мен будандарында синилдік қышқыл кездеседі, бірақта оның мөлшері мал организміне қауіпсіз
Құмай жайылымда мал тұяғына шыдамды өсімдік және тез өсіп жақсы алшын береді. Оны нашар сүрленетін (қант мөлшері аз) дақылдармен қосып сүрлемге салуға болады. Соңғы жылдары құмайдан азық түйіршіктерін дайындау кең өріс алды және бұл жағдайда оның барлық биологиялық өнімі пайдаланылады.
Құмай дәнінің әр гектардан өнімі 20 ц дейін жетеді. Құмайдың көк массасының өнімі 200-500 ц/га, орташа өнімі – 120 ц/га. Республика бойынша құмайдың егіс көлемі көп емес. Негізінен құмайды жылдық жауын-шашын мөлшері 350 мм аспайтын аймақтарда өсіреді. Республиканың құрғақ далалық және шөлейт аймақтарында себіледі.
Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері. Кәдімгі құмай – Sorghum vulgare Pers. (Andropogon sorghum) – біржылдық өсімдік, Sorghum туысына, қоңырбас тұқымдасына жатады. Sorghum 50 шақты түрін біріктіреді. Республикада халық шаруашылық маңызы бары қанттық, астық немесе нандық, шөптік және сыпыртқылық құмай түрлері өсіріледі.
Құмайдың тамыр жүйесі кіндікті және бес дербес типтерге бөлінген: ұрықтық, мезокотильдік (бүйір), түптену, түптену өркендерінің тамырлары және ауа тамырлары. Тамыр жүйесі қуатты, 2,0-3,0 м топырақ тереңдігіне бойлай өседі және 1,0-1,2 м жан-жағына тарайды. Тамырының қарқынды өсуі шашақтанудың бас кезінде байқалады. Негізгі массасы 1 м дейінгі топырақ қабатында орналасады. Сабағы тегіс бетті, тік өседі, биіктігі 2-3 м, қуысы паренхимамен толтырылған, онда әртүрлі дәрежеде қант шырыны бар. Сабағы цилиндр пішінді 5-25 буынаралықтарынан тұрады. Буынаралық-тарының ұзындығы 0,3-2,3 см-ден (төменгі), 5-40 см-ге дейін (жоғарғы) жетеді. Құмайдың толық дамыған кезінде түптену түйінінен 3-5 сабаққа дейін түзіледі.
Жапырағы жапырақ қынабы мен жапырақ алақанынан тұрады. Жапырағының ені 5-14 см, ұзындығы 40-80 см дейін жетеді. Жапырақтарының саны 7-10-нан (ерте пісетіндерде) 16-25 және одан да көп болады (кеш пісетіндерде).
Гүл шоғыры ұзындығы 15-60 см сіпсебас (шашақ). Оның пішіндері және түстері әртүрлі болып келеді. Сіпсебастардың сабақта орналасуы сорттарына қарай иілген немесе бұралған болуы мүмкін. Масақшалары негізінен екіден жұптасып бұтақшалар ұшында орналасады. Оның біреуі – қосжынысты, жемісті, сағақсыз, екіншісі – қысқа сағақты, біржынысты, жеміссіз, аталықты және айқас тозаңдануы басым.
Дәні – жалаңаш немесе қабықты. Қабықты сорттарында масақша гүл қауыздарымен тығыз оралған, ал жалаңаш дәнділерде қауыздар тығыз емес, жеңіл ажыратылады.
Дәнінің пішіні домалақ, ұзынша – жұмыртқа, алмұрт тәріздес, түсі – ақ, сары, қызыл, қоңыр болып келеді. 1000 дәнінің массасы 30-45 г-нан (ірілері), 20-30 г(орташасы) және 20 г-нан (ұсақтары) төмен.
Құмайдың тіршілік кезеңдері мынадай: өнуі, көктеуі, түптенуі, түтіктенуі, сабақтануы, шашақтануы, гүлденуі, сүттене пісуі, балауыздана пісуі, толық пісуі.
Құмай жылу сүйгіш өсімдік. Тұқымы топырақ жылылығы +100С өне бастайды. Ауа жылылығы +20-300С жақсы өсіп дамиды. Кейбір өсу кезеңдерінде (өскіні-шашақтануы) жылуды көп керек етеді (1400-21000С). дәнінің пісуіне керекті температура жиынтығы 2200-38000С шамасында.
Жемдік дақылдардың ішінде құмай құрғақшылыққа ең төзімдісі. Транспирациялық коэффициенті 200 шамасында. Тұқымы ең төмен топырақ ылғалдылығында өне береді.
Құмайдың биологиялық ерекшелігі қатты құрғақшылық кезде өсуін тежеп, қолайлы болған кезде қайтадан өсе бастауы. Құмай өсімдігі жазғы жауын-шашынды тиімді пайдалана алады. Бірақта құмайдың құрғақшылыққа және ыстыққа төзімділігімен қатар ылғалға қатнасы жоғары. Суармалы жерде құмайдың өнімі екі есеге дейін өседі.
Құмай – қысқа күннің өсімдігі, бірақта жарықты жақсы көреді. Құмайдың топыраққа қатынасы да әртүрлі. Ол жеңіл құмдақ топырақ түрінен ауыр балшықты топырақ түрлеріне дейін өсе береді. Қара, қызғылт және ашық-қызғылт топырақты жерлерде ең жоғарғы өнім қалыптастырады. Жылы, топырақ кеуектілігі жақсы және ыза суы төмен жерлерде құмай жақсы өсіп дамиды.
Шаруашылықта мал азығына өсірілетіні дәндік, қантты және шөпті құмай түрлері.
Дәндік құмайды тамаққа, мал азығына және де спирт, крахмал алу өндірісі үшін өсіреді. Дәндік құмайдың өнімі басқа түрлеріне қарағанда жоғары. Құмайдың осы түрін көк азық, пішен және сүрлем дайындау үшін де өсіруге болады.
Қанттық құмайды көк азыққа, пішенге, сүрлемге және сірнеге өсіреді. Әсіресе қанттық құмайды жоғары мал азықтық қасиетіне байланысты (өсімдікте қант мөлшері 12%-дан 20%-ға дейін) көк азық, сүрлем алу үшін пайдалану өте тиімді.
Шөптік құмайға – судан шөбі жатады. Құмайдың бұл түрін мал азықтық өсімдік ретінде пайдаланады.
Астық алу үшін себілетін құмайдың негізгі сорттары: Сарваши, Кубанское красное 1677, т.б.
Қанттық сорттардың ең негізгілері: Ранний янтарь, Днепропетровский, Оранжевое 160, Кубанский янтарь. Және де соңғы жылдары құмайдың будандары: Кормовой 5, Силосный 72 т.б. шаруашылықта мал азығына кеңінен өсіріле бастады.
Өсіру агротехникасы. Құмайды астық алу үшін далалық, ал көк азық, пішен, не болмаса сүрлем алу үшін ферма жанындағы мал азықтық ауыспалы егістерде өсіреді. Ең жақсы алғы дақылдарға күздік немесе жаздық астық, дәнді бұршақ және отамалы дақылдар жатады. Құмайдың басқа дақылдарға қарағанда дара дақыл егістігі астық өнімін төмендетпейді.
Құмайдың алғашқы кезеңде өте баяу өсуіне байланысты тұқым себетін танап арамшөптерден мейлінше таза болуы тиісті. Алғы дақыл жиналғасын аңызды тереңдете (7-8 см) сыдыра жыртады, ал көпжылдық атпатамырлы арамшөптерге қарсы сыдыра жырту тереңдігі 10-12 см дейін болуы керек. Содан кейін сүдігер 20-27 см тереңдікте жыртылады. Көктемде танап тырмаланып ылғал жабылады. Тұқым сепкенше әр тереңдікте топырақ қопсытылады. Бірінші қопсыту тереңдігі 10-12 см-ге, екінші қопсыту жұмысы – 5-6 см тереңдікте жүргізіледі. Ауа-райына және арамшөптермен ластану қарқынына қарай тұқым себер алдында танапты үшінші рет қопсыту жұмыстарын жүргізуге болады. Тұқым себер алдында және тұқым себілгесін танапты тығыздайды.
Құмай жоғары өнім қалыптастыруына байланысты топырақтан көп мөлшерде қоректік зат пайдаланады. Сол себепті танапты үнемі қоректік заттармен толықтырып отыру қажет.
Танапқа органикалық немесе минералдық тыңайтқыштар сіңірген жағдайда құмайдың өнімі айтарлықтай өседі. Күзде негізгі топырақ өңдеу алдында танапқа әр гектарына 15-20 т көң шашу тиімді. Фосфор және калий тыңайтқыштарын (Р30-60К20-40) да күзде шашады. Азот тыңайтқышы (N30-45) көктемде топырақ қопсыту алдында беріледі. Кейбір тәжірибелер көрсеткендей көктемде тұқыммен бірге түйіршіктелген суперфосфат (Р20-40) берген де тиімді. Құмайды көк азыққа пайдаланған жағдайда бірінші ору жүргізгеннен кейін азот тыңайтқышын (N20-40) берген тиімді. Сонда ғана екінші – үшінші орымдардан жоғары өнім алуға болады.
Құмайды көктемде кешірек, топырақтың 8-10 см қабаты +10-120С жылығанда себеді. Себер алдында тұқымды сорттайды, ауада қыздырады, дәрілейді және микроэлементтермен (Мn, Со, Мо) байытып шылайды. Құмайды астық өндіру үшін нүтелеп кеңқатарлап (70х15х20 см) себеді. Немесе шаршы ұялап (70х70; 90х90 см) та себеді. Көк шөпке жай қатарлап (15 см) себеді. Әр гектарға келетін тиімді өсімдік тығыздығы: астыққа – 40-70 мың/дана, сүрлемге - 70-100, көк шөпке – 90-120 мың/дана. Тұқым себу мөлшері: нүктелеп кеңқатарлап сепкенде әр гектарға 10-14, шаршы – ұялап сепкенде – 6-10, жай қатарлап сепкенде – 20-25 кг. Тұқым себу тереңдігі 4-6 см, ылғалы аз бос топырақта – 7-8 см дейін.
Құмай сепкен танапты өскін бергенше арамшөптерді және топырақ қабыршықтарын жою үшін қатарларға қарсы тырмалайды. Тырмалау жұмысын құмай 4-7 жапырақ түзгесін тағы да қайталап жүргізеді. Кеңқатарлап себілген танаптарда арамшөптерге қарсы қопсыту шаралары жүргізіледі. Бірінші қопсыту -7-10 күн өткесін 6-8 см тереңдікте және үшінші қопсыту құмай түтіктене бастағанда 4-5 см тереңдікте жүргізіледі. Арамшөптерге қарсы гербицидтер де қолданады. Оны 4-6 жапырақ салған кезде шашады.
Құмайды дәнге толықтай піскен кезінде орады. Оны тиісінше жабдықталған және реттелген астық бастыратын комбайндармен жүргізеді. Құмай дәнінің ылғалдылығы 20% жоғары болған жағдайда оны бөлектеп жинайды. Ол үшін құмай жинайтын (СМ-2,6) машинаны қолданады. Құмайды сүрлем салуға дәні сүттене – балауызданып піскенде, көк азыққа – шашақтанғанға дейін жинайды. Құмайды ақуыздық дақыл ретінде ықтырма сүрі жерге себуге болады. Бұл жағдайда құмай қосымша көк азық көзі ретінде танапты арамшөптерден, топырақ эрозиясынан күресу шаралары жағынан тиімді екенін көрсетті.
ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі әдебиет:
Қ. К. Әрінов, Қ.М. Мұсынов, А.Қ. Апушев, Н.А. Серекпаев, Н.А. Шестакова, С.С. Арыстанғұлов «Өсімдік шаруашылығы» , Алматы-2011жыл
М.М. Жанзақов. Өсімдік шаруашылығы. Алматы, 2007 жыл
М.И. Кондрашкина Лабороторно-практические заниятия по растениеводству, Москва-2006 г
Қосымша әдебиеттер
И.А. Абугалиев. Справочник агронома. Алма-Ата, Қайнар,1985 ж
В.Ф. Белик. Бахчевые культуры. М., Колос,1980 г.
дәріс 5
жаздық астықтарды өсіру технолгиясы
Мақсаты: Студенттерге жаздық астық дақылдарының технологиясын уйрету
Міндеті: Жаздық астық дақылдарымен таныстыру, өсіру технологиясын түсіндіру.
Түйінді сөздер: Жаздық астық дақылдары.
Дәріс жоспары:
Жаздық бидай халық шаруашылығындағы маңызы және биологиялық ерекшелігі
Жаздық арпа халық шаруашылығындағы маңызы және биологиялық ерекшелігі.
Сұлы биологиялық ерекшелігі және халық шаруашылығындағы маңызы
Оңтүстік Қазақстанда, соның ішінде Қызылорда облысында жаздық бидай негізінен суармалы жерлерде өсіріледі. Бидайды күріш ауыспалы егісіне енгізіп, мелиоритивті танаптарда өсіру бұл дақылдың өсіру технологиясын жетілдіруді, әсіресе минеральды тыңайтқыштарды қолдану жүйесін және суару режимін оптимизациялауды қажет етеді. Жаздық бидайдың агротехникалық ролі де үлкен, өйткені ауыспалы егістегі суармалы жерлер тиімділігін арттырады,суды үнемдейді, жалпы өнімі артады.
Жаздық бидайдың өнімділігі көптеген факторларға, соның ішінде табиғи экологиялық және техногендік ( агроэкологиялық ) факторларға байланысты. Аймақтағы табиғи зкологиялық факторлар (жарық және температура режимдері, жауын- шашын мөлшері,оның маусымдық және әр жылдары бойынша өзгеруі т.б. ) адамзат әрекеті арқылы реттелінбейді, оған бидай дақылы, оның сорттары бейімделуі керек.
ТМД елдері аймағында егіліп жүрген жаздық бидай сорттар ішінде саратов сорттары көпшілік жағдайда өнімді және қуаңшылыққа төзімді.
Бидайдың жалпы сипаттамасы.Бидайдың шыққан жері – алдыңғы Азия орталығы – қазіргі Иран, Аравия аумактары. Бұдан бидайдың 18 түрі, оның ішінде жұмсақ бидай тараған. Жерорта теңізі орталығынан ( Греция, Италия ) қатты бидай шыққан.
И.С. Сүлейменовтың (1973) қортындылауынша Қазақстанда Семей маңында бидай суармалы жерлерде 1834ж. өсіріле бастады.ХIХ ғасырда ол қазіргі Қостанай,Ақмола ж.б. облыстар аумақтарында себілген, ал ХХ ғасырдың басынан республикадамыздың барлық жерлерінде өсірілуде.
Бидайдың дүние жүзіндегі егіс көлемі 220 млн.га. шмасында ,екпе дақылдарының ішінде ол бірінші орын алады. Бидай қатты және жұмсақ болып бөлінеді.
Бидайдың морфологиялық ерекшеліктері.
Тамыр жүйесішашақты,ұрықтық және түйін тамырларынан құралған.
Сабағы – сабан ( буынаралықтары 5-8 ), буынаралықтарының саны жапырақ санына сәйкес келеді.
Жапырақтары- сызықты (линиялы), жапырақ тақтасы мен жапырақ қынабынан құралған, қынаптың тақтағы ауысар жерінде тілше ( түссіз пленка), ал жапырақ қынабының негізінде сабақты орап тұратын сызықты құлақша немесе мүйізшелер болады.
Гүл шоғыры-масақ, ол масақ білігі мен масақшалардан тұрады. Бидай масағы бөлігінің бір тұғырында бір масақша орналасқан, бірақ ол көпгүлді /3-5 гүлден тұрады/. Агрономның міндеті- мүмкіндігінше масақтағы барлық гүлдер тозаңданып, дән қалыптастыруы.
Жемісі- дән, ол үш бөліктен – қабық, эндосперм және ұрықтан-құралған. Дәннің ірілігі негізінен өсіру технологиясына байланысты өзгереді.
Нақты өсірілетін жерлерге және астықты пайдалану бағытына байланысты жаздық бидай сорттары: Ақмола 2, Астана, Целинная 3С, Целинная юбелейная, Целинная 24, Эритроспермум 35, Казакстанская 19, Казакстанская 25, Ертіс 97, Павлодарская 93, Карабалыкская 90, Карагандинская раннеспелая, Саратовская 29, Алтайская 50, Иртышанка 10, Любава, Лютесценс 32, Омская 18, Омс кая 19, 20,29,30.
Арпа. Астықты өсіру технологиясы.Арпаның өсіру технологиясына бидайға қарағанда аз көңіл аударылып келді. Соған қарамай, арпа көп жағдайда бидайдан жоғары астық өнімін беріп келеді. Айта кету керек, агротехника деңгейі төмен болғанда бұл « жаны берік» дақылдың өзі ылғал, қоректік заттар жетімсіздігінен, арамшөптерден қатты зардап шегеді.
Ауыспалы егістегі орны. Солтүстік Қазақстан жағдайында арпа үшін жақсы алғы дақылдарға дәнді бұршақ, күздік және жаздық дәнді дақылдар, біржылдық шөптер, көпжылдық шөптер қыртысы, картоп, қант қызылшасы жатады
Топырақты өңдеу. Ылғалы жинақтау мақсатында топырақты егістікте пайдасын сақтай отырып өңдеудің маңызы зор. Әсіресе Солтүстік облыстарында паясы сақталған танаптарда аудара жыртылған сүдігерге қарағанда 19-22 мм. Қысқа ылғал артық жиналады.
Арпаға топырақты негізгі өңдеуде күзде, мүмкіндігінше алғы дақылды жинағаннан кейін жүргізген жөн. Оның мақсаты- топырақта ылғал қорын молайту және сақтау, танапты арамшөптерден, зиянкестерден және аурулардан тазарту, өсімдіктердің қоректену ережесін жақсарту.
Сұлы. Астықты өсіру технологиясы. Ауыспалы егістіктегі орны. Тамыр жүйесінің дамуы және қоректік заттарды жақсы сіңіруіне байланысты сұлы бидай мен арпаға қарағанда топырақ құнарлылығына аздау талап қоятын дақыл деп есептеледі. Алайда сұлының астық өнімі жақсы алғы дақылдардан кейін күрт артады, сондықтан оны отамалы және дәнді бұршақ дақылдарынан кейін орналастырған дұрыс. Ол көп мөлшерде азотты (N) қажетсізденеді, осыған байланысты оған дәнді бұршақ дақылдары, әсіресе асбұршақ жақсы алғы дақыл болып табылады. Фитосанитарлық жағдайда байланысты сұлыны өзінен және арпадан кейін орналастырмаған жөн.
Топыраққа аз талғамы, алғашқы кезендегі шапшаң өсуі және жоғары жапырақтылығы ауыспалы егісте сұлының соңғы дақыл ретінде орналастыруға мүкіндік береді.
ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі әдебиет:
Қ. К. Әрінов, Қ.М. Мұсынов, А.Қ. Апушев, Н.А. Серекпаев, Н.А. Шестакова, С.С. Арыстанғұлов «Өсімдік шаруашылығы» , Алматы-2011жыл
М.М. Жанзақов. Өсімдік шаруашылығы. Алматы, 2007 жыл
М.И. Кондрашкина Лабороторно-практические заниятия по растениеводству, Москва-2006 г
Қосымша әдебиеттер
И.А. Абугалиев. Справочник агронома. Алма-Ата, Қайнар,1985 ж
В.Ф. Белик. Бахчевые культуры. М., Колос,1980 г.
дәріс 6
ТАРЫ, ҚАРАҚҰМЫҚ ӨСІРУДІҢ ИНТЕНСИВТІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Мақсаты: Студенттерге Тары, қарақұмы дақылдарының интенсивті технологиясын уйрету
Міндеті: Студенттерге тары және қарақұмықтың интенсивті өіру технологияларын жетік меңгерту
Түйінді сөздер: Тары, Қарақұмық
Дәріс жоспары:
Тарының биологиялық ерекшелігі және халық шаруашылығындағы маңызы
Қарақұмық биологиялық ерекшелігі және халық шаруашылығындағы маңызы.
Тары біржылдық жаздық дақыл, өсіп - өнуі үшін біршама жылылықты қажет етеді. Аса бағалы азықтық дақыл - бидаймен қатар, тары өндірудің арттыра түсу - елімізде астық молшылығының жасаудын жолы. Ал, тары өндірудімолайтын мәселесін түбегейлі шешуде бұрынғысынша Батыс Қазақстан мен Орталық Қазақстан ерекше роль атқармақ.
Қазақстанның батыс облыстарының территориясы өзінің табиғи - климаттық жағдайы жағынан өте өзгеше болып келеді. Ақтөбе және Орал облысының территориясы солтүстігінен оңтүстігіне дейін 1125 километрге, батысынан шығысына қарай 1385 километрге созыдып жатыр.
Қазақстанның тары өсірумен шұғылданатын басқа аймақтармен салыстырғанда Ақтөбе және Орал облыстар территориясының өзіндік табиғи климаттық ерекшеліктері бар. Климаты өте континентальды болып келеді.
Тарының алғаш кезінде ойдағыдай өніп шығуы егістік жердің үстінгі қабатының ылғалдылығына байланысты болып келеді. Ал, егістік жері тұзды аймақты осы мерзімде тарының өніп шығуына қажетті ылғал мөлшері шамамен 40 мм болуы керек. Кей жылдары ол бұдан да төмен болады. Ылғал қорының осылайша ауытқып отыруы өсімдіктің біркелкі өніп - шығуына әртүрлі әсер етеді. Қажетті ау деген ең төменгі мөлшердегі ылғалдылық 20 проценттей азайса, бір шаршы метр жерде 50 өсімдіктің әдеттегіден кем өсетіндігін зерттеулер көрсетіп отыр.
Танаптың тары өркендерімен көмкеріліп, сол өркендердің одан әрі бойлап өсуі негізінен ассимиляциялық цингрим жүйесіне тікелей байланысты. Бұл жүйенің басты факторлары мыналар: өсімдіктің күн қуатын фотосинтез процесі кезінде бойына қаншалықты сіңіретіндігі, ауаның температурасы, ылғал мөлшері, топырақтың құнарлығы, т.б.
Тәжірибе көрсеткеніндей , өсімдік әр кезеңде әр түрлі өсіп жетіледі. Өсуінің алғашқы вегетациялық кезеңінде тары өркені бірдей бойлап өсіп кете алмайды. Өркен үш жапырақты жағдайға жеткен кездің өзінде де оның биіктігі 5-7 сантиметрдей болып, түтіктенген кездегі салмағы 1-3 граммнан аспайды. Өсімдіктің өсіп жетілуіне ең қолайлы жағдай туғанда ғана ол 4-5 граммға , яғни түтіктену кезеңімен салыстырғанда 4-6 есе биіктейді.
Қазақстанның агрометеорологиялық станцияларының көп жылдық деректерін талдау көрсеткеніндей , ауа райы қолайлы болған жылдары танаптар тары жапырағымен көмкеріліп, өсімдік бойлап өсіп, өнім молая түскен. Біздің республикамызда тары көбінесе шашақ шығарғаннан кейін 15-20 күн өтісімен өсуін мүлдем тоқтатады. Әдетте, биік өскен өнімді мол береді. Сабағының биіктігі 30 сантиметрден аспайтын тарының түсімі гектарынан көп дегенде 5 центнерден ғана айналады. Биіктігі 50 сантиметрден 90 сантиметрге дейнгі тарының әр гектарынан 10 центнерден кем өнім алынбайды. Егер тары сабағы 90 сантиметрден асса, онда сол танап гектарына 20-25 центнер немесе одан да артық өнім беруі мүмкін.
Ал өсімдік биіктігі сентиметрге жетсе немесе одан да артса, онда гектар берекелілігі центнерден де жоғарылай түседі.
Тары дақылы өсуімен шұғылданатын он бір облысының оңғы 30 жыл бойы алған орташа өніміне көніл аударар болсақ, түсімнің гектар басына бір центнерге артқанын аңғарамыз. Міне , осы мерзімде бидай түсімі республткамызда әр гектарға 3. 3 центнерге көбейген. Осы бір фактінің өзі-ақ бізде бидайға қарағанда тарыға онша көніл аударылмағандығын айқын аңғартса керек.
Сонымен, тары өнімділігін арттыру үшін бұл дақылды ойдағыдай өсіп – өнуіне барлық мүмкіндік бар белгілі бір ауданға шоғырландырса егу керек. Ол үшін әуелі сол өңірдің климат жағдайын жете тексеріп, жақсы білген жөн.
Тары ерте кезде Монғолияда, Жапонияда, Индияда және Пакистанда егілгені жайында деректер бар.
Тары дәні көшпелі халықтар арқылы бірте бірте Европаға да тараған. Грекия, Франция, Швейцария жерлерінде тары қола дәуірінде, Италияда, Чехословакияда, Польшада, Румынияда темір дәуірінде егіле бастаған.
Қазақстанда да тары ежелгі дақыл. Ол қазақ даласына VI-VII ғасырлардан бастап егіле бастаған. Тіпті соңғы кезге дейін тары қазақ даласының басты дақылы болып келеді. Өткен ғасырда егістік жердің 75-80 процентіне тек тары ғана себілетін.
Тары ерте қазақ даласының негізгі дақылы болғандықтан халқымыз одан неше түрлі ұлттық тағамдар ( ақталған тары, жент ), сусындар (тары көжесі, боза) дайындай білген. Бұл тағамдар әлі күнге дейін халқымыздың сүйіктісі болып отыр.
Өзінің қуаншылыққа, ыстыққа, аңызаққа төзімділігінің арқасында ол әлі күнге дейін өз дережесін жоғалтқан жоқ, жыл сайын мыңдаған гектар жерлерге егіледі. Бұдан басқа да тарының өзге дақылдарда жоқ жақсы қасиеттері бар. Мысалы, бұл дақыл кеш себілгенде де жақсы өнім бере алады. Тарының бұл ерекшеліктерін пайдаланып түрлі себептермен өнбей қалған күздік бидай, арпа сияқты дақылдардың орнына егуге болады. Тарының тез пісетін сорттары көп, сондықтан бұл дақылды бір жерден екі өнім алу үшін аңыздық егіске де пайдаланады. Бидай, арпа, сұлы сияқтя дақылдарға қарағанда тарының әр гектарға себілетін тұқым мөлшері 8-10 еседей кем. Тары басқа дақылдарға қарағанда зиянкестер мен ауруларға сирек шалдығады. Тары басқа дақылдардан гөрі кешірек себілетін болғандықтан көктемдегі қауырт науқанды едәуір бәсеңдетіп , адамдар мен техникаларды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Тарының мал азығы ретінде де маңызы зор, дәні құс шаруашылығында жиі қолданылады, әсіресе, балапандар үшін табылмайтын азық. Тары сабанының азықтық дәрежесі бидай сабанынан екі еседей артық, дала шөбімен қатарлас. Бір килограмм тары сабанынан 0,41 азықтық өлшем, 1 г сіңімді протеин бар. Ал 1 кг сұлы сабанынан азықтық өлшем, 0,3 г жұғымды протеин , бидай сабаны одан да төмен 0,22 азықтық өлшем 11 г протеин бар. Тары жармасының құрамында крахмал 81,0 , белок 12, май 3,5 , қант 0,15 сияқты адам организміне керек заттар бар. Тарыда ең қажетті зат белоктың мөлшері күріш, арпа, қарақұмық жармаларынан едәуір көп.
Тары белогының биологиялық құндылығы жер жаңғағы, фасоль, бидай ұнымен бірдей, ал бұршақтан жоғары. Тары дәнінде кездесетін линол қышқылы атаросклероздың дамуына жол бермейді. B1 және B2 витаминдері басқа астықтардан екі есе көп болады. Тары дәнінде мырыш, йод, баом сияқты маңызды микроэлементтер де бар.
Қазақстан жерінің байырғы дақылы - тары, қазір біздің республикамызда миллион гекиардай алқапқа өсіріледі. Оны өндірумен негізінен Павлодар, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Семей облыстары шұғылданады.
Осы тұста айрықша айта кетерлік бір жағдай, Қазақстан - тарыдан мол өнім алу жөнінде дүние жүзілік рекорд жасаған ел.
Тарының ботаникалық сипаттамасы.
Туыстық жақдай жүйесі. Тары астық туыстастарының ішіндегі ең көп тарағаны. Дүние жүзінде оның 71 туыстасы, олардың 1400 түрі бар. СССР- де оның 31 түрі тараған. Тары туыстасының экономикалық маңызы өте зор. Бұл туыстастың төрт жүзден астам түрі бар. Олардың бір түрі - адамға тамақ боларлықтай дән, екіншісі -мал мен құс үшін азық, ал үшіншісі - спирт береді. Қағаз өндірісі үшін жақсы материал болатын түрі де жоғары бағаланылады. Тары туыстастың барлық түрі дерлік жұғымды мал азығы болып табылады. Дегенмен олардың бірқатары мәдениеттендірілген. Тарының тау беткейлері мен құмдарды жымдастырып, біріктендіре түсуге қолданылатын түрі де бар.
Қарапайым тарының сипаттамасы. Қарапайым тары біржылдық өсімдік. Оның сабағы тік, жапырағы қалың болып өседі, гүлденген кезде шашақ тастайды.
Тарының тамыр жүйесі тарам-тарам шашақты болып келеді. Тары тұқымының бидай мен қарабидайдан және арпадан айырмашылығы өсіп шығатын түбірі тек біреу ғана болады. Тары тамыры бір жарым метрге дейін барып, жан жағынан бір метрден астам тарайды. Тамырының негізгі массасы шашақтанғанға дейін пайда болады. Содан түптенгенге дейін тамыры тәулігіне 2 см, түптенуден бас жарғанға дейін тәулігіне 3 см өсіп отырады. Ал гүлденген кезден бастап тарының тамыр массасы онша өспейді. Әрине , тарының жер нәрімен жақсы қоректеніп , тез өсіп жетілуіне негізгі тамырбасты роль атқарады. Дегенмен , ол жүгерінікі сияқты , сабақ буындары арқылы пайда болатын тірек тамырлары арқылы еркін қоректене алады.
Ауа райы өте қуаншылық болғанда топырақтың пайда болуы баяулайды немесе мүлдем тоқтап қалады. Соның салдарынан түптелу буындары мен тамыр мойны сақинадай тірек таба алмай көбінде топырақ бетіне шығып қалып , жалғыз түбірше ілініп тұрып қалады. Мұнын өзі онын жаратылысынан ақ құрғақшылыққа бейімділігін аңғартса керек. Тарының басқа дақылдардан айырмашылығы міне осында.
Тары өркені өте баяу өседі. Оған көбіне арам шөптер кедергі келтіреді. Тарының түптенуі әдетте өркендер жер бетіне еркін көктеп шыққаннан кейінгі 10-15 күннен кейін басталады. Содан сон сабақтары жетіледі. Сөз ретіне қарай айта кеткен жөн, ауыр топыраққа егілген өсімдік ылғалдың аздығынан немесе күннің суықтығынан дер кезінде түптене алмайды, ал мол құнарлы топырақта ол жылдам түптеледі. Егер температура 15-20 градус болса , түптену интенсивтілігі күшейе түседі.
Тарының жасыл түсті өркені қалың түкті болып келеді. Осы белгісі арқылы оны арам шөптер өркенінен оңай айыруға болады.
Тарының жапырақтары негізгі сабақтың буындарынан өседі, ал жапырақтар алақандардан және қынаптардан тұрады. Жапырақ алақандарының ұзындығы 1825 см, ені 1,24 см дейін жетеді. Жапырақ алақандары мен жапырақ қынаптарының түсі әсіресе, құрғақшылық жылдары күлгін болып келеді.
Тарының бұтақты және бұтақсыз сабақтары цилиндрге , іші астаушаға ұқсайды. Әр сабақ бірінен сон бірі рет ретімен орналасқан буындардан тұрады. Жапырақ қынаптары төменгі буынаралық бөлігін жымдаса қоршап тұрады.
Өсімдіктің өсу жағдайына орай оның буын сандары 4-10 дейін болады. Ал,буынаралығының ұзындығы ( төменнен жоғары қарай ) 2-5 см , ал жалпы ұзындығы 25-40 см жетеді. Сабағының биіктігі 20-30 см -ден 2 метрге дейін болады ( орташа биіктігі 60-80 см ).
Қарапайым жағдайда қатарлы себілген тары түбінің 3-4 , ал сирегірек сепкенде әр түптің 15-20 сабағы бас жарып , шашақтанады. Оның дәндері 200 грамм салмақ тартады.
Түптену кезінде тары өсімдігі түбі иіліп немесе қисайып немесе жартылай қисайып тұрғандай және құлап жатқандай формада болады. Тары жиі себілген және ылғал жеткілікті болған жағдайда өсімдік түбі тіп тік болып жетіледі.
Тары өсімдігінің алғашқы өсіп жетілу кезеңінде ауа райы қолайлы келіп, ылғал мен қоректік зат жеткілікті болса, оның сабақ буындарының бұтақтар және бүйір жанама бұтақтары шығып , олардың көбі шашақ тастап, дән алады. Әдетте тары шашағы қалыптаса бастаған кезде кейін ғана жанама бұтақшалары пайда бола бастайды. Сол қосымша шашақтар ұзақ және дәнсіз болып келеді.
Тарының гүл шоғырлы шашағының ұзындығы 10-60 см болады. Шашақтарының басына шығатындығымен сипатталады. Тары шашағының жетілуіне қарай ең бірінші гүлдеген гүлшесі ең кәрісі болып есептеледі. Одан жастауы шашақтың ортасында , ең жасы төменгі бөлігінде орналасады. Шашақтану өсімдіктің түптеуінен 20-28 күн өткеннен сон басталады. Кейбір шашақ бұтақшаларының формасы , жастыққа ұқсап, томпиып тұрады. Сөйтіп, бір өсімдікте 10-14 тіпті одан да көп бұтақша болады. Олардың әрқайсысы кейін шашақтанады. Сол кезде оның түсі ақшыл сары, қою сарғыш, кейде күлгін болып келеді.
Яғни, тары шашағының түсі, бұтақшаларының негізденуі бұл дақылдың биологиялық ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Тары шашағының формасына қарап, қандай түрге жататынын классификациялауға болады. Сонымен , тарыны мынадай түр тармаққа жіктеуге болады: жайма бұтақты, есілмелі, жартылай түйіршікті.
Тары масағы жалаң, жұмыртқа тәрізді, әрі домалақ. Арқасы қусырылған қылтанақсыз келеді. Ұзындығы 3-6 мм, ені 2-4 мм аспайды, сыртын қауыз қабығы жауып тұрады. Әр масақта екі екіден гүлше болады, жоғарыдағы гүлше жақсы дамығанмен, төменгісі көбінде онша жетілмей қалады. Ол тек жақсы қоректенген жағдайда ғана жеміс береді. Тарының үш, одан да көп гүлді масағы өте сирек кездеседі. 1000 дәні 4-9 грамм салмақ тартады. Ұрығының түсі ақ, ақшыл, сары, қоңыр,сарғыш қоңыр, қызыл, сұр қоңыр болады. Қауыздылығы 10-30 процент аралығында, дәнінің белгілі бір көлемінің орташа салмағы 600-780 грамм.
Тары дәні гүлшелердің қабыршақтарымен тығыз көмкерілген жемістер мен тұқым қабынан, ұрпақтары мен эндоспермалардан тұрады. Анализ өсімдікте өсіп жетілген тары тұқымының ұрығы бір жапырақтан және бір түбірден ғана тұрады. Тары масағы әбден пісуге бағыт алған кезде бойындағы ылғалдан тез құтыла бастайды.
Қарапайым тарының түрлерін анықтау.
Қарапайым тарының әрбір тегінің өзі алуан алуан тармақтарға бөлінеді. Ол оның мынандай негізгі ерекшеліктеріне сай болып келеді:
Дәннің ақталуы. Тары дәнінің көптеген түрлері гүлшелерінің қабығы қалың , әрі берік болып келеді. Содан барып ажыратып алу әрине, онай соқпайды. Сол үшінде тарының сондай түрінің дәнін арнаулы жармалағышқа әкелуге тура келеді. Осыдан біраз уақыт бұрын қарапайым тарының жұқа қауызды, тіпті дәндері бір бірімен үгіліскенде қауызы сыдырылып қалатын түрі табылады.
Шашақтарының түсі. Әдетте, тары шашақтарының түсі қандай болса, оның масақ гүлшелерінің түсі де сондай болады. Тары масағы гүлшесінде антоционның болуының арқасында олардың бірқатарының түсі қара күлгін болып тұрады. Бұл түс масақтар жартылай жетілгенде анығырақ байқалады. Ал тары жетілген кезде біржола жоғалып кетеді. Алайда, тары шашағының белгілі бір өсіп жетілу кезеңінде осындай түске енуінің өзі оның жеке бір түрге жатқызуға мүмкіндік беріп отыр.
Дәннің түсі. Қабығынан аршылмаған , яғни гүлшелерде тұрған тары әр түрлі түсті болып келеді. Негізінен әбден піскен тары ғана өзінің нақты түсіне ене алады, тек бұл кезде метереологиялық жағдай оны тездетуі немесе баяулатуы мүмкін.
Белгілі тары формасының қай түрге жататынын анықтау үшін міндетті түрде түрлердің және бір тармақты тарылардың бір біріне өте ұқсастығы түр анықтауда қателікке ұшыратуы мүмкін.
Тары сорттары. Жергілікті жерге бейім аудандастырылған сортты себу болашақ мол өнімнің кепілі. Ал, Қазақстан үшін мына сорттар өте маңызды.
Саратов-583. Бұл сортты СССР дің Оңтүстік Шығыс ауыл шаруашылығы институты шығарған. Ол сонгвинеум ботаникалық түріне жатады, шашағы жинақы, дәні қызыл болып келеді. Сабағының беріктігімен , дәнінің төгілмейтіндігімен және құрғақшылыққа төзімділігімен ерекшеленеді.
Тарының бұл сорты орал, Ақтөбе, Қостанай, Семей, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Шымкент облыстарына аудандастырылған.
Долинск 88. Бұл сорт Қарағанды облыстық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясында шығарылған. Флявум ботаникалық түріне жатады. Дәні ақшыл сары, шашақтары иілгіш, бірақ мол өнімді болып келеді. Оның ең басты кемшілігі жығылғыштығында. Бұл Солтүстік Қазақстан, Жезқазған және Қарағанды облыстарында аудандастырылған.
Омск 5. Тарының бұл сорты Сібірдің ауыл шараушылығы ғылыми зерттеу институты шығарған. Ол бізде Көкшетау облысында өсіріледі, альбум түріне жатады. Масағы ақшыл сары, кейде қоңырқай болып келеді. Дәні домалақ, ақ немесе ақшыл сары, ірі болып көрінеді. 1000 дәннің салмағы 6,6-7,3 грамм тартады.
Технологиялық және тұтыну сапасы өте жақсы, қауыздылығы шамамен 15-26% , 78-80% жарма береді. 1,3-2,7% стандартты. Құрамындағы белок 13,9-16,2% . ерте пісетін сорт. Вегетациялық кезеңі 80-90 күн. Құрғақшылыққа төзімді , сабағы берік, мол өнімді. Көкшетау облысының Чкалов сорт сынау учаскісінде ( 1969-1973 жж.) жылына орта есеппен әр гектардан 13,2 центнер өнім алынған. Бұл Саратов 853 сортымен салыстырғанда әр гектардан 4 центнер өнім алынды деген сөз.
Саратов 2. Бұл сорт Красное 16 және ВНИС 29 сорттарын будандастыру арқылы өмірге келген. Оны оңтүстік шығыс ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу институты шығарған.
Ол негізінен Павлодар оьлысында аудандастырылған. Ауреум түріне жатады. Шашағы жинақы. Дәні крем түстес, домалақ, 1000 дәнінің салмағы 7,7-8,1 грамм.
Тарының азықтық, жемдік маңызы. Тары бүкіл жер шарында негізінен астық үшін өсірілген. Тары күллі Африка, сондай ақ Үндістан, Пакистан, Солтүстңк және Солтүстік Шығыс Қытай халықтары тағамдарының рационында басты роль атқарды.
Тары өсімдігі негізінен Азия мен Африка елдерінде өсіріледі, ал азия елдері ішінде тарыны көп өсіретін Үндістан. Үнділіктер тары деген атпен соргоны, африка тарысын, майда және қылтанақты тарыны, қарапайым тарыны, жапон тарысын, қызыл тарыны өсірген.
Қытай Халық Республикасы да тарыны көп өсіретін елдердің бірі. Мұнда тары тектес өсімдіктерден чумиза мен сорго көп егіледі. Бұлар құрғақшылыққа өте төзімді келеді. Сол себепті де, бұл өсімдіктер Қытайдың құрғақшылықты солтүстік провинцияларында өсіріледі.
Тарының химиялық құрамы. Тары дәнінде химиялық заттардың болуы ең алдымен оның сортының ерекшелігіне және өсірілу жағдайына байланысты болып келеді. Көптеген зерттеулер бойынша басқа да дәнді дақылдар сияқты , тары дәнінің химиялық құрамы географиялық факторларға сай өзгеріп отырады. Тарының батыстан шығысқа немесе солтүстіктен оңтүстікке қарай жылжып қоныс аударуына байланысты оның құрамындағы белок көбейе түседі де, крахмалы біртіндеп азая бастайды. Солтүстік аудандарда өсірілген тары дәнінде суда еритін белок пен сілтіде еритін белоктың басымдылығы , ал спиртте еритін белоктың шамалылығын ғылыми зерттеулер дәлелдеген.
Тары дәнінде химиялық заттардың өзгеруіне географиялық фпкторлармен бірге, метереологиялық жағдайлар, әсіресе, топырақтың тығыздылығы әсер етеді. Құрғақшылық жылдары дәнде белок тым көбейіп кетеді. Сондай- ақ , онда B1 витамині және дән крахмалындағы амилоздар молаяды да , крахмалдың өзі азаяды.
Белоктар және углеводтар. Ұнтақталған және ұсақталған тарыда күріш, арпа, қарақұмық жармаларына қарағанда белок көп болады. Бұл жөнінде ол сұлы жармасына ғана жол береді.
Ғылыми тұрғыдан дәлелдегендей, белоктың тағамдық қасиеті дәндегі алмастырылмайтын амин қышқылының санына байланысты анықталады. Қарапайым тары дәніндегі белокта процентпен есептегендегі алмастырылмайтын амин қышқылының мөлшері төмендегідей болып келеді:
Треонин - 2,8 Трифтофан – 2,1
Валин - 5,1 Фенилаланин – 5,3
Лейцитин - 11,4 Метионин – 2,3
Изолейцин – 3,4 Гистидин – 1,8
Лизин - 1,6 Аргинин – 3,2
Энзимдер немесе ферменттер. Энзимдер немесе ферменттер организмнің және дәннің толығып жетілуі кезеңінде күшті химиялық реакция беру арқылы белок табиғатында биологиялық катализатор ролін атқарады. Тары дәнінде мынадай энзимдер болады: омилаза, мальтоз, протеолитті энзимдер, липаз, фитаз, перехсидаз, катализ.
Тарының мальтозасы өзінің активтілігі жөнінен басқа астық тұқымдас дақылдардың мальтозасынан асып түседі.
Мальтозасының активтілігі жөнінен бірінші -орында тары , одан кейін- сорго, үшінші орында- жүгері тұрады.
Май.Майға, әсіресе, тары ұрығы бай келеді, ол онда 21-22 процентке дейін жетеді. Тары дәнін өндеген кезде , оның ұрығы қалдық ретінде ұлпамен араласып кетеді. Тары майы негізінен менольді және олеинді майлы қышқылдан тұрады, әрі ол оның жартылай құрғақ түрінде жатады. Тары майының құрамындағы линольді қышқыл атеросклероздің пайда болуын дәл анықтауға көмектеседі. Күріш, қарақұмық және сұлы дәнімен салыстырғанда бұл қышқыл тары дәнінде әлдеқайда көп болады.
Минералды заттар. Тарының әбден піскен дәнінде көптеген минералды заттар болады.
Тары дәніндегі минералды заттар (құрғақ және минералды заттардың проценті есебімен ).
Дән
|
0,33
|
0,04
|
0,02
|
0,28
|
0,65
|
0,01
|
1,56
|
0,01
|
Минерал
|
11,20
|
1,36
|
0,68
|
9,50
|
22,06
|
0,34
|
52,43
|
0,34
|
Еттен жасалған тағамдардағымен салыстырғанда тары дәнінде, әсіресе, оның жармасында фосфор әжептәуір көп. Тары дәнінде төмендегі мөлшерде микроэлементтер кездеседі: цинк – 1,96 мг процент, мыс – 1,19 , йод – 1,6, бром - 0,30 мг/ процент.
Витаминдер. Тары дәні организмге қажетті витаминдерге де бай келеді. Атап айтқанда, онда B1 (тиамин), B2 (рибофлавин), PP (никотин қышқылы) және фолиев қышқылы болады. Тары дәнінің 1 грамында 1,8- 9,6 мг тиамин кездеседі. Басқа астық тұқыидастармен салыстырғанда , ондағы B1 және B2 витаминдері екі есеге жуық , ал тары жармасында фолиев қышқылы бидай, қара бидай және жүгері дәніндегіден екә есе артық болады.
Қарақұмық
Халық шаруашылығының маңызы. Қарақұмық- жеңіл сіңімді ақуыз ( 13-13,3 %) мен крахмалы ( 66-68% ) мол бағалы жармалық дақыл. Жарма құрамында 1,6% органикалық қышқылдар мен адам ағзасына пайдалы фосфор, темір, кальций және мыс қосылыстары да болады. Қарақұмық жармасы емдік қасиеті бар құнды тағам. Дән маңызы ( клейковина ) болмағандықтан, қарақұмықтың ұндық нандық сапасы төмен. Қарақұмық ұнын шелпек дайындауға ғана аз мөлшерде пайдаланылады. Сиырды қарақұмықпен азықтандырса, майы қатты болады. Сабаны мен топаны қатты малазық болғандықтан, оларды басқа жемдерге қосып пайдаланады. Сабанының күлі мен дәнінің қалдықтары- құнды тыңайтқыш. Олардың құрамында 40% аса KO , 10% көп PO және 19% дейін CaO болады.
Қарақұмық тамаша балды өсімдік. Оның егісінің әр гектарынан аралар 60-100 кг дейін дәмі мен иісі тамаша бал жинайды.
Дәнді дақылдардың ішінде қарақұмық өте қысқа вегетациялық кезеңімен (60-75 күн ) ерекшеленеді. Бұл оны күздік және ерте жаздық дақылдардың көктері шықпай қалған танаптарына қайта егуге және де аңыздық аралық дақыл ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Сондай ақ қарақұмықты көк балаусасын жыртып жасыл тыңайтқышқа да пайдаланады.
Қарақұмық кәдімгі жапырақтары шыққаннан кейін тез өсіп, бұтақтанып арам шөптерді басып тастайды. Сондықтан, ол жаздық дақылдар үшін жақсы алғы дақыл, ал ерте пісетін сорттары екпе сүрі жер дақылы бола алады.
Қарақұмықтың орташа өнімі гектарына 8-12 ц, ең жоғарғысы 20-25 ц жетеді.
Морфологиялық сипаттамасы және биологиялық ерекшеліктері.Сорттары. Мәдени қарақұмық (Polygonum fagopyrum L.) -Қарақұмық (Polygonaceae) тұқымдасына жататын біржылдық өсімдік.
Тамыр жүйесі- кіндікті, топыраққа 80 см дейінгі терендікке енеді.
Сабағы- бұтақты ,іші қуыс, сырты қырлы, биіктігі 70-100 см, піскенде қызарады.
Жапырағы- жүректәрізді үшбұрышты. Гүл шоғыры- қойын шашақгүл, жартылай шатыршагүл. Гүлдері қосжынысты. Олардын түсі ақ, алқызыл, қызыл және құрылысы да түрліше болып келеді. Бір гүлдерінде аталықтары қысқа, аналықтарының бағаншалары ұзын, екіншілерінде – керісінше, аталықтары ұзын, аналықтарының бағаншалары қысқа.
Жемісі- ашық- қонырдан қараға дейінгі түсті және әртүрлі формалы, үшқырлы, қабықты жаңғақша. 1000 дәннін салмағы18-32 грамм. Жағдайлар мен сортқа байланысты қабықтылығы 30% .
ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі әдебиет:
Қ. К. Әрінов, Қ.М. Мұсынов, А.Қ. Апушев, Н.А. Серекпаев, Н.А. Шестакова, С.С. Арыстанғұлов «Өсімдік шаруашылығы» , Алматы-2011жыл
М.М. Жанзақов. Өсімдік шаруашылығы. Алматы, 2007 жыл
М.И. Кондрашкина Лабороторно-практические заниятия по растениеводству, Москва-2006 г
Қосымша әдебиеттер
И.А. Абугалиев. Справочник агронома. Алма-Ата, Қайнар,1985 ж
В.Ф. Белик. Бахчевые культуры. М., Колос,1980 г.
дәріс 7
Күріш өсірудің интенсивті технологиялары.
Мақсаты: Студенттерге күріш дақылдарының интенсивті технологиясын уйрету
Міндеті: Күріш өсірудің интенсивті технологиялары мен жете тусіндіру
Түйінді сөздер: Күріш
Дәріс жоспары:
Жалпы сипаттамасы.Биологиялық ерекшелігі және өсіру тәсілдері.
Дәннің құрылысы және химиялық құрамы.
Күріштің технологиялық ерекшеліктері.
Күріштің сорттары.
Күрішті стандарттау.
Жалпы сипаттамсы: Күріш ежелден өсіріліп келе жатқан жарма алуға арналған дақыл.Бірақ Қазақстан үшін жаңа деп айтуға болады.Тек Қызылорда,Шымкент,Алматы обылыстарында ғана егіледі.Күріш жармасы өте жұғымды, тез қорытылатын тағам. Оның құрамының 95%-і адам бойына сіңеді.Одан тек қабығын алған, бетін қажаған, жылтыраған жармалар алуға болады.Эндосперімі желім тәрізді күрішті кондитерлік тағам алуға пайдаланылады. Күрішті ақтағанда одан сақ түседі. Одан спирт, фитин, арақ, сыра,дәрігерлік крохмал және пудра алуға болады. Күріштің кебегінде белок, май, витаминдер, фосфорлы заттар- фитин, лецитин сияқты адам және малдың денсаулығына керекті заттар көп. Күріш кебегінің майлы тамақтардың тотығуына қарсы тұратын антиоксидент заттары табылған және одан фурфурол және сірке қышқылы алынады. Одан жоғары сапалы тамақтық және техникалық майлар алынады. Ол майлардың құрамында көптеген қанықпаған май қышқылдары болады. Сондықтан темір сырларын ерітетін олифа майы ретінде пайдаланылады. Одан микробиологиялық тәсілдермен ацетон, бутил спиртін алуға да болады. Күріш крахмалын 180С дейін қыздырып 77%-тік декстрин пайдаланады.Күріштің қабығынан активті көмір алады, ал сабағынан қағаз тағы басқа көптеген керек заттар алуға болады және жаздық қалпақ жасайды.
Егістік көлемі бойынша дүние жүзінде күріш бидайдан кейін екінші орында, алТМД-да Солтүстік Кавказда, Дағыстанда, Орта Азияда және Қазақстанда егіледі.
Күріш тегі дәнді дақылдар тұқымдасына жатады, түрі Егістік күріш. Біржылдық өсімдік. Тамырында ауа ұстайтын түтікшелері бар. Гүл шоқтары сіңсібас. Ол бұтақтардан тұрады. Оның ұшында гүл орналасқан.
Күріш ылғалдықты, жылылықты сүйетін өсімдік.Содықтан өніп шыққан соң піскенше суда өседі. Оны суғарудың көп түрлері бар.Біздің елде жайып суғару таралған.Жайып суғару екі түрлі болады.
Өсімдік барлық уақытта суда өседі.
Оқтын оқтын қайтарып суғару.
Күріш барлық уақытта суда өсетін болғандықтан піскен кезде дәнінің ылғалдығы жоғары болады.Сондықтан комбайнмен тура орып, жинау мүмкін емес.Оны алдымен орып, дестеге салып, кепкен кезде жинап бастырады.
Күріш өзімен өзі тозаңданатын өсімдік.Оның дәнінің формасына қарай индиялық және жапониялық деп аталатын екі бұтаққа бөлінеді.Біздің елде жапония бұтағы егіледі. Бұл бұтақты кәдімгі және желімтәрізді күріш деп екіге бөлінеді. Кәдімгі бұрыш піскенде шашылып тұратын ботқаға, ал желім тәрізді күріш пісіргенде еріп қою ботқаға айналып кетеді.
Күріштің крахмалы көбінесе амилопектиннен тұрады. Сондықтан ол йодпен бояғанда қоңыр түске боялады.
Күріштің аршылмаған дәнін қазақша шалы дейді. Ол ортасында сайы жоқ, қабықты, қабығының ішкі және сыртқы дәні де қырлы болады. Қабығынан айырғаннан кейін алынған дән сопақтау келеді, түсі әртүрлі, ұзыны 4.4-10.0мм, көлденеңі 2.3-4.0, қалыңдығы 1.3-2.8 арасында болады. Эндосперімі шыны немесе ұнтәрізді болады. Күріштің крахмалы қырлы түйіршіктерден тұрады да, олар бірімен бірі тұтасып күрделі түйіршіктерге айналады.Екінші айырмасы, онда амилозадан амилопектин көп. Басқа дақылдармен салыстырғанда күріште белок аздау - 6.0-11.2 %-ке дейін ғана, ал басқа заттар – крохмал-58-80, қант -1.5-3.0, клетчатка -9 -12, май -2-5, минералдық заттар 5-7 % шамасында болады. Егер аршылған күрішті алатын болсақ, ондағы минералдық заттар 1.5%- ке дейін төмендейді.
Күріш піскен кезде,оның дәнінің әр қабаты әртүрлі кебеді.Сыртқы қабаты ішкі қабаттарына қарағанда тезірек кеуіп,тартылады да соның салдарынан жоғарғы қабаттарында сызаттар пайда болады.Одан жарма алған кезды,сызатталған дән сынып,саққа айналады,жарманың түсімі азайып,сақтың түсімі көбейеді.Мұндай сызаттар күрішті күн сәулесі арқылы немесе астық кептіретін агрегаттарда кептірген кезде,жоғарғы қабаттарының тезірек кеуіп,осы қабаттарының көлемінің басқа ішкі қабаттарға қарағанда тез тартылуына байланысты, көп сызаттанады, ал егер ол ақырын кемісе, ішкі қабаттарының суы жоғарғы қабаттарына алмасып үлгереді де, сызаттанған дәннің саны кенет азаяды. Бірақ бұл әдіспен кептіруді көптеген аудандарда іске асыру өте қиын және қымбатқа түседі. Күріш қоспаларында көк, піспеген, орысша меловые зерна деп аталатын сапасы төмен дәндер кездесуі мүмкін. Олар тез сынып ұсатылып кетеді. Міне осының бәрі оның технологиялық және товарлық қасиеттерін төмендетіп жібереді.
ТМД-да күріштің көптеген сорттары аудандасқан.Оның ішінде Жапон және Индия бұтағына жататын сорттар бар.Күрішті екі топқа бөледі.
1. Ұзындәнді- егер оның ұзыны көлденеңінен үш есе үлкен болса.
2. Егер дәннің ұзыны көлденеңінен екі есе ғана үлкен болса, оны домалақ дәнді топқа жатқызады. Осы топтарға Алакөл, Дубовский 29, Сантахез 52, Кубань 3, Өзбектік 5, Краснодарлық 424, Донецский 63, Узрось 7-13 сорттары жатады. Бұлардың ішінде Қазақстанда мына сорттар көп тараған.
Дубовский129- Эрритроцерос түрі. Бүкілодақтық күріш ғылыми –зерттеу институты шығарған. Өсімдіктің биіктігі 100-110 см. Сіңбісабағы тығыз орналасқан. 1000дәнінің массасы 35гр. Шамасында, қабықтылығы 18-19%. Дәні шыны ақ, домалақ.Ерте піседі 75-125 күнде.Әр гектарынан алынатын түсім 55-70ц жетеді.Жармасының сапасы өте жақсы, ақ түсті.Ботқасы өте дәмді, шашылып піседі.
Кубань 3. Сол институт шығарған. Дәні ірі, 1000 дәнінің массасы 31-33гр, шынылығы 93-94%. Жармасы мен ботқасы өте жақсы деп бағаланған.Күрішке бір стандарт жасалған -“Күріш шалы.Жармаға арналған”. Бұл стандарт бойынша күрішті үшке бөледі.1. Ұзын жалпақ дән; 2. Ұзын жіңішке; 3. Домалақ дән. Бірінші және екінші типтер әр қайсысы екі тармаққа бөлінеді. Шыны және жартылай шыны. Үшінші тип үш тармаққа бөлінген; Шыны, жартылай шыны және ұнтәрізді. Бұлардан басқа типтерге жататын дәннің саны 10%-тен көп болмау керек. Техникалық шарттар бөлімінде ылғалдылығы, дәнді және шөп –шалаң қосындылары, құрмақтың саны, сарғайып кеткен, көк, бүлінген дәндердің қай мөлшерде болуы жайлы мәліметтерберілген.
Бақылау сұрақтары:
ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі әдебиет:
Қ. К. Әрінов, Қ.М. Мұсынов, А.Қ. Апушев, Н.А. Серекпаев, Н.А. Шестакова, С.С. Арыстанғұлов «Өсімдік шаруашылығы» , Алматы-2011жыл
М.М. Жанзақов. Өсімдік шаруашылығы. Алматы, 2007 жыл
М.И. Кондрашкина Лабороторно-практические заниятия по растениеводству, Москва-2006 г
Қосымша әдебиеттер
И.А. Абугалиев. Справочник агронома. Алма-Ата, Қайнар,1985 ж
В.Ф. Белик. Бахчевые культуры. М., Колос,1980 г
дәріс 8
Дәнді бұршақты дақылдар және олардың өсірудің интенсивтік технологиясы.
Мақсаты: Дәнді бұршақты дақылдар және олардың өсірудің интенсивті технологиясын үйрету
Міндеті: Дәнді бұршақты дақылдар және олардың өсірудің интенсивті технологиясын түсіндіру.
Түйінді сөздер: Дәнді бұршақты дақылдар
Дәріс жоспары:
Асбұршақ биологиялық ерекшелігі және халық шаруашылығындағы маңызы.
Үрмебұршақбиологиялық ерекшелігі және халық шаруашылығындағы маңызы.
Май бұршақбиологиялық ерекшелігі және халық шаруашылығындағы маңызы.
Дәнді бұршақты дақылдардың ерекшаліктері. Дәнді бұршақты дақылдарға ас бұршақ,май бұршақ,үрме бұршақ,мал азықтық бұршақ,бөрі бұршақ,жасымақ,ноқат,тағы басқалары да жатады. Дәнді бұршақты дақылдар тұқымында дәнді дақылдармен салыстырғанда белок көп болады.Белок әсіресе май бұршақ дәнінде мол( 39%).Дәнді бұршақты дақылдардың тағы бір ерекшелігі- олардың белоктарының тез организмге сіңірілуі.Май бұршақ дәнінің белогының сіңімділігі 89 процент,мал азықтық бұршақтікі – 87 процент,ал жасымық пен ас бұршақ дәнінжегі белоктың сіңімділігі 85 процентке тең.
Дәнді бұршақты дақылдарының тамырларында түйнек бактериялары болады.Солардың көмегімен ауадағы азоттан дәндері мен вегетативтік органдарына белок итүзіп қана қоймайды,сонымен қатар топыраққа азот жинайды.
Егістіктің әр гектарына дәнді бұршақты дақылдар 100 кг- нан 400 кгға дейін азот жинайды,яғни олар топырақтың құнарлығын арттырады.
Көптеген дәнді бұршақты дақылдардың өсу кезеңі қысқа,сондықтан тез пісіп,танапты ерте босатады.Мұның өзі жерді сапалы және уақытылы өңдеуге мүмкіндік береді.Осы тұрғыдан алып қарағанда дәнді бұршақты дақылдар көртеген ауыл шаруашылық дақылдарына жақсы алғы дақыл болып саналады.
Дәнді бұршақты дақылдардың пайдалану мақсатына қарай бірнеше топқа бөлінеді,атап айтқанда,тағамдық дәнді бұршақтар (ас бұршақ,үрме бұршақ,ноқат ),мал азықтық дәнді бұршақтар (пелюшка,мал азықтық бөрі бұршақ,мал азықтық бұршақ ),техникалық дәнді бұршақ (май бұршақ) және жасыл тыңайтқыш ретінде пайдаланылатын дәнді бұршақтар ( алколоидтық бөрі бұршақ).
Дәнді бұршақты дақылдардыңі интенсивті өсетін уақыты бүрлену және гүлдеу кезеңі.Дәнді бұршақты дақылдардың кемшілігі – олар жатып қалуға бейім келеді,піскен кезде сабағы ашылып,дәні шашылып қалады,яғни дер кезінде жинап алмаса,егіннің шығымдылығы төмендейді.Әр дәнді бұршақты дақылдардың сыртқы ортаның факторларына қоятын талабы әр қилы, және олардың өсу мерзімі әр түрлі.Олардың ішінде ерте (ас бұршақ,жасымақ,ноғатық ) және кеш (мал азықтық бұршақ,үрме бұршақ,май бұршақ) пісетіндері бар.Егер сыртқы ортаның факторына қоятын талабына келетін болсақ,суыққа төзімді дәнді бұршақты дақылдарға жасымақ,ноғатық,ас бұршақты,ал жылу сүйгіш бұршақты дақылдарға май мен үрме бұршақты жатқызуға болады.
Ылғалды көбірек керек ететін болғандықтан мал азықтық ас бұршақ және бөрі бұршақты жауын- шашын мол түсетін аймаққа еккен дұрыс.
Құрғақшылыққа төзімді келетін дақылдарға ноқат пен ноғатық жатады.
Дәнді бұршақты дақылдар механикалық құрамы жеңіл топырақтарда жақсы өседі.
Асбұршақ биологиялық ерекшелігі және халық шаруашылығындағы маңызы.
Ас бұршақ біздің елімізде барлық дәнді бұршақ егісінің 80% -дан астамында өсіріледі.Оны азықтық- түліктік және мал азықтық дақылдар ретінде өсіріледі.Оның тұқымдары амин қышқылдарымен теңдестірілген белокқа бай (18-35%),олар жақсы пісірілуімен және жоғары дәмдік сапасымен ерекшелінеді.Пісіп жеткен және шала піскен тұқымдары,сонымен қатар көкөністі сорттарының жасыл бұршаққаптары консерві өнеркәсібінде пайдаланылады.
Дақылдардың тарихы.Ас бұршақ бұдан 20 мың жыл бұрын бидай,арпа,тары,жасымық,атбас бұршақ және басқа өсімдіктермен қатар дақылға енген.
Сонғы археологиялық қазбаларға карағанда егістік ас бұршақтың отаны Алдыңғы Азия (Закавказье,солтүстік- батыс Иран,ішкі Кіші Азия)елдері,бұларда оның ұсақ тұқымда формалары өсіріледі.Н.И.Вавиловтың жазуы бойынша ірі тұқымды асбұршақтар екінші шығу тегіорталығына – Шығыс Жерорта теңізіне бейімделген.
Биологиялық ерекшеліктері.Ас бұршақ – барынша ерте пісетін дәнді бұршақ дақылы.Өсіп – жетілу кезеңі сортына және өсу жағдайларына байланысты 70- тен 140 тәулікке дейін созылады.Сондықтан ас бұршақ жақсы сүрі жерді иеленуші өсімдік барлық аймақтарда,ал ерте пісетін сорттары оның егіншіліктің солтүстік шекараларында өсіріледі.
Ас бұршақ – өздігінен тозаңданатын өсімдік,алайда жазы ыстық және құрғақшылықты жылдары ашық гүлденуімен қатар шамалы мөлшерде айқас тозаңдануы байқалады.
Қазақстанда астыққа өсіруге рұқсат етілген және кең тараған сорттары:
Рамонский 77.Ресейдің қант қызылшасы ҒЗИ – да шығарылған.Түршесі – вульгатум.Сорт орташа мерзімде піседі,шашылуға жоғары төзімділігімен ерекшеленеді,ауруларға орташа төзімді.1000 тұқымының салмағы 180 – 250г.Ақмола,Ақтөбе,Жамбыл,Батыс Қазақстан,Қостанай,Қарағанды облыстарында өсіріледі.
Таловец 50.Ресейдің Сібір АШҒИ – де шығарылған,эвадукум түршесіне жатады.Ақмола,Қостанай,Солтүстік Қазақстан облыстарында өсіріледі.
Омский неосыпающийся.Ресейдің Орталық – Қаратопырақты белдеуінің АҒЗИ – де шығарылған,вульгаре түршесі жатады.Ақмола ,Солтүстік Қазақстанда рұқсат етілген.
Өсіру технологиясы.Ас бұршаққа алғы дақылдар – өздерінен кейін топырақты арамшоптерден таза және жеткілікті мөлшерде қоректік заттар мен ылғал қалдыратын дақылдар.Ас бұршақ қайталама егістікті нашар көтереді,өйткені аурулармен залалданады және зиянкестермен (бізтұмсықтар,жемірқұрттар) жарақаттанады,топырақта немадодалар тез көбейеді.Ас бұршақты жаздық астық дақылдарынан кейін себуге болады.
2.Үрме бұршақ (Бадана)
Халық шаруашылығындағы маңызы.Үрме бұршақ – Америка континентінің өсімдігі. Үрмебұршақтың ұсақ дәнді тобы 5-6 мың жыл бұрын Оңтүстік Азия елдерінен өсіріле бастаған,біздің еліміздің барлық аймақтарында өсіріледі.
Үрмебұршақ тұқмы толық пісіп жетілмеген бұршағын пісірілген және консервіленген күйінде апйдаланылатын бағалы тағамдық дақыл.Үрмебұршақ тұқымында 30 % дейін ақуыз және дәрумендер мен амин қышқылджары бар.
Үрмебұршақтың өнімі гектарына 120-15 ц,ал жоғары агротехнологияда ол 20-25 ц.дейін жетеді.
Үрмебұршақтың дақыл ретінде бес түрі таралған.
1.Кәдімгі үрмебұршақ – бұталы және шырмалып өсетін формада.
2.Көпгүлді үрмебұршақ – ұзын шырмалған сабақты,ақ және қызыл гүлді,өте ірі тұқымды.1000 тұқымының массасы 700-1200 г.
3.Істік жапырақты үрме бұршақ немесе тепари.Бұталы формалары бар,бұршаққаптары жалпақ,тұқымы ұсақ.Құрғақшылыққа төзімді.
4.Лимдік немесе ай тәрізді үрмебұршақ – тағамға пайдаланылады,бұршаққаптары сопақ,қысқа және жалпақ,2-3 тұқымды,жеңіл жарылғыш.
5.Сары үрмебұршақ – ұзын жіңішке бұршаққапты және ұсақ тұқымды.
Өсіру технологиясы.Үрмебұршақтың басқа дақылдарға қарағанда топырақ құнарлығына талабы жоғары.
3.Май бұршақ. Май бұршақ- ертеден өсіріліп келе жатқан дақыл және дүниежүзілік маңызы бар басты дақылдар қатарына жатады.Майбұршақтың ерекшелігі ақуыз – 33 –тен 45 % - ға дейін,20- дан 25,7 пайызға дейін май болады.Майбұршақ – жылу сүйгіш өсімдік.Алғы дақылдарға өте талғампаз,майбұршақты көңмен тыңайтылған танапқа егілген күздік дақылдардан кейін,бедеден,жүгеріден және көпжылдық шөптен кейін орналастырылады.
Ас бұршақ
Шаруашылық маңызы және таралуы. Ас бұршақ (Pіsum satіvum L.) – негізгі дәнді бұршақ дақылы. Ас бұршақты тамаққа өсіреді, бірақта оны мал азығы ретінде де пайдалануға болады. Ас бұршақ құрама жем (бұршақ ұны, жармасы) және шөп қоспаларында пішен, көк азық дайындауға бағалы өсімдік (46-сурет).
Ас бұршақтың 100 кг дәнінде 114,8 а.ө. және 20 кг қорытылатын протеин бар. Ас бұршақ сабаны жоғары мал азықтық қасиеттерімен ерекшеленеді. Оны малға ұсақтап және бөктіріп береді. 100 кг сабанында 23 а.ө. және 9 кг қорытылатын протеин бар. Яғни асбұршақ сабанының қоректілігі сұлы сабанынан 2 есе жоғары. Жүгеріні асбұршақ сабанымен қосып сүрлемге салғанда сүрлемдегі белок мөлшері айтарлықтай көбейеді.
Асбұршақтың агротехникалық маңызы да өте жоғары. Ол бұршақ тұқымдас ретінде топырақты азотпен байытады, жаздық дақылдар үшін және техникалық дақылдарға жақсы алғы дақыл.
Ас бұршақ республиканың барлық аймақтарында өсіріледі. Оны өсіру және таралуы сұлымен сәйкес келеді. Оңтүстік құрғақшылық аймақтарда асбұршақты суармалы жерлерде өсіреді. Асбұршақ дәнінің өнімі әр гектардан 15-30 ц және одан да жоғары.
Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері. Шаруашылықта екі түрі тараған: асбұршақ немесе егістік бұршақ және далалық немесе мал азықтық бұршақ (Pіsum arvense L.), бұршақ тұқымдастарына жатады. Бұлар біржылдық шөптесін өсімдіктер.
Тамыр жүйесі кіндікті, жақсы дамыған, 1,5 м тереңдікке дейін жетеді. Тамырларында әртүрлі көлемде қызғылт бүршіктер орналасқан, оның санына қарай өсімдіктің азот жинақтау белсенділігі анықталады. Тамыр жүйесі топырақтағы қоректік заттарды (әсіресе фосфорды) жақсы сіңіру қасиетімен де ерекшеленеді.
Сабағы төртқырлы, жылтыр, жақсы бұтақтанған. Далалық бұршақтың сабағының түсі көкшілдеу. Жапырағы күрделі, қос қауырсынды, мұртшалары бар.
Гүлшоғыры – шашақбас, гүлінің түсі егістік асбұршақта – ақ, далалық асбұршақта – қызыл-күлгін.
Жемісі – бірнеше тұқымды бұршаққап, тұқымдары ашық түсті. 1000 дәннің салмағы – 100-250 г. Ас бұршақ суыққа төзімді өсімдік. Тұқымы топырақтың себу қабатының жылуы +1-20С өне бастайды +150 температурада егін көгі 7-8 тәулікте пайда болады. Бұтақтануы, шанақтануы (бүрленуі), гүлдеуі және пісіп-жетілуі кезеңдерінде оңтайлы температура +15-200С шамасында. Асбұршақтың өскіні көктемгі қысқа мерзімді -6-80С бозқырауға шыдайды. Гүлдену және дәннің толысу кезеңдерінде суыққа әлсіздеу келеді.
Ас бұршақ ылғал сүйгіш өсімдік. Алайда өзінің қуатты тамыр жүйесімен топырақтың терең қабатынан су сіңіруіне байланысты ол көптеген басқа дәнді бұршақ, жаздық астық дақылдарына қарағанда құрғақшылыққа біршама төзімді келеді.
Асбұршақтың ылғалға талабы шанақтану-гүлдену кезеңдеріне сәйкес келеді. Осы кезеңдерде ылғалға жақсы қамтамасыз етілсе жоғары өнім алуға болады. Транспирациялық коэффициенті 300-600 аралығында.
Ас бұршақ гүлдену кезеңінің ұзақтығына байланысты тұқымы біркелкі піспейді. Сол себепті егін жинау мезгілі мен тәсілін дұрыс таңдау керек.
Ас бұршақ құнарлы қара, қара-қоңыр, қоңыр топырақтарда жақсы өседі. Қышқыл, механикалық құрамы ауыр, сортаңды және батпақты топырақтарда нашар өседі. Жеңіл құмдақ топырақтарда да нашар өседі. Республикада асбұршақтың Рамонский 77, Неосыпающийся 1, Таволец 55, Омский неосыпающийся, Карабалыкский сорттары өсіріледі.
Өсіру технологиясы. Ауыспалы егістегі орны. Асбұршақты арамшөптерден тазарған күздік және жаздық, отамалы дақылдардан кейін орналастырады. Асбұршақты басқа бұршақ тұқымдастары және күнбағыс себілген танапқа сеппейді, өйткені танап олардың шашылған тұқымдарымен ластануы мүмкін. Асбұршақтың өзі астық дақылдарына жақсы алғы дақыл болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |