38. Үміткерлердың Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша шағымдарын қарастыру және олардың құқықтарын қорғау мақсатында уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде апелляциялық комиссиялар құрылады.
39. Апелляциялық комиссияның төрағасы және құрамы уәкілетті орган басшысының немесе оның аумақтық бөлімшелерінің бұйрығымен бекітіледі.
Апелляциялық комиссияның құрамына бақылаушы ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері қосылуы мүмкін.
40. Апелляциялық комиссияның жұмысын апелляциялық комиссияның төрағасы, немесе апелляциялық комиссияның төрағасы болмағанда төрағаның орынбасары басқарады.
Апелляциялық комиссияның іс-қағаздарын жүргізу уәкілетті орган басшысының немесе оның аумақтық бөлімшелерінің бұйрығымен тағайындалатын хатшымен жүзеге асыралады.
41. Аумақтық бөлімшелердің апелляциялық комиссиясы тестілеу бағдарламаларында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің төмен нәтижесін алған "Б" корпусының лауазымына үміткерлердан апелляцияға шағымдарын қабылдайды және қарастырады.
42. Апелляцияға кандидаттан келесі шағымдар қабылданады:
1) нақты сұрақтардың қисындығына шағымдану;
2) техникалық ақаулықтарға сілтеме жасап, тестілеу нәтижелеріне шағымдану;
3) тестілеу қағидаларын бұзу туралы актіге шағымдану;
4) тестілеудің қалыпты барысына кедергі болған жағдайларға сілтеме жасап, тестілеу нәтижелеріне шағымдану.
43. Осы Қағидалардың 1 және 4-қосымшаларында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуде мәндерден төмен нәтиже алған үміткерлердан 12-қосымшаға сәйкес нысандағы апелляцияға шағым апелляциялық комиссия төрағасының атына жеке беріледі. Апелляцияға шағым тестілеуден өткен күннен кейін 10 (он) күнтізбелік күн ішінде қабылданады және апелляциялық комиссияның отырысында апелляциялық комиссиямен айқындалған кестеге сәйкес қарастыралады.
Апелляциялық комиссияның отырысы түскен шағымдардың санына байланысты өткізіледі.
44. Апелляциялық комиссияның отырысында апелляцияға шағым берген үміткерлердың тестілеудің толық нәтижелері қарастырылады.
Тестілеудің толық нәтижелері өзіне үміткердің дұрыс жауап бермеген тест тапсырмалары және оның жауап нұсқасы қосады.
45. Апелляцияға шағым берген үміткерлердың тестілеудің толық нәтижелері апелляциялық комиссияға Орталықпен сұрау бойынша ұсынылады.
Бұл ретте, тестілеудің толық нәтижелері "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісімен ресімделеді және үміткерлерға тек танысу үшін беріледі.
46. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның шешімдері екі данада жасалуы және осы отырысқа қатысқан апелляциялық комиссияның барлық мүшелерімен қол қойылуға тиіс хаттамалармен ресімделеді. Апелляциялық комиссияның отырысы хаттамасының екінші данасы Орталыққа жіберіледі және бір жыл ішінде сақталады.
Апелляциялық комиссияның шешімі мүшелердің жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан жағдайда құқылы болады.
47. Апелляциялық комиссия апелляцияға берілген шағымды қарастыру нәтижесі бойынша екі шешімнің бірін қабылдайды:
1) апелляцияны қанағаттандырусыз қалдыру;
2) үміткердің апелляциясын қанағаттандыру және оны тестілеуді қайта тапсыруға жіберу.
Бұл ретте, үміткер Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуді қайта тапсыруға бір рет қана жіберіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |