Тапсырма
Мәтінді түсініп оқыңыз.
Баламалы энергия көздері
Баламалы энергия көздерін іздеудің бүгінгі күні маңызы артып отыр. Бұл үдерістен Қазақстан да артта қалған жоқ. Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Біз энергияның баламалы түрлерін өндіруді дамытуға, Күн мен желдің энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуге тиіспіз»,- деген еді.
Қазіргі уақытта жел мен Күн сынды баламалы энергия көздерін пайдалану жоғары дәрежеде деп айту қиындау. Өйткені мамандардың есебі бойынша, елімізде жалпы жаңғыртылатын энергия көздерінің үлесі 1% екен. Бүгінде Қазақстанның жер қойнауы табиғи қазбаларға бай болғандықтан энергия тапшылығы айтарлықтай байқалмайды, дегенмен баламалы энергия көздері ол болашақтың қажеттілігі екені сөзсіз.
Қазақстанның климаттық жағдайы – күн қуатын пайдалануға қолайлы. Ғалымдардың айтуынша, елімізде күн энергиясын өндіру мүмкіндігі жылына 2,5 миллиард киловатт-сағат. Бұл отандық ғалымдарды жаңа жобаларды жасауға жетелеп отыр. Мәселен, күн сәулесін жинайтын арнайы тақталар. Толық автоматтандырылған аталмыш тақтайшалар ғимараттан шықпай-ақ, күн сәулесінің түсу бұрышын анықтап, оны компьютер арқылы басқаруға мүмкіндік береді. Бұл арзан әрі қолайлы.
Бүгінде баламалы электр энергиясын өндіру озық әлемдік технологияларды енгізуге және энергетикалық тиімді бағдарламаларды іске асыруға мүмкіндік беретіні сөзсіз, сондықтан баламалы энергия көздеріне қазірден бастап баса назар аударылуы тиіс.
1.Мәтін оқырманға қалай әсер етуі мүмкін? Оқырманға қандай ой тастайды деп ойлайсыз?
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
Оқырманның қарым-қатынасын анықтау үшін талқылау сұрақтарын құрастырыңыз. Берілген тірек сөздерді қолданыңыз.
Тірек сөздер
|
Сұрақтар
|
... қалай ойлайсыз?
|
|
Неліктен ... мәселе орын алды?
|
|
... келісесіз бе? Сіз бұған қалай
|
|
қарайсыз?
|
|
3.Сүлеймен патша барлық жануарлардың тілін біліпті деген аңыз ежелден келеді. Бір күні патша барлық тіршілік иелерін жинап алып олардан адамдардың қандай зиян келтіріп жатқаны туралы сұрапты. Сонда барлық жан-жануарлар, өсімдіктер мен жәндіктер адам баласын тек мақтаған екен. Бұл Сүлеймен өмір сүрген дәуірде болған. Қазіргі кезде жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі адамның табиғатқа тигізіп жатқан әсері туралы Сүлеймен патшаға не айтар еді деп ойлайсыз? Жауабыңызды төменде берілген тапсырмалардың бірін таңдау арқылы жазыңыз.
Жануарлар әлемнің атынан хат жазыңыз.
Өсімдіктер әлемінің атынан өтініш жазыңыз.
Бағалау критерийі
|
№
|
Дескриптор
|
|
|
|
Балл
|
|
|
тапсырма
|
Білім алушы
|
|
|
|
|
Оқырман тұрғысынан мәтінге
|
1
|
мәтінде
|
көтерілген
|
мәселенің
|
|
талқылау
|
сұрақтарын
|
|
оқырманға әсерін анықтайды;
|
|
1
|
құрастырады
|
|
2
|
талқылау сұрақтарын құрастырады;
|
|
|
|
|
1.
|
|
|
|
|
1
|
|
|
|
2.
|
|
|
|
|
1
|
|
|
|
3.
|
|
|
|
|
1
|
Әртүрлі жанрда
|
мәтіндер
|
3
|
рөлге енеді;
|
|
|
|
|
1
|
құрастырады
|
|
|
оқырмандарды
|
өсімдіктер
|
мен
|
|
|
|
|
жануарлар
|
|
әлемін
|
қорғауға
|
1
|
|
|
|
ынталандырады;
|
|
|
|
|
|
|
мәтіннің жанрын сақтайды;
|
|
|
1
|
|
|
|
тақырыпты ашады.
|
|
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы
|
|
|
|
|
|
|
|
8
|