4. Түсіндіру. Карно циклі туралы бейне материалмен танысып, оқушылар талдау жасайды. Оқушыладың ойын тыңдаған соң мұғалім кері байланыс жасай отырып, Карно циклін түсіндіреді.
Карно циклi.
Жұмыс атқарушы дене қыздырғыштан Q1 жылу мөлшерiн алады да, тоңазытқышқа Q2 жылу мөлшерiн бередi, ал (Q1 – Q2) айырымын Aп жұмысқа айналдырады. Жұмыс атқарушы дене ұлғайған кезде өзiнiң барлық iшкi энергиясын жұмыс жасауға берiп жiбере алмайды. Жылудың едәуiр бөлiгi мiндеттi түрде жұмысын атқарған газбен бiрге тоңазытқышқа берiледi. Iшкi энергияның бұл бөлiгi қайтарылмай, бiржола жоғалады. Идеал жылу машинасы, оның ПӘК-і
Карно машинасындағы жұмыс атқарушы дене, өз күйiнiң өзгеру циклiн периодты түрде қайталап тұратын, идеалды газ болып табылады. Бұл цикл Карно циклi деген атақ алды, осыған ұқсас процесстер айналмалы немесе циклдік процесстер деп аталады.
Карно машинасында үйкелiске және қоршаған ортамен жылу алмасуға кеткен энергиялардың шығындары ескерiлмейдi, сондықтан бұл машинаны Карноның идеалды жылу машинасы деп атайды.
Карно циклі туралы бейне материалмен танысып, талдауhttps://www.youtube.com/watch?v=FuqupUgremY
5. Сабақты бекіту.Сабақты бекіту үшін оқушыларға өздік жұмыс беріледі.
1.Идеал жылу машинасында қыздырғыштың абсолют температурасы салқындатқыш температурасынан 3 есе көп. Егер қыздырғыш 40 кДж жылу мөлшерін берсе, газдың жұмысын тап
A) ≈37кДж; B) ≈57кДж; C) ≈17кДж; D) ≈47кДж E) ≈27кДж
2. Қыздырғыштың температурасы 390 К, ал суытқыштың температурасы 300 К. Жұмыстық дене 1 сек-та қыздырғыштан 6∙104 Дж жылу алып отырса, жылу машинасының ПӘК-і және қыздырғыштың қуаты
А) 0,23; 1,4 кВт B) 0,23; 14 кВт С) 23; 14 кВт D) 0,46; 28 кВт
E) 0,23; 28 кВт
3. .Жұмыстық дене қыздырғыштан алған әрбір килоджоуль энергияның арқасында 300 Дж жұмыс атқарады. Суытқыштың температурасы 290 К. Жылу машинасының ПӘК-і және қыздырғыштың температурасы
А) 0,3; 823 К B) 0,03; 414 К С) 0,3; 207 К D) 0,3; 414 К
E) 0,03; 207 К
4. Қыздырғыштың температурасы 800 К, ал суытқыштікі – 300К. Жылу двигателі ПӘК-нің мәні
А) ≈ 63 % B) ≈ 56 % С) ≈ 75 % D) ≈ 43 % E) ≈ 80 %
Оқушылар тест жауаптарын қолданып, өзара бағалау жүргізеді. Оқушылар бір- бірімен тапсырманы қалай орындағаны туралы пікір алмасады.Ең қиын деген тапсырманы мұғалім көмегімен талдайды.
|