Жалпы педагог портфолиосын құру идеясында терең мағына жатыр. Оларды үш топқа бөлуге болады: - Философиялық;
- Әдістемелік;
- Практикалық.
Бірінші, философиялық мағынасына тоқталатын болсақ, бұл кез-келген мұғалімнің өзінің педагогикалық іс-әрекетін ұдайы талдап, талқылап, жай-күйін ойланатынын, рефлексияға бейім екенін білдіреді. Сондықтан, осындай ой-толғаныс нәтижелерін мұғалім қандай да бір форма арқылы сыртқа шығарады. - Бірінші, философиялық мағынасына тоқталатын болсақ, бұл кез-келген мұғалімнің өзінің педагогикалық іс-әрекетін ұдайы талдап, талқылап, жай-күйін ойланатынын, рефлексияға бейім екенін білдіреді. Сондықтан, осындай ой-толғаныс нәтижелерін мұғалім қандай да бір форма арқылы сыртқа шығарады.
- Екінші, әдістемелік мағынасы, мұғалімнің өз іс-әрекетін қандай деңгейде шеберлікке жеткізгендігін дәлелдеуі болып табылады. Яғни, педагог кәсіби іс-әрекетінің нәтижелілігінің куәсі бола алатын кестелер мен диаграммаларды, графикаларды, сонымен қатар, ғылыми-әдістемелік және тәжірибелі-эксперименттік жұмыстарының материалдарын, сыныптан тыс шаралар мен авторлық сабақтарының жоспарларын тұтастай жинақтай беріп, безендіреді.
- Ал, практикалық мағынасы, педагогтың жұмысының мәнділігін дәлелдеуі. Ол сертификатталған құжаттарды мақтанышпен жинай отырып, толтыруды меңзейді.
Достарыңызбен бөлісу: |