Поэмалар Қысқаша мәлімет Сұрақтар Пайдаланған әдебиет



Дата05.11.2016
өлшемі322,36 Kb.
#653
түріПоэма
РЕФЕРАТ

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Тақырыбы: «Шәкәрім Құдайбердіұлы»

Орындаған: __ “_” сынып

оқушысы: ___ ________.

Тексергені қазақ тілі мен

әдебиеті пәнінің мұғалімі



____________ _._.

__.__.201_

ЖОСПАР

  • Жалпы мәлімет

  • Өмірбаян

  • Ресми ақталуы

  • Шығармашылық

  • Әндер

  • Орындаушылар

  • Шәкәрім және Абай

  • Ақын және халық

  • Лирика

  • Поэмалар

  • Қысқаша мәлімет

  • Сұрақтар

  • Пайдаланған әдебиет

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және өлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күнке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды.

7-жасында өкеден жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Өскен ортасының аса бай дәстүрлері мен Абай ағасының төрбиесі табиғатынан зерек Шәкәрімнің жетімдік көрмей өсуіне ғана емес, оның таланты ақын, парасатты ой иесі болуына да зор ықпал жасады. Шәкәрімнің өзі кейінірек былай деп жазады: «Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза, қазақ ішінде Абай деп атайды, сол кісі мұсылманша Һәм орысша ғылымға жүйрік Һәм алланың берген ақылы да бүл қазақтан белек дана кісі еді, ержеткен соң сол кісіден тағлым алып, әр түрлі кітаптарыноқып, насихатынтыңдап, азғанағылымның сәулесін сездім». Кезінде арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, ез бетінше ізденіп және Абай ағасының жетекшілігімен жан сарайын байытқан Құдайбердіұлы заманында қазақ арасындағы аса білімдар адамдардың бірі болды. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді. Ол адамдар өмірін жақсартуға тырысқан ғалымдарды мысалға келтіреді. Олардың кейбіреулері адам өмірі жаратқан иесін танумен түзеледі десе, кейбіреулері үкімет жойылса, әркім өз бетімен өмір сүрсе түзеледі деді. Ал, біреулер оку-біліммен, халықты ағартумен адам өмірі түзеледі деді. Біреулері бай, кедейді теңеумен түзеледі десе, біреулері тәрбиемен түзеуге болады деді. Өмірдің өзі — тіршілік таласы. Сондықтан адам өмірін жаратылыстың өзі солай жаратқан, бірін-бірі жеп, талап, таласып өмір сүрмек дегендер де болған. Шәкәрімнің өзі бұл идеялардың ешқайсысы адам жаратылысын өзгерте алмайтынына сенімді болды.



Өмірбаяны

Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 ж. шілденің 11-де дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді.

Шәкәрім бес жасында оқуға беріліп, екі жылдай оқиды. Құдайберді отыз жеті жасында дүниеден өткенде, атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тарта қоймаған. Өзінің «Мұтылғанның өмірі» атты ғұмырнамалық өлеңінде бес жасында ауыл молдасынан сабақ ала бастағанын жазады.

Атасы оның көңіліне қаяу түсірмей, бетінен қақпай, еркелетіп өсіреді: ол жөнінде ақынның өзі: «қажы марқұм мені „жетім“ деп аяп, қысып оқыта алмай, жетімді сылтау етіп, ойыма не келсе, соны істеп ғылымсыз өстім» деп өкіне еске алады. Алайда ақылды бала өсе келе тез ес жиып, жеті жасынан бастап өлең сөзге бейімділігін танытады.

Оның ерекше зеректігін аңғарған Абай Шәкәрімді өз қамқорлығына алады, «молда сабағынан» басқа орысша үйренеді. Былайғы өмірін ғылым білім қуумен қатар, домбыра тарту, гармоньда ойнау, ән салу, саятшылық құру, сурет салу, т.б. өнерлерге арнайды. Оның өнеге көрген ортасы Құнанбай ауылының зиялы тобы, ұлы Абайдың тағылымы болды. Ол жас Шәкәрімнің азамат және ақын ретінде қалыптасуына ерекше әсер етеді. Абайдың кеңесімен әр түрлі кітаптар оқуға машықтанған Шәкәрім ақылы кемелденіп, ой өрісі тереңдеп өседі. Ақындық өнерін де таныта бастайды.

Ресми ақталуы


1988 жылы Шә­кәрім ақталып, оның өлмес, өш­пес мұрасы халқына қайта орал­ды. Осы жылы ақынның “Жазу­шы” және “Жалын” баспа­сы­нан өлеңдер, ал “Өнер” бас­пасынан әндер жинақтары жарық кө­рді. Тап осы жылы қажының 130 жылдығы Абай ауданы, 1998 жылы 140 жылдығы Семей қаласы көлемінде тойланды. Осы жылдар аралығында Семейдегі бір жоғары оқу орнына қажы есімі беріліп, ескерт­кіші орнатылды, қала орталығындағы үлкен бір даңғыл ақын есімімен аталды. Мұның сыртында қаладағы байырғы бір қазақ мектебі ақын есімін иеленді.

Бүгінде осындағы екі бірдей жоғары оқу орнында – Семей педа­гогика институты мен Шә­кәрім атындағы Семей универ­си­тетінде шәкәрімтану ғылыми-зерт­теу орталықтары жұмыс іс­тейді. Сол орталықтардың күші­мен “Шәкәрім” және “Шәкәрім әлемі” атты екі бірдей журнал жа­рық көруде.

Семей педагогика институтындағы Шәкәрім­тану ғылыми-зерттеу орталығында қазірде Шәкәрімнің тұлғалық экциклопедиясы дайындалуда. Мұның сыртында аталмыш орталықта Шәкәрім мұрасы туралы бүгінгі күнге дейін бес томдық еңбек дайын тұр.





Шығармашылығы


«Өмір», «Сәнқойлар», «Ызақорлар», «Құмарлық», «Қалжыңбас», «Тойымсыз нәпсі» сияқты дидакалық өлең-жырларында боямалы ажарлы, жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алады.

Ғашықтық сезім таза, пәк жүректен маздайтынын айта келіп («Анық асық әулие», «Шын сырым»), адамгершілік ақ жолға, өнер-білімге үндейді («Жастарға»), 1905 жылы Шәкерім қажылық сапар шекті. Меккеге барған бұл сапарын пайдаланып, ақын өзінің байырғы арманын жүзеге асырды. Стамбұл, Париж кітапханаларынан туған халқының тарихына байланысты кітаптарды оқыды. Осылай жинаған материалдар негізінде «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» (1911) кітабын, қисындарын халық мүддесіне түсіндіру мақсатымен «Мұсылмандық шарты» деген еңбек жазды (1911). Бұл тұста ақынның діншілдігі ғана емес, үлкен ойшыл философ екені айқын танылады. Ол Жаратушы Аллаһты ақылға салып түсінуге ұмтылады. Дін бұзушыларды қатты сынға алады. Шәкерім өз шығармасында Аллаһ Тағаланың кітабы Құран сөздерін және Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерін адал сөзіне қатысты қолданысқа мол алған:



«...және аятта: «Ей, мұсылмандар, пайдаланыңыз берген адал ырзығымнан», - деген», «Хадис: «Адал уәдесін бұзбаған иманның белгісі», - деген, «...адам өзін-өзі танымақ деген, жаратқан иесінің құны екенін һәм ғибадат үшін жаралғанын біліп, өзін-өзі тексеріп, зиянды істен қашып адал, пайдалы істі қылуға тырыспақ».

Сонымен қатар, Шәкерім шығармасында әділ, адал адам бейнесіне ерекше орын берілген:



«Тарихта әрқашан адал жан өлмейтін», «Адамның адал ұлы болам десең, алдымен өзіңнің нәпсіңді жең», «Көп төбетке жетелі қайдан күшін, Құтқара алмай адалды пысады ішің», «Адаспайсың ақылды арлыға ерсең, Жолай көрме жылмайы сопы көрсең, Тапқыр, адал, ақ ниет адамдардың, Алданбайсың артынан ере берсең»; «Бір мезгіл: «Ой, тәңір-ай Адал жардың жолында өлгеннің арманы не?» - дегенде, тіпті, ер болып кетеді», «Адалға орын емес қазақ іші, Татты ғой соры арылмас таза кісі, Өзін асырар қазақтың өнері жоқ, Бірін-бірі талайлы бар жұмысы», «Адалдың әділ жолына, Ақырын басып жет, халық»;

Адал адамның адалдығының басы адал еңбек деу Шәкәрім шығармаларындағы адал іс-хәрекет, таза еңбек адамы мағынасындағы қолданыстары:



«Арсыз, арам айланы тастасалық, Адал іске талаппен бастасалық», «Адал сол - таза еңбекпен күнін көріп, жаны үшін адамшылық ар сақтайды», «Талаптан адал істі істемекпіз, Тапсырдық бір Аллаһқа біз демекпіз», «Анық бақ деп айтарлық үш нәрсе бар, Кірсіз ақыл, мінсіз сөз, адал еңбек», «Адал еңбек, ақ жүрек берер шешіп, Таза ақыл косылса, Әлемнің таласын», «Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек, - Бұл төртеуін кім кылса, шын адам сол»;

Шәкәрім адал, халал мағынасында сөздерді тура және ауыспалы мағынада да қолданады:



«Адам мен еті адал хайуандардың бәрінің де сарқыты адал», «Халалға ойламайды шыдайын деп», немесе, «Мойныңа менің қаным халал болсын, Болма енді Қалқаманның қанына ортақ».

Ол орыс, Батыс әдебиетінің тамаша үлгілерін қазақ оқырмандарына таныстырды. Лев Толстойдың шығармаларын аса жоғары бағалап, өз халқын дүние жүзілік озат мәдениетін игеруге тақырлы. Өзін ғұмыр бойы Толстойдың шәкіртімін деп санады. Онымен хат жазысып тұрды. Американ жазушысы Гарриет Бичер-Стоунның «Том ағайдың балағаны» романын, Толстойдың «Үш сауал», т.б. әңгімелерін, А.С. Пушкиннің «Боран», «Дубровский» повестерін қазақ тіліне аударды. Физулидің «Ләйлі - Мәжнүн» дастанын назира үлгісімен жырлады. Шәкерім үнемі демократтық, халықтық, гуманистік-ағартушылық бағытта болды. Бұл орайла ол ХХ ғасыр басындағы озат ойлы қазақ зиялыларымен үндес болды. Ақын кеңестік тоталитарлық жүйенің құрбаны болды.

Көтеріліске шыққан халық пен жергілікті билік өкілдерін татуластыруға, қантөгісті болдырмауға тырысқан ол жазалаушылар атқан оққа ұшып, денесі айдаладағы құдыққа тасталды. «Халық жауы» ретінде айыпталып, шығармаларын оқуға тиым салды. 1988 жылы ақын есімі толық ақталды.

Шығармалары


Құдайбердіұлының қаламынан терең ойлы, сыршыл лирик. өлеңдер, «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» сияқты оқиғалы дастандар, «Әділ-Мәрия» романы жөне басқа да прозалық туындылар, аудармалар, тарихқа, философияға қатысты еңбектер, сазды әндер туды. 1911 ж. «Түрік, қырғыз, қазақ Һәм хандар шежіресі», 1912 ж. Семей қаласындағы «Жәрдем» баспасынан «Қазақ айнасы», «Қалқаман-Мамыр», «Жолсыз жаза яки кез болған іс», «Енлік-Кебек», «Үшанық», «Мұсылмандық шарты», «Ләйлі-Мәжнүн» т. б. шығармалары жарық көрді. 1978 жылы Ленинградта шыққан «Поэты Казахстана» деген жинақта Құдайбердіұлының бірқатар өлеңдері орыс тілінде басылды. Үлкен жинағы 1988 ж. «Жалын» баспасынан жарық көрді.




Әндері


Шәкәрімнің әндерін алғаш рет нотаға түсірген голландық Альвин Эрнестович Бимбоэс. Ол 1919 - 1922 жылдар аралығында Ақмола саяси бөлімінде нұсқаушылық қызмет атқарып жүріп, қазақ әндерін нотаға түсірумен шұғылданады. Соның нәтижесінде 1926 жылы Н.Ф. Финдейзеннің редакциялауымен шыққан «Музыкалық этнография» жинағында Бимбоэстің қазақ музыкасы туралы жазған көлемді мақаласына қоса қазақтың жиырма бес әнінің нотасы басылады. Осы аталған жинақтың ішінде «№ 1 Шакарим», «№ 2 Шакарим» деген атпен Шәкәрімнің екі әні жарық көреді. Бірақ, екі әннің де өлеңі нота астына жазылмаған, тек орыс тілінде мазмұны берілген. А.Э. Бимбоэс нотаға түсірген «№1 Шакарим» әнінің екінші түрі А.В.Затаевичтің 1925 жылы шыққан «Қазақ халқының 1000 әні» жинағына «Тілек - бата» деген атпен енген. Ал Шәкәрімнің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» деген әні А.В. Затаевичтің 1931 жылы жарық көрген «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» деген жинағында «Шәкәрім Құдайбердин әні» деген атпен жарияланған. Осы жинақтың № 156 анықтамасында А.В.Затаевич: «Шәкәрім Құдайбербин - Семей уезінің қарт ақыны, қазір тірі, жасы жетпістер шамасында. Жинақта келтірілген әнін орыс әндерінің үлгісіне еліктеп шығарса керек, - деп жазған.

Шәкәрім әндері қазақ композиторларының шығармаларына да арқау болды. Ахмет Жұбановтың «Абай» сюитасының бірінші бөліміне, А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсындағы Айдардың ариозосына, Айдар мен Ажардың дуэтіне сазгердің шығармалары пайдаланылды. Ал ақын поэмаларының сюжеті еліміздің ақын-жазушыларының, композиторларының шығармашылығынан кең орын алғанын айтсақ артық болмас. Мысалы, «Қалқаман - Мамыр» балетіне, «Еңлік - Кебек» пьесасына, «Еңлік - Кебек» операсына Шәкәрім туындылары арқау болғаны барша жұртқа аян.


Орындаушылар


Шәкәрім әндерін өз бабында, иін қандырып айтатындар Әбдіғали Алдажаров, Зікағил Абайұлы, Рақымжан Мамырқазов, Есбай Бекхожин, Зұлғарыш Әзімбаев, Жебрайыл Тұрағұлов, Әлмағамбет деген өнерпаз адамдар болды.

Шәкәрімнің әндерін өзінен үйренгендердің ішінен басқалардан шоқтығы биік, көпке танымал болған әнші Қабыш Керімқұлов болса керек. Ол ақынның оншақты әнін музыкатанушы Асқан Серікбаеваға айтып береді. Ал ол өз тарапынан осы әндерді қағазға түсіреді. Шәкәрімнің «Жиырма үш жасымда», «Жылым - қой, жұлдызым - июль», «Қорқыттың сарыны», «Қорқыт, Хожа Хафиз түсіме енді де», «Анадан алғаш туғанда», «Сұраған жанға сәлем айт», «Ойладым бір сөз жазайын да», «Мұтылғанның өмірі», «Сен ғылымға болсаң ынтық», «Көңіл», «Байғазы» сынды әндері ұзақ жылдар Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның фольклорлық зертханасының қорында сақталып келген бұл әндер сол Қабыш айтқан, Асқан нотаға түсірген дүниелер екенінде дау жоқ. Ал қазір Шәкәрім әндерінің бірден-бір насихатшысы, жанашыр іздеушісі әрі орындаушысы әнші Келденбай Ұлмесеков. Ол ел ішінде ұмыт болып бара жатқан ақынның біраз әндерін жинастырып, жарыққа шығарды, қазақ радиосының Алтын қорына жазғызды.


Шәкәрім және Абай


Құдайбердіұлы өмір сүріп, еңбек еткен тарихи кезеңде қазақ әдебиетінде Абай іргетасын қалаған реалистік дәстүр қалыптасып кележатқанды. Шәкәрім осынау өнегелі үрдісті алғашқы жалғастырушылардың бірі болды. Абай мен Шәкәрім арасында тамырластық аса терең. Өз заманының келелі мәселелерін, қоғамдық шындықты қозғауда екі ақын да ерекше қуат танытқан. Абай тәрізді Шәкәрімнің де ақын ретінде ұсақ-түйек міндерді сынаудан бастап, өз кeзінің күрделі әлеуметтік мәселелерін көтеруге дейінгі аралықтағы терең ойлары, парасатты тұжырымдары сайрап жатыр. Шәкәрім айналасындағы құбылыстарды сырттай ғана жырлаушы болған жоқ, ол бар нәрсенің қай-қайсысына да мән бере қарады, жақсылығына қуанды, кемшілігіне күйзелді. Ақындық болмысын да осы ыңғайда қалыптастырды. Ақынның азаматтық үні осы тараптан естіледі. Оның Абай үлгісіндегі реализмі алдымен азаматтық лирикасынан көрінді. Өз заманының көзі ашық, көкірегі ояу азаматы ретінде ол халқының басындағы нақты жағдайды көре білді. Осы бағыттағы барлық ой пайымдарын лирикасына нәр қылып құйды. Ақын лирикасының басты объектісі - адам. «Ескіден қалған сөз теріп», «Сәнқойлар», «Қалжыңшыл қылжақпас», «Еріншек», «Құмарлық», «Бір салмойын сал келер» сияқты өлеңдерінде ақын замандастарының бойындағы ірілі-уақты кемшіліктер сыналады. Шәкәрім надандықтың негізін осылардан көреді. Бұл өлендерінің қай-қайсысында да оның реализміне тән шыншылдық пен сыншылдық бар. Қандай кемшілікті болсын, ақын типтендіре суреттеуге күш салады. Сол себепті оның кейбір өлеңдерінде сыналатын кейіпкерлер өзімізбен бүгін де қатар жүрген жандар секілдіқабылданады. Өз халқының мүддесін көздеген ақын оның бойындағы жағымсыз қасиеттерді жұртқа жария етуші ғана емес, солардың үкімін айтушы да бола білді. Әшкерелей отырып, өз үкімін айтады, айналасына ой тастай сөйлейді. «Ашу мен ынсап», «Шаруа мен ысырап», «Анық пен танық», «Ер қоспақ пен сөз сөйлемек», «Дүние мен өмір», «Мақтау мен сөгіс», «Міндеу мен күндеу» сияқты бірқа- тар өлеңдерінде Шәкәрім айналасына сын көзбен қарай отырып, заманының шынайы суретінжасайды. Халық тағдыры - Құдайбердіұлы жырындағы арналы тақырып. Бұл тұста да ол Абаймен сабақтас, үндес. Абай тәрізді Шәкәрім де өзінің насихат өлеңдері мен жеке өнегесі арқылы жұртшылық санасындағы кейбір кері қасиеттердің тамырын шірітіп, халықтық ар-намысты оятуға күш салады.

Ақын және халық


Ақын әрдайым халықтан қол үзбейді. Оның әшкерелейтіні де халық басындағы кемшілік, мақтан тұтары да халықтық қазына. Әр кезеңде жазылған «Бай мен қонақ», «Партия адамы», «Ей, көп халық, көп халық», «Өкінішті өмір», «Қазақ», «Насихат», «Тағы сорлы қазақ», «Қош!», «Қош, жұртым» тәрізді өлеңдерінде ұлтының басындағы халді шыншылдықпен бейнелеп береді. Ақыл мысалдары нанымды. Оларда сол көзеңнің тарихи дамуына тән ерекшеліктер белгі береді. «Қош, жұртым» атты өлеңінде кәрілік кезеңіне аяқ басқан лирикалық кейіпкер - ақынның өзі халқының өткен өміріне көз жібереді, бүгініне үңіледі. Бүгінде патша тақтан құлаған, қазақ даласына айрықша бір сәуленің нүры шашыла бастағандай. Асарын асап, жасарын жасаған ақын қуана тұрып өзіне «ендігі мақсатың не?» деген сауал қояды да, соған жауап іздейді. Өлеңде оптимизм бар. Ақын мұнда жақсылықты көп көргенін, патшаның тақтан құлағанын айтады. Халқының болашақта тәуелсіз өмір сүретініне үміттенеді. Алайда ақында алаңдаушылық та бар. Ендігі жерде халқының бойындағы күндестік, мақтаншақтық сияқты қасиеттердің жойылуы қажет екенін алғатартады. Әкінішке орай, бұл қасиеттер әлі де болса аяққа тұсау болып отырғанына күйзеледі. Қандай әлеуметтік кеселді болсын ол уақыт ағымынан туған, міндетті түрде түзетуге болатын кемшілік деп біледі. Өзінің осы бағыттағы өлеңдерінде ақын сол көзеңдегі қоғамдық психологияны дәлме-дәл бере біледі. Халық ойына қозғау салу бағытындағы ақынның арқалайтын жүгін де салмақтай отырады. Қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік ең алдымен ақынның жанарына шалынса керек. «Бай мен қонақ» өлеңінде қазақ тұрмысынан алынған шағын сюжет баяндалады. Бай үйіне келген қонақ пен үй иесі арасындағы диалог сол дәуірдегі қазақ аулының психологиясын, этикасы мен эстетикасын, тұрмыстық ерекшеліктерін, рухани түсінігінің деңгейін сипаттап береді. Мұнда да Абай жырлаған тоғышар кейіпкерлер бар. «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық» адам баласын қалай аздыратынын ұлы Абай қандай шебер айтып кеткен болса, Шәкәрімнің мұндағы кейіпкерлері де алдында асы бар, істер ісі жоқ, тойғанына мәз, бірін-бірі кемсітуге құмар мүгедек жандар. Шәкәрім айналасында болып жатқан құбылыстар мен оқиғаларға әрдайым сергек қарады. Ақынның азаматтық сергек үні әсіресе 1917 жылғы төңкeрістер көзінде айқын естілді. Патша тақтан құлатылған сәтте «Бостандық таңы атты», «Бостандық туы жарқырап» деп қуана өлең жазды. Бір қарағанда ұран іспетті көрінетін бұл өлеңдерде жалаң қуаныш, лепірген сезім ғана емес, ақынның лирикасына тән терең философиялық ой бар. Ә дегеннен-ақ, ақын мына болып отырған жаңалықтан өзінше ой түйеді. Қуана тұрып, ол халқының бұдан былайғы өміріне ой жібереді. Ендігі заман еңбек адамынікі болу керектігін айтады.

Ағартушылық лирикасы


Құдайбердіұлы реализмінің айқын керінген ендігі бір тұсы - оның ағартушылық тақырыптағы лирикасы. Ақынның бұл бағыттағы еңбегі 1879 ж. жазылған «Жастарға» атты өлеңінен басталған. Ағартушылық идея Шәкәрім лирикасының алтын діңгегі болып табылады. Оның Абаймен үндестігін танытатын бір сала да осы. Өзінің «Насихат», «Сынатар сың өзінді», «Үш-ақ түрлі өмір бар», «Сен ғылымға...», «Ғылымсыз адам айуан», «Жасымнан жетік білдім түрік ілін» сияқты көптеген өлеңдерінде Құдайбердіұлы Абайдың ағартушылық идеяларын одан әрі жалғастырады. Бұқараны оятуға ұмтылады, ғылымға жетелейді. Еңбек етуге, мәдениетті елдерден үлгі алуға шақырады. Құдайбердіұлы үшін байлықтың ең үлкені - ғылым. Өзінің «Үш-ақ түрлі өмір бар» атты өлеңінде ол адам өміріне «ортаншы өмір» деген ұғымды қолданады. Бұл – адамның жастық шақ пен кәріліктің арасындағы белсенді өмірі. Шәкерімнің айтуынша, міне, осы жылдары уақытыңды босқа еткізбей, ғылымға үңілсең, одан өзіңе керек қазынаны тауыпала білсең- өмірлік мұратыңа жеткенің. Бас-аяғы үш шумақтан тұратын өлеңнің идеясы - адам баласын, Абай айтқандай, «ержеткен соң тұспеді уысыма» деп өткініште қалдырмау.

Шәкәрім және әлем әдебиеті


Абайдың әдеби мектебінентәлім алған Құдайбердіұлы ұстазының қазақ халқын әлемдік мәдениет үлгілерімен таныстыру бағытындағы қызметін жемісті жалғастырды. Шәкәрімнің осы тұрғыдағы еңбегін үш салаға беліп қарауға болады.

Оның :бірі ақынның әлем әдебиетінің озық ойлы өкілдерін өз өлеңдерінде насихаттап отыруы десек, :екіншісі оның Н. Толстой сияқты заңғар қаламгермен тікелей хат алысып, шығармашылық байланыста жүруі. Ал :үшінші сала - Шәкәрімнің өзге елдер әдебиетінің үлгілі шығармаларын қазақшаға аударуы. Шәкәрім Шығыстың Қожа Хафиз, Физули, Науаи секілді жарық жұлдыздарын, А. С. Пушкин мен Л. Н. Толстойды қастерледі. Әйгілі «Ләйлі-Мәжнүн» дастанының Физули жырлаған нұсқасын қазақша жырлап берді. Хафиздің бірқатар өлеңдерін, А.С. Пушкиннің «Дубровский», «Боран» атты шығармаларын, Л. Н. Толстойдың алты әңгімесін, американ жазушысы Гарриэт Бичер Стоудың «Том ағайдың балағаны» атты романын аударды.


Лирикасы


Құдайбердіұлының лирикалық қаҺарманыда Абай кейіпкерлеріне ұқсас. Оның басынан қуаныш пен күйініш те, үміт пен күдік те өтеді. Кей сәттерде мұңға беріледі. Бірақ, бұл қүрғақ пессимизм емес. Абай өлеңдеріндегі сияқты Шәкәрімде де «жүрек», «тіл», «сөз» ұғымдары мол ұшырасады. Лирикалық қаһарманының көңіл-күйін, ахуалын бейнелеу мақсатындаақын«жаралы жүрек», «улы жүрек», «жылы жүрек», «ет жүрек», «долы тіл», «ащы тіл», «тәтті тіл», «улы сөз» деген сияқты ұғымдарды образдылықпен пайдаланады. Көп ретте ақынның лирикалық қаһарманы «таза жүрек» іздеу жолында «ет жүрегін» қолына алып, «сүм жүректермен»айқасады. Заман деңгейінен аса алмай пұшайман болған көздерінде «дертті жүрекке» айналады. Шығармашылық жолы- ның өне бойында адамгершілік мәселесін, ардың тазалығын, имандылықты бірінші орынға қойып отырады. «Арың сатпа, терің сат, адалды ізде», -дейді ақын. Бұл мәселелерге ол өз елінің перзенті тұрғысынан қарады. Ойғабатты, толғанды. Абайға жүгініп отырады. Өзінің алғашқы шығармаларының бірі - «Жастарға» атты өлеңіңде ақын өзіне де, өзгеге де Абайды бағыт сілтеуші, жолбасшы ретінде ұсынды. Әлеңде жас ақынның сезімталдығы мен керегендігі танылды. Сол кезде небары отыздан жаңа асқан Абайдың кемеңгерлігін, даналығын, парасатын бағалай білудің өзі Шәкәрімнің осы қасиеттерін дәлелдей түседі. 21 жасында жазылған «Жастық туралы» өлеңінде Абайға тән өлең өрнегі, сезім суреттері мол. Өлеңнің ұйқасы да, өлшемі де өзгеше. Абайдың «Сегіз аяғымен» тамырлас. Өлеңде қыз сұлулығымен қоса жастықтың алаулаған жүрек бұлқынысын, ыстық сөзім, ар-инабат мәселөлерін ақын әсерлі зерлейді.

Поэмалары


Құдайбердіұлы,- поэма жанрында да жемісті еңбек еткен қаламгер. Ол 19 ғасырдың 2-жартысында Абайдан бастау алатын реалистік үлгідегі оқиғалы дастан дәстүрінің дамуына елеулі үлес қосты. Оның қаламынан қазақтың ертеректегі өмірінен алынып жазылған «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» атты поэмалар туды. Жаңа тұрпатты қазақ поэмаларының алғашқылары Абайдың «Eскендірі» мен «Масғұты» десек, одан кейінгі Ақылбай мен Мағауияның, Әсет пен Көкбайдың, Шәкәрімнің дастандары Ұлы Абайдың ақындық ықпалымен, шығармашылық тәлім-тәрбиесімен жазылған туындылар еді. Абай ең алдымен өзінің айналасындағы Шәкәрім тәрізді жастарды жаңа үлгідегі поэмалық өрісін кеңейту ісіне жұмылдырды. Тіпті кейбіреуіне өз жанынан тақырып беріп, жазғандарын талқыға салып, сынынан еткізіп отырды. Соның нәтижесінде Шәкәрімнің лирикалық поэзияда меңгерген көркемдік шеберлігі мен жетістіктері оның поэмаларының табиғатынан да айқын керініп жатады. Оның дастандарына шыншылдық, суреткерлік, терең психологизм, әлеуметтік астарлылық, философиялық ой-тұжырым кендігі тән болып келеді. Ақынның «Еңлік-Кебек» дастаны тікелей Абайдың тапсыруымен жазылған. Ұлы ұстаз Еңлік пен Кебек арасындағы оқиғаны өлеңмен жырлап шығуды Шәкәрім мен Мағауия ақынға қатар тапсырады. Соның нәтижесінде ғашықтық туралы екі дастан өмірге келеді. Кeзінде Абай екі дастанды салыстырып, әрқайсысына лайықты баға берген. Құдайбердіұлы көркем проза саласында да елеулі мұра қалдырды. «Әділ-Мәрия» атты роман (1925) жазды. Онда ғасыр басында қазақ аулында еткен оқиға баяндалады. Әділ мен Мәрия атты ғашық жастардың өмірі арқау болады. Абай бастаған реалистік әдебиетке тек шыншылдық, суреткерлік қасиет бұл шығарманың бойына мол сіңірілген. Абай өлеңдерінде бейнeлеңетін табиғаттың әсем көркі, ауыл мен дала- ның күнделікті қам-қарекеті романда керкем өрнекпен зерленген.

Прозалық шығармалары


Құдайбердіұлының прозалық шығармаларында осы тәрізді айқын бояу, айшықты суреттермен қатар, терең философия, халық даналығы, тарих тағлымы қоса еріліп жатады. Құдайбердіұлының философ, тарихшы, ойшыл ретінде танылуына себепкер болған «Үш анық», «Мұсылмандық шарты», «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты еңбектері көзінде жеке-жеке басылып шықты. Олардың жазылуына да Шәкәрімнің Ұлы ұстазы Абайдың ықпалы аз болмаған. Шәкәрімнің бозбала шағында оның білімділігін сөзген Абай оған қазақтың шежіресін жинауды тапсырады. Абайдың осы тапсырмасын жүзеге асыру жолында Шәкәрім ел ішіндегі түрлі әңгіме - аңыздарды жинаумен қатар, Батыс пен Шығыстың әйгілі ғалымдары Әбілғазының, Жүсіп Баласағұнның, Радловтың, Березиннің, Аристовтың, Левшиннің, басқада қытай, араб, парсы зерттеушілерінің еңбектерімен танысады. Оларда айтылатын тұрлі топшылаулар мен тұжырымдарды сараптай отырып, шежіре еңбек жазып шығады. Құдайбердіұлы өз өлеңдеріне арнап ән жазған компoзитор да. Оның сөзімді жүрегінен жиырмаға тарта әсем әуөзді әндер туды. Әсіресе оның «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Жастық туралы», «Анадан алғаш туғанымда» атты әндері нәзік сыршылдығымен, сөзімге байлығымен, компoзициялық тұтастығымен есте қалады. Абайдың тікелей тәрбиесін көрген шәкірт Шәкәрім өзінің көлемді де көркем шығармашылық мұрасын дүниеге әкелу барысыңда қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихындағы, тіпті бүкіл ұлттық мәдениетіміздің тарихындағы өзіндік орны бар көрнекті ақын, тамаша жазушы, білікті аудармашы, ойшыл философ, білімдар тарихшы, сыршыл сазгер дәрежесіне көтерілді.

Қысқаша мәлімет

Абайдың жолын қуған және одан үлгі алған, ойшыл- философ, ғалым-тарихшы, ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы 1958 жылы 11 шілдеде Семей уездінің Шыңғыс волостындағы Кең-бұлақта Құнанбай басқарған Тобықты руында дүниеге келген. Әкесі Құдайберді Абайдың үлкен ағасы. Шәкәрімнің анасы – Төлебике Қаракесек руынан Алдабергеннің қызы. Шәкәрімнің шығармалары оның өмір жолы және творчестволық қызметі туралы мәліметтер мен нақтыларды сақтайды.

  Әкесі Құдайберді Шәкәрімді 5 жастан бастап ауыл молдасына оқуға береді, молдадан араб және персі сауаттылығын тез үйренеді. 7 жасында жетім қалғанына қарамастан билік құрған Құнанбай атасының қорғауында Шәкәрімнің жас бала, бала, боз бала кездері қамсыз өтті. «Марқұм атам мені жетім деп есіркейтін, сондықтан оқытам деп көп қиналған жоқ, содан болар кейбір деңгейде оқуға деген ынтам да болған жоқ, ойыма келгенін жасайтын едім, оқу мен тәрбиеге қатысты қатаңдық көргенім жоқ,» - деп еске алатын Шәкәрім.

1866 ж. – әкесі Құдайберді қайтыс болған. Сол кезден оны Абай тәрбиеледі. Жанұяда Шәкірімді барлық жақсы көрді. Жергілікті землемерлер арқасында Шәкәрім орыс тілін меңгерді. Кейін, өз өмірі туралы ол «Мұтылғаның өмірі» поэмасы жазды. Жалпы, Шәкәрім әрқашан билерді, ақындарды, күйшілерді ықыласпен тыңдады. Және де әрбір тойда ол қатысты. 14-15 жасынан ол өлеңдер жазу бастады. Кейін ол «Жастық» өлеңі жазды. Бұл өлең Абайдың «Сегіз аяқ» үлгісінде болған. Шәкәрім жан-жақты, дарын адам болған. Домбыра, скрипка жасайтын шебер болған.

  Шәкәрім шамамен 1898 жылдан бастап, қырықтан асқан кезінде творчествоға бүтіндей бет бұрды. Белгілі бір жүйеде батыс және шығыс әдебиеттерін үйрене бастады. Сол кезде ол Шығыстың Хафиз, Физули, Навой сияқты ақын және ойшылдарының мұраларымен, сондай-ақ Байронның, Пушкиннің, Толстойдың шығармаларымен танысты. Әдебиет, тарих, философия, саз, риторика, жаратылыс ғылымдары, география, осының бәрі оны қызықтыратын.

  ХХ ғасырдың басы Шәкәрімнің творчестволық қызметінің атағы шыққан уақыт. 1906 жылы ол Меккеге, Мысырға, Стамбулға барып, сатып алған кітаптарын Семейге пошта арқылы жібере жүріп, кітапханаларда жұмыс істеген. Оның өмірінің соңғы кездері 1905-1907 жж. революциямен, столыпин әсерімен, бірінші дүниежүзілік соғыспен, Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыспен, февраль және октябрь революциясымен, азаматтық соғыспен, кеңес үкіметінің орнауымен, коллективизациямен тұстас келеді.

 Шәкәрім Ресей мен Қазақстан арасында болған көптеген елеулі жағдайлар мен өзгерістердің куәсі болған. Ол «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысына қатысқан. Қазақстанда кеңес үкіметінің орнауы, 1920-1921 және 1930-1931 жылдарғы аштық, 1928 жылғы жаппай конфискациялау – осының бәрі ақынның дүниеге көзқарасына үлкен әсер етті.

  Шәкәрім 1912-1922 жылдары өзін бүтіндей ғылым мен творчествоға арнап Кеңқонысорнында тұрған. 1931 жылғы 2 қазанда Шәкәрім кінәсіз сотталады және құпия түрде атылады. Ұлы талант иесі, үлкен ғалым көп жылдар бойы ұмытылып қалды.

  Құдайбердіұлының тірі кезінде оның «Қазақтар айнасы» кітабы, «Қалқаман-Мамыр» және «Еңлік-Кебек» поэмалары басылып шықты. 1913-1924 жылдары «Абай», «Айқап», «Шолпан» журналдарында, «Қазақ» газетінде бөлек өлеңдері, мақалалары мен эсселері жарияланды. «Абай» және «Шолпан» журналдарында Хафизден аударған аудармалар мен Физулидің «Лейлі мен Мәжнүн» поэмасының аудармасын басып шығарды. 1936 жылы Алматыда «Әдебиет майданы» журналына Пушкиннің «Дубровский» мен «Метель» поэтикалық аудармалары жарияланды.

Бұрынғы ССРО-ның прокуратурасының 1958 жылғы 29 желтоқсандағы Шәкәрімді қылмыстық жасамағаны үшін ақталғаны туралы шешіміне қарамастан, ақынның творчествосына тыйым салу тоқтамады. Бірақ халық ақынның шығармаларын есінде сақтады. Қазақ интеллигенциясы Құдайбердиевтің шығармаларын ресми түрде қайта қарауды талап етті. Тек 1986 жылдан кейін ғана Шәкәрімнің поэзиясын халыққа қайтаруға мүмкіндік туды.



Сұрақтар

  1. «Жастар» өлеңінің негізгі ойы қандай?

  2. Абай, Шәкәрім бойынша жастардың «шамшырағы» не?

  3. «Жастар» өлеңінде Шәкәрім қандай стилистикалық әдістерді пайдаланды?

  4. Шәкәрімнің көптеген өлеңдері қандай мақсатпен жазылған?

  5. Қандай оның өлеңінде ол жастарды білімге, ғылымға, өнерге шақырды?

  6. Еңбек туралы Шәкәрім жастарға нені жазды?

  7. 1906 ж. Шәкәрім қандай шығыс ғалымдардың еңбектерімен танысты?

  8. Ш.Құдайбердіұлы орыс тілінен қандай шығармаларды аударды?

  9. Шәкәрімге үшін ең негізгі байлық не? Неге?

  10. Оның поэмаларын атыңыз.

  11. Қандай Физулидің шығармасына Шәкәрім қазақ тілінде өз нұсқасын жазды?

  12. «Еңлік-Кебек» қандай жанраға жатады?

  13. «Еңлік-Кебек» поэмасының негізгі тақырыбы қандай?

  14. Неге ағайындардың арасында даулар болған? («Еңлік-Кебек» поэмасынан)

  15. Шәкәрімнің баласы Ахат Құдайбердіұлы 1966 ж. не істеді?

  16. Ахат Құдайбердіұлы әкесінің 14 әнін қалай сақтады?

  17. Садық Қасиманов кім? Ол Шәкәрімнің шығармашылығы туралы не айтты?

  18. Шәкәрімнің әндерін алғаш рет нотаға кім түсірді?

  19. Оның әндерін кім жинады?

  20. Алғашқы ретте «Еңлік-Кебек» қашан және қайда қойылды?

Пайдаланылған әдебиет

http://kk.wikipedia.org/

http://refkaz.com/

http://referaty-v.kz/

http://malimetter.org/

http://adebiet.kz/

Асыл Ұ., Жұмажанова Т., 2006, орыс тілінде жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006. – 256 бет.

Составитель: HomeWork.ucoz.kZ.

__ ай 201_

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет