ПОӘК «Салық және салық салу» пәні бойынша



бет8/12
Дата21.04.2017
өлшемі2,23 Mb.
#14446
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

11 Тақырып. Әлеуметтік салық

1. Әлеуметтік салықтың мазмұны және экономикалық табиғаты.

2.Қазақстандағы әлеуметтік салықтың дамуы.

3. Әлеуметтік салықтың элементтеріне жалпы сипаттама.

4. Әлеуметтік салықты төлеушілер.

5. Әлеуметтік салық бойынша салық салу объектісін анықтау.

6. Әлеуметтік салық бойынша салық салынатын базаға жатқызылмайтын табыстар.

7. Әлеуметтік салық ставкалары.

8. Әлеуметтік салықты есептеу тәртібі мен төлеу мерзімдері.

Тапсыру уақыты: 11-апта
12 Тақырып. Экспортқа рента салығы. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу

1. Рента салығының талаптары және экономиклық мазмұны.

2. Экспортқа салынатын рента салығының элементтеріне сипаттама.

3. Салық салу объектісі мен субъектісі. Экспортқа өткізілетін шикі мұнайдың, газ конденсатына рента салығының есптеу және ставканы қолдану тәртібі.

4. Экспортқа өткізілетін нөмірге рента салығы. Салық кезеңдері. Есептілікті табыс ету және төлеу мерзімі.

5. ҚР жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері және салық жүйесінің дамуы.

6. Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу жөніндегі қызметке салық салу.

7. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі оерацияларға жатпайтын қызметке салық салу.

8. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар бойынша бөлек салықтық есепке алуды жүргізудің негізгі принциптері.

Тапсыру уақыты: 12-апта
13 Тақырып. Ойын бизнестеріне салық салу. Шагын бизнес субъектілеріне арналган арнаулы салық реежимдері (АСР)

1. Ойын бизнесіне салықты бекітудуң экономикалық мазмұны.

2. Ойын бизнесі салығын төлеушілер. Салық салу объектісі.

3. Ойын бизнесіне салық салу мөлшерлемесі құрылымының ерекшеліктері.

4. Салық төлеу кезеңдері. Салықты төлеу мерзімі және есептеу тәртібі.

5. Ойын бизнесі салығын төлуешілердің қосымша төлемі.

6. Ойын бизнесі салығын төлеушілердің салық кезеңіндегі табысының шекті мөлшерлемесі. Қосымша төлемді есептеу және төлеу тәртібі.

7. Салық декларациясын табыс ету мерзімі.

8. Тіркелген салық: мәні,ұүрылу ерекшеліктері және әрекет ету салалары.

Тапсыру уақыты: 13-апта
14 Тақырып. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушу заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимі

1. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимінің экономикалық мәні.

2. Ауыл шаруашылығы саласын дамытуды қолдау мақсатында мемлекеттік саясатты жүргізудегі арнаулы салық режимінің ролі.

3. Бірыңғай жер салығы негізінде АСР құрылу ерекшеліктері. Салық салу объектісі. Салық ставкасы.

4. Жер учаскесін жалға беру кезіндегі салық салу ерекшеліктері. Бірыңғай жер салығы бойынша салық есептілігі.

5. Жекелеген салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептеу ерекшелігі және төлеу тәртібі.

6.Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін арнаулы салық режимдерінің экономикалық мазмұны

Тапсыру уақыты: 14-апта
15 Тақырып. Алымдар,төлемдер және баждар

1. Алымдар, төлемақылар, баждар және аударымдардың экономикалық мазмұны.

2. Салықтардың, алымдар, төлемақылар, баждар және аударымдардың жалпы және ерекшеленген белгілері.

3. Тіркеу алымдары. Автокөлік құралдарының ҚР-ның умағы жүргені үшін алым. 4. Аукциондардан алынатын алым.

5. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым.

6. Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат берген үшін алым.

7. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін алым.

8. Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы



Тапсыру уақыты: 15-апта

8. ПӘНДІ МЕҢГЕРУГЕ АРНАЛҒАН




ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР МЕН ҰСЫНЫСТАР

5В050900 – Қаржы мамандығының «Салық және салық салу» пәнінің негізгі мақсаты:

  • Салықтар мен салық салу жүйесінің қызмет етуінуң теориялық аспектілерін оқып үйрену,яғни салықтардың экономикалық мазмұнын қарастырумен бірге салықтардың функциялары мен принциптерін, Қазақстан респуликасында салықтар мен салық жүйесінің құрылуы мен тарихи дамуының кезеңдерін, еліміздегі салық реформаларының негізгі концепциялық бағыт-бағдарын ашып қарастырып оқыту.

  • Салық салудың практикалық есептіліктерін терең қарастырумен қатар нақты салық түрлерінің практикалық есептелуін жетік меңгеру, салық заңдарын жан-жақты оқып-үйренумен бірге салықтық тетіктердің әсер етуін оқып-білу. Қазақстан республикасының салық заңнамасына «бой алдыру».

Пән бағдарламасын оқып-үйренуге негізгі бағыт-бағдарлар:

  • Салықтардың қызмет етуі мен дамуының теориялық аспектілері;

  • Қазақстан Республикасының салық жүйесінің құрылуы мен дамуының кезеңдері;

  • Бюджет жүйесі арасында салықтар мен алымдардың бюджетаралық бөлінуі;

Қазақстан Республикасының салық жүйесін де салықтардың негізгі топтарының қалыптасуы мен оларды есептеу мен төлеу механизімінің ерекшеліктері;

  • Салық төлеушілердің жекелеген санаттарына арнайы салық режимдерін қолдану ерекшеліктері;Қазақстан республикасындағы салық жүйесіндегі алымдар,баждар мен басқа да міндетті төлемдерді есептеудің ерекшеліктері;

«Салық және салық салу» оқу пәні «Экономикалық теория», «Менеджмент», «Макроэкономика », «Бухгалтерлік есеп және аудит», «Қаржы» (теория және оны ұйымдастыру) сияқты оқу пәндерінің жалғасы болып келеді.

«Салық және салық салу» курсын оқып-үйренгеннен кейін студент салық салу теориясының теориялық негіздерін,ҚР салық жүйесінің дамуы мен қалыптасуының негізгі кезеңдерін, экономиканы реттеудің салықтық тетіктерін және оларды пайдалану мүмкіндіктерін білуі керек. Қазақстанның салық заңнамасына еркін түрде бейімделуі және нақты салықтың түрлерін тәжірибелік тұрғыда есептеп білуі қажет.



Ағымдағы бақылау оқу семестріндегі әрқайсысы баллдық жүйемен бағаланатын, студенттердің түрлі тапсырмаларды орындаудан тұрады. СӨЖ түрлері және тапсырылу мерзімі мен көлемі келесі кестеде көрсетілген:

Тапсырма түрлері:


тапсырма түрлері

Тапсыру мерзімі

Тапсырма көлемі

1.Эссе (тақырып 1)

1-апта

Жазбаша; А4 1бет.

2.Аннотация (тақырып 2)

2-апта

Жазбаша; А4 1бет

3.Презентация (шағын топтарда жұмыс, тақырып 3-4)

3-4 апталар

Жазбаша; А4 3 беттен кем емес. Ауызша -5 минут.

4.Ситуациялық есептер шығару және құрастыру (шағын топтардағы жұмыс)

5-10 апталарда

А 4 1-1,5 бет. Жазбаша.

5.Блок – сызба (тақырып 5-10)

11-12 апталар

Жазбаша, А4 2 беттен кем емес.

6.Экономикалық талдау жасау (әр салық түрлерінен)

13-14 апталар

Жазбаша. А 4 2-4 бет.

7.Шолу және аннотация (тақырып 14-15)

15 - апта

Жазбаша, А4 2-3 бет.




  1. Эссе – белгілі бір тақырып бойынша еркін түрдегі пікір келтіру. Негізгі мақсаты - өзінің көзқарасын аргументтер келтіріп, дәлелдей білу. Эссенің құрылымы, әдетте, кіріспеден, негізгі бөліктен және қорытындыдан тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, тақырыпқа байланысты пікірлердің айырмашылықтары қарастырылады. Негізгі бөлімде автор аргументтер келтіріп, өз пікірін (пайымдауын) білдіруге пайдаланылатын негізгі ұғымдарға анықтама береді; кейбір жағдайда қарама – қайшы келетін пайымдаулар да келтірілуі мүмкін (мұнда, басқалардың пікірі неге әлсіз, автордың пікірі неге өз күшінде қалатындығына дәлел болуы керек). Қорытындыда резюме (пікір) ретінде бір – екі сөйлем келтіріледі. 1-тақырыпты оқып – үйрену барысында «Салықтардың мән мен мазмұны бойынша пікірталастар» тақырыбында эссе жазу қарастырылған. 1 не 2 беттен тұрады (А 4).

2. Аннотация – қандай да бір мақалаға (сынап –мінеу, түсіндіру) талдау жасау. Жұмыс мерзімді басылымдарға шолу жасаумен түсіндіріледі. «Қазақстан Республикасының салық жүйесі: құрылу кезеңдері мен бүгіңгі жағдайына сипаттама» (тақырып 2) деген тақырып шегінде аталған тапсырманы орындау қарастырылған. Сізге аталған тақырыпқа қатысты мақала таңдап алу керек (көлемді болса, онда 1; егер көлемі аз болса 2 немесе 3 мақала) және оны талқылау керек. Аннотация тақырыбы «ҚР-да қазіргі кездегі салық жүйесінің проблемалары мен міндеттері». Түсіндіру немесе талдау (комментарий) аталған мақаланың таңдалуына негіздеме жасаудан және сіздің пікіріңізден (мақала авторының пікірімен келісесіз бе, жоқ па) тұрады. Мақаланы пайдалана отырып, автордың аты – жөнін, алыну көзі мен айы – күнін көрсетуді ұмытпаңыз. Алыну көзіне деген міндетті талап – басылым ресми түрде болуы шарт. Тапсырма көлемі: А 4 беті- бір жағында жапсырылған мақала, екінші жағында сіздің аннотацияңыз (ең аз дегенде 5 сөйлем).

  1. Шағын топтардағы жұмыс. Шағын топтардағы жұмыстың ерекшелігі (4-6 адам) жалпыға ортақ максималды тиімділікке жету үшін топтардың мүшелерінің арасында міндеттемені нақты түрде олардың мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып бөліп беру маңызды мәселе болып табылады.

Презентация – бұл ауқымды да көлемді жұмысты қысқа да түсінікті түрде және қызықты етіп көрсету. Жақсы презентация жасау үшін нақты бір тақырыпты таңдап алу керек, оны өңдеп (немесе түрлі көздерден бір құрылымдағы компазиция жасау, яғни бір жүйеге келтіру) және ауызша нысанда көпшілік алдына шығару керек. Презентацияның сценариі ретінде барлық көздерден алынатын ақпараттарды пайдалану қажет; олардың негізінде жинақталған материалдар жазбаша түрде форматқа түсірілуі керек (түрлі кестелер ретінде, қабылдауға ыңғайлы сызба түрінде болуы мүмкін). Жұмыстың соңғы нәтижесі ауызша айтып берумен қорытындыланады.

Семестрдегі үшінші тапсырма – «Салық саясаты: типтері, мақсаттары, бағыт-бағдары» және «Салық механизмі: құрылымы мен элементтеріне сипаттама» тақырыбындағы презентацияны жасау кезінде сіздерге шағын топ құру ұсынылады және топ мүшелерінің арасында міндеттемелерді бөліп беру керек: біреулер материал жинаумен, екіншісі – оларды өңдей отырып, сценарий жазады, үшіншісі – сызбаны құрастырады немесе презентацияға таратпалы материалдар дайындайды, тағы біреулері – ауызша айтуға, сұраққа жауап беруге дайындалады.



Тапсырма көлемі: жазбаша – сценарий А4 бетке, кем дегенде 3 беттен тұруы тиіс: ауызша 7 минуттан аспауы керек. Сценарийде ақпарат көздерін жазуды ұмытпау қажет және шағын топтың мүшелері мен олардың арасында бөлінген міндеттерді қосып жазу керек.

4. Ситуациялық есептер құрастыру – белгілі бір салықтың түрі бойынша (бар ставка мен жеңілдіктердің түрлерін пайдалана отырып) белгілі бір жағдайларға байланысты есеп құрастыру. Жеке салықтар бойынша бір студент құрастыруға болады, ал, кешенді түрде есеп құрастыру шағын топ құруды талап етеді. Кешенді түрдегі есептер бір ғана салық субъектісінің бірнеше салықты төлеуіне негізделген. Сондықтан, топ мүшелері салықтың түрлерін өзара бөліп алады және келесі біреулері олардың бәрін біріктіріп, бір жүйеге келтіреді.

Тапсырма көлемі: жазбаша А4 бетке, көлемі берілген тапсырмаға байланысты, сонымен бірге, ақпарат көздерін жазуды ұмытпау қажет және шағын топтың мүшелері мен олардың арасында бөлінген міндеттерді қосып жазу керек.

  1. Блок – сызба құрастыру – нақты бір салықтың түрі бойынша графикалық сызба түрінде қысқаша ақпарат беруді білдіреді. Кейбір бағыттары: салықтың қалыптасу және даму кезеңдері (реформа жүргізілген кезеңдер) объекісі мен төлеушісі, жеңілдіктерінің түрі (бар болса), ставкасы, төлеу мерзімдері, есептеу механизмі және т.б.

Тапсырма көлемі: жазбаша А4 бетке, көлемі 2 беттен кем болмауы тиіс, сонымен бірге, ақпарат көздерін жазуды ұмытпау қажет.

  1. Экономикалық талдау жасау – сіздерге ұсынылатын сандық мәліметтер негізінде салықтық түсімдердің өсу қарқынын, үлес салмағын, өткен жылдармен салыстыра отырып талдау жасау керек. Тапсырманы орындау аналитикалық кесте тұрғызу, график, диаграммалар жасауға негізделеді. Және олар республикада болып жатқан басқа да экономикалық жағдайлармен байланыстырыла отырып талданады.

Тапсырма көлемі: жазбаша А4 бетке, көлемі шамамен 2-4 беттен тұрады, сонымен бірге, ақпарат көздерін жазуды ұмытпау қажет.

  1. Шолу және аннотация - соңғы екі тақырыпқа, ортақ тақырып «Салық әкімшілігін жүргізу: проблемалары мен жетілдіру жолдарына» арналады. Мұндағы мүмкін болатын бағыттар: салық әкімшілігін жүргізу нысандары мен әдістеріне тоқталып, ондағы кездесетін кейбір проблемалық мәселелді атап өту керек және оны болдырмау немес жетілдірудің қандай жолдары бар екендігіне тұжырымдар жасап, оны негіздеу қажет.

Тапсырма көлемі: жазбаша А4 бетке, көлемі шамамен 2-3 беттен тұрады, ауызша 3 минут, ақпарат көздерін жазуды ұмытпау қажет.

Жазбаша жұмыстарды бағалау критерийлері

А:

  • Тақырып жан – жақты аргумент келтіріле отырып, ашылған;

  • Жұмыс студенттің материалды өте жақсы білетіндігін көрсетіп, мақсатты түрде жан – жақты талданса және тұжырымдар келтіріліп, жалпыланса;

  • Баяндаудың логикалық жағынан үйлесімділігі, құрылымының дұрыс болуы;

  • Жұмыс әдеби тілмен жазылып және оның мазмұны стилдік жағынан сәйкес келуі қажет;

В:

  • Тақырып мейілінше толық ашылуы қажет;

  • Жұмыс, тақырып бойынша материалды жақсы білетіндігін және алыну көздерін өзінің ойларын негіздеуге дұрыс қолдана алатындығын көрсетуі қажет.

  • Баяндама логикалық жағынан үйлесімді болуы шарт;

  • Жұмыс литературалық дұрыс тілмен жазылуы керек;

С:

  • Тақырыптың тек басты мәселелері ғана ашылуы;

  • Жалпы алғанда дұрыс, біржақты немесе тақырып бойынша толық жауап берілмеген және одан аз да болса ауытқушылық бар болса;.

  • Ойды жеткізген кезде үйлесімділік бұзылса;

  • Жұмыс жәй сөздермен жеткізілсе;

Д:

  • Тақырып үстіртін ғана ашылса;

  • Жалпы тақырып бойынша жеткіліксіз жауап берілсе, тақырыптан ауытқушылық айтарлықтай болса.

  • Ойды толық жеткізе алмау, баяндаманың логикалық жағынан үйлесімсіз болуы;


9. Студенттің өзіндік жұмысына арналған материалдар

  1. Салықтар дың экономикалық мәні. Салық мен салық салудың құрылу негіздері

Тапсырма:

Салықтар дың экономикалық мәні. Салық салудың даму эволюциясы. Экономикалық категория ретіндегі салықтардың ерекшелік белгілері. Салықтардың пайда болу нысандары.Салықтардың атқаратын қызметтері.

Салықтардың міндеті. Ұлттық табысты бөлудегі салықтардың атқаратын рөлі. Салықтардың фискалды міндеті. Салықтардың экономикалық ынталандыру құралы ретінде қолданылуы. Салықтық элементтер туралы ұғым және оған сипаттама.салық төлеу көздері.

Жұмысты жеке бір немесе 5 адам орындайды, ал қалғандар сұрақтар қою арқылы сол жұмысты талқылайды. Жұмысты жазбаша орындалады, көлемі 15-20 бет, шрифт -14, ал интервал -1,5 болу қажет. Жұмыс статистикалық мәліметтермен, сызбалармен, сүйреттермен рәсімделу және қолданылған әдебиеттер тізімі болуы керек.



Өз-өзін бақылау сұрақтары:

Салық ставкалары және оның салық салу жүйесіндегі мәні, салық салу әдістері және оның сипаттамасы.салық жеңілдіктері және олардың табыстарды ретеп, өндірісті ынталандырудағы ролі. Салық салу принциптері, олларға сипаттама және оның салық салу жүйесін қалыптастырудағы алатын орны. Адам Смиттің классикалық қағидалары.



- Бақылау нысаны: Жазбаша жұмыс, реферат

Тапсырманы орындаудың бағалау балы - 2 б



Әдебиет: 1, 7, 13

2. ҚР салық жүйесі: қалыптасу кезеңдері, қазіргі кездегі жағдайына сипаттама Салық саясаты: типтері, мақсаты мен міндеті

Тапсырма:

Салық жүйесінің классификациясы. Жанама және тікелей салықтар, олардың арақатынасы. Меншікке және табысқа салынатын салықтар. Жеке және заңды тұлғаларға салынатын салықтар. Салық жүйесінде әртүрлі салықтардың үйлесімділігі. Қазақстан Республикасында салық жүйесінің қалыптасу және реформалану кезеңдері. Салық саясаты мемлекеттің қаржылық, экономикалық және фискальды саясатының белгілі бір бөлігі ретінде.Салық саясатының эконмиканың даму ерекшеліктерімен байланысы. Қазақстанда салық саясатының қалыптасуы мен дамуы. Салық саясатының мақсаты мен міндеті. Салық саясатына қазіргі кездегі қойылатын талаптар. Салық саясатының басқа да экономикалық заңдармен сәйкестілігі

Жұмысты ауызша, яғни дискуссия түрінде өткіземіз. Бұл дискуссияда барлық топтағы балдардың барлығы қатысады, сұрақтар қояды және өздері сол сұрақтарға жауап береді

Өз-өзін бақылау сұрақтары:

Салық жүйесінің әрбір даму сатысына сипаттама. ҚР салық саясаты. Қазақстандағы салық қызметінің құрылуы мен дамуы. Мемлекеттік салық қызметінің құрылымы. Салық жүйесі қызмет етуінің құқықтық аспектлері. Салық қызметі органдарының функционалды міндеттері.



Бақылау нысаны: Жазбаша жұмыс, реферат

Тапсырманы орындаудың бағалау балы - 2 б



Әдебиет: 1, 7, 13
3 . Көлік құралдарына салынатын салық

Тапсырма:

Көлік құралдарына салынатын салықтың экономикалық мазмұны.

Төлеушілері. Салық салу объектісі. Ставкаларды қолданудың ерекшеліктері.

Жеке және заңды тұлғалардың түрлі көлік құралдары бойынша салықты есептеу мен төлеу тәртібі.

Жұмысты жеке бір немесе 5 адам орындайды, ал қалғандар сұрақтар қою арқылы сол жұмысты талқылайды. Жұмысты жазбаша орындалады, көлемі 15-20 бет, шрифт -14, ал интервал -1,5 болу қажет. Жұмыс статистикалық мәліметтермен, сызбалармен, сүйреттермен рәсімделу және қолданылған әдебиеттер тізімі болуы керек.

Бақылау нысаны: Жазбаша жұмыс, реферат

Тапсырманы орындаудың бағалау балы - 2 б



Әдебиет: 3, 9, 15
4. Жер салығы

- Тапсырма:

Жер салығының экономикалық мазмұны және оның Қазақстан салық жүйесіндегі атқаратын рөлі мен дамуы. Жер салығын төлеушілер.Салық салу объектісі. Жер салығын есептеу мен төлеу тәртібі. ҚР түрлі санаттағы жерлеріне салық салудың ерекшеліктері. Жеке тұлғалардың жерлеріне салық салу ерекшеліктері. Кейбір санаттағы жер салығын төлеушілердің салық сомасын түзету. Жер салығы бойынша жеңілдіктер. Жер салғын есептеу мен төлеу тәртібі.

Жұмысты ауызша, яғни дискуссия түрінде өткіземіз. Бұл дискуссияда барлық топтағы балдардың барлығы қатысады, сұрақтар қояды және өздері сол сұрақтарға жауап береді

Бақылау нысаны: Жазбаша жұмыс, реферат

Тапсырманы орындаудың бағалау балы - 2 б



Әдебиет: 3, 9, 15



  1. Мүлік салығы

Тапсырма:

Мүлікке салынатын салықтың атқаратын қызметтері мен құрылу қағидалар және экономикалық мәні. Мүлік салығының төлеушілері. Салық салу объектлері. Салық ставкалары. Мүлікке салынатынг салықтар бойынша қолданылатын жеңілдіктер мен оның қолданылуы. Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық және оларды қолдану ерекшеліктері. Жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке қолданылмайтын мүлкіне салынатын салықты есептеу мен төлеу тәртібі.

Жұмысты ауызша, яғни дискуссия түрінде өткіземіз. Бұл дискуссияда барлық топтағы балдардың барлығы қатысады, сұрақтар қояды және өздері сол сұрақтарға жауап береді

Бақылау нысаны: Жазбаша жұмыс, реферат

Тапсырманы орындаудың бағалау балы - 2 б



Әдебиет: 3, 9, 15


  1. Қосылған құнға салынатын салық

Тапсырма:

Салық салу объектісі мен төлеушілері. ҚҚС есепке қою және есептен шығару тәртібі. Салық салынатын айналым және салық салынатын импорт.

ҚҚС бойынша салық ставкасы және оны қолданудың ерекшеліктері. Бюджетке төленетін салық сомасын анықтау. Есепке алынатын ҚҚСС сомасын анықтау механизмі. ҚҚС салығы бойынша есепке жатқызу (барабарлық және бөлек есептеу әдісі бойынша) механизм. Салық салынатын имортты анықтау. ҚҚС босатылатын импорт.

Жұмысты жеке бір немесе 5 адам орындайды, ал қалғандар сұрақтар қою арқылы сол жұмысты талқылайды. Жұмысты жазбаша орындалады, көлемі 15-20 бет, шрифт -14, ал интервал -1,5 болу қажет. Жұмыс статистикалық мәліметтермен, сызбалармен, сүйреттермен рәсімделу және қолданылған әдебиеттер тізімі болуы керек.



Бақылау нысаны: Жазбаша жұмыс, реферат

Тапсырманы орындаудың бағалау балы - 2 б



Әдебиет: 1, 7, 13

8. Акциздер

Тапсырма:

Акциздердің экономикалық мазмұны және оның жанама салықтар жүйесіндегі атқаратын ролі. Салық салу объектісі мен төлеушілері. Салық салынатын айналымды анықтау. ҚР өндірілетін және өткізілетін акциздік тауарлар мен акцизделетін қызметтер түрлеріне салық салу. Акциз ставкалары (адвалорлық және тұрлаулы) мен жеңілдіктері. Бензин мен дизель отыны бойынша акциз есептеу механизмі. Лоторея ұйымдастыру мен ойын бизнестеріне салық салу ерекшеліктері.Спирттік және алькагольді өнімдерге акциз есептеу тәртібі. ҚР кедендік шекарасынан бажсыз өткізілетін тауарлар нормасы. Акцизделетін тауарлар импортына салық салу ерекшеліктері. Акциздерді төлеу тәртібі мен мерзімі. Декларация толтыру мен тапсыру ерекшеліктері.

Жұмысты ауызша, яғни дискуссия түрінде өткіземіз. Бұл дискуссияда барлық топтағы балдардың барлығы қатысады, сұрақтар қояды және өздері сол сұрақтарға жауап береді

Бақылау нысаны: Жазбаша жұмыс, реферат

Тапсырманы орындаудың бағалау балы - 2 б



Әдебиет: 1, 7, 13



  1. Корпоративтік табыс салығы

Тапсырма:

Заңды тұлғалар табысына салынатын салықтың экономикалық мәні мен мазмұны. Қазақстанда заңды тұлғалар табысына салық салу жүйесінің дамуы.Корпорациялық табыс салығының құрылу негіздері: төлеушілері мен салық салу объектісі.Жылдық жиынтық табыс құрылымы мен құрамы.

ЖЖТ түзету. Заңды тұлғалардың ЖЖТ-нан алынатын шегерімдер. Тіркелген активтер бойынша шегерімдер(амортизациялық аударым және оны салық салу мақсатында анықтау тәртібі).Салық салынатын табысты анықтау мен түзету.Салықтық есеп айырысу кезінде залалдарды ауыстыру.

Корпорациялық табыс салығының ставкаларыЖұмысты ауызша, яғни дискуссия түрінде өткіземіз. Бұл дискуссияда барлық топтағы балдардың барлығы қатысады, сұрақтар қояды және өздері сол сұрақтарға жауап береді




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет