Портфолионың педагогикалық міндеттері. Портфолионың функциясы мен құрамы


Мұғалім портфолиосын құрудың негізгі принциптері



бет2/3
Дата22.09.2022
өлшемі2,24 Mb.
#150441
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
Портфолионы педагогикалы міндеттері. Портфолионы

Мұғалім портфолиосын құрудың негізгі принциптері:
-жүйелілік;
-мәліметтердің нақтылығы мен ауқымдылығы;
-ақпараттың объективтілігі;
-көрнекілік.
Мұғалімнің портфолиосы
Мұғалім портфолиосы – мұғалімнің барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның кәсіби қызметінің әр түрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы.
Мұғалім портфолиосы – мұғалімдік жұмыс папкасы ғана емес, алдын ала жоспарланған жетістіктерінің өзіндік іріктеулері.
Бұл өмір қажеттілігінен яғни, білім сапасын үздіксіз көтеріп отыру талаптарынан деуге толық негіз бар. Портфолио оқытушы жұмысының нәтижесіне мониторинг жасау үшін білім беру мекемелерінің әкімшілігіне аса қажет, бір жағынан педагогтың өзін-өзі бақылауы және білімін көтеріп отыруы үшін де маңызды.
Мұғалім портфолиосының өзіндік ерекшеліктері бар. Кәсіби маман ретінде мұғалім өз жұмысындағы жетістіктерін негізгі екі бағытта көрсете алады.
Мұғалім портфолиосының артықшылықтары:
  • Әр түрлі жұмыс бағыттарын қамтитындығы;
  • Жүйелеу және толықтырулар енгізу мүмкіндігі;
  • Жекелеген және жүйелі өзгерістер енгізу жағдайы;
  • Өзара ақпарат және тәжірибе алмасу мүмкіндігі.
  • Портфолио жасақтаудың шығармашылық сипаты.
  • Өзі және өзгелер үшін тиімділігі мен пайдалылығы.
  • Жасақтаудағы дербестік пен белсенділіктің жоғарылығы.

Портфолионың маңызды бөлімдері:


1.Автопортрет – өзі туралы жалпы мәліметтер, яғни толық резюме. 2.Тікелей білім беру жұмысы – сабақтардың күнтізбелік және күнделікті жоспарлары.
  • Өз білімін көтеру – өз білімін көтеру жоспары, білімді көтеру курстары және олардың дипломдары.
  • Шығармашылық жұмыстар – шығармашылық бағыты мен жоспары, кәсіби-педагогикалық.
  • Мұғалім мен оқушыларының жетістіктері – атақтары, марапат қағаздары, дипломдар мен сертификаттар.
  • Дарынды балалармен жұмыс – дарынды оқушылармен жұмыс жоспары мен іс-шаралар, олардың іске асырылуы.
  • Үлгермейтін оқушылармен жұмыс – үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс жоспары мен іс-шаралар, олардың іске асырылуы.
  • Мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуы – тәжірибе алмасу жоспары мен іс-шаралары.

Оқытуда зерттеушілік іс - әрекеттердің кеңінен қолданылуы қазіргі талаптарға сай келетін жаңаша бағалау жүйесін қажет етеді. Критериалдық бағалау жүйесі арқылы:
  • Оқушының тұлғалық бағытын белсенділікке бағыттау
  • Тұлғаны нәтижеге жеткізу
  • Өсу динамикасын кез-келген кезеңде анықтау
  • Қалыптастырушылық және негізгі бағалау арқылы білімін анықтауға болады.

  • Қалыптастырушы бағалау - күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды; - негізгі бақылау жұмысына дейін білімін жүйелейді; - кездескен қиыншылықтарын қалыпқа келтіруге оқушыға мүмкіндік береді.

Негізгі бағалау белгілі бір тақырыпты қорытындылау мақсатында орындалады; негізгі бағалаудағы оқушының алған
бағасы тоқсандық баға болып табылады; бір тарауға байланысты қалыптастырған білім деңгейін анықтайды және мазмұны оқылған материалды қамтуы керек. Негізгі бағалауда барлық критерийлер барынша қолданылуы керек. Критерий оқушының жас ерекшелігіне, бағдарламаға сай алынады.
Критерий арқылы бағалау мұғалімдерге:
  • сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құруға;
  • өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға;
  • оқу үрдісінің сапасын жақсартуға;
  • әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың траекториясын құруға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет