Жеке сабақ № 4
Вокализ – cтудент дауыс диапазонына байланысты В.Зейдлердің және Абтың вокализдік шығармаларын әрбір студентке таныстыру.
Жоспары:
Нотаны оқу арқылы танысу.
Ән айту техникасын сақтай отырып, нотаға қарап оқып, фраза бойынша үйрену.
Вокализді концермейстердің сүйемелдеуімен орындау.
Тек қана әуеннен тұратын, сөзсіз айтылатын шығарманы “Вокализ” дейміз. “Вокализ” – дегеніміз дауысты дыбыстардың көмегімен әуенді айту. Вокализ тек қана ән айтуда ғана қолданылмайды, ол этюд және концерттік пьесаларда, жеке және хор шығармаларында да қолданылады. Ол көбінесе “а” дауысты дыбысына немесе басқа да дауысты дыбыстармен айта береді. Дауысты дыбыстарға ерекше көңіл бөлу керек. Көмкеріп (прикрытый), ашық дыбыстарды жинақы, ауыз қуысының көмегімен толтырып әдемі шығу үшін, дауысты дыбыстарға жаттығулар жасап дағдылану қажет.
Вокализ – көбінесе құлаққа жағымды, тек қана жақсылық пен инабаттылық сезімін беретін әуендер қатарына жатады. Дыбыстау мүшелері, олардың дыбыс шығарудағы қызметі.
Лад – деп тұрақты және тұрақсыз дыбыстардың үндесеінен пайда болған дыбыс қатарын айтамыз. Әр әуен осы тұрақты, тұрақсыз дыбыс тардың байланысынан туады. Түрлері әндерді ырғына кептіріп ойнау үшін оның заңдарын білу керек. Күнделікті айтып жүрген әндеріміз, тыңдап жүрген музыкалық шығармаларымыз көңілді, марш екпіннімен, көтерінкі немесе көңілсіз, күңгірт, қайғылы және мұңды болып орындалады. Мәне осыған байланысты музыкада негізгі екі лад бар. Біріншісі – мажорлық лад. Ашық, көңілді, салтанатты сезімді білдіретін лад. Екіншісі – минорлық лад. Жұмсақ, мұңды,ұяң, ой туғызатын лад. Лад башқыштары жетеу болады. (Тоника, қосымша басқыш, медианта, субдоминанта, доминанта субмедианта және қосымша басқыш). Олар I-II-IV-V-VI-VII болып рим сандарымен белгіленеді.
Мажорлық лад, тон, тон, жарты тон, тон, тон, жарты тон, арақашықытығымен дыбыстары орналасады. Оның тоникадан құралған үшдыбыстылығы мажорлық үшдыбыстылықты береді. Бірінші, үшінші және бесінші басқыштары тұрақты. Ал, бірінші, төртінші, бесінші басқыштарынан құралған аккордтар, осы ладтың тұрақты аккордтары болып саналады. Мжардың үш түрі бар: натуралды, гармониялы (VI – төмендегідей), мелодиялы (VI-VII басқыштар төмендейді, қайтарында натуралды түрі айналады).
Минорлық лад – тон, жарты тон, тон, тон, жарты тон, тон, тон арақашықтығымен дыбыстарға дыбыстарға орналасады. Оның тоникадан құралған үшдыбыстылығы минорлық үшдыбыстылық болып саналады. Минорлық ладтың да мажорлық лад сияқты I-ІІІ- V басқыштары тұрақты және І- IV-V басқыштарынан құралған аккортар негізгі аккорд болып саналады. Оның да үш түрі бар: натуралды, гармониялы (VІІ басқыш көтеріледі), мелодиялы (VI- VІІ басқыштар көтеріледі, қайтарында натуралды түрі ойналады).
Тональдік – деп лад дыбыстарын өзара бірмстігінің қандай биіктікте тұратын білдіретін ұгымды айтамыз. Қай шығарма болмасын ол бір тональдікте, яғни бір биіктен басталатын мажор не минор ладында беріледі. Музыкалық шығармалардың тональдік терінің аты сол шығарманың ішіндегі дыбыстардың негізгі тұрақты басқыштарының атымен аталады. Мысалы до – мажор, ре минор т.с.с. Музыкада 30 шақты тональдік кездеседі. Кілттік белгілеріне қарай диездік және бемольдік тональдіктер болып бөлінеді. Әр тональдік және кілттік белгілер квинта шеңберімен орналасады. Тональдіктер жеті белгіге дейін кездесуі мүмкін. Тональдіктердің энгармониялық теңдіктері де кездеседі. Параллельдік тональдіктер мажор және минорлық ладта кілттік белгілері бірдей тональдікттер. Бірбірінен терция кіші арақашықтығында орналасады. Аттас тональдіктер атаулары бірдей мажор және минорлық тональдіктер. Туыстас тональдіктерге ладтағы тұрақты басқыштардың құралған, параллельдік және аттас тональдіктерді топтасқан түрін айтамыз. Ауыспалы – параллельдік лад деп – бір шығармада параллельдік тональдіктеруің кездесуін айтамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |