«Шуро-и-Исламия»



Дата08.02.2022
өлшемі14,26 Kb.
#119625
Байланысты:
1905ж
1986 жылдың желтоқсанында алаңға шығып, Алаш партиясы, Қазақ автономиялық кеңестік социалистік республикасының құрылуы

1905ж.”Алаш”қозғалысы пайда болды.1917ж.21-26шілдеде Орынборда өткен бірінші жалпы қазақ сьезінде Алаш партясы құрылды.Мақсаты:Қазақ халқы отаралық езгіден азат ету.Автономиялық ұлттық мемлекет құру.”Алаш” партиясы өкімет билігі жолындағы күресте большевиктерге оппозиция болды.Жетекшісі:Ә.Бөкейханов.Мүшелері:М.Тынышбаев,М.Жұмабаев,Ш.Құдайбергенов т.б
«Үш жүз» партиясы
«Үш жүз» партиясы — Қазақстанда 1917 жылы қазан-қараша айларында дүниеге келген ұлттық-саяси ұйым. «Үш жүз» саяси ұйымындағы жетекшілік рольдерді бұрынғы қорғаушы адвокат, журналист және драматург Көлбай Төгісов, фельдшер және тілмаш Шаймерден Әлжанов, Әбілқайыр Досов, Ысқақ Көбеков, Мұқан Əйтпенов атқарды. ОК-тінің алғашқы төрағасы М.Әйтпенов, орынбасары К.Төгісов, хатшысы Ы.Көбеков болды. Оның қызметі екі кезеңнен тұрады. Біріншісі-1917 жылғы қараша мен желтоқсан айын қамтитын ұйымдастыру кезеңі, Қазанның азаттық идеяларының ықпалы арқылы ұсақ-буржуазиялық революциялық-демократиялық ұйым ретінде пайда болды және қалыптасты. Екінші — ұзақ кезең-қаңтар айынан 1918 жылдың ортасына дейін, бұл кезеңде партия Қ. Төгісовтың басшылығымен кеңес өкіметіне жақындады. «Үш жүз» қазақ социалистік партиясының бағдарламалық тезистері 1917 жылы 24 желтоқсанда «үш жүз»газетінде жарияланды. Жалпы олар шашыраңқы болды, оларда большевиктер партиясының бағдарламасымен сәйкестік аз болды. 
«Шуро-и-Исламия» партиясы
Ислам кеңесі – 1917 жылғы мамырда Мәскеуде өткен бүкілресейлік мұсылман съезінің шешіміне сәйкес құрылған қоғамдық-саяси ұйым.
Бұл ұйым Уақытша үкімет жағдайында, мұсылмандардың және олардың қоғамдық ұйымдарының Құрылтай жиналысына дейінгі іс-әрекеттерін қадағалап, үйлестіріп отырды. Құрамына Түркістаннан 7, Кавказдан 2, қазақ облыстарынан 5, Литва татарларынан 1, ішкі Ресей мұсылмандарынан 10 адам кірді. Шура-и ислам Қазан төңкерісіне дейін жұмыс істеді

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет