Сабақтың аты Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілісі. Сілтеме Жоспар



Дата27.07.2017
өлшемі411,13 Kb.
#22130
түріСабақ





Бекітемін:

Пәні: Қазақстан тарихы

Пән мұғалімі: Сулейменова Гулфарида

Сыныбы: 11



Сабақтың аты

Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілісі.

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

1. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы білімдерін қосымша ізденіс жұмыстары арқылы жүйелеп бекіту

2. ХХ ғасыр басындағы отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күреске талдау жасап, топтамалар арқылы ой-өрісін дамытуға бағыттау

3. Ынтымақтастықта жұмыс жасауға тәрбиелеу


Күтілетін нәтиже

Оқушылар Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың тарихи мәнін түсінеді, ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы ұлт-азаттық қозғалыстармен салыстырып талдайды, ұлт-зиялыларының ұстанған бағытымен танысады, патша үкіметінің отаршылдық саясаты туралы түсінік қалыптасады.


Негізгі идеялар

Қазақ жастарын майданға тыл жұмысына алу жөніндегі патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығы халықтың шыдамын тауысып, олардың отарлау езгісі мен орта ғасырлық қанауға қарсы көтерілуіне себеп болды. Жарлық бойынша Түркістан мен Дала өлкесінен майданға окоп қазуға 400 мың, соның ішінде Қазақстанның далалық облыстарынан – 100 мыңнан астам, Жетісудан- 87 мың адам жіберу көзделді. Көтерілісті басу үшін патша үкіметі өзінің ескі «Бөліп ал да, билей бер»деген тактикасында кеңінен қолданады. 1916 жылғы 23 тамызда Түркістан генерал – губернаторы Куропаткиннің жарлығымен майдан жұмыстарына шақырылулардан қанаушы таптардың бірқатар өкілдері босатылды.

Тапсырмалар

Топтық жұмыс «Постер қорғау»

Тапсырмалар

Жұптық жұмыс: «Семантикалық карта»

Тапсырмалар

Жеке жұмыс «Тірек сызбасы»

Ресурстар:

“Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс” картасы. Бейне жазба.

Көтеріліс басшыларының суреттері мен деректері, таратпалы карточкалар, слайдтар, интерактивті тақта, кітаптар көрмесі.




Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру

1.1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

1.2. Топқа бөлу (3 топқа бөлінеді)

Топ басшысына «Бақылаушының парағын» толтырып отыру тапсырылады

ІІ. Миға шабуыл (сұрақ-жауап)

1. «Ұлт-азаттық қозғалыс» ұғымын түсіндіріңдер?

2. Ұлт-азаттық қозғалыстың басты мақсаты?

3. ХІХ ғасырдағы Ресей құрамына ену дәуіріндегі қозғалыстарды ата?



Жеке жұмыс: Кесте толтыру:

Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстың даму кезеңдеріне сипаттама беру



Ұлт-азаттық қозғалыстың кезеңдері

Кезеңнің қысқаша сипаттамасы

Көтерілістер, бас көтерулер

І кезең







ІІ кезең








Ұлт-азаттық қозғалыс ұғымы

-Отар елдерге тән құбылыс;

-Ұлтты өзге мемлекеттің экономикалық, саяси, мәдени езгісінен азат ету жолындағы күрес;

-Отар елдердің отаршылдарға қарсы күресі;


Ұлт-азаттық қозғалыстың басты мақсаты

-Отарлық езгіден азат ету, мемлекеттілігін, тәуелсіздігін қалпына келтіру.

-Азаттық қозғалыстың өз мұратына жетуі жалпыұлттық күштердің ортақ мүдде төңірегіне топтаса алуына тәуелді.

ХІХ ғасырдағы Қазақстанның Ресей құрамына ену дәуіріндегі ұлт –азаттық қозғалыстар

-К. Қасымұлы, Ж.Нұрмұхаметұлы бастаған көтерілістер мен 1916жылғы көтерілістерді атауға болады.



Қазақ елінің ресей империясы құрамына енгеннен бергі азаттық қозғалысын қозғаушы күштер мен күрес тәсілдеріне қарай 2 кезеңге бөлуге болады.

  1. Билеуші әлеуметтік топ жетекші рол атқарған кезең

  2. Зиялылар тобы қызметімен байланысты

Тұлғаны таны

Ал балалар, бұл суреттерден бүгінгі талқылайтын тақырып не туралы болатынын байқаған боларсыңдар?

- Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілісі.

Енді осы қозғалыс туралы бейнежазбаны мұхият тыңдайық



Бейнежазба тыңдалады

ІІІ. Топтық жұмыс «Постер қорғау»

Үш топқа 3 түрлі тапсырма беріледі, өзара топта талқылап, Венн диограммасын жасау.

І-топқа «Қазақ зиялыларының көзқарасының ерекшелігі мен ортақ белгілері»

ІІ-топқа «Жетісудағы көтеріліс, Торғайдағы көтеріліс »

ІІІ-топқа «Б.Әшекеев, Ж. Мәмбетов»

Топтардың бірін-бірі бағалауы.



Жеке жұмыс: Тірек сызба даярлау(Топтағы әр оқушыға жеке тапсырма беріледі)

1916 ж. ұлт- азаттық қозғалыстың қозғаушы күштері:

-Қазақ шаруалары, жұмысшылар, батырлар, қолөнершілер, өзге ұлт өкілдері

1916жылғы қозғалыстың басталу себебі:

-Отаршылдыққа қарсы, алым-салық өсуі, Жерінен айырылу, патша жарлығы

Патша үкіметінің көтерілісті басу тактикасы :

-Тез арадакөтерілісшілерді басшысынан айыра білді, ұлттық қайшылықтарды пайдалана білді, үстем тапты өз мүддесіне пайдаланды.

Көтеріліске шығушылардың іс- әрекеттерін баянда:

-Жасақ құрды, тізімдерді жойды, хан сайлап, отарлауға дейінгі билікті қалпына келтіруге тырысты.
1916ж . ұлт-азаттық көтерілістің жеңілу себебі:

-Бытыраңқы, ұйымшылдық жеткіліксіздігі

-Қару- жарақ жеткіліксіздігі

-Рулық тартыстар

-Жергілікті халық пен қоныстанушылар арасындағы қайшылықтар

-Зиялылар арасындағы бірлік болмауы

-Үстем тап өкілдері сатқындығы

1916ж . ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызы

-Қазақ халқы таптық санасы өсті

-Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын ұғынуы

-Қозғалыс барысында өкімет құрылымы , қарулы күштер ,басқару аппараты құрылды

-Ресей империясындағы азаттық күрестің шырқау шыңы болды

Өзін-өзі бағалау



V. Жұптық жұмыс: Семантикалық карта

1. Ұлт-азаттық күреске қатысқан өзге ұлт өкілдері:






Бұл кім?

Н. Кротов

С.Ужгин

Е.Курев

С.Вервицкая

1

Қарқара қозғалысын ұйымдастырған:







+




2

Қостанай соц.-демократиялық ұйымын құрушы, «Қарабалықтағы оқиғалар туралы сөз» үнқағазын шығарған, көтерілісті тоқтатпауға шақырған:




+







3

Көтерілісшілерді қолдаған, кәсіпкердің қызы:










+

4

Торғайдағы көтерілісшілерді соғыс ісі шеберлігіне үйреткен:

+















Бұл кімнің сөзі:

Т.Рысқұлов

Ә.Бөкейханов

А.Байтұрсыноа

М.Дулатов

1

«Қазақ секілді іргелі жұрт өзгелер қатарында соғыс майданында қару-жарақ асынып,мемлекетті қорғауға лайық еді, қатарда жоқ қара жұмысқа байлануын кемшілік санаймыз»













2

«Жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды»













3

«Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды»













4

«Қазақ-қырғыз осы көтерілісте көп адамын өлтіріп, шаруасын күйзелтсе де, келешекте қандай ел екенін білдірді....»













Жұптардың бірін –бірі бағалауы

Қорытындылау Сұрақтарға жауап беру арқылы бірінші шыңға шығу



-------------

---
--


----

-
---- ---- ----

Сұрақтар:

1. 1916ж 20 шілдеде Түркістан генерал губернаторы болып тағайындалды (Куропаткин)

2. Орта жүздің ықпалды биі Нияздың немересі : (Ә. Жанбосынов)

3. «Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар»,-деп жазды (либерал-демократтар)

4. Түркістан өлкесінде атылды (347 адам)

5. 1916ж. қазақ жерінде қазақтардың саны.... кеміді (жарты млн)

6. «Алыспаған , жұлыспаған бостандық атына мінбейді, бұғаудан босамайды, ері құлдықтан, әйелі күңдіктен шықпайды, малына да, басына да ие болмайды» Бұл кімнің сөзі?

ҮІ. Кері байланыс: Жеделхат жолдау

Кейінгі тапсырмалар

Тақырыпқа қорытынды жасап, дәптерге түсіру


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет