Пән бағдарламасын оқып-үйренуге негізгі бағыт-бағдарлар:
Қазақстан Республикасының салық жүйесін де салықтардың негізгі топтарының қалыптасуы мен оларды есептеу мен төлеу механизімінің ерекшеліктері;
«Салық және салық салу» оқу пәні «Экономикалық теория», «Менеджмент», «Макроэкономика », «Бухгалтерлік есеп және аудит», «Қаржы» (теория және оны ұйымдастыру) сияқты оқу пәндерінің жалғасы болып келеді.
«Салық және салық салу» курсын оқып-үйренгеннен кейін студент салық салу теориясының теориялық негіздерін,ҚР салық жүйесінің дамуы мен қалыптасуының негізгі кезеңдерін, экономиканы реттеудің салықтық тетіктерін және оларды пайдалану мүмкіндіктерін білуі керек. Қазақстанның салық заңнамасына еркін түрде бейімделуі және нақты салықтың түрлерін тәжірибелік тұрғыда есептеп білуі қажет.
Ағымдағы бақылау оқу семестріндегі әрқайсысы баллдық жүйемен бағаланатын, студенттердің түрлі тапсырмаларды орындаудан тұрады. СӨЖ түрлері және тапсырылу мерзімі мен көлемі келесі кестеде көрсетілген:
Достарыңызбен бөлісу: |