Жеке сабақ № 11 Әнді ансамблмен айтуға дағдыландыру (дуэт, трио). Әрбір студенттің дауыс мүмкіндігін анықтау. Жоспары: 1. Жаттығу арқылы дауыс мүмкіндігін анықтау.
Тыныс алу мүмкіндігін кеңейту.
Ырғақты дәл сезіну дағдысын қалыптастыру жаттығулары.
Екі дауысты ән айтуға көшкенде бірінші және екінші дауыстарға бөлу шартты түрде жүреді: оқытушы дауыс аппараттарының өте нық, не болмаса жеңіл дыбысталуына басты назар аударып, оларды дауыстарға бөледі. Кейбір балаларда кеуде арқылы дыбысталу ерте дамиды. әсіресе, ер балаларда, бірак, нағыз альттер туралы сөз к,озғау әлі ертерек.
Егер баланың дауысы табиғи дыбысталып, ән ыңғайлы тесситурада жазылса, онда мұндай әнді айту өте ыңғайлы және жеңіл болады Вокалды - балалардың дауыстарын сақтау мақсаты үнемі тұру керек. Әншілік; дауысты дамытудың келесі сатысы - мутация. Бұл кезеңде жасөспірімдер дауыс гигиенасына аса назар, аударулары керек. Ер балалармен мутация кезеңідегі сабақ барысында аяушылық ету аса тиімді.
Мутацияның соңғы кезеңінде қыз балаларда дауыс диапазондары кеңейіп, анық дыбысталу пайда болады. Сонда да болса дауыспен жұмысты ақырындап жүргізу керек, өйткені, әлі де дауыс ерекшеліктері үлкендерше толық қалыптаса қоймайды (13-17 жас).
Музыкалық шығарманың репертуарлық және концерттік жүктемелері өте үлкен. Олардың дыбысталу сипаттамасы дискуссия құралы болып атќарылады. Жылдамдатып, тездетіп айту әншілік дыбыстың өте бағалы ерекшеліктерінің бірі болып есептелінетін, ерекше сипаттама беретін «вибратоға», яғни дауыстың дірілдеп шығуыға кері әсер береді. «Вибрато» - сыз дауыстар естуге тартымсыз, онша жақсы дыбысталмайтын сияқты. «Вибратоның» вокалдыќ музыкадан аспаптыќ музыкаға, музыкалыќ дыбыстың өте құнды және ќажетті қасиеттерінің бірі ретінде өтуі де кездейсоқ емес.
Сүйемелдеусіз айту интонациясының таза айтқызу жұмысы барысында үлкен маңызы бар. Студент өзінің айтып отырған әнін жақсы есту керек. Сондықтан біз оның музыкалық дамуын тексеру барысында есту қабілетін, дыбысты аспапсыз таза шығаруларына, мәнерлі айтуларына назар аударамыз.
Балалардың белгілі бір жасында өткінші жеке болып жатқан өзгерістер жайлы нақты білу үшін олардың музыкалық ѳсу деңгейін, ән айту қабілеттерін, әрбір жеке-жеке «көре біліу» қажет.
Адамнын қиын да күрделі ән айту функциялары көптен бері зерттеліп келеді. Адамның дауыс аппараты ең үлкен байлық, оны күтіп, қадағалап, саналы түрде қолдану керек. 10-сабақ-Кейбір жағдайларда дауыс аппаратынын ауруларын вокалды педагогика әдістері арқылы емдеуге болады деп дұрыс айтқан. Көптеген зерттеушілір дұрыс ән айту тәрбиесі дауысты қорғау болып табылады деген тұжырымға келген.
Ән айтуға енді ғана қатысып жүрген жас әншілер музыкалық шығармадағы жалпы дыбысты естігеннен өзінің даусын баќылай алмай қалады. Жақсы музыкалық ecту қабілеті бар оқушылардың өзі ән айта бастағанда кейде таза интонациялыќ дыбыспен орындай қалады. Мұнда дауыстардың белгілі тембрлік сапалары үлкен роль атќарады.