4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Ұрпақ тәрбиесі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқылатын шығарма М.Шаханов «Нарынқұм зауалы» поэмасы
Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі
Оқу мақсаты 7.Б/С3. Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап,
әдеби эссе жазу
7.А/И3. Шығармадағы көркемдегіш құралдардың
(символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора,
аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын
талдау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Шығарманы ұлттық құндылықтар тұрғысынан талдайды
• Әдеби эссе жазады
• Шығармадағы көркемдегіш құралдарды
анықтайды
• Көркемдегіш құралдардың қолданылу
ерекшелігін талдайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты Жоғары деңгей дағдылары
30-35 минут Тапсырма
Тақырыпты ұлттық құндылық тұрғысынан талдаңыз. Әдеби эссе жазыңыз.
М.Шахановтың «Нарынқұм зауалы» шығармасында шындық, құрмет, әділдік қалай көрініс тапқан? «Иә, шындықтың ащы даңқы...» тақырыбында әдеби эссе жазыңыз.
2.Берілген өлең жолдарындағы көркемдегіш құралдарды анықтап, қолданысына талдау жасаңыз.
...Қалай жүрем
Темірден
Соғып шыдам,
Төзімді...
Көріп едім бәрін мен
Ойып алды көзімді.
Қалай жүрмін -құламай!-
Қазды менің түбімді.
Сөз айтып ем -
Шыдамай!-
Қырқып алды тілімді.
Қай жерде мен тайқып ем?!-
Сынап тағы бағымды -
ойымды мен айтып ем,
отқа салды жанымды.
Кеуіп қалды таңдайым,
Көтеріп ем басымды
Қақ айырылды маңдайым
Бағалау критерийі
|
Тапсырма
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім алушы
|
Шығарманы ұлттық
құндылықтар тұрғысынан
талдайды.
Әдеби эссе жазады.
|
1
|
ұлттық құндылықтарды ажыратады;
|
1
|
шығарманы ұлттық құндылық
тұрғысынан талдайды
|
1
|
эссені әдеби негізде, ұлттық
құндылығын сақтап жазады;
тақырыпты ашады;
өзіндік ой-тұжырым жасайды
|
3
|
|
|
|
|
|
2
|
- көркемдегіш құралдарды анықтайды;
- шығармадағы қолданысына талдау жасайды
|
3
|
Барлығы 8
|
Достарыңызбен бөлісу: |