Қазақстан композиторларының әндері.
Жоспары:
Әннің авторы, текстік мазмұны, екпіні сипаты т.б. танысу.
Нота арқылы айтып, үйрену.
Әнді нотаға қарап, сөзімен орындау.
Балалар дауысымен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру.
Ғалымдар, оқытушылар, психологтар, әдіскерлер, музыка пәнінің оқытушылары әнді сенімді айта алмайтын оқушылармен жұмыс тәсілдерін көптеп қарастырып келеді. Бұл мәселені шешу жолында Пономарькова И.П., Багадурова В.А., Орлова Н.Д., Апраксина О.А., т.б. педагогтардың еңбектері көмекке келеді.
Әнді сенімді айта алмайтын оқушылардың қалыптасу жолдары қиын да, ұзақ болып келеді. Ол оқытушыдан қажымас еңбекті талап етеді. Бұл үшін әнді дұрыс айта алмаудың себебін таба білудің маңызы зор.
Зерттеуші – педагог С.Гладкая өзінің “Бастауыш сыныптардағы музыка сабақтарында балаларды әншілік шеберлікке қалыптастыру” – деген нңбегінде әнді дұрыс айта алмаудың мынадай себептері болуы мүмкіндігін атап көрсеткен: “есту қабілеті нашарлығы, есту қабілеті мен дауысының арасында байланыстың болмауы, көпшілікпен ән тәжірибесінің жоқтығы, әнді айқайлап айту немесе улкендреге еліктеу сияқты жаман әдеттің қалыптасуы, сылбырлығы немесе керісінше мінез – құлқындағы мөлшерден тыс шапшаңдық, тым әсерлеп айту, әншілік шеберлікке қызықпаушылығы”.
Әнді жинақы жабық шеңберлі дыбыспен (академиялық), үлгімена айту вокалдың техникасындағы тағы бір маңызды әдістің бірі болып саналады. Ауыздың сыртқы формасының әнді айтуда өте үлкен маңзы бар, бірақ барлық әншіге біріңғай тәсілді ұсына беруге болмайды, өйткені әрбір орындаушының өзіндік өзгешеліктері бар. Кейбір әншінің дыбыстары әуел бастан -- ақ табиғи жинақы қойылған дауыспен, тіпті орындау мәнері де аккадемилық үлгіде айта алады, оның орындау қалпын өзгертудің қажеті жоқ, кейбір жөндеу, ескертпелер жасаса да жеткілікті. Ал, кейбір әншілер өте ашық дыбыспен халық әндерін орындау үлгісі көбірек жетілегген, мұндайда жетілегн әдіс – тәсілдерді қолдана отырып көзделген мақсатқа жету қажет. Жалпы әнші дыбысты дұрыс шығарып тұрған жағдайда онымен оқытушы санасуы керек. Көп ескерпелер жасай бермей - ақ орындау шеберлігінің өзге талаптарын (ырғағы, нюанстары, сипаты) орындатуға күш салғаны жөн.
Вокалды - техникалық дағдылардың қатарына: резонаторларды дұрыс қолдану, әннің сөзін анық айту – дикция, ерін қимылдарының техникалық менгеру артикуляция, аспаппен сүйемелдеп орындау кезінде, ансамбль, вокалдық әшекейлеуді (пассаж) еркін және жеңіл қолдану, динамикаларға көңіл бөлу, әнді нақышына келтіре мәнерлі орындау кіреді. Аталған дағдылардың барлығын хормен жұмыс істеу кезінде қолдануға болса, вокалдық әшекейлер мен фалынттер көбінеки ән айтуға тән тәсілдер болып табылады. Сондықтан әрбір әнші дауыс ерекшелігін пайдалана отырып, өзіне тән әшекейлер мен тәсілдерді қолданып айтады. Вокалдық техниканы толық меңгеріп, әнші, шығарманы орындау барысында түрлі нюанстармен қатар оның мәтіні (текст) идеялық – көркемдік маңызын айқындай түсіп, вокалды ән техникасының барлық дағдыларын сақтай отырып, шығарманы орындап шығады.
Жеке сабақ № 10.
Достарыңызбен бөлісу: |