ПоәК «Салық және салық салу» пәні бойынша


Өзіндік бақылау сұрақтары



бет49/140
Дата12.12.2021
өлшемі1,31 Mb.
#99790
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   140
Байланысты:
ПО К «Салы ж не салы салу» п ні бойынша

Өзіндік бақылау сұрақтары:

  1. Жер учаскесін жалға берудегі салық салу ерекшеліктері?

  2. Патент беру тәртібі

  3. Салық салу объектілері мен ставкалары?

Ұсынылған әдебиеттер тізімінен: 2,3,5,21
6 БӨЛІМ. Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер

15-тақырып. Алымдар,төлемдер және баждар

1. Алымдар,төлемдер және баждар және аударымдардың экономикалық мазмұны

2. Алымдар,төлемдер және баждар және аударымдардың жалпы және ерекшеленген белгілері

Лекцияның мақсаты: Алымдар мен төлемдерді оқып, үйрену, есептеу –төлеу тәртібін үйрену.

Негізгі сөздер: алым, төлем, мемлекеттік баж, салық, объект, субъект, ставка, адвалорлық стака, тұрлаулы ставка.

Алымдар – қандай да бір мемлекеттік және жеке тұлғаға мемлекеттен қандай да бір құқық беретін- біржолғы төлем. Қазақстанда қазіргі кезде мынадай алымдардың түрлері бар.



Алымдардың түрлері және олардың сипаты



Алым түрі

Қысқаша сипаттамасы

1.

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуге салынатын алым

- заңды тұлғалар мен олардың филиалдарының қызметін тоқтату немесе құруды мемлекеттік тіркеуден алынады

2.

Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеуден алым

- ҚР аумағында заңды тұлға құрмай-ақ, жеке кәсіпкер ретінде, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеу кезінде алынады

3.

Жылжымайтын мүлік пен онымен жасалатын келісім-шартты мемлекеттік тіркеуге салынатын алым

- жылжымайтын мүлік пен онымен жасалатын келісімшарт құқығын тіркеген кезде алынады

4.

Радиоэлектронды құралдар мен жоғарғы жиілікті жабдықтардымемлекеттік тіркеуден алынатын алым

- радиоэлектрондық және жоғары жиілікті жабдықтарды тіркеген кезде алынады

5.

Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді

- механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) кезінде алынады

6.

Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін алым

Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алым

7.

Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым

Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеген (қайта тіркеген) кезде алынатын алым

8.

Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым

Қолдануға рұқсат етілген Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттың дубликатын беркезде алынады.

9.

Автокөлік құралдарының ҚР-ның аумағы бойынша жүргені үшін алым

ҚР аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүргені үшін алынатын алым

10

Аукциондардан алынатын алым

Аукиолндардан алынатын алым аукциондарда мүлікті сату кезінде алынады.

11

Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқықығы үшін лицензиялық алым

Бұл алым-ҚР заңдарына сәйкес, лицензиялануға тиісті белгілі бір қызмет түрімен айналысуға лицензия беру кезінде алынады.

12

Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алым

Ол байланыс саласындағы уәкілетті орган ҚР-ның телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат берген кезде алынады

Ал 2002 – 2003 жылдарда енгізілген өзгерістерге сәйкес, Консулдық және Елтаңбалық алым алынып тасталды.

ҚР Конституциясына сәйкес, алымдарды, салықтар секілді, Парламент немесе Конституциямен қарастырылған жағдайда ҚР Президентті бекітуге хақылы.

Алымдардың өзгеше ерекшелігі сонда, олар төлеуші үшін мемлекеттік органның көрсеткен қызметіне байланысты төленеді. Сөйте тұра, алым сомасы ҚР Үкіметі бекіткен ставка бойынша есептеледі және бюджетке тіркелген орны бойынша енгізіледі. Оларды төлеу тіркеген органға қажетті құжаттарды өткізгенге дейін жүргізіледі. Төленген сома қайтарылмайды (алымды төлеген тұлғаның, тіркеуші органға құжаттарын өткізгенге дейін, тіркеуден бас тартпаса). Мемлекетпен қарым-қатынасқа түсу, заңды тұлға үшін де, жеке тұлға үшін де мәжбүрлі сипатқа ие емес. Өйткені, алым төлеуге себеп болған жағдаймен, мемлекетке өтініш берудің өзі еркін. Бұдан өзге алымға қатысты байланыста да бір жақты сипатта.

Алым заңды тұлғалардың немесе олардың филиалдарының қызметін жүзеге асыра бастағанда немесе тоқтатқандағы, мемлекеттік тіркеуден өткізгенде, сонымен қатар, олар мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін алғанда жиналады.

Алымды, шаруа қожалықтары, 1,2,3 топтағы мүгедектер, сонымен қатар, заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысып жүрген оралмандардан өзге, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеуден өткізгені үшін жеке тұлға төлейді.

Алым банктер немесе банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы бюджетке аудару жолымен жүзеге асады немесе құзырлы органның арнайы пункттарында қатаң есепті бланктер негізінде қолма-қол ақша төлеу арқылы жүзеге асады.

Қолма-қол ақша үшін енгізілген Қатаң есептілік бланктерінің формасы және алым сомасын бюджетке төлеу тәртібі, құзырлы мемлекеттік органдардың келісімімен, ҚР Қаржы министрілігімен бекітіледі.

Аукционда сатылуға қойылған мүліктері үшін, аукционға мүлік қойған заңды және жеке тұлғалар аукцион алымдарының төлеушілері болып табылады. Алым сомасын төлеушілер өз алдына жеке, салым объектісіәне ставка қолдану арқылы есептейді.

Орындау құжаттары бойынша, орындау өндірісі органдары жүзеге асырған аукцион бойынша алымды есептеген кезде, орындаушы санкция бюджетке аударатын салым объектісінің сомасына өзгерістер енгізіледі.

Алымдарды төлеу аукционды өткізгеннен кейін он бес күнтізбелік күннен кешіктірілмей төленеді. Төлемақы – негізінде азаматтық-құқықтық қатынастар жатқан қайтарылатын, эквивалентті төлем. Мұнда мемлекет азаматтық құқық субъектісі ретінде жүреді. Төлемақының ерекшелігі сонда, ол түрлі жергілікті органдармен бекітіледі. Қазіргі кезде Қазақстанда мынадай төлемақы түрлері бар.

Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы - мемлекеттің жер учаскелерін өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға бергені үшін жер учаскелерін пайдалану төлемақысы алынады;

Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы - ол жер үсті көздерінен суды ала оырып немесе оны алмай, арнаулы су пайдаланудың барлық түрлері үшін алынады;





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   140




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет