ПОӘК «Салық және салық салу» пәні бойынша



бет9/12
Дата21.04.2017
өлшемі2,23 Mb.
#14446
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Бақылау нысаны: Жазбаша жұмыс, реферат

Тапсырманы орындаудың бағалау балы - 2 б



Әдебиет: 1, 7, 13
9. Жеке табыс салығы

Тапсырма:

Жеке табыс салығының даму эволюциясы және оның экономикалық мазмұны.Лоренц қисығы. ЖТС әлеуметтік-экономикалық міндеті және оның халыққа салынатын салықтардың ішіндегі алатын орны. Жеке табыс салығының құрылу негіздері: төлеушілері мен салық салу объектісі. Жеке тұлғалардың салық салуға жатпайтын табыстары. Жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынатын табыстарының құрамы мен құрылымы. ЖТС ставкасы және оны қолданудың ерекшеліктері. Жеке тұлғалардың мүліктік табысы. Резидент емес-жеке тұлғаларға салық салу тәжірибесі.

Жұмысты жеке бір немесе 5 адам орындайды, ал қалғандар сұрақтар қою арқылы сол жұмысты талқылайды. Жұмысты жазбаша орындалады, көлемі 15-20 бет, шрифт -14, ал интервал -1,5 болу қажет. Жұмыс статистикалық мәліметтермен, сызбалармен, сүйреттермен рәсімделу және қолданылған әдебиеттер тізімі болуы керек.

Өз-өзін бақылау сұрақтары:

Халықаралық шарт бойынша арнаулы ережелерді қолдану жағдайлары мен практикасы.Резидент емес-заңды тұлғалардың әкімшілік және басқару шығындарын шегерімге жатқызу әдісі.Салық салу объектісін анықтау кезінде халықаралық шарттарды қолдану тәртібі. Адвокаттар мен жеке нотариустар табысы. Жеке кәсіпкерлердің салық салынатын табыстарын анықтау. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша ЖТС есептеу мен төлеу тәртібі. ЖТС бойынша декларация тапсыру тәртібі.



- Бақылау нысаны: Жазбаша жұмыс, реферат

Тапсырманы орындаудың бағалау балы - 2 б



Әдебиет: 1, 7, 13
10. Шет елдік заңды және жеке тұлғалардың табыстарына салық салу ерекшеліктері

Тапсырма:

Халықаралық салық салудың негізгі принциптері. Резиденттікті айқындау тәртібі. Резидент еместер. Резидент еместердің тұрақты мекемесі.

Резидент еместің ҚР-дағы табыстардың түрлері. Салық салынатын табысты айқындау.

ҚР қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың табыстарына корпоративтік табыс салығын салуды есептеу және төлеуді анықтау ерекшеліктері.Жұмысты ауызша, яғни дискуссия түрінде өткіземіз. Бұл дискуссияда барлық топтағы балдардың барлығы қатысады, сұрақтар қояды және өздері сол сұрақтарға жауап береді



Өз-өзін бақылау сұрақтары:

ҚР қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың табыстарына корпоративтік табыс салығын салуды есептеу және төлеуді анықтау ерекшеліктері.



Бақылау нысаны: Жазбаша жұмыс, реферат

Тапсырманы орындаудың бағалау балы - 2 б



Әдебиет: 1, 7, 13

11. Әлеуметтік салық

Тапсырма:

Әлеуметтік салықтың экономикалық мәні мен мазмұны. ҚР оны енгізудің алғышарттары. Әлеуметтік салықтың салық салу объектісі мен төлеушілері.

Мемлекеттік мекемелердің әлеуметтік салықты төлеу ерекшеліктері. Салықты есептеу мен төлеу тәртібі.Салық ставкалары және оларды қолдану тәртібі. Салық декларациясын толтыру мен тапсыру тәртібі.

Жұмысты ауызша, яғни дискуссия түрінде өткіземіз. Бұл дискуссияда барлық топтағы балдардың барлығы қатысады, сұрақтар қояды және өздері сол сұрақтарға жауап береді



Өз-өзін бақылау сұрақтары:

Мемлекеттік әлеуметтік қорға аударылатын әлеуметтік жарналар. Әлеуметік төлемдердің түрлері. Әлеуметтік міндетті сақтандыруға жататын тұлғалар. Әлеуметтік жарналарды аудару тәртібі.



Бақылау нысаны: Жазбаша жұмыс, реферат

Тапсырманы орындаудың бағалау балы - 2 б



Әдебиет: 1, 7, 13

12. Экспортка рента салығы. ЖҚП-дың төлейтін арнайы салықтары мен төлемдері

Тапсырма:

Жерқойнауын пайдаланушылардан алынатын төлемдердің экономикалық мәні мен мазмұны. ҚР жер қойнауын пайдаланушыларға салық салудың даму эволюциясы.ҚР жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарттардың салық режимінің үлгілері. Жер қойнауын пайдаланушылардан алынатын төлем түрлері.

Жұмысты жеке бір немесе 5 адам орындайды, ал қалғандар сұрақтар қою арқылы сол жұмысты талқылайды. Жұмысты жазбаша орындалады, көлемі 15-20 бет, шрифт -14, ал интервал -1,5 болу қажет. Жұмыс статистикалық мәліметтермен, сызбалармен, сүйреттермен рәсімделу және қолданылған әдебиеттер тізімі болуы керек.

Өз-өзін бақылау сұрақтары:

Бонустарды алу мен төлеу тәртібі.Рояльтиді алу мен есептеу тәртібі. Үстеме пайда салығы: объектісі мен төлеушілері. Келтірілген таза құнды анықтау тәртібі. Үстеме пайда салығының ставкалары.



Бақылау нысаны: Жазбаша жұмыс, реферат

Тапсырманы орындаудың бағалау балы - 2 б

Әдебиет: 3, 9, 15


  1. Ойын бизнестеріне салық салу. Шагын бизнес субъектілеріне арналган арнаулы салық режимдері

Тапсырма:

Ойын бизнесіне салықты бекітудуң экономикалық мазмұны. Ойын бизнесі салығын төлеушілер. Салық салу объектісі. Ойын бизнесіне салық салу мөлшерлемесі құрылымының ерекшеліктері. Салық төлеу кезеңдері. Салықты төлеу мерзімі және есептеу тәртібі. Ойын бизнесі салығын төлуешілердің қосымша төлемі. Ойын бизнесі салығын төлеушілердің салық кезеңіндегі табысының шекті мөлшерлемесі. Қосымша төлемді есептеу және төлеу тәртібі. Салық декларациясын табыс ету мерзімі.

Тіркелген салық: мәні,ұүрылу ерекшеліктері және әрекет ету салалары. Тіркелген салық төлеушілер. Тіркелген салық салу объектілері. Тіркелген салық салу ставкасы. Айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың ең төмен жоғары базалық ставкаларының мөлшері. Тіркелген салық бойынша салық кезеңі. Тіркелген салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімі. Салық декларациясын табыс ету мерзімі.

Жұмысты ауызша, яғни дискуссия түрінде өткіземіз. Бұл дискуссияда барлық топтағы балдардың барлығы қатысады, сұрақтар қояды және өздері сол сұрақтарға жауап береді



Бақылау нысаны: Жазбаша жұмыс, реферат

Тапсырманы орындаудың бағалау балы - 2 б



Әдебиет: 3, 9, 15

15. Алымдар,төлемдер және баждар

Тапсырма:

“Алым” туралы ұғым және оның басқа салықтар мен төлемдерден айырмашылығы. Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу кезінде алынатын алым.Жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды, механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді,теңіз, өзен кемелері мен азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.

Жұмысты ауызша, яғни дискуссия түрінде өткіземіз. Бұл дискуссияда барлық топтағы балдардың барлығы қатысады, сұрақтар қояды және өздері сол сұрақтарға жауап береді

Бақылау нысаны: Жазбаша жұмыс, реферат

Тапсырманы орындаудың бағалау балы - 2 б



Әдебиет: 3, 9, 15


Студенттердің оқу жетістіктерін бақылау мен бағалау материалдары

1. Мемлекетте алынатын салықтар түрлерінің, салық заңдары мен нормативтік актілер және салық органдарының қызметінің жиынтығы - бұл:

A) салық жүйесін;

B) салық саясатын;



C) салық механизмін;

D) Қаржы Министрлігін;

E) салық саясатының мәнін білдіреді;

2. Салықтар келесі қасиеттері бойынша жіктеледі:

а) салық салу объектісіне байланысты және салық төлеушілер мен мемлекет арасындағы байланыстарға орай;

б) қолданылуына байланысты;

с) салық салатын органдарға байланысты;

д) объектінің экономикалық белгісіне байланысты;

е) жоғарыда аталғандардың бәрі дұрыс.



3. Қазақстанның салық жүйесі қандай нормативтік актімен реттеледі?

а) Қазақстан Конститутциясы;

б) Азаматтық кодексі;

с) Салық кодексі;

д) ҚР Президентінің «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Заң күші бар жарлығы;

е) ҚР «Салық жүйесі туралы» Заңы.



4. ҚР «Салық жүйесі туралы» Заңы қай жылы қабылданды?

а) 1995 жылы 24 сәуірде;

б) 1991 жылдың 25 желтоқсанында;

с) 2001 жылдың 12 маусымында;

д) 2002 жылдың 1 қаңтарында;

е) 1992 жылдың 1 қаңтарында.



5. Жаңа Салық кодексі қай уақытта қабылданды?

а) 1995 жылы 24 сәуірде;

б) 1991 жылдың 25 желтоқсанында;

с) 2001 жылдың 12 маусымында;

д) 2002 жылдың 1 қаңтарында;

е) 2008 жылдың 10 желтоқсанында.



6.Салықтар қай кезде пайда болды:

  1. мемлекеттің пайда болып, қоғамның түрлі класстарға бөлінуімен қатар;

  2. қоғамның түрлі класстарға бөлінуімен қатар;

  3. капиталистік қатынастардың қалыптасуы мен дамуы кезінен бастап;

  4. ақша-тауар қатынасы дамыған кезден бастап;

  5. мелекетттің жан-жақты дамуымен бірге пайда болды.

7. ҚР салық заңдарына байланысты жер салығының мөлшерін анықтау:

  1. жер салығының мөлшері жер учаскесінің сапасына, орналасқан орнына және сумен қамтылуына байланысты және шаруашылық қызметтің нәтижесіне тәуелсіз

  2. жер учаскесінің сапасына байланысты және шаруашылық қызметінің нәтижесіне тәуелді

  3. жер учаскесінің сапасына байланысты және шаруашылық қызметінің нәтижесіне тәуелсіз

  4. жер учаскесінің орналасқан орнына және сумен қамытылуына байланысты

  5. жер учаскесінің бағалану құнына байланысты

8.Салықтарға келесі функциялар тән:

  1. реттеу, қайта бөлу, фискалды;

  2. бақылау, реттеу, бөлу;

  3. фискалды, бақылау, ынталаңдыру;

  4. қайта бөлу, фискалды, ынталаңдыру;

  5. экономикалық және бөлу.

9.Салыққа сіз қандай анықтама берер едіңіз?

  1. салықтар – ол бюджет пен бюджеттен тыс қорларға төленетін төлемдер;

  2. салықтар – ол шаруашылық субъектілерінен алынатын алымдар;

  3. салықтар - ол шаруашылық субъектілері мен халықтардың мемлекетке төлейтін міндетті төлемдері;

  4. салықтар – ол мемлекеттің шаруашылық субъектілері мен азаматтарға салатын заңда белгіленгендей белгілі бір мөлшерде және белгіленген мерзімде төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдері.

  5. салықтар – ол заңда белгіленген мемлекетке төленетін міндеттті төлемдер;

10.Төменде келтірілгендердің ішінен қандай кәсіпорындар көлік құралдарына салынатын салықтан жеңілдіктер иемденеді:

  1. тек қана мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ұйымдар

  2. банктер, олардың бөлімшелері, өкілеттіктері мен ұйымдары

  3. коммерциялық емес ұйымдар

  4. өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдар

  5. медициналық мекемелер

11. Жапон елінде шығарылған жеңіл автокөліктің двигатель көлемі 2500 куб. см., пайдалану мерзімі 7 жыл. 2009 жыл үшін көлік құралдарына салынатын салықты есептеңіз, (ставка 5 АЕК):

  1. 7930 тенге

  2. 15623 тенге

  3. 8758,0 тенге

  4. 6365 тенге

  5. 5232 тенге

12. Ағымдағы жылдың 15 мамырында сатылып алынған, 2005 жылы Германияда шығарылған жеңіл автокөліктің двигатель көлемі 2800 куб. см., аталған көлік құралына салынатын салық сомасын есептеңіз, (ставка 8 АЕК):

  1. 10184 тенге;

  2. 17723 тенге;

  3. 21956 тенге;

  4. 10338 тенге;

  5. 16924 тенге.

13. Жер салығын есептеу кезінде 0,1 деген түзету коэффициенті келесі салық төлеушілерге қолданылады:

  1. емдеу - өндірістік кәсіпорындары;

  2. бірыңғай жер салығын төлеушілер.

  3. діни ұйымдар;

  4. мемлекеттік кәсіпорындар;

  5. коммерциялық ұйымдар;

14. ҚР азаматының меншік құқығында 2009 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 1250 мың теңге тұратын пәтері бар, аталған пәтер бойынша мүлік салығын есептеңіз:

  1. 700 тенге;

  2. 3000 тенге;

  3. 2000 тенге;

  4. 1250 тенге;

  5. 1375 тенге.

15. Төменде аталған азаматтар санаттарынын кімдер мүлік салығы бойынша жеңілдіктер иемденбейді:

  1. зейнеткерлер

  2. Совет Одағының батырлары

  3. “Алтын алқа” және “Ардақты ана” атағына ие болған көп балалы аналар

  4. 1 және 2 топ мүгедектері

  5. жедел қызметтегі әскери қызметкерлер

16.Төменде аталған кәсіпорындар немесе мекемелердің қайсысы мүлік салығын төлеуші болып табылады:

  1. меншігіндегі ғимараттың бір бөлігін кәсіпкерлік қызмет үшін жалға беретін мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын балабақша

  2. Кәсіпкерлік қызметте қолданбайтын мүліктер бойынша мемлекеттік университеттер

  3. ҚР Ұлттық Банкі

  4. тек қана мемлекеттік бюджеттен қаржыландыратын ұйымдар

  5. діни бірлестіктер

17. Төменде аталған азаматтар санаттарынын кімдер мүлік салығы бойынша жеңілдіктер иемденбейді:

  1. зейнеткерлер

  2. Совет Одағының батырлары

  3. “Алтын алқа” және “Ардақты ана” атағына ие болған көп балалы аналар

  4. 1 және 2 топ мүгедектері

  5. жедел қызметтегі әскери қызметкерлер

18. Салықтар келесі қасиеттері бойынша жіктеледі:

  1. салық салу объектісіне байланысты және салық төлеушілер мен мемлекет арасындағы байланыстарға орай;

  2. қолданылуына байланысты;

  3. салық салатын органдарға байланысты;

  4. объектінің экономикалық белгісіне байланысты;

  5. аталғандардың бәрі дұрыс.

19. Салық салу әдістері:

  1. АСР, декларация негізінде, төлем көзінен, кадастрлық;

  2. декларация бойынша және кадастрлық;

  3. табыс алу көзінен және патент негізінде;

  4. есептеу әдісі бойынша

  5. патент, декларация негізінде, бір жолғы төлем түрінде;

20. Салық салу объектісі мен мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы қатынасқа байланысты салықтарды былай бөледі:

  1. тікелей және жанама деп;

  2. жалпы мемлекеттік және жергілікті салықтар деп;

  3. жалпы және арнайы салықтар деп;

  4. шынайы және жеке;

  5. реттелетін және бекітілген.

21. Салықтардың фискалды функциясы:

  1. бұл функция біртіндеп тартылатын функция болып табылады;

  2. бұл ақшалай табыстарды қайта бөлумен байланысты;

  3. мемлекеттік бюджетке жұмылдырылған мемлекеттің ақшалай табыстарының қалыптасуымен тікелей байланысты;

  4. салық төлеушілердің қаржы –шаруашылық қызметін бақылаумен байланысты;

  5. әлеуметтік мақсатты көздейді.

22. Салықтардың қайта бөлу функциясы кезінде:

  1. табыстардың теңелуі пайда болады немесе керісінше табыс өндірістің түрлі сферасына және тұрғындар деңгейіне қарай дифференциалданады;

  2. мемлекеттің ақшалай табыстары қалыптаса бастайды

  3. экономикалық өсуге деген түрлі ынталандыру пайда болады;

  4. белгілі бір әлеуметтік – экономикалық процесстердің дамуына бағытталған;

  5. табыс көздері және қаражаттардың шығындардың бағытын бақылау жүзеге асырылады.

23. Салықтың реттеушілік функциясы мемлекеттің экономикалық функциясының кеңейуімен бірге пайда болды және ол:

  1. амортизациялық саясатқа, инвестициялық жеңілдік, салық ставкаларын төмендету саясатына сүйене отырып, капиталдың жедел жинақталуына мүмкіндік береді;

  2. төлем сұранысы құрылымын және оның көлемін өзгертеді;

  3. салық төлеушілдерден орталықтандырылған мемлекеттің қаржы қорына қаражаттар алу;

  4. қабылданған бағдарламаға сәйкес шаруашылықтың дамуына тікелей әсер етеді;

  5. азаматтардың түрлі категориясы арасындағы қоғамдық табыстарды бөлу.

24. Салық ставкалары:

  1. пропорционалды, прогрессивті;

  2. пропорционалды, регрессивті;

  3. Тұрақты, проценттік (пропорционалды, прогрессивті, регрессивті);

  4. пропорционалды, прогрессивті, регрессивті;

  5. прогрессивті, біркелкі болып келеді.

25. Салықтан босатылатын объектінің ең төменгі бөлігі:

  1. салықтық ауыртпалық;

  2. салық салынбайтын минимум

  3. салықтық оклад;

  4. салық салынатын салық квотасы;

  5. салық салынатын минимум.

26. Салық саясатының мақсаты:

  1. бюджетті табыспен қамтамасыз ету;

  2. корпорациялар мен тұрғындардың шаруашылық қызметін ынталандыру;

  3. аталғандардың бәрі дұрыс;

  4. табыстарды реттеу бойынша үкіметтің әлеуметтік саясатын қолдау;

  5. мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық бағдарламаларының барлығын қаржыландыру.

27. А.Смиттің салық қағидаларына мыналар жатады:

  1. пропорционалдық, ыңғайлылық, анықтылық, прогрессивтілік;

  2. әділдік, анықтылық, ыңғайлылық, үнемділік;

  3. теңдік, ыңғайлылық, анықтылық, әділдік;

  4. мерзімділік, теңдік, ыңғайлылық, әділдік;

  5. мерзімділік, ыңғайлылық.

28. ТМД шығарылған, пайдалауда 18 жыл болған, жүк көтергіштігі 10 тоннаны құрайтын көлік құралының 2009 жылғы салық сомасын есептеп шығарыңыз, салық ставкасы 9 АЕК құрайды.

  1. 11457 тенге;

  2. 13785 тенге;

  3. 5256,0 тенге;

  4. 3924 тенге;

  5. 6892,5 тенге.

29. Төменде аталаған тұлғағалардың қайсысы көлік құралдарына салынатын салық бойынша салық төлеуші болып табылады:

  1. Ауылшаруашылық құрылымынан шыққан кезде пәй ретінде алған көлік құралдары бойынша жеке тұлғалар;

  2. зейнеткерлер;

  3. 1 және 2 топтағы мүгедектер;

  4. 3 топтағы мүгедектер;

  5. ҰОС қатысушылары.

30. ҚР көлік құралдарына салынатын салықтар бойынша салық салу объектісі болып:

  1. автомобильдердің двигательдерінің көлемі;

  2. двигательдердің күштілігі;

  3. барлық көлік құралдары;

  4. ҚР есепке тұрған көлік құралдары;

  5. автокөліктер, автобустар, жүк мәшинелері.

31. ТМД елдерінде шығарылған жеңіл автокөліктің двигатель көлемі 3000 текше.см., пайдалану мерзімі 6 жылдан астам, салық 2009 жылдың мамырында төленсе, көлік құралдарына салынатын салық сомасы қандай болатынын анықтаңыз (ставка 8 АЕК)

  1. 10184 тенге

  2. 19123 тенге

  3. 15623 тенге

  4. 8056,8 тенге

  5. 5736,9 тенге

32. Жер салығынан босатылатындар:

  1. Елді мекендердің ортақ пайдаланудағы жерлері

  2. Ауыл шаруашылығы мақсатына берілген, табиғатты ерекше қорғау жерлері

  3. Ауыл шаруашылығы мақсатына берілген , орман қорының жерлері

  4. Ауыл шаруашылығы мақсатына берілген, су қорының жерлері

  5. Су қорының жерлерінің құрылыстар, ғимараттар және тағы да басқа объектлер орналасқан жерлері

33. Төменде келтірілгендердің ішіндегі жер салығын төлеу тәртібінің дұрысын көрсетіңіз:

  1. Ауыл шаруашылығн иеленушілер мен пайдаланушылар жер салығын ағымдағы жылдың 1 тамызынан кешіктірмей төлейді

  2. Жеке тұлғалар жер салығын ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төлейді

  3. Ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланушылардан өзге заңды тұлғалар жер салығын ағымдағы жылдың әр тоқсанының соңында төлейді

  4. Жеке тұлғалар жер салығын ағымдағы жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей төлейді

  5. Ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланушылардан өзге заңды тұлғалар жер салығын тең үлеспен ағымдағы жылдың 20 наурызында, 20 маусымда, 20 қыркүйегінде, 20 қазанында төлейді

34. Автотұрақ, АКМС және базарлар алып жатқан жер учаскелеріне келесідей базалық салық ставкалары арқылы салық салуға болады:

  1. Елді мекенді жерлерге салынатын базалық салық ставкаларын 10 еселеу арқылы салынады;

  2. Елді мекенді жерлерге арналған базалық салық ставкасы бойынша;

  3. Елді мекенді жерлерге салынатын базалық салық ставкасын 10 пайызға жоғарылату арқылы;

  4. Елді мекенді жерлерге салынатын базалық салық ставкаларын 100 пайызға жоғарылату арқылы салынады;

  5. Елді мекенді жерлерге салынатын базалық салық ставкаларын 100 еселеу арқылы салынады;

35. Үй маңындағы жер учаскесі болып:

  1. тұрғын үйге қызмет етуге арналған жер учаскесінің бір бөлігі;

  2. тұрғын үйге қосымша жер учаскесі;

  3. жасыл желекпен көмкерілген, тұрғын үйдің қасындағы жер учаскесі;

  4. тұрғын үйге қосымша ретінде саналатын белгілі бір жер учаскесі;

  5. тұрғын үйді көркемдеуге арналған жер учаскесінің белгілі бір бөлігі.

36. ҚМБО органдарының бағалауы бойынша 2 600 000 тенге тұратын, аумағы 72 шаршы метрді қамтитын, үш бөлмелі пәтердің мүлік салығының сомасын анықтаңыз:

  1. 1900 тенге;

  2. 6300 тенге;

  3. 3600 тенге;

  4. 360 тенге;

  5. 500 тенге.

37. Жанама салықтардың төлеушілері болып:

  1. тауарды тұтынушылар (жұмыс, қызмет);

  2. тауар өндірушілер (жұмыс, қызмет);

  3. тауарларды өндірушілер мен тұтынушылар(жұмыс, қызмет);

  4. тауар сатушылар (жұмыс, қызмет);

  5. тауарларды өндірушілер мен сатушылар (жұмыс, қызмет);

38. Көлік құралдарына салынатын салық ставкалары төмендегідей белгіленеді:

  1. Салық салу объектісіне АЕК-пен;

  2. Салық салу объектісінің құнына %-пен;

  3. Салық салу бірлігіне абсолюттік сомамен;

  4. Көлік құралдары двигателінің көлеміне % -пен;

  5. Салық салу объектісіне ЖЕК-пен.

39. Төменде келтірілген тұлғалардың қайсысы норматив шегінде көлік құралдарына салынатын салықтардың төлеушілері болып табылмайды:

  1. Бірыңғай жер салығын төлеушілер;

  2. Жеке тұратын зейнеткерлер;

  3. Діни ұйымдар;

  4. Резидент емес – заңды тұлғалар;

  5. АСР бойынша қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер- жеке тұлғалар.

40. Мемлекет бір жақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде қайтарымсыз және өтеусіз, тұрақты сипатта бюджетке төленетін төлем-

а) Салық


в) Алым

с) Төлем


д) Төлемақы

е) Баж



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет