ПоәК «Дауыс қою» пәннің оқу-әдістемелік құралы



бет10/21
Дата06.02.2022
өлшемі293,5 Kb.
#80947
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
Байланысты:
beku kerekti 11111

Жеке сабақ № 7
Артикуляция, қатаң және жұмсақ дыбыстарды атакалау. Тыныс алу техникасын одан әрі жетілдіру.
Жоспары:

  1. Жоғарғы резонатор дыбыс шығару әдістері

  2. Кеуде арқылы төменгі дыбыстарды бірқалыпты айту.

  3. Ауыз қуысы, көмей төменгі жақ, таңдай арқылы тыныс алуды қалыптастыру

  4. Артикуляцияның маңызын түсіндіру

  5. Қатаң және жұмсақ дыбыстарды атакалау әдістері.

Әнді жинақы жабық шеңберлі дыбыспен (академиялық) үлгімен айту Вокал техникасындағы тағы бір маңызды вокалдық әдістің бірі болып, шығарманы орындау барысында бірыңғай вокалдық желіні сақтай алады. Ауыздың сыртқы формасының әнді айтуда өте үлкен маңызы бар, бірақ барлық әншіге бірыңғай тәсілді ұсына беруге болмайды, өйткені әрбір орындаушының өзіндік өзгешеліктері бар.
Сөйлеу дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы дыбыстаушы мүшелердің қызметін артикуляция дейді. Тіл дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы адамның дыбыстаушы мүшелерінің қызметін жақсы білмейінше, белгілі тілдегі дыбыстардың артикуляция (дыбысталуын) дұрыс тусінү қиын.
Тілдегі сөздің мағнасын және сөздің тұлғалық көріністің түрлендіруге себеп болатын тіл дыбыстарын фонема дейді.
Дыбыс жүргізудің тәсілі ретінде үнемі қатаң атаканы қолдану дұрыс болмайды, өйткені бұл дауыс аппаратының күштелуіне әкеп соғуы мүмкін. Қатаң атаканы орындаушылық немесе әдістемелік тәсіл ретінде сирек жағдайда қолданылуы тиіс, мысалы, сылбыр ән айту кезінде.
Шығарманы айту кезінде вокалдық тәрбиенің мақсатын табысты шешуге қолданылған әдісті мақсаттылықпен таңдау өз мүмкіндігін тигізеді деп ойлаймыз. Вокалды шығармамен жұмыстың күрделілігі соншалық, ол тек қана жалпылама сезімі мен дыбысталуы бар бірегей шығармашылык, топ қана емес, сонымен қатар ол өзінің вокалдық және әртүрлі музыкалық ерекшеліктерімен берілген жекешелердің қосылған ортасы.. Оқьпушы үнемі өзара байланысты екі мәселені ше­шуге тырысады:
а) техникалық сапасына сай музыкалық топ құрайды;
б) вокалды шығарманы үйрету барысында әрбір жеке қатысушысын өзінің аспабы, яғни өз әншілік дауысымен үйретеді.
Жұмыстың бастапқы сатыларында айрықша көп қиындықтар кездеседі. Әнді орындау барысында кездесетін ең бірінші қиындық - бұл шығарманың мәтінін мәнерлеп айтуға өту. Егер шығарманың тесситурасы сөйлеуден жоғары болса, балалар дауыстарын қатты кернеп, айқайлап айтуға мәжбүр болады.
Балалардың дауысымен жұмыс істегенде дыбыс бастамасының алатын орны ерекше. Дыбысты дайындау және онын бастамасы - атака деп аталады. Вокалдық практикада атаканың үш түрі бар: қатаң, жұмсақ және үзік дыбыс бастамасы. Сондықтан да, балалардың дауысымен жұмыс істегенде, қандай атака кезінде баланың дыбыс шымылдыңы іске қалай қосылады және қандай дауыс атакасымен жұмыс істеу қолайлы екенін ескерген жөн. Негізінен, бала дауысымен жұмыс істегенде жұмсак дауыс атакасын қолдану дұрыс деп саналады. Сонымен біз дауыс аппаратымен біршама таныстырып болған соң, өзіміз музыка сабағында пайдаланған орындаушылық шеберлікті дамытуға ықпалын тигізген әдістемелік тәсілдерді қарастырайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет