ПоәК «Дауыс қою» пәннің оқу-әдістемелік құралы



бет5/21
Дата06.02.2022
өлшемі293,5 Kb.
#80947
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
beku kerekti 11111

Кішкене тіл. Кішкене тіл бірде мұрын жолын жауып тұрады да, өкпеден келе жатқан ауаны ауыз қуысына қарай өткізеді. Бірде ауыз жолын жауып тұрады да, өкпеден келе жатқан ауаны мұрын қуысына өткізеді. Сөйтіп, дыбыстардың өзгеріп жасалуына әсер етеді.
Иек. Иек ауыз қуысын бірде кеңейтіп, бірде тарылтып тұрады. Иек төмен түссе, ауыз қуысы кеңейеді де, ашық дауысты дыбыстар пайда болады: а, ә, о, ө, е. Иек жоғары көтерілсе, ауыз қуысы тарылады да, қысаң дауысты дыбыстар пайда болады: ы, “, и, ұ, ү, у. Сөйлеу тіліндегі қысаң дауыстыларды ән айтуда иекті төмен түсіріңкіреп, ашық даусыты дыбысты айту кезіндегі иектің қалпына жуықтап айтылады.
Мұрын қуысы. Ол- қуыс мүшелерінің екінші түрі. Мұрын қуысының дыбыс шығарудағы қызметі кішкене тілмен тығыз байланысты. Кішкене тіл жолын жауып тұрады да, өкпеден келе жатқан ауаны мұрын арқылы өткізеді. Содан барып мұрын жолы: м, н, ң үнді (сонор) дауыссыз дыбстары пайда болады. Бұл дауыссыз дыбыстар мұрын арқылы айтылғанымн олардың жасалуы ауыз қуысындағы кедергі мүшелердің қызметі арқылы болады. Сондықтан да жасалуы жағынан ерін дауыссызы (м), тіл ұшының дауыссызы (н), тіл арты дауыссызы (ң) деп аталады.
Дауысты дыбыстарды шығаруда дыбыстау мүшелеріне күш түсед, ал, дауыссыз дыбыстарды шығаруда күш ауыз қуысындағы кедергі мүшелерге ғана түседі.
Жаттықтыру: № 1 – вокализ Ф.Абт. (үйрену, жаттығу және қайталау).
Сөйлеу мүшелерінің қызметі нәтижесінде тіл дыбыстарының айтылу (фонация) үрдісі есту қабілеттерінің дамуымен тығьз байланысты. Дауыс аппаратының дұрыс к,ұрылуы жақсы жағдайда дауыстың және есту қабілетінің дамуы барысында ғана мүмкін болады.

  • Балалардың үнемі ән айтанына, олардың келелі дауыс аппараттарын сақтауға жүйелі оқыту процесі мүмкіндік туғызатыны көпшілікке белгілі. Көпшілік вокалдык, тәрбие вокал және хор сабағы процесінде іске асырылады. Балалардың үлкен хор топтары 7 жастан 16-17 жасқа дейін аралықта болады. Олар өздерінің құрамында үш хор топтарын құрайды -кіші, орта және ересектер. Әрбір жас кезеңіне өзіндік дыбысталу ерекшеліктері сай келеді. ұғымдар вокалдық бағыттарға жатады.

1. “Академиялық” бағыт музыкалық өнерде – классикалық үлгі бойынша, белгілі бір дәстүрі бар стильге жатады. Академиялық үлгідегі ән айту әдісі таза дыбыс шығару, ансамбльдік үндестікте, динамикалық ерекшелігімен, әдемі, жұмсақ дыбысталумен анықталады. Дыбыстың шеңберлі жинақылығы, әуендегі дауысты дыбыстардың академиялық үлгіде көбінесе еркіндік дауыстыларға жуықтап, дөңгеленте жинақтап, қойылған дыбыспен орындалуын дыбыстың құрамындағы “жинақты үлгі” деп атайды, немесе вокалды позицияның дұрыс үлгісі дейді.
2. “Халықтық” бағыттағы үлгі өзінің табиғылығымен ерекшеленеді. Әр халық өзінің дәстүрлі ән өнері ғасырдан – ғасырға жалғастырып келеді. Мұндағы ән айту үлгісі әр халықтың тұратын география орнына, салт – дәстүріне қарай дамиды. Мысалы, грузин халқы көп дауысты әндер үлгісінде, ал қырғыз халқы тамақты қысу арқылы, татар халқы пентатоникалық қосылыстарымен орындаса орыс халқы хороводтың және дауысты дыбыстарды ашық айту үлгісінде дамығанды өздерің білесіңдер. Қазақ халқы музыкасы да ертеден дамыған, өзінің мәнері, салты, дәстүрі бар – музыка. Ендеше, халықтың бағыттағы ән айту үлгісі табиғи дауыс, мәнерлі, халықтық тақырыпта болуы шарт.
Ал, «Эстрадалық» бағыттағы үлгі соңғы жылдары ерекше дамыған, жастардың кәзірде еліктейтін музыкалық өнердің бір түрі. «Эстрада» - ұғымы ертеректе концерттік қойылымдардың сахнасы деген мағына берген. Ал, эстрадалық өнер немесе бағыт – бұл сахналық өнердің әр түрлі орындау формаларының бірлескен жеңіл, сауықтылық өнеріне жатады. «Эстрадалық» ән айту мәнері, бұл әнді әртүрлі аспаптармен сүйемелдеу, дыбыстарды өз еркіне жеткізу, динамикалық ерекшелігімен айту сияқты үлгілерімен сипатталады. Соңғы кездері эстрадалық үлгі электрондық аспаптарда жазылған фонограммалар арқылы орындалып жүр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет