ПОӘК «Топырақтану» пәнінеіне арналған оқу-әдістемелік материалдар



бет13/14
Дата14.04.2017
өлшемі2,97 Mb.
#13938
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Дәріс 14 - 15. Топырақтарды аймақтарға бөліп жіктеу
Мақсаты: Аймақтардағы топырақтардың таралуы мен жағдайларын таныстыру

Міндеті: Аймақтағы топырақтардың қасиеттерін көрсету
Түйінді сөздер Агрономиялық топырақтарды жіктеу
Дәріс жоспары:

1 . топырақ құралу жағдайлары

2 . Топырақты жіктеу номенклатурасы және диагностикасы

3 . Топырақтарды агрономиялық аудандастыру


Топыраққұралу жағдайлары. Елімізде үлкен-кіші өзендер көп, суы тегістікпен ағатындарда жайылмалар жақсы дамыған. Жай ылма деп өзен бойын оқтын-оқтын тасқын су басатын құрлық бөлігін айтады. ТМД-да жайылма топырақтар алабы 57,5 млн.га немесе 2,6 % тең.

Өзен жайылмаларында топыраққұрайтын негізгі жайылмалық және алювилік үрдістер дамыған. Жайылмалық үрдіске өзен аңғарын тасқын су басу құбылысы жатады. Ол ыза деңгейін көтеріп, жайылманың ауа райын жұмсартады, топырақтардағы микробиологиялық үрдістер бағыты мен қарқынның, өсімдік жамылғысын, топырақтығ, су және тұз құбылымын өзгертеді. Алювилік үрдіс деп, өзен жайылмасын тасқын судың шаюын және жайылма үстіне лай шөгуін айтады. Ол жайылманың әр бөлігінде бір қарқында өтпейді. өзен арнасынан қашықтаған сайын жайылманың үш бөлігі байқалады: арна жиегі, орталық және сатылы етегі. Олар бір-біріне бедері, алюви құрамы, ызалық жағдайлары, соған байланысты өсімдік және топырақ жамылғысымен ерекшеленеді. Алювилік механикалық құрам тасқын судың ағынына байланысты өзгереді. Су ағыны әрқашанда арна бойында күшті болады да, одан алыстаған сайын бәсеңдей береді. Соған байланысты арна маңындағы алювилік шөгінді құм мен құмайтты, орталық және сатылы етегіндегі жайылмада құмбалшық пен балшықты келеді. өзен арнасы біртіндеп жылжып, орын ауыстырып тұратындықтан, жайылманықұрайтын алюви әртүрлі механикалық құрамы қалыптасып, алювилік шөгінді кескін құрады.

Шөгінді алювидің химиялық және механикалық құрамына және мөлшеріне су жайылатын территорияның тау жыныстары мен климаты әсер етеді. Су жайылатын құмды алқаптардан жайылмағақұмды алюви, ормансыз, шөпсіз және балшықты су жиналатын алқаптан су тасқыны жайылмаға көп мөлшерде ауыр механикалық құрамды алюви әкеледі. Керісінше, су жиналатын шөптесінді – орманды алқаптан келетін тасқын су көлемі аз және баяу болады да, жайылмада аз мөлшерде шаң-тозанды алюви шөгеді. Жайылманың бедері толқын-жалды болып айқындалған. Оның орталық бөлігіне қарай құрлық беті тегістеліп, ойпаң-сайлы келеді. Ескі өзен арналары қалған жайылманың сатылы етегіндегі бөлігі төмен, орталық жағына қарағанда, көбінесе батпақты болады.

Жайылма өсімдік құрамының басым көпшілігі шөптесінді астық тұқымдас түрлерінде тұрады. Олар негізінен ортақ жайылымда бітік өседі. Көтеріңкі жерінің өсімдік сирек, ойпандарды батпақты өсімдіктер жайлаған. Жайылмалық шабындық өнімділігі топырақтың ылғалдануына және пайдалану ерекшелігіне байланысты, әсіресе орталық жайылымның өсімдік өнімділігі жоғары болады - әр гектар шабындықтан 30-40 центнер және одан да жоғары пішен шабылады.

Жайылмада шабындық шөптермен қатар тоғайлар бар. Мысалы: шөлдала мен шөлді аймақтардың өзен жайылмаларында шөптесінді тоғайларкең тараған, ағаш құрамы жие, көктерек, тораңғы, сексеуіл және т.б. тұрады.

Жайылмада топыраққұралу туралы ілімді Вильямс дамытқан. Кейін жайылма топырақтардың қалыптасуы мен өзгешеліктерін зерттеуге көп ғалымдар үлесқосқан (Шраг, Эгоров, Добровольский). Су жүйелі жиналатын аралықтардан шайылған материал жайылмаға алюви түрінде шөгеді, қоректік элементтерге және майда түрлерге бай болғандықтан, көбінесе ол құнарлы келеді. Сондықтьан механикалық құрамы құмдалшықты алювиде шабындық өсімдіктер жақсы өседі. Борпыл жыныстық механикуалық және химиялық құрамы лайықты болғандықтан, бұл шөптесін астында топыраққұраушы шымдану үрдісі жақсы дамыған.

Жайылманың оқтын-оқтын немес сирек су жайылатын бөлігінде (жоғары жайылма) аймақтық топырақтар қалыптасқан. Мысалы, орманды тайга аймағында шымды-күлгін, орманды-дала, ормандық-сұр және далада қара топырақтар дамыған.

Жайылмалы топырақтардың шағы мен үрдістері құбылмалы келеді. Жайылмада жаңа шөккен алювиден бастап, қасиеттері жақсы дамыған, аймақтық топрыақтар кездеседі.

Жайылма топырақтарында аймақтаық белгілердің айқындалуы қоршаған аймақтың жылу тәртібі, атмосфералық ылғалдану жағдайы, өсімдіктер құрамы органикалық зат өнімділігі байланысты, ал әр аймақ жағдайының өзіндік ереркшелігі болады. Мысалы: дала аймағының жайылмалық алювиі-шабындық топырақтар кескіні қара топырақ типіне жақын, олардың құрамында гумус мөлшері 5 тен 13 % жетеді. Эрозия табаны (базис) төмендеп, құрлық бедері көтерілген сайын, аймақтық жайылма топырақтарында жайылмада тыс орналасқан аймақтың топырақ құрамы мен белгілерін кездестіруге болды. Шөл дала мен шөл аймақтарда ащы ыза деңгейі жақын жатқандықтан, жайылма топырақтары карбонатты және сортаңды келеді және шөгінді алювилі – шабындық пен шөл далалық шабындық-құба топырақтар қалыптасқан. Сондай-ақ мұнда шабынды-кебірлеу, сортаң, сортакңдау және әрдәрежеді сортаңдатылған топырақтар тараған.

Жайылма топырақтардың табиғи қорлы құнарлылығы арна жиегінен орталық және сатылану маңына дейін өзгереді. Осы бағытта топыфрақтағы органикалық заттар қоры мен жалпы азот мөлшері өседі. Ең құнгарлысына батпақтанбаған және тұщы топырақтар жатады, оларға гумус қабаты (1 метр) және органикалық заттар қоры жоғары (1 га-да 350-550 т) болғандықтан, агрохимиялық қасиеттері өсімдік өніп-өсуіне өолайлы келеді. Жайылма топырағын жыртқанда микробиологиялық белсенділігі көтеріліп, ондағы өсімдікке қажет қоректік элементтер мөлшері ұлғаяды. Бұл топырақтарды суармалы егістікке игергенде өте пайлады дақылдар, жем-шөп, жеміс-жидек, ал ірі өнеркәсіпті қалалар маңында – картоп, көкөніс т.б. дақылдар егіледі. Көкөніс өндірілген топырақтар біраз жылда құнарлылығын төмендетіп тыңайтқыш қолдануды тілейді. Жайылма топырақтары мал шаруашылығының жем-шөп қоры. Мұнда ТМД-ның 33 млн га жуық шабындық пен жайылым қоныстары орналасқан. Топырақ құнарлылығын арттыру үшін милиоративтік және агротехникалық шаралар қолдану керек. Мәдени шабындықтар игеру пішен өнімін арттырып, топырақ құнарлылығын көтереді.

Құмдар мен құмды топырақтар

Құм деп беті ашық, өсімдіктермен бекітілмеген немесе сәл бекіілген, сусымалы жарандылары айтады, ал құмды топырақтың тұрақты өсімдік жамылғысы болады және кескінде аймақтық кейіп айқындалған.

Шөлейт және шөлді аймақтардың құмдары мен құмды топырақтары көбінесе Орталық Азия мен Қазақстанда кездеседі: Қарақұм, Қызылқұм, Нарынқұм, Мойынқұм, балқаш және Арал маңы құмдары. Бұрынғы одақтың Европалық бөлігінде ірі құмды құрлық Астрахан облысы, Дон, Терісқұм және төменгі Днепр мен Дон маңында жатыр. Құмды өңірлер ТМД-ның 62 млн га немесе 2,9 % жерін алып жатыр.

Құмды жерлер бағалы жайылым және мал шаруашылығының жем-шөп қоры боп саналады. Құм дұрыс пайдаланбаған жағдайда тұтастығын жоғалтып сусымалы күйіне көшеді де, құм түйірлері жол, ауыл және құнарлы жерлерді басып, халық шаруашылығына үлкен зиянын тигізеді.

Құмды жерлердің климаты мен өсімдік жамылғысы аймақтық жағдайлармен анықталады. Орталық Азия елдерінің климаты өте ыстық болса, далалық және орманды дала аймақтарында ол қолайлы келеді. Құрғақ және шөл дала аймақтарындағы, ыза деңгейі терең жататын жердердегі құм өсімдік жамылғысын қияқ, құмаршық, балқаңбақ, құм жусаны, жүзгін, жыңғыл т.б. түрлері құрады. Шөлді аймақтың өсімдік құрамына қияқ, құмаршық, ал бұта ағаштарына сексеуіл, қараған, жүзгін, таспа шөп және т.б. түрлер кіреді.

Құрлықтағы құм бедері құмды қабаттың қалыңдығына, өсімдік құрамына және жел қарқынына байланысты өзгереді. Осы факторлардың кешенді әрекетінен түрлі – жалды, төбелі, үйінді және жылжымалы құм (барханды) немесе құмды бедер құралады, әсіресе жалды құмдар кең тараған. Құмды үйінділер кейіпі созылған толқын, қырлы жоалар, қыраралықсайлармен кезектесіп келеді. Қырлар биіктігі 5 метрден 30 метрге жетеді. Осы кейіпті құмдар көбінесе бір бағытта соғатын желдермен үйіледі. Дала мен шөлейт аймақтардың едәуір аумағын төбелі құмдар алып жатыр. Олар түрлі сырт бедері түрлілігімен көзге түседі. Көтеріңкі жерлерде ойпаңдар мен жел үрлеген қазан шұңқырларда кездеседі. Оған қарама-қарсы бағытта соғатын жел себеп.

Құмдардың механикалық құрамы негізінен 0,01 мм ірі (90%) минералдық жақсы сұрыпталған түйірлерден тұрады. Олардың минералдары құрамы бастапқы тау жыныстарының құрамына, олардың бұзылу сипатына, тасмалдану және қайта шөгу жағдайларында сәйкес өзгереді.

Құмдар негізінен кварц, дала шпаттары, слюдалар, мүйіз алдамышы, ғаныш және кальцит минералдарынан тұрады солардың ішінде кварц мөлшері басым, екіншілік минералдар өте аз. Бұзылу үрдісі нәтижесінде бөлініп шыққан темір тотықтары біріншілік минералдар түйірлері бетіне қонып, олардың түсін өзгертеді. Мысалы, кварц, дала шпаттары, мүйіз алдамышы және слюдадан тұратын Қарақұмның сұр түсті құмдары бұзылудан сарғыш және қара-қоңыр рең алады. Құмдардың химиялық құрамы тікелей минералдар тобына байланысты. Олардың құрамында негізінен кремний тотығы артық та, темір, алюминий, кальций мен магний тотықтарының саны аз болады (31 кесте)


31 кесте – құмдардың жалпы химиялық құрамы, %


Үлгі алынған құм орны

Қыздырғанда жоғалған салмақ

SiO2

AL2O3

Fe2O3

CaO

MgO

Na2O

K2O

P2O5

Арал маңындағы барханды Қарақұм (В.Боровский)

1,14

86,76

2,26

0,74

0,84

0,23

0,92

0,70

0,02

Кама өзені, 4-ші сатылы (Қазан қ. маңындағы, А.Роде)

-

93,67

2,87

1,12

0,35

0,29

0,39


0,56

0,03

Құмдағы топыраққұрлу үрдісін өсімдік жамылғысы, ыза тереңдігі мен тұздылығы және ауыл шаруашылығында пайдалану ерекшелігі анықтайды. Табиғи жағдайда құмдарды бірінші игеретін пионер өсімдіктер псаммофиттер. Шөлейт аймағы құмдардың алғаш жайлайтын өсімдіктере құм сұлысы немесе қияқ, құмаршық, т.б. жатады. Құмды екінші кезекте жайлайтын өсімдіктер, оның бетін бекемдеп, басқа өсімдіктер орналасуына қолайлы жағдай туғызады (Т.Якубов).

Құмды өңірлерді игерудің негізгі принципі – оларды аймақтық климат жағдайларына және нақтылы таралған құм қасиетіне қарай, кешенді пайдалану.

Олар шабындық және жайылым ретінде немесе бау-бақша, жүзім, т.б. ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге лайықты.



Қазақстан Республикасының табиғи жағдайлары мен топырағы

Казакстан Республикасының табиғаты әр түрлі. Оның кең территориясын ойпаттар мен тегістіктер алып жатыр, олар шығыс пен оңтүстік- шығыста таулы Алтай, Тарбағатай жоталары, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шанның солтүстік сілемелерімен көмкерілген. Қазақстаның құрлық бедері, таулы аудандарды алмағанда, түгел шаруашылық пайдалануға қолайлы. Республика ішкі және сыртқы қорға бай.

Қазақстанның климаты тым ызғарлы және қуаң келеді. Тіршілік /вегетация/ кезеңіндегі тиімді температура жиынтығы мұнда қоңыржай белдеудің барлық дәнді дақылдарын, ал оңтүстікте тіпті жылуды сүйетін мақта.жүзім, қант қызылшасы, темекіні жеткілікті өсіруге қолайлы. Бірақ атмосфералық түсім егістіктің көп бөлігінде тұрақты суармалы егіншілікке жеткіліксіз. Ол тек солтүстік, солтүстік-шығыс және жіңішке тау бөктерінде болуы мүмкін. Өзен салалары сәл дамыған. Көп өзендер тұрақсыз, жазда сарқылып, жеке шалшықтар, сортаңдар мен құмдарға бөлшектенеді Қуаң климат жағдайында республика өзендерінің егіс суару, жайылымдар мен шабындықтарды суландырудағы мағынасы үлкен.

Қызыл топырақ

Субтропикалық белдеу оңтүстік және солтүстік ендіктердегі тропик пен қоңыржай /суббореалды/ белдеулер, солтүстік және оңтүстік ендіктің 30 бен 40 градусы аралығындағы аймақ. Бұрынғы КСРО-да Қара теңіздің шығыс /Абхазия мен Аджария/, Каспий теңізінің оңтүстік-шығыс /Ленкорань/ жағалауларында орналасқан көне заман белгісі. Қыс айының ең суық мезгілі температурасы 0̊̊̊ С жоғары, жауын-шашын мөлшері 1200-2500 мм жетеді. Аймақтағы ылғал мол болғандықтан онда емен, арша, пісте, бадамша ағаштары, тұқымдас жайқалған көк шалғын өседі. Топырағы қызыл және сары типті.

Қызыл топырақ ылғалды субтропикте, Батыс Кавказ жағындағы Қара теңіздің шығс жағалауына тірелген, Аджар жотасының етегінде /40-400 м биіктікте/ дамыған тип. Жылдық жауын-шашын мөлшері 2500 мм, жылы температура /+10̊ жоғары / жиынтығы 4400 жетеді. Өсімдік жамылғысы-бітік субтропикалық шырмауықты /лианды/ ормандар. Топырақ құрайтын тау жыныстары андезит, базальт, туф пне шөгінді сланецтер. Б.Полынов пен И.Герасимов пікірінше қызыл түсті жыныстардың бұзылу үрдісі алғашында сілтілі ортада өткен. Органикалық заттар ыдырауы және тыныстану үрдісі нәтижесінде бөлініп шыққан биотекті көмір қышқыл газы мен кіші жандылар тіршілігі және басқа да қышқыл заттар әсерінен, аналық тау жынысы құрамындағы алюмосиликаттар бұзылған. Олардан бөлініп шыққан сілтілі элементтер мен жерлік кремий /36%/ азайып, топырақ құрамында 1,5 оксидтер /Fe2O3, Al2O3/ көп шоғырланған /50%/. Соның нәтижесінде топырақ түсі қызыл, сары-қызыл рең алып, ортасы қышқыл тартып, күлгін үрдісі дамыған. Ал тың топырақтың жоғарғы қабаты шымданған, онда біраз гумус пен органикалық қалдық заттар ыдырауынан қоректік /күлдік/ элементтер жиылады. Бұл топырақ егіншілікте субтропикалық бау /цитрустілер/ мен шәй өсіруге пайдаланылады.

Сары топырақ бұрынғы КСРО-ның ылғалы субтропикалық климатында, мәңгі жасыл ағаштары басым ормандар астында, балшықты борпылдақ жыныстарда және Қара теңіздің сатылы жағалауы мен батыс және шығыс Кавказ тауы етегінде дамыған топырақ. Оны құраушы жыныстар өте қышқыл және орташа тау жыныстарының /ең бастысы сланецтер/ бұзылған азығынан тұрады; ол “сары жерлік қабық” деп аталады да, құрамында кремий тотығы көп 55-65%, темір мен алюминийдің 1,5 тотығы /қызыл топырақпен салыстырғанда/ аз /25-30%/ болады. Сондықтан топырақ түсі сары, кескіні мынадай /см/: Аₒ - 3-4 см, А1 – 10...15, А2 – 15-20, В – 30...40, С – 40-70 см. Қарашірінді мөлшері А1-де 2-ден 7% дейін құбылады, кескін төмендеген сайын оның саны күрт азаяды; гумус құрамы сульфатты, топырақ ортасы қышқыл келеді, негіздер сіңіру сыйымдылығы 100 г т 5-20 мг-экв. Кремий мен темір тотықтарының ара салмағы жоғары болғандықтан /4-5/, сары топырақтың байланған аниондар /P2O5/ сіңіру сыйымы көтеріңкі /5-7 мг-экв г.т./ болады. Бұл топырақта бағалы субтропикалық өсімдіктер /цитрустілер, щай, темекі т.б. дақылдар/ бапталады. Жоғары өнім алу үшін органикалық және минералдық тыңайтқыштар /әсіресе фосфорлы/ және су эрозиясын тежейтін шаралар қолданады.

Таулы облыстардағы топырақ таралуы мен құралу жағдайлары.

ТМД территориясында таулық топырақтардың жалпы көлемі 650 млн. га немесе 28,8%. Олар Карпат, Қырым, Кавказ және Орал таулары және Батыс пен Шығыс Сібір, Қиыр Шығыс пен Орталық Азия мен Қазақстанның тау жүйелері.

Таулы облыстардың топырақ жамылғысы, В.Докучаев ашқан, тік /биіктік/ белдеулікке сүйенеді. Тік аймақтық /зоналдық/ деп, тау жоталары беткейлерінде /абсолюттік биіктік өскен сайын/ климат пен өсімдік жамылғысы өзгеруіне сәйкес, топырақ алмасуын айтады. Кейбір жағдайда құрлық биіктігі өскен сайын, бірте-бірте топырақ алмасуы да бұзылады. Топырақ типтерінің заңдылық реті бойынша дұрыс орналасқан құбылысын топырақ аймағы инверсиясы дейді. Көп жағдайда бір топырақ аймағы екінші аймаққа еніп кетеді, бұл қапталдардың орналасу ретіне немесе тау өзендерінің аңғарлары мен топырақ аймақтаруының кіруне байланысты болады. Міне мұндай бір аймақ топырағының екінші аймаққа енуін миграция дейді. Кейбір таулы жерлерде бір қалыпты топырақтық аймақ құралымынан бір белдеу түсіп қалады, яғни кездеспейді, мұндай құбылысты аймақтар интерференциясы /түсуі/ деп атайды.

Таулы жерде топырақ құраушы табиғи жағдайлардың көптеген ерекшеліктері бар. Мұнда климат, жазықтыққа қарағанда, өзгеше қалыптасқан яғни жылдық температура төмен, жауын-шашын мөлшері мен ауа ылғалдығы жоғары болады, күн қуаты /радиациясы/ да артық. Ғылыми анықтауларша, жота беткейімен жоғары көтерілген сайын әр бір 100 м биіктікке дейін жауын-шашын мөлшері артып, инсоляция /жарық/ үдейді.

Таулық климаттың /жазықтыққа қарағанда/ тәулік және маусымдық өзгешелігі артық /күн мен түн, жыл мезгілі/, сондай-ақ жыл бойындағы ылғалдану мөлшерінде біркелкі.

Топырақ құралу үрдісі тауда өте тілімделген бедерде жүреді де, топырақ жамылғысы алаланған және біркелкі емес. Үгілу үрдісі азықтарының жіктелуі мен топырақ құралуы және эрозия дамуы да жер бедеріне байланысты. Таулы аудандарда топырақтың су-жылу құбылымы қапталдар экспозициясына /беталысқа/ қарай өзгереді. Қорыта келгенде В.Докучаев айткандай, таулы облыстарда жер бедері-топырақ тағдырын шешуші жағдай. Таулы жерде топырақ жамылғысы күн сәулесі мен жел экспозициялық бағытына да байланысты. Оңтүстікке қараған беткей, солтүстікке қарағанда жылы әрі құрғақ келеді. Атмосфералық ылғал мен жылу құбылымдары айырмашылығы өсімдіктердің өніп-өсуіне, сол арқылы, топыраққа әсер етеді. Экспозиция ісері барлық тауларда бірдей емес. Қапталдардағы топырақ айырмашылығы бірқалыпты немесе ылғалы тапшы таулы аймақтарда жақсы байқалады. Ал өте ылғалды және құрғақ таулы жерлерде, экспозицияның әсері бәсеңдейді /Шығыс Памир мен Батыс Кавказ таулары/. Топырақ жамылғы аралығы қапталдардың құрғақ немесе ылғалды, ыстық немесе суық жел өтінде орналасуына да байланысты.

Таулы аймақтарда топыраққұраушы жыныстар құрылымы ір түрлі және үгілудің жас азықтарынан тұрады. Көбінесе мұнда бор, үштік /әк, құм, тақта тас/ шөгінді және магма жыныстары басым кездеседі. Тау аралық жазықтар мен ойпандарда негізгі жыныстар, қалыңдығы мен механикалық құрамы әртүрлі, төрттік дәуірдің шөгінділерімен көмкерілген. Кейбір топыраққұраушы жыныстар құрамында жеңіл еритін тұздар кездеседі /Тянь-Шань мен Памирда/.

Таулы облыстардың өсімдік жамылғысы атмосфералық түсім мен температураға байланысты және тік белдеулік бағытта өзгереді. Әр белдеулік пен беткейлер беталысына сәйкес биогидротермикалық /тіршілік-ылғал-жылулық/ жағдайлар мен топырақ түрлері де өзгереді.

Таулық топырақтар, кескіні жұқа элюви-делювилік шөгінділерде дамитындықтан және табиғи денудация /қырылу/ артық болғандықтан, ылғи жаңарып отырады.

Орта Азия таулары – Тянь-Шань мен Памир таулары жүйесіне жататын өте ірі жоталардан құралған. Олардың беткейлеріндегі топырақ жамылғысы өте күрделі және ерекше орналасқан. Бұл өңірдің географикалық жағдайы ерекше, яғни мұхиттардан қашық, климаты құрғақ, географикалық құрылымы күрделі; аталған соңғы жағдай түрлі топыраққұраушы жыныстар қалыптасуына себептеседі, мысалы, үштілік дәуірдің сортаң шөгінділері жиі кездеседі.

Орталық Тянь-Шанның топырақ жамылғысы екі топқа жатады, яғни тау аралық ойпаңдар мен тау бөктеріндегі топырақтар, олардың орналасуы биіктік пен беткейлер экспозициясына байланысты, соған сәйкес тік белдеулік қалыптасқан. Тау қапталдарының 1000-2500 м биіктігінде, бұталар мен шалғынды-бетегелі таулы дала өсімдігі астында, таулық қара-қоңыр топырақтар дамыған /А.Мамытов, 1963/. Тауаралық ойпаңдарда /300-1300 м/, жусан бидайықты өсімдіктер астында, боз топырақ қалыптасқан, ал одан биік жерлерде /1300-3200 м/ таулық қара-қоңыр, сұр-қоңыр және қара топырақтар, солармен қатар шалғынды қара-қоңыр және шалғынды қара топырақтар кездеседі. Өте биік таудың сырт жазықтарында /3200-4000 м-ден жоғары/ шөлдік тақыр және шөлді далалық қоңыр, қара-қоңыр топырақтар дамыған. Сырттық топырақтар кескінінде карбонаттық пен сортаңдық белгілер басым.

Тянь-Шань жоталары қатарында тік бағыттағы топырақ белдеулігі өте айқын Іле Алатауында байқалады. Оған себеп: жотаның абсолюттік зор биіктігі /Талғар шынының теңіз деңгейінен биіктігі – 5017 м/, солтүстік жағының ең кеулігі мен жотаның мұхиттардан қашықтығы және етегінің шөлді аймақпен жалғасуы.

Іле Алатауының солтүстік қапталында тік топырақ белдеулілік мынадай:

- тау етегінде /600 м биіктікте/ қалыптасқан боз топырақ ашық қара -қоңыр топыраққа ауысады. Жазықтықтағы типшесінен айырмашылығы жалпы фосфор қорының шамалы өскені және кебірлік қасиетінің болмауы мен карбонаттылығында. Гумус пен жалпы азот қоры екеуінде де жақын;

- 600-900 м биіктікте ашық типше күңгірт қара-қоңыр топыраққа ауысады. Бұл типшеде гумус /3-4/ пен жалпы азот қоры /0,25-0,30%/ көтеріңкі; C:N арасалмағы 8-8,5-ке тең, топырақ кебірленбеген, бірақ карбонатты;

- 900-1500 м биіктікте таулық қара топырақ белдеуі орналасқан, оның үш типшесі ажыратылады. Беткейдің төменгі жағына /900-1000 м – Көктөбе етегі/ оңтүстік қара топырақ жамылғысы келеді. Бұл типшеде гумус мөлшері 5-5,5, жалпы азот 0,4%, C:N 7,5-8, негіздер сіңіру сыйымы ендік бағыттағы түршесіне тең. Бұл аз гумусты типше, кәдімгі және карбонатты тектері айырылады;

- 1000-1200 м биіктікте орташа гумусты қара топырақ белдеуі орналасқан. Гумус мөлшері 7-8, жалпы азот 0,5 % жетеді, C:N, жазықтық типшесіне қарағанда, тарлау -8-9;

- 1200-1500 м биіктікте көп гумусты қара топырақ жайласқан, онда гумус саны 10-12, жалпы азот 0,6-0,7 % жетеді; C:N арасалмағы мұнда да тар -9-ға тең; жалпы фосфор қоры аз – 0,2 %. Негіздер сіңіру сыйымы жоғары -50 мг-экв 100 г топырақта. Бұл типше жиі сілтісізденген, яғни карбонат тұздары топырақ кескінінде шайылып барып, 90-100 см-де шоғырланған. Аталған қара топырақтар негізінен солтүстік беткейлерде жайласқан және оларда кебірленген тектері болмайды, себебі топыраққұраушы жыныстан – лесты құмбалшықтың жаксы сусіңіру қабілеті арқасында, жеңіл еритін тұздар толық шайылып кеткен;

- 1500-1800 м биіктікте, таулы орманды далалы далалық белдеуде, қайыңмен теректі орман және түлі бұталар астында орманды күңгірт-сұр және күлгінденген қара топырақтар қалыптасқан. Соңғылардың басқа топырақтардан айырмашылығы – А және В жиектер шекарсында жерлік кремийдің сұр дақтары және сіңірленген негіздер қатарында сутек катионының болуында,

- 1800 м биіктіктен таулық орманды белдеу басталады, мұнда негізінен Тянь-Шань шыршасы өседі, олар 2800-3000 м биіктікте дейін көтеріледі.шыршалы шұбар орман астында таулы-ормандық топырақ қалытасқан, оның гумустілігі жоғары /9-10 /, бірақ қара топырақтан айырмашылығы-қарашірінді жиек астында гумус саны күрт азаяды, яғни 20-30 см тереңдікте ол 2-3% шамасыда. Екінші ерекшелігі күлгіндену қасиетінің анық байқалмауы, себебі шыршаның органикалық қалдығы негіздерге бай болады.бұл топырақта азоттың мөлшері 0,4-0,5% астам, яғни қарашірінді құрамындағы көміртегі мен жалпы азоттың арасалмағы қара топыраққа қарағанда жоғары C:N – 11-12 тең.

- 2800-3000 м биіктікте альпіге таяу және альпілік шалғынды белдеу басталады; шалғынды өсімдік астында таулы шалғындық қалың және жұқа шымды топырақтар дамыған. Олар жоғары гумусты – 15-16, жалпы азотты 0,7-0,8% жетеді, C:N 11-12 тең. Негіздер сіңіру сыйымы 45-50 мг-экв. 100 г топырақта, сіңіру кешенінде сутегі катионы /Н/ бар, оның мөлшері жалпы сіңірілген негіздердің 30% құрайды.;

Сортаңданған топырақ деп, кескінінде өсімдіктер үшін зиянды мөлшерде жеңіл еритін тұздары бар табиғи жарандыны айтады. Оның сор, сортаң типтері мен сортаңды, сортаңдау түрлері мен кейбір және кермекті типшелері бөлінеді. Бұл жарандылар кең құрғақ және шөл дала мен шөлді, шамалы орманды дала мен орманды аймақтарында кездеседі. Бұрынғы КСРО да сортаңданған топырақтар алабы 52,3 млн га, яғни 2,4 процентке тең. Жалпы ТМД жерінің 35 млн га кебір топырақтар, 70 млн га кебірленген көшенді аймақтық тоыпырақтар жиындысына кіреді. Сортаң және сортаңды жарандылар кешендерінің көлемі КСРО-ның 5,4 процентіне тең. Сортаңданған топырақтар жері орталық және төменгі Украинаның оңтүстігіне, Кавказдың солтүстік шығыс беткейіне, Қазақстан мен Орта Азия республикаларына кездеседі. 
Тұздардың топырақта жиналуы мен жиналу жағдайлары, сортаңданған топырақ қалыптасуы, тұздардың ыза және топыраққұраушы жыныстар тұздылығы мен тұздардың топырақ кескінінде шоғырлануына байланысты. Тұздар негізінен тау жыныстары бұзылуы нәтижесінде ерімтал күйінде пайда болады. Көптеген тұздар жанартау шөгінділерінде пайда болады. 
Тұздардың құрылықта қарқынды жинақталуы климат жағдайына, қар мен жауын суы булану мөлшеріне, суда еритін және топырақтың су өткізгіштік қабілетіне байланысты. Ылғалды климатта, шайылымды су құбылымы бар топырақ кескінінде тұздар терең шайылып, тіпті жынысқа өтіп кетеді. Құрғақ климатта, өте-мөте шөлейт және шөлді аймақтарда, құрылыққа түскен жауын суы түгел қайта ауаға буланып кететін жағдайда, тұздар ызамен келіп, жыныстарда мол шоғырланады, керісінше ыза суы жоғары көтеріліп буланғанда, тұздар да тұрақты көтеріліп, сортаңданған топырақ қалыптасуына себептеседі.

Табиғи жағдайлар тұздардың сапалық құрамына да белгілі әсер етеді. Геобиохимиялық жағдайға байланысты орманды дала мен дала аймақтарында жалпы тұздар мөлшері аз болса да, топырақта және ызада шамалы карбонат пен екі карбонатты натрий, күкірт, сондай-ақ содалы, содалы-күкірт типтес сортаңдану қалыптасқан. Соңғыларға себеп: соданың күкірт пен хлор тұздарына қарағанда аздау ерімталдығы. Ал шөлейт және шөлді аймақтарда күкірт пен хлорлы натрий тұздары шоғырлануына жағдай ыңғайлы.

Хлорлы алапқа Солтүстік Каспий ойпаты. Тұздардың топырақта шоғырлануына кеңістік бедері мен онда су жыйылу жағдайы себептеседі. Әдетте тұзды топырақтар ойпаң жерлерде кездеседі, себебі мұнда ащы ызаның деңгейі құрлық бетіне жақын. Ойпатты құрылыққа Днепр бойы, Солтүстік Каспий, Тұран, Батыс сібір және Ленa-Вилюй ойпаттары жатады.

Сортаңаданған топырақтар ірі өзендер бойындағы /Дон, Днепр,Еділ, Жайық, Амудария, Сырдария/ террасалары, теңіз бен өзен жағалауындағы көне террасаларында –аллювилі жайылмаларынада кездеседі.

( Сортаң) деп кескіне жеңіл еритін тұз мол шоғырланған топырақты айтады.

Оның жоғары қабатында әр құрамды химиялық тұздар мөлшері 0,5-0,7 ден 2-3 % ке жетеді.

Тұздардың топырақта жинақталуы негізінен тұз құбылысынан басталады. Сортаң көбінесе ыза деңгейі құрлық бетіне жақын жатқан жерлерде қалыптасады. Ол топырақтағы ылғал жіпсу құбылымы арқылы щы ызаның жоғары көтерілуі құбылысының нәтижесі; түтіктер арқылы буланған кезде, топырақтың жоғарғы қабатындағы жеңіл еритін тұздар да қоса көтеріліп шоғырланады. Топырақтың сортаң таруы аналық жыныстардың тұздылығымен да болады; мерзімді, басым ыстық уақытта, жыныстағы ылғал буланудан топырақта 500-ден 1000т/га ға дейін жеңіл еритін қосымша тұздар жиналады. Теңіз бен тұзды көлдер жағалауына тұз желмен де әкелінеді. Суырмалы егуншілікте суды ысырапты жұмсағанда топырақ қайта сортаңданады, өйткені қолдан берген су жеңіл еритін тұздарды топырақ кескеніне таратады. Сортаңдануда өсімдіктер рөлі де үлкен, себебі олардың органикалық қалдықтары ыдырағанда соңыра топырақтың жоғарғы қабатындағы минералдық тұздар қорын толтырады. Тұзды топыраққа бейімделген өсімдіктер құрамында тұз мөлшері көп және күлдік элементтердің иондық құрамы әр түрлі. Сортаң топырақта өсетіндерге сораң, сарсазан, майсораң, сексеуіл және т.б жтады. Сортаңдығы аздау топырақта ажырық /ақмамық/, арпа, кермек, көкпек өседі. Аталған өімдіктер өнімділігі шабында сортаңда 200ц/га ға жетеді / Базлевич, 1965/ және олардың күлділігі жоғары / майсораңға 40-55% ке жетеді/, құрамы хлор-күкірт натрийлі келедіғ ал содалы сортаңда тіпті биомасса болмайды.

Н.Базилевичше /1965/ Барабы ойпатының шабынды сортаңына өсімдік түсімімен 230дан 630 кг/га ға дейін / хлор -92-102, натрий 19-67 кг/күлдік элементтер келеді екен.

Сортаң топырақ кескіні әдетте сәл айқындалған, кейіпі біркелкі, тек қарашірінділігі А жиегі анығырақ көрінген, одан төмен жатқан В өтпелі және С жыныс қабаттары тұтасқан. Топырақ кескінінде / өте-мөте құрғақ кезде / іріктелгент тұздар шоғыры түрлерін байқауға болады, ал оның төменгі бөлігін глейлі / сазды/, тарамыс түрлі, қызғылт тотты және тамшы түрлі көкшіл химиялық жарандылар басқан.

Сортаң топырақтар гидроморфты/ ылғал текті/ және автоморфты боп/құрағақ текті/ екі түрге бөлінеді. Гидроморфты сортаң нағыз шабын, батпақтанған, қабыршақтанған теңіздік сор, тоңазыған және тақырланған тектерге бөлінеді.

Автоморфты сортаңда түрлі қалдық тасты және төбешікті /эолды/ түрлер кездеседі. Аталған сортаң топырақтар көбінесе топыраққұраушы тұзды жыныстарда / ыза деңгейі терең жағдайда/ құралады. Мысалы, Солтүстік Каспий жағалауындағы төрттік кезеңінен «шоколад түсті» тұзды балшықтары. Сондай-ақ гидроморфты сортаңдар әдетте ащы ызадан қалыптасады. Топырақ кескінінде тектік жиектер әрең айырылады, олар анық жекешеленбеген, бүкіл кескін бойы /әсіресе жоғарғы қабатта/ жеңіл еритін тұздар көп мөлшерде шоғырланады.

Гидроморфты сортаңдар шабынды сортаңдар ащы ыза жақын жатқан жерлерде құралады, бірақ оардың тұздылығы, нағыз текке қарғанда, аздау.

Қабыршақты сортаңдар /сор/ тұзды көлдер тұзды тұнба мен теңіз жағалауындағы шөгінді тұзды жыныстарда құралады, бұл жерлерде өсімдік өспейді.

Суырмалы егіншілікте топырақтың қайта сортаңдауы мүмкін . бұл құбылыс егістікте суды ысырап жасаудан, соның ысырап жасаудан, соның салдарынан ыза деңгейі көтеріліп, топырақтың жоғарғы қабатында тұз жиналуынан туады. Қайта сортаңдану ыза деңгейі 1,5-2 м көтерілгенде қарқынды деңгейден су қылтүтіктермен жоғары көтеріле алмайды.

Батпақтанған сортаң ыза құрлық бетіне шығып жатқан жерлерде жаралады, оның кескіні глейленген тұзды, кейде шымтезекті қабаттарда тұрады.

Тақырланған сортаң шөл далада, ерекше су жылулық жағдайда құралады, кепкенде оның жоғарғы қабаты жарылып кетеді.

Қалдық сортаң тұзды, көне жыныстарда құалғанған, сондықтан оны мұраланып қалған топырақ дейді.

Эолтөбешікті сортаң жел арқылы төбеленіп үйілген тұздә салынды жыныста қалыптасқан, кейде төбешік бүйірін бұталар бекіткен.


Топырақтың сортаңдану дәрежесі мен өсімдіктердің тұзға төзімділігі


Топырақтың сортаңдану дәрежесі

Өсімдіктердің тұзға төзімділігі

Шамалы сортаңданған

Өсімдіктердің өніп-өсуі жақсы, өнім құрауы тиімді

Сәл сортаңданған

Өсімдіктердің солуы байқалады, өнімі 10-20% кемиді

Орташа сортаңданған

Өсімдіктердің солуы орташа

/қурағандары бар/, өнімі 20-50%кемиді



Жоғары сортаңданған

Өсімдіктердің солуы күшті/ түсіп қалғаны көп/, өнімі нашарлап, 50-8- %кемиді.

Аса сортаңданған

Өсімдіктер бірен-саран,өнімі болмайды.

Тұздардың заңдылық дәрежесі әдетте құрамына және суда еритіндігіне байланысты өзгереді; олардың ерімталдылығы артқан сайын зияндылығы а өседі. Тұздардың зияндылығы күкірт түрінен содаға қарай ұлғаяды; күкіртті кальций зиянсыз, бірақ басқа тұздарға қосылып топырақ құнарлығын төмендетеді.

Кебір деп құрғақ күйінде қатты шайылымды / иллювилі/, құрамында көп мөлшерде сіңірілген алмаспалы натрий-катионы, агрономиялық тегіс қасиеттерімен сипатталатын жиегі бар топырақты айтады. Онда сіңірілген натрий мөлшері жалпы катиондар сыйымдылығының 15-20% тең. Топырақ кескінін құрайтын жиектер жақсы айқыдалған; сортаңдар сияқты, кебірлерде сортаңданған топырақ санына/қатарына / жатады, тек олардан айырмашылығы жеңіл еритін тұздар кебірлеріне терең шайылған.

Кебірлер жаралуы туралы бірнеше теориялық пікір бар. Олардың бастысы топырақта теріс кебірлік қасиеттер дамуында натрий кат=ионының басты рөл атқаруы.К. Гедроцийдің калойдтық химиялық теориясы кебірлер сортаң құрамындағы бейтарап тұз шайылуы салдарынан қалыптасқан жаранды деп түсіндіреді. Содан барып топырақтың сіңіру кешеніне көп мөлшерде натрий катионы алмаспалы реакциялар арқылы еніп, ондағы басқа кетиондарды ығыстырады да, топырақ түйіртпектері бұзылып ыдырайды. Ыдыраған каллойдты түйірлер өзіне суды жақсы сңіріп, ісініп кетеді, содан олардың бір бірімен жұғысуына кедергі туады да топырақ кескінімен төмен қарай жылжуына жағдай жасайды. Сонымен натрий катионы топырақтағы органикалы минералдық қосындылардың суға ерімталдық қабілетін арттырады. Бұл әрекет топырақ минералды гидролизі мен алмаспалы реакциялар, яғни оның сіңіру кешеніндегі натрий катионы мен көмір қышқылының кальций тұзы арасындағы құбылыстың нәтижесі, ол былайша өтеді:

/ТСК/2Na +Са(HCO ) /ТСК/Са +2NaHCO

Содан барып топырақ ерітіндісі сілтіленіп, коллойдтар ыдыранды күйге көшеді. Соңыра топырақ кескінінің жоғарғы жағынан олар төмен жылжып, электролидтер тұз әсерінен ерітінді күйден ұйыған түрге көшеді, содан иллювилі кебірлі жиек жаралады. К.Гедройц бойынша кебірлену құбылысы 2 кезеңде өтеді.

а) топырақтың бейтарап тұздармен сортаңдануы, яғни сортаң топырақтың жаралуы;

б) соңғысының кебірлену құбылысына шалдығуы және ерекше қасиеттері бар кебір кескінінің құрылуы.

К. Гедройц сортаң шайылуының үш сатысын ажыратқан: жеңілеритін тұздар шайылуы; сода тұзының пайда болуы; топырақ түйірлерінің бытырап, кескін бойы төмен жылжуы.

К. Глинка кебірдің жаралу негізгі топырақтың натрии тұздарымен сортаңдануы және олардың шайылуы деген. Аталған құбылыстар ғасырлар бойыц кезектесе өтіп, кебір топырақтар қалыптасуына алып келді.

Кейінгі зерттеулер бойынша кебірлердің бейтарап тұздары бар сортаңнан қалыптасуы нақтылы пікір деуге болмайды.

В.Вильямс кебір жаралу жайында биологиялық теортяны дамытты, сол бойынша дала мен шөл дала өсімдіктері \жусан, сораң,кермек, камфоросма т.б.\қалдықтары ыдырағанда көптеген минералды тұздар бөлініп шығады да, сортаңданбаған топырақтың сіңіру кешені натрииге қанып, ол кебірге айналды. В. Ковда бойынша кбір тұщы топырақта, натрии көзі тек сода болған жағдайда қалыптасқан. Онда натрии топырақ ерітіндісінен бәсекесіз \конкуренциясыз\ сіңіріледі. Сондықтан сода кебірлену үрдісінде үлкен рол атқарады.

Жоғарыда қаралған теорияларда кебірлену үрдісі дамуындағы негізгі себеп болып алмаспспалы натрии есептеледі. Б. Андреев бойынша кебір жаралуына алмаспалы натрии себепкер емес, ол кебірлену үрдісінің салдары сияқты. Алмаспалы натрии топырақта тек қана гальмиролизге \минералдық тұз ерітінділері әсерінен натриилі минералдар ыдырап бөлшектенуге\ ұшырағанда шығады. Егер магниилі минералдар бөлшектенсе, топырақта алмаспалы магнии мөлшері артады. Бір екі валентті метал тұздары ерітіндісі әсерінен алюмосисилаттар күшті бөлшектеніп соның нәтижесінде топырақта кремнии қышқылы коллойдттары шоғырлануы байқалады. Ал коллойдтты кремнии қышқылы жоғары гидрофильді кебірлік қасиетті иеленеді. Сонымен коллойдттардың жоғары гидрофилльділігі тек алмаспалы натриидің болуынан ғана емес, ол коллойдттар табиғатына да байланысты. Кебірдің иллювилік жиегі қалыптасуында балшықтық минералдар құрамының, әсіресе, біріншілік минералдар гальмиролизі нәтижесінде түзілген монтморилонитпен жоғары гидратталған \су қабығы бар\ каллойдтар маңызы үлкен. Кремнии қосындыларының коллойдт түрлері топырақтағы силикаттар құрамынан болуы мүмкін. Олар адсорбиялы құбылыстарға қатысып, бытырынды түйірлерді бір біріне жапсырады және топырақтағы басқа ерітінді қосындылармен бірігіп, шемендік заттар жерлі кремниидің сулы гелі аморфты жерлі кремнии, екіншілік кварц, екіншілік кальции мен мегнииилік алюмо феррисиликаттар түзеді.

Сонымен табиғи жағдайда кебірлер түрлі жолдармен қалыптасады. Олар бейтарапты тұздармен қанған сортаң топырақтар шайылуынан топырақтағы тұздарға сәл қаныққан ерітінді сода әсерінен пайда болады.

Автотрофты кебірлер дала аймағында ыза деңгейі терең жатқан жағдайда қалыптасады. Олар құрлық бетіне шыққан тұзды топырақ құраушы жыныстарда дамиды. Кеңінен құрғақ дала мен шөлді дала аймақтарында тараған. Өсімдік жамылғысы далалық астық тұқымды өсімдіктер мен жусанды топтардан құралған, олар құрамына қара және ақ жусан, камфоросма, көкпек, бетеге, пиретрум т.б кіреді. Кебір беті жиі өскен балдырлар мен қыналар басады.

Шабынды далалық жартылай гидроморфты кебірлер жайылымдардың бірінші және екінші жоғары террасаларында, шоқы аралық жерлерде және көл жағалауында, ыза мен аралас ылғалдану жағдайында да қалыптасады. Бұд жерлерде ыза 3-6м тереңдікте жатады, өсімдіктерден қара жусан, шренк жусаны, кермек және бетеге де кездеседі.




Практикалық сабақтар

№1Практикалық сабақ. Топырақтың физикалық қасиеттерін анықтау.

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №1

Сабақ мақсаты: Топырақтың физикалық қасиеттерін анықтау. Сабақтың қысқаша мазмұны: Топырақтың склетінің тығыздығын парафиндеу әдісімен анықтау. Топырақтың склетінің тығыздығы деп – табиғи құрылымы бұзылмаған құрғақ топырақтың массасының оның жалпы көлеміне қатынасын атайды. ( өлшем бірлігі г/см).

d=A/V мұндағы : А - топырақтың құрғақ массасы, г; V – топырақтың көлемі, см.

Топырақтың склетінің тығыздығы арқылы топырақтың құнарлығын анықтауға болады. Топырақ склетінің тығыздығы топырақтың түйіршіктелген құрылымына, ылғалдылыққа байланысты. Топырақ склетінің тығыздығы топырақтың механикалық құрамына, оның қуыстылығы мен қарашіріктің қорына (мөлшеріне) байланысты.

Топырақ склетінің тығыздығы өсімдік тамырының дамуына ғана әсер етіп қоймайды, сонымен бірге оның сумен, ауамен жабдықтануына, қоректік заттардың ретіне де әсер етеді. Топырақтың склетінің тығыздығы мөлшерден аз болса, егін түсімі төмендейді, ал топырақ склетінің тығыздығы тым көп болса, онда егін тіпті өспейді. Егілетін өсімдіктердің түрлеріне қарай топырақтың тығыздығын топырақты механикалық құралдармен өңдеу арқылы реттеуге болады.



Жұмыс барысы.
Топырақ кесегін алып, шаңын үрлеп, жіппен байлап, өлшейміз, А - салмағы,г.

Кесекті 2 – 3 сек, ерітіндімен парафинге салып, қайта өлшейміз, В, г.

Парафинделген кесекті суы бар сүйық затты өлшейтін цилиндірге саламыз, содан соң ығыстырылған су көлемін табамыз.

Парафинсіз кесек көлемін табамыз, ол үшін парафин көлемін табамыз: яғни, 0,89 – парафиннің өзіндік салмағы.

Құрғақ ауалы топырақ склетінің тығыздығы.

1.Топырақтың склетінің тығыздығын қандай әдіспен анықтайды

2. Топырақтың склетінің тығыздығы дегеніміз не

3.Топырақ склетінің өлшем бірлігі



Практикалық сабақтың тақырыбы №2 Топырақтың қатты фазасының тығыздығы.

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №2Сабақ мақсаты Топырақтың қатты фазасының тығыздығын анықтау



Сабақтың қысқаша мазмұны: Топырақ өте күрделі үш түрлі физикалық фазадан тұрады: қатты, сұйық және газ тәріздес.

Қатты фазасы минералды және органикалық заттан, сұйық фаза ерітулі қосылым ерітіндісінен (топырақтың ерітіндіден), ал газ топырақтың ауасынан тұрады.

Топырақтың қатты фазасының тығыздығы деп топырақтың бөлшектерінің салмағын, оның жалпы қуыссыз көлеміне бөлгенге қатынасын айтады. Топырақтың қатты фазасының тығыздығының мәні оның құрамына, енетін компоненттердің ара қатынасына, яғни химиялық минералдық, органикалық заттардың құрамына байланысты. Көптеген топырақтың орташа тығыздығы 2,5 – 2,69 г(см) шамасында болады. Топырақта қарашірік көп болған сайын, оның қатты фазадағы тығыздығының мәні төмендей береді. Топырақтың қатты фазасының тығыздығын көп жағдайда пикнометрлік әдіспен анықтайды. Пикнометр жоғары дәлдікпен сұйықтың көлемін анықтайтын өлшем ыдыс. Пикнометрлік әдіс бойынша, топырақтың қатты фазасының көлемін, алынған үлгінің әсерінен болатын судың ығысуы бойынша анықталады.

1.Топырақтың қатты фазасының тығыздығы дегеніміз не

2.Топырақтың қатты фазасының тығыздығын қандай әдіспен анықтайды.

3.Пикнометр дегеніміз не

Практикалық сабақтың тақырыбы №3 Топырақты ылғал қорын анықтау анықтау
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №3
Сабақтың мақсаты: Топырақты ылғал қорын анықтау

Сабақтың қысқаша мазмұны: Топырақтағы ылғал қоры дегеніміз м3/га немесе су буының мм-мен өлшенетін,топырақтың белгілі бір қалыңдығындағы су мөлшері.Топырақтағы су қоры ауыл шаруашылық өсімдіктерінің ылғалмен қамтамасыз етілгендігін анықтауға мүмкіндік береді.Су қорын вегетация кезеңінде ескереді.Ылғалдылық пен тығыздық топырақ профилінің әр қабатында,әр түрлі болғандықтан,ылғал құрамын әр генетикалық қабат үшін жеке есептейді.Ол төмендегі өрнек көмегімен есептеледі:

W=100∙H∙β∙α

шыққан шамаларды м3/га-дан ммге ауыстырып есептеу үшін ауыстыру коэффициентін енгізу қажет.Өйткені, 1 мм сулы қабаттың су қоры,10 м3/га су қорына тең.

Топырақ қабатының аты

Қабат қалыңдығы

Топырақ тығыздығы

Жалпы су қоры

А1 жыртылатын қабат

22

1,25

19,5




А2

14

1,4

22,0




А2В1 өтпелі қабат

14

1,45

22,7




В2 иллювиальды қабат

45

1,5

23,3




Барлығы













1.Бос стакан салмағы 14,8 г.Топырақты стаканның кептіргенге дейінгі салмағы 45,2 г. Кептіргеннен кейінгі салмағы 40,8 г.топырақтың ылғалдылығын табыңыз.

2.Абсолют құрғақ масса 15 г,кептіру кезіндегі салмағының кему 0,9 г топырақтың ылғалдылығын анықтаңыз.

3.Салмағы 430 г ылғалды топырақ үлгісінің құрамында 80 г су бар.Топырақтың ылғалдылығын анықтаңыз.

4.Куб тәрізді топырақ үлгісінің жалпы ылғалды массасы 1100 г,ал абсолют құрғақ массасы 950 г.Топырақтың ылғалдылығын анықтаңыз.

5.Қалыңдығы 22 см ылғалдылығы 18,5 және топырақ тығыздығы 1,15 г/см3 топырақтың су қорын тауып су қабатының мм түрінде көрсетіңіз.

6.Топырақ ылғалдылығы,ең төменгі ылғал сыйымдылығының 70 құрайтын,топырақтың 1 метрлік қабатының су қорын көрсетіңіз.Ең төменгі ылғал сыйымдылығы 23 тең.Топырақ тығыздығы 1,3 г/см3 тең.

7.Ылғалдылығы ең төменгі ылғал сыйымдылығының 65 құрайтын ең төменгі ылғалдылығы 22 тең.Топырақ тығыздығы 1,3 г/см3 болатын топырақтың 1 м қабатының су қорын анықтаңыз.

8.Топырақтағы су қоры 490 м3/га,жауын-шашын мөлшері мм.Топырақтағы ылғал қорының жиынтық мөлшерін анықтаңыз.
Бақылау сұрақтары:

1.Топырақтың ылғалдылығы дегеніміз не?

2.Ылғалдылықты зертханаларда қалай анықтайды?

3.Топырақтағы ылғал қорын қалай анықтайды?


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет