Өзіндік бақылау сұрақтары:
Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салықтар мен міндетті төлемдердің экономикалық мәні неде?
Бонус дегеніміз не?
Коммерциялық табу бонусы дегеніміз не?
Роялти дегеніміз не?
Салық ставкаларының түрлерін атаңыз?
Салық жеңілдіктерін атаңыз?
Салық базасы дегеніміз не?
Салық объектіісі не болып табылады?
Салық шегерімдеріне не жатады?
Ұсынылған әдебиеттер тізімінен: 3,16,21
14. Тақырып. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі. Ауыл шаруашылығы өнімдері өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимі
1. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимінің экономикалық мәні
2. Ауыл шаруашылығы өнісдерін өндірушілер үшін арнулы салық режимдерінің экономикалық мазмұны
Негізгі сөздер: Шаруа қожалықтары, фермер, ауыл шаруашылыгы өнімдері т.б.
Шаруа немесе фермер қожалықтары осы тарауда белгіленген арнаулы салық режимін немесе жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті дербес таңдауға құқылы.
Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі бірыңғай жер салығын төлеу негізінде бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібін көздейді және акцизделетін өнімдерді өндіру, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және оны өткізу жөніндегі шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметіне қолданылады.
Жеке меншік құқығындағы және (немесе) жер пайдалану құқығындағы (қайталап жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелері болған кезде, шаруа немесе фермер қожалықтарына арнаулы салық режимін қолдану құқығы беріледі.
Салық кезеңі-Күнтізбелік жыл бірыңғай жер салығы бойынша салық кезеңі болып табылады.
1. Шаруа немесе фермер қожалықтары арнаулы салық режимін қолдану үшін осы режим қолданылған бірінші жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей жер учаскесінің орналасқан жері бойынша салық органына салықтық өтінішті табыс етеді.
Аталған мерзімде салықтық өтініштің табыс етілмеуі, салық төлеушінің бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға келісімі деп есептеледі.
Таңдап алынған салық салу режимі салық кезеңі ішінде өзгертуге жатпайды
Салықтың өтінішпен бір мезгілде мынадай құжаттардың:
1) нотариат куәландырған немесе селолық (кенттік) атқарушы органдар куәландырған жер учаскелеріне сәйкестендіру құжаттарының;
2) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген, нотариат куәландырған немесе селолық (кенттік) атқарушы органдар куәландырған жер учаскелерін бағалау құнын айқындайтын актілердің көшірмелері табыс етіледі.
Акт болмаған жағдайда, жер учаскелерін бағалау құны жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген деректер бойынша 1 гектар жердің аудан бойынша орташа бағалау құны негізге алына отырып айқындалады.
Осы арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіде 20 ақпаннан кейін жер учаскесіне құқық туындаған жағдайда, арнаулы салық режимін қолдану құқығына салықтық өтініш салық органына осы жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қойылған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде табыс етіледі.
Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары ондағы деректері өзгерген не басқа жер учаскелеріне құқық туындаған кезде, осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында аталған құжаттарды қайтадан табыс етеді.2. Салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша арнаулы салық режимін қолдану туралы және арнаулы салық режимін қолданудан бас тарту туралы шешімді салық төлеуші салықтық өтінішті табыс еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шығарады. Шешім екі данада ресімделеді.
Салық органы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде шешімді алу үшін салық төлеуші салық органына келмеген жағдайда, бір данасы салық төлеушіге қолы қойылып тапсырылады немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберіледі.
Хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберілген шешім салық төлеушіге ол почта байланысының немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгі қойған күннен бастап тапсырылды деп есептеледі.
Салық төлеушінің осы Кодекстің 439-бабында аталған талаптарға сәйкес келмеуі және салық төлеушінің осы баптың 1-тармағында аталған құжаттарды табыс етпеуі арнаулы салық режимін қолданудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
3. Арнаулы салық режимін қолдануды тоқтату осы тармақта көзделген тәртіппен салықтық өтініштің негізінде жүргізіледі.
Арнаулы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған кезде, салық төлеуші талаптарға сәйкессіздік туындаған кезден бастап бес жұмыс күн ішінде салық органына салықтық өтінішті табыс етеді және сәйкессіздік туындаған айдан кейінгі айдан бастап жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке өтеді.
Арнаулы салық режимін қолдану ерікті түрде тоқтатылған кезде жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке өткізу есепті кезеңнен кейінгі айдан бастап салық кезеңінің осы режимді тоқтатудың алдындағы жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей ұсынылатын салық төлеушінің салықтық өтінішінің негізінде жүргізіледі.
Салық органы салық төлеушінің осы режимді қолдану шарттарына сәйкессіздік фактісін анықтаған кезде, қабылданған шешім негізінде оны сәйкессіздік туындаған айдан кейінгі айдан бастап жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауыстыру туралы салық төлеушіні хабардар етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |