Популяция туралы түсінік және оны зерттеуге қысқаша шолу жасаңыз


Реликт және эндемик өсімдіктер түрлерінің популяциясын зерттегенде есепке алынатын көрсеткіштерін атаңыз



бет3/5
Дата18.02.2020
өлшемі86,32 Kb.
#58334
1   2   3   4   5
Байланысты:
Экология особи, жауаптар


20. Реликт және эндемик өсімдіктер түрлерінің популяциясын зерттегенде есепке алынатын көрсеткіштерін атаңыз

Эндемик (грек. endemos – жергілікті) – Жер шарының шағын аймақтарына ғана таралған өсімдіктер мен жануарлар. Э. ұғымы түр, туыс, тұқымдас, т.б. жүйелік топтарды қамтиды. Эндемиктік түрлердің пайда болуы мен дамуына оқшаулану, климаттық, т.б. сыртқы орта жағдайлары және биотик. факторлар (қ. Фактор) әсер етеді. Мыс., Әулие Елена аралында кездесетін өсімдік түрінің 85%-ы Кавказ тауының өсімдіктерінің 20%-ын құрайды. Эндемик түрлер ежелгі замандардан сақталып келе жатқан (палеоэндемиктер) және соңғы геол. замандарда пайда болған (неоэндемиктер) деп бөлінеді. Палеоэндемиктерге: екіқалақты гинго ағашы (Шығыс Қытайда ғана кездесетін), мәңгі жасыл секвойя ағашы (Батыс Орегон мен Калифорния тауларында өсетін), латимирия балығы (Комор аралдарының маңында кездесетін) мен үйректұмсық (Тасмания аралында ғана таралған) жатады. Ал неоэндемиктерге: Қырымда кездесетін кейбір өсімдік пен жануар түрлері, Британ аралдарында таралған кейбір жануарлар жатады. Қазақстанда өсімдіктердің 730-дан астам түрі Эндемикге жатады. Олардың 175 түрі далалық алқаптарда, ал 540 – 570 түрі таулы өңірлерде таралған. Тек Қазақстанның оңт-нде өсетін өсімдіктердің 165 – 170-тей түрі Эндемиктер болып саналады. Мысалы; Қаратау қауы, Қаратау маралтамыры, Іле ұшқаты, Алатау бөденешөбі, Бетпақдала сылдыршөбі, Қарқаралы бөріқарақаты, Тарбағатай кемпіршөбі, т.б. Тек республика аумағында ғана кездесетін жануарлардың Эндемик түрлеріне – Түркістан шаяны, Балқаш алабұғасы, Жетісу бақатісі, Қарабалық, Іле жорға торғайы, Көк құс, Арал қаязы, Шу сүйрік қанаты,Тарғақ, Жұпар, Қаратау арқары,Жалман, т.б. жатады. Эндемик түрлердің көпшілігі сирек кездесетіндіктен, әрі ғыл. тұрғыдан толық зерттелмегендіктен Қазақстанның “Қызыл кітабына” (1981, 1996, 2006) енгізілген. Мұндай Эндемик түрлер қатаң қорғауды қажет етеді.

Қазақстанда өсiмдiктердiң 15 мыңдай түрi бар. Оның 2 мыңнан астамы балдырлар, 5 мыңдайы — саңырауқұлақтар, 600-ге жуығы — қыналар, 500-ге жуығы мүк тәрiздiлер және 6 мыңнан астамы — жоғары сатыдағы түтiктi өсiмдiктер. Қазақстан микрофлорасының (саңырауқұлақтар) құрамындағы түрлердiң 4,8%-ы эндемик болып табылады. Жоғары сатыдағы өсiмдiктердiң түр байлығы, интродукцияланған, мәдени дақылдар мен кездейсоқ әкелiнген 500-ден аса түрлердi қоспағанда, 161 тұқымдасқа, 1120 туысқа жататын 6100-ге жуық түрден тұрады. Оның iшiндегi 730 түр тек Қазақстанда өсетiн — эндемиктер. Бұлардың iшiндегi ең ерекше 12 монотиптi туыс бар: физандра, рафидофитон, жалған шөлмасақ, жалған шандра, боченцевия, канкриниелла, тобылғыгүл, птеригостемон, пастернаковник, тоғайя, недзвецкия, шолақтауия. Қазақстан флорасындағы түрлердiң басым бөлiгi 15 тұқымдасқа топтасқан. Алғашқы құрлықтық өсiмдiктердiң қалдықтары Оңт. Балқаш өңiрi мен Бұрынтауда жоғ. ордовиктiк қатпарлардан табылған. Олар плаун тәрiздiлерге жататын Akdalophyton caradocki пен қырықбуынға жататын — Sarituma tatjanae. Бұлар шамамен 450 млн. жыл бұрын тiршiлiк еткен.

Қазақстанның өсімдіктер жабынын 6000 түрден астам 128 тұқымдасқа жататын жоғары сатыдағы өсімдіктер жасайды. Олардың 14% эндемиктер флоралық әртүрлілік деңгейі Қазақстанның әртүрлі бөліктерінде бірдей емес. Қазақстанның тегістік бөліктерінде шөлдер және далаларда флораның әртүрлілігі және өзіндік ерекшелігі батыстан Шығысқа қарай ұлғаяды. Ал тау жүйелерінде флораның әртүрлілігі және өзіндік ерекшелігі Солтүстік-Шығыстан (Алтай) Оңтүстік батысқа (Батыс Тянь-Шань, Қаратау) қарай ұлғаяды. Қазақстанда 10 монотиптік эндемикалық туыстарды ерекше атауға болады: Physandra (Физандра), Rhaphydophyton (Рафидофитон), Pseuderemоstаshys (Лжепустынноколосник-жалған шөлмесақ), Botschantzevia (Бочанцевия), Pseudomarrubium (Ложная шандра-жалған шандра), Canсriniella (Канкриниелла), Spiraeаnthus (Таволгоцвет-тобылғытүс), Pterygostemon (Птеригостемон), Pastinacopsis (Пастернаковник), Niedzwedzkiа (Недзвецкия) Қазақстанның 1981 жылы баспадан шыққан Қызыл кітабына жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің 279 түрі кіргізілген болса, соңғы жылдары баспаға тапсырылған қызыл кітаптың екінші басылымына өсімдіктердің 400 сирек кездесін түрлері енгізілген.



21. Қызыл кітапқа енген өсімдік түрлері жағдайының негізгі проблемаларын атаңыз

Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.

Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе-теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр.Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.

Қызыл кітапқа тіркелген өсімдіктер тізімі — Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы - Қызыл кітапқа еңгізілген өсімдіктердің 140 түрінің таралуы, олардың қорғау мен мәдени түрде өсірілуі жайлы мәліметтер берілген. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жеке кітап болып 1978 ж. жарық көрді. “Қазақстанның Қызыл кітабының” екінші бөлімі 1981 ж. өсімдіктерге арналып шығарылды. Онда жабықтұқымдылардың 288, ашықтұқымдылардың 2, қырыққұлақ тәрізділердің 3, мүктердің 3, саңырауқұлақтардың 10, қыналардың – 1 түрі берілген.

Өткен ғасырдың 60 - шы жылдарында адамзат алдында өсімдіктер әлемінің қорғауға тікелей кірісу туралы мәселе туындады. Дүние жүзі көлемі және жекелеген мемлекеттер ішінде жануарлар мен өсімдіктерді қорғау туралы комиссиялар құрылып, сирек кездесетін және құрып бара жатқан түрлер тізімі жасалды.

Қызыл кітап – сирек кездесетін және жер бетінен біржолата жойылып кету қаупі төнген өсімдік пен жануар, саңырауқұлақ түрлерінің жайы мен таралуы туралы үнемі жаңартылып отыратын мағлұматтар жиынтығын қамтитын ресми құжат.

Қызыл кітап - бұл қауіп - қатер дабылы. Түрдің бұл кітапқа енгізілуі, оған ерекше көңіл бөлу керек екендігін білдіреді, көбіне арнайы қорғау шаралары қажет, әйтпесе түрдің мүлдем жоғалып кетуі мүмкін. Қазақстан үкіметі 1978 жылдың қаңтарында Қызыл кітапты құру туралы қаулы шығарды.
22. Географиялық, экологиялық, фитоценотикалық кеңістіктегі өсімдіктер қауымдастығының қозғалғыштығын көрсетіңіз

Қалыптасқан өсімдік қоғамдастығының белгілі бір құрылымы, белгілі бір флористикалық құрамы және басқа да көрсетілген белгілері бар, бірақ қатқан және қозғалмайтын нәрсе болып табылмайды; яғни, қозғалғыштығы бар, ол өзінің табиғаты бойынша динамикалық. Ең алдымен бұл фенологиялық тәртіптің құбылыстарымен байланысты, яғни: 1) әртүрлі фенологиялық фазалар вегетациялық кезеңнің әр түрлі кезеңдерінде өтеді және 2) бұл фенологиялық фазалар көптеген түрлерде сәйкес келмейді.

Шын мәнінде, кейбір түрлер өзінің вегетация циклін өте тез өтеді, басқалары, керісінше, өте баяу және көктемнен бастап, жаздың соңында ғана гүлдейді; кейбірі өзінің вегетациясының басында гүлдейді, басқалары соңында гүлдейді және т.б., яғни өсімдіктер барлық уақытта өзінің өсу фазаларын ауыстырады. Мұның бәрі қауымдастықтардың физиономиясына және олардың аспектілеріне әсер етеді.

Ауысулар, олардың әртүрлі типтері өсімдіктер қоғамдастығы өзінің табиғаты бойынша қозғалмалы екенін куәландырады. Алайда, бұл ауысымдар қауымдастықтың негізгі қасиеттері мен белгілерінің бұзылуына және өзгеруіне әкеп соқпайды; ол өзінің одан да немесе одан да аз бұзылмаған күйінде қалады. Бірақ кейбір қоғамдастықтың барлық белгілерін түбегейлі қайта құруға әкелетін басқа тәртіптің бірқатар ауысымдары бар. Ауысымды зерттеу өсімдік жамылғысы тұтастай тұрақты қозғалыста екенін және тіпті жақсы қалыптасқан қоғамдастық өзінің барлық бөлшектерінде өзгеріссіз қалмағанын көрсетеді, бірақ жеткілікті баяу өзгереді.

Бір ауысым өте жылдам өтіп, жылдан жылға тікелей бақылаулар арқылы тіркелуі мүмкін, басқалары тым ұзақ мерзімді талап етеді және бірқатар фактілерді қоя отырып белгіленеді. Мысалы, батпақтардағы ауысым алыс уақыттарда қалған шымтезек қабаттарын зерттеу жолымен белгіленеді, Климаттық ауысым тарихи фактілерді салыстыру негізінде белгіленеді және т. б.

23. Географиялық кеңістіктегі локальды популяциялар, ареалдардың қалыптасуы, типтері және дизъюнкциясын сипаттаңыз

Популяция дегеніміз белгілі бір географиялық аумақта тіршілік етуге бейімделген, генетикалық шығу тегі бір, бір түрге жататын особьтар жиынтығы. Әрбір жеке түрдің өзіне тән таралу аймағы болады. Олардың сол аймақтағы тобы, сан мөлшері әр түрлі болуы мүмкін. Популяцияның сан мөлшерінің аз немесе көп болуы түрдің шығу тегіне, тарихына, ареалдың көлеміне т.б. көптеген себептерге байланысты.

Локальды (жергілікті) популяция - табиғаты бірдей кішігірім аумақтарды мекендейтін бір түрге жататын особьтар жиынтығы. Элементар популяциялардың табиғаттағы саны, даму эволюциясы мен ұзақтығы биоценоздың күрделі немесе қарапайымдылығына, бірегейлігіне байланысты болады.

Экологиялық популяция - жергілікті популяциялардың жиын-тығы негізінде қалыптасады. Олар негізінде түр ішіндегі топтар болған-дықтан белгілі бір биоценозда тіршілік етуге бейімделген. Мәселен, кәдімгі ақ тиін көптеген ормандарда кең таралған. Сондықтан олардың "қарағайлық", "шыршалық" немесе т.б. экологиялық популяциялары көптеп кездеседі. Олар бір-бірімен жиі араласатындықтан генетикалық алмасулар элементар популяцияларға қарағанда баяу жүреді.

Географиялық популяция - географиялық жағдайлары бірдей аумақты қамтитын, особьтар топтарын қүрайтын экологиялық попу-ляциялардан тұрады. Географиялық популяциялар салыстырмалы түрде бір-бірімен нақты шектелген әрі өсімталдығы, особьтар формасы, экологиялық қатарлары, физиологиялық мінез-қүлқы және басқа да касиеттері арқылы ерекшеленеді. Популяциялардың осылайша ұзақ жылдар бойы жекеленуі бірте-бірте географиялық раса немесе жаңа түр формаларын дүниеге алып келуі мүмкін.

Географиялық ареал (түрдің, туыстың, тұқымдастың және т.б.) таксономиялық бірліктердің – жер бетінде таралған аумағы. Бұндай ареалдар қарастырылып отырған ағзалар нақты кездесетін көптеген ұсақ, территориялық жағынан жақын орналасқан аймақтардан тұрады.

Түрдің пайда болу жерілерінің көптүрлілігі, таксондардың жасы мен тіршілігіне әсер ететеін факторлардың барлығы ареалдардың көлемі мен ареалдың пішін анықтаушы болып табылады. Өзінің сипаттамасына байланысты бір-бірінен өзгеше ареалдар типтерін ажыратуға болады. Ареалдың кескіндік бейнесі өлшемдеріне қарай түрліше болып келеді.

АРЕАЛДЫҢ ТИПТЕРІ:

Космополит ареалдар. Жер шарының тіршілікке тиімді бөліктерінің көпшілігін алып жататын ареал түрі.

Циркумконтинентальды және циркуммұхиттықареалдар– бұлар жер мен мұхиттар жиынтығын қамтып жатқан және қандайда бір ендікпен шектелген ареалдар.

Эндемиктік ареалдар. Эндемиктік ареалдар алатын территориялары бойынша шектеулі. Олардың ауданы алуан түрлі болып келеді. Туыстар, тұқымдастар мен отрядтар үшін бұндай аудан салыстырамалы түрде ауқымды. Австралия, Тасмания, Жаңа Гвинея бірігіп алғашқы аңдар немесе қалталы сүтқоректілер отрядының ехидна және үйректұмсық тұқымдастарының ареалын құрайды.

Палеоэндемиктік (реликт немесе консервативті эндемиктер) ареалдар. Палеоэндемиктер ежелгі формалар, олардың ареалдары алғашында өте үлкен болады

Реликті эндемиктерареалдары тау қыраттарыныңықпалынан пайда болуы мүмкін.

Неоэндемиктік ареалдар. Неоэндемиктерді жас немесе прогрессивті эндемиктер деп те атайды

Дизъюнктивті (үзілген, ажыратылған) ареалдар. Үлкен маштабты карталарда ареалдар көбіне үзілген сипатта болады. Ареалдың шетіне таман кішкене көлемді аралдар болуы мүмкін. Бұндай жағдайда бөлшектенген, немесе фрагменттелген ареалдар туралы айтылады. Егер ареалдың бір-бірінен өте алшақ территориялар арқылы алшақтанған болса онда үзілген ареалдар немесе дизъюнктивті ареалдар болып есептеледі.


24. Ареал типтері: тұтас, үзілмелі, ленталы жөнінде айтыңыз.

Өсімдіктер ареалдары үш түрге бөлінеді: Тұтас, үзілмелі және ленталы.

Өсімдіктің тұтас ареалында ареалдың барлық мекендейтін жерлерін (Сібір майқарағайы, пушистый қайың) біркелкі алады.

Ареалдың үзілмелі түрі бар аумақ екі немесе одан да көп оқшауланған бөліктерге бөлінгенде немесе таралу аймағының тұтас бөлігінен басқа, осы түрдің аралдық мекендейтін жерлері бар (кәдімгі Қарағайлы және самырсын қалайы, Көктерек, арық қайың, қызыл емен, қара Қандыағаш) болғанда үзілмелі болып табылады.

Жыртылған таралу аймағының әртүрлі бөліктерінде түр эволюциясы әртүрлі жолдармен жүретіндіктен, ареалдың алшақтығы алмастырушы немесе викарлы деп аталатын жаңа түрлердің пайда болуына алып келуі мүмкін. Мысалы, бір-біріне қатысты викарлық-маньчжур және Солтүстік Америка сұр жаңғақ Қиыр Шығыс жаңғағы; еуропалық үйеңкі өткір жапырақты және Қиыр Шығыс үйеңкі.

Таспалы немесе ленталы ареалдарға өзендердің жағалауларында немесе олардың ежелгі арналарында (чозения, қара терек, ақ тал, қара және сақалды ольха) созылыңқы орналасқан аумақтар жатады. Таспалы ареалдар олардың солтүстік немесе Оңтүстік шекараларына жаппай және жыртылған ареалдар өтуі мүмкін. Мұндай ареалдар орман-дала және дала аймақтарында, Оңтүстік Тайга аймағында еменді, Қазақстандағы кәдімгі қарағайдың таспалы борларын ала алады.



25. Экологиялық ареал және экологиялық амплитуда ұғымдарының мағынасын айтыңыз

Өсімдіктің экологиялық ареалын өсімдіктің кездесетін экотоптардың немесе жердің экологиялық режимдерінің жиынтығы ретінде анықтауға болады. Экологиялық таралу аймағы, оның кеңдігі өсімдіктердің әртүрлі жағдайларда су мен тағамды алу қабілетіне байланысты. Бұл түрлердің иілгіштігімен, әртүрлі жағдайларға бейімделу қабілеттілігімен байланысты.

Түрдің экоареалы (немесе кез келген дәрежедегі таксон) - оның морфологиялық белгілері мен биологиялық ерекшеліктері сияқты маңызды белгі. Прогрессивті филетикалық желілердің түрлері көбінесе кең экоареалдармен және олардың баға-популяцияларын шектейтін экологиялық позициялардың алуан түрлілігімен ерекшеленеді,сол даму сызықтарын әдетте олардың мекендеу ортасының қатаң экологиялық шекаралары бойынша оңай танылатын. Нақты түрлердегі экоареалдарды талдау ортаның шектеуші факторларын анықтауға мүмкіндік береді. Экоареалдың шамасы (экологиялық факторлар кеңістігіндегі алаң ретінде анықталады) - бұл түрдің икемділігінің, оның әртүрлі экологиялық жағдайларда өмір сүру қабілетінің жалпыланған көрсеткіші.

Экологиялық Амплитуда - түрдің немесе қоғамдастықтың ортаның өзгермелі жағдайларына бейімделу шектері. Экологиялық валенттілік терминінің синонимі болып табылады.

Жекелеген факторларға қатысты экологиялық валенттілік ауқымының кеңдігін белгілеу үшін эври- "кең" және "тар" приставкалары қолданылады. Кең валенттілігі бар түрлер эврибионттар деп аталады. Олар әртүрлі жағдайлармен мекендейтін жерлерді қоныстандыруға мүмкіндігі бар. Факторлар әсерінің тар диапазонында өмір сүретін түрлер стенобионттар деп аталады. Олардың тіршілік ету орындарын игеру қабілеті айтарлықтай шектеулі

26. Космополиттер, эндемиктер, реликтер оларға тән ерекшеліктерін көрсетіңіз Эндемик (грек. endemos – жергілікті) – жер шарының шағын аймақтарына ғана таралған өсімдіктер мен жануарлар.

Эндемик ұғымы түр, туыс, тұқымдас, т.б. жүйелік топтарды қамтиды. Эндемиктік түрлердің пайда болуы мен дамуына оқшаулану, климаттық, т.б. сыртқы орта жағдайлары және биотик. факторлар (қ. Фактор) әсер етеді. Мысалы, Әулие Елена аралында кездесетін өсімдік түрінің 85%-ы Кавказ тауының өсімдіктерінің 20%-ын құрайды.

Эндемик түрлер ежелгі замандардан сақталып келе жатқан (палеоэндемиктер) және соңғы геол. замандарда пайда болған (неоэндемиктер) деп бөлінеді. Палеоэндемиктерге: екіқалақты гинго ағашы (Шығыс Қытайда ғана кездесетін), мәңгі жасыл секвойя ағашы (Батыс Орегон мен Калифорния тауларында өсетін), латимирия балығы (Комор аралдарының маңында кездесетін) мен үйректұмсық (Тасмания аралында ғана таралған) жатады. Ал неоэндемиктерге: Қырымда кездесетін кейбір өсімдік пен жануар түрлері, Британ аралдарында таралған кейбір жануарлар жатады.

Қазақстанда өсімдіктердің 730-дан астам түрі Эндемикге жатады. Олардың 175 түрі далалық алқаптарда, ал 540 – 570 түрі таулы өңірлерде таралған. Тек Қазақстанның оңт-нде өсетін өсімдіктердің 165 – 170-тей түрі Эндемиктер болып саналады. Мысалы; Қаратау қауы, Қаратау маралтамыры, Іле ұшқаты, Алатау бөденешөбі, Бетпақдала сылдыршөбі, Қарқаралы бөріқарақаты, Тарбағатай кемпіршөбі, т.б.

Космополиттер (биогеографиядағы) — барлық құрлықтарда немесе мұхиттарда өмір сүретін өсімдіктер мен жануарлардың түрі. Космополит өсімдіктерге жататындар, мысалы, көптеген төменгі сатыдагы организмдер (бактериялар, саңырауқұлақтар) және бірқатар су өсімдіктері (шалаңдар, қамыстар тағы басқалар.). Космополит жануарларга жататындар — теңіз жануарлары (мидин ұлуы), сондайақ жер бетіндеғі жануарлар, мысалы, жағалық қарлығаштар т. б.

Реликт (лат. relіctum — қалдық) — геологиялық замандарда кеңінен таралған, осы кезде тек шағын алқаптарда сақталған өсімдіктер мен жануарлар түрлері немесе табиғи бірлестіктер. Реликттер өздері тіршілік еткен заманның жасымен: мыс., палеозой заманымен (латимерия), мезозой заманымен (гаттерия, гинкго), кайнозой заманымен (секвойя, қортық қайың, т.б.) ерекшеленеді. Кайнозойдың мұздану немесе мұзданудан кейінгі кезеңінен сақталған Реликт өсімдіктер мен жануарлар палеонтологиялық Реликтілер деп аталады. Қазақстанда нағыз Реликт жануарларға қоқиқаз бен реликт шағала жатады: олардың алғашқысы байырғы мекенінен тым алыстап кеткен, соңғысы тек Алакөлдің алабында ұялайды. Жануарлар мекенінің өзгеруі олардың тіршілік жағдайларының ұзақ уақыт өзгеріп отыруына байланысты. Қазір жұпартышқан, Мензбир суыры, жалман, Үстірт арқарының таралу аймағы тарылып кетті. Ал Жетісу аяқтыбалығы Қазақстанда ғана сақталып қалған. Ертеде ылғалды жерлерді қоныс еткен, оңт. өңірлерге ғана тән кейбір жануарлар (кіші аққұтан, сары құтан, сұлтан тауығы, қырғауыл, бірқазандар, т.б.) Реликт жануар ретінде Каспий т-нің солт-нде тіршілік етеді. Қазақстанда Реликт өсімдіктер деп Шарын өз-нің аңғарында кездесетін шаған (ерен) тоғайын атауға болады. Ғалымдар ол тоғайдың жасын 25 млн. жылға теңеп отыр. Мұндай тоғай қазір АҚШ-тағы Колорадо штатындағы Үлкен каньонда ғана сақталған. “Алтынемел” ұлттық табиғи саябағында кездесетін тораңғы тоғайы да Р. түрге жатады. Мұздану кезеңінен сақталған Алматы облысындағы Шынтүрген шыршалы алқабы — бір кездегі солт. тайганың қылқан жапырақты орманының қалдығы. Мұндай Реликт түрлерге Бурабай, Зеренді өңіріндегі сфагнум мүгін, Қарқаралы алқабындағы шымтезекті батпақты биоценозды жатқызуға болады. Реликт түрлерінің ғыл. маңызы зор. Олардың таралу аймағы тарылып, санының азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.




27. Ценопопуляция динамикасының түрлері (сукцессивті, флуктационды, сукцессия.) туралы жазыңыз

Өсімдіктің барлық өлшемдік және сандық сипаттамалары ценопопуляцияларында кең ауқымда өзгереді.

Көптеген шалғынды өсімдіктерде маусым бойы және жылдар бойы өскіндердің санының ауытқуы 1-2-ден 100-1000-ға дейін м2 құрайды. Дала ценоздарында әрбір жылда өскідер мүлдем пайда болмауы мүмкін. Олардың жаппай жойылуы, мысалы, құрғақшылық, фитофагтар жеу, ересек өсімдіктермен тежелу кезінде орын алады. Әртүрлі түрлердегі ценопопуляциялардың жастық спектрлері әртүрлі динамикалық дәрежеге ие: 1) популяциялық толқындар біртіндеп қозғалады, бұл ретте жас спектрінің түрі өзгермейді және ол толық күйінде қалады. 2) популяциялық толқындар тез қозғалады, жас спектрі жарылған және толық емес болуы мүмкін. Динамиканың осы екі түрі арасында әртүрлі өткелдер бар. Барлық популяциялық көрсеткіштердің үлкен лабильділігі реактивті түрлерге, босаған аудандарды тез басып алуға, сонымен қатар бәсекелестік түрлермен ығыстыру кезінде оларды босатуға қабілетті эксплеренттерге тән.
Жиі бір бағытты өзгермеген цено популяциясы немесе оның жеке локустарының туудан жетілу мен қартаюға дейінгі өзгеруі байқалады. Сайып келгенде, осы алаңда ценоопопуляция немесе локус жоғалады. Динамиканың мұндай түрі сукцессивті деп аталады. Мысалы, қарқынды жайылым жүктемесі кезінде БІР ЖЫЛДЫҚ шоғырдың ценопопуляцияларында цено популяциясының тығыздығы азаяды, одан жас топтар түседі, жалпы тез қартаю жүреді және баға‑пуляция жоғалады. Кейбір жағдайларда динамиканың сукцессивті түрі ценопопуляциясы шегінде жеке локустар сипатталады,ал ол жалпы тұрақтылықты сақтайды.

Жалпақ жапырақты ормандарда сары қаз пиязы пияз өсімдігінің ценопополяциясы бытыраңқы бұйралар түрінде бар. Бұл түр эксплеренттер тобына жатады, яғни өсудің жоғары жылдамдығы мен вегетативті көбеюдің үлкен энергиясы салдарынан босаған аумақты тез басып алуға қабілетті. Жиі локус бір клонмен жұмыс істейді, оның басы бір ювенильді адам. Имматуралық жағдайға өтіп, ол жаңа ювенильдік дарақтарды қалыптастыра отырып, көбейе бастайды. Ювенильдік өсімдіктердің едәуір бөлігі содан кейін тыныш жағдайға ауысады, ал қалыпты дамып келе жатқан кезең-кезеңімен генеративті жағдайға дейін барлық жас жағдайы өтеді. Нәтижесінде барлық немесе дерлік клонның барлық дарақтары тыныштық күйіне өтуі мүмкін. Осылайша, бұйраның дамуы аяқталады. Бұл процесс 10-25 жылға созылады. Бірақ табиғатта бұл сирек кездеседі, өйткені топырақ пен орман төсенішінің аздаған бұзылулары өскен жануарлармен тыныштық пияздардың оянуына әкеледі. Локустың дамуы өсімдіктердің ювенильдік жас жағдайынан басталады және клондардың даму процесі циклдық сипатқа ие болады. Әр түрлі локустар уақыт пен кеңістікте асинхронды дамиды, барлық баға популяциясы флюктуациялық өзгерістерге ұшырайды. Флюктуация-бұл кері, әртүрлі бағыттағы өзгерістер, бұл кезде қартаю кезеңдері мен жасаруы және ұрпақтары бір-бірін үздіксіз ауыстырады. Осылайша популяция бос алаңды сақтайды. Кейбір шалғынды өсімдіктерде инспекцермацияның уақытша тоқтатылуы және дарақтардың бір мезгілде өсуі мен қартаюы жас ауқымын жоғалтуына алып келуі мүмкін. Қалпына келтіру қалпына келгенде, жас дарақтар популяцияның одан әрі дамуы кезінде жаңа популяциялық толқынды құрайды, ол уақыт өте келе ценопопуляциясының ескі бөлігінің өшіп бара жатқан толқынын ауыстырады. Мұндай толқын тәрізді‑флюктуациялық тербелістер саны мен жас құрылымының, мысалы, шабындық түйіршікті. Жоғары динамизм шалғынды шөптер егісінде байқалады, әсіресе, тыңайтқыштардың жоғары мөлшері, суару, бірнеше рет иеліктен айыру сияқты антропогендік факторлардың әсері кезінде.



28. Өсімдіктердің экологиялық топтары және тіршілік формалары туралы жазыңыз

Сыртқы ортаның қаңдайда-бір факторына бейімделген, формалар түзуде маңызды роль атқаратын өсімдіктерді экологиялық топтарға бөледі. Ылғалдыққа байланысты өсімдіктерді мынадай экологиялық топтарға бөледі:

1. Ксерофиттер деп ылғалдың көп мөлшерде жетіспейтін (тұрақты немесе уақытша) жерлерінде өмір сүретін өсімдіктерді айтады. Ксерофиттерге судың булануын азайтатын әртүрлі бейімделушіліктер тән — кутикуласы мен сыртқы эпидермисінің қабықшасының қалың болуы, түктерінің қалың болуы, устьица аппараттарының ойыстау жерде орналасуы, ұлпаларының ұсақ клеткалы болып келуі, клетка қабықшаларының сүректенуі, жапырақтарының шиыршықталып қалуы, жапырақтарының редукцияға ұшырауы және т.б. Кейбір өсімдіктердің тамырлары мен жапырақтары көп мөлшерде су жинайды (суккуленттер), жақсы жетілген тамыр системасын түзеді.

2. Мезофиттер деп ылғалдығы жеткілікті, өрі бірқалыпты болып келетін жерлерде өмір сүретін өсімдіктерді айтады.

3. Гидрофиттер деп суда өсетін өсімдіктерді айтады. Олардың біреулері толығымен, ал кейбіреулері жартылай суға батып тұрады. Олар не судың түбіне бекініп өседі, не болмаса суда еркін жүзіп жүреді. Олардың оргаңдарының сыртқы беті үлкен, жапырақтары жіңішке, кутикуласы жоқ, клетка аралық қуыстары үлкен, ауамен толтырылған, түтіктері нашар жетілген болады.

4. Гигрофиттер деп, ауаның ылғалдығы жоғары болатьш жерлерде өсетін өсімдіктерді айтады. Олардьщ судың булануын шектеуге арналған бейімделушілігі болмайды. Эпидермисінің клеткаларының қабықшалары жұқа, кутикуласы жұқа, устьица аппараттары жапырақ тақтасының бетіңде бірыңғай орналасқан, клеткалары үлкен, борпылдап бос жатады.

Жарыққа қатынасына байланысты көлеңке сүйгіш өсімдіктер деген экологиялық топты бөледі. Бұл топқа жататын өсімдіктер барлық уақытта көлеңкелі жерде өседі.Бұлар негізінен орманның төменгі ярусын құрайтын көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Олардың сабақтары жіңішке, ұзын, арқаулық лпалары жетілмеген, хлорофиллдері аз болады. Бір өсімдіктің бөрікбасының деңгейінде жарык, сүйгіш және көлеңке сүйгіш жапырақтар деп бөледі. Жарық сүйгіш жапырақтардың көптеген белгілері ксерофиттерге сәйкес келеді. Ойткені ашық күнде, барлық уақытта осімдіктерге жарық көп түседі де оны қыздырады, нәтижесіңде судың булануы күшейеді. Көлеңкелі жердегі жапырақтардың белгілері көп жағдайда гигрофиттердің белгілерімен сөйкес келеді. Жаңбырлы тропикалық ормаңдардың, көлеңке шамадан тыс көп түсетін жерлерінде, оркендердің негізгі бөлігін үстінгі ярусқа, күннің көзіне алып шығатын, осімдіктердің ерекше тіршілік формалары- лианалар мен эпифиттер қалыптасады. Лианалар деп ағаштарға өрмелеп тез осетін өсімдіктерді айтады. Олар қатты сүйенішті пайдаланып күннің көзіне қарай жылжиды. Эпифиттер деп жердің бетінен коп жоғары жердегі ағаштардың діңдеріне қоныстанатын шоптесін өсімдіктерді айтады. Олар оз бетімен қоректенеді.

Тіршілік формалары терминінен экобиоморфа терминінің айырмашылығы экобиоморфа термині морфологиялық бергілерітғана емес оған қосымша өсімдіктердің физиологиялық белгілерінде қамтиды. Экологиялық факторлардың әсері нәтижесінде өсімдіктің айқын сырт көрінісі, пішіні, оның тіршілік формасы қалыптасады. Егер біз өсімдіктің бар түрін алып қарайтын болсақ, оның ареалының әр түрлі экологиялық жағдайында әртүрлі тіршілік формаларының бар екендігін байқауға болады. Мысалы, көптеген ағаштар өзінің ареалының шекарасына жақын жерлерде формаларын өзгертіп бұталарға немесе тіпті төселіп өсетін формаларға айналды. Мысалы түркістан аршасы т.б, басқаша айтқанда, өсімдіктің тіршілік формасы оның өмір сүретін жағдайының – экологиялық факторлардың өзгеруіне байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.

Раункиер тіршілік формаларын бөлшектегенде жылдың қолайсыз уақыттарына өсімдіктің шыдап, төзу ерекшеліктерінің ішінен бір белгісін негізге алған. Ол жаңару бүршіктерінің немесетөбе өркендерінің жылдың қолайсыз уақыттарында топырақ бетіне қатысты орналасуына байланысты тіршілік формаларын 5топқа боледі. 1. Фанерофиттер – бүршіктер топырақ бетіне 30-40 см және одан да жоғары ауада орналасқан.Хамефиттер – қолайсыз кезеңде бүршіктері топырақ бетіне жақын 20-30 см орналасқан. 3. Гемикриптофиттер – жаңару бүршіктері және төбе өркендері тікелей топырақ бетіне төсеніш астына орналасқан. 4. Криптофиттер – «жасырын» жер үстіндегі өркендер толық өледі, жаңару бүршіктері жер астында, әр түрлі тереңдікте сақталады; 5. Терофиттер – біржылдықтар, қолайсыз кезеңді тұқым күйінде өткізеді. Раункиер ұсынған тіршілік формалары өсімдіктер структурасының негізгі үлгілері болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет