«Экономика негіздері» пәнінен Дәріс 2-тақырып: Меншік қатынастары және экономикалық жүйе Әзірлеген: э.ғ.к., аға оқытушы Жакупова Б.А.
Дәріс презентациялаудың мақсаты: меншіктің экономикалық, заңды мазмұндарын ашып, меншік қатынастарының көптүрлілігімен танысу. Дәріс жоспары: 1.Меншік-экономикалық категория. 2.Меншіктің түрлері және олардың экономикалық қызметтері. 3.Меншік қатынастарын өзгерту жолдары.
Меншік – материалдық игіліктерді иемденуге байланысты адамдар арасындағы қатынас.
Меншік – материалдық игіліктерді иемденуге байланысты адамдар арасындағы қатынас.
Меншіктің экономикалық мазмұны – экономикалық игіліктерді (материалдық және материалдық емес) иемденуге байланысты адамдар арасындағы қатынас.
Меншіктің құқықтық мазмұны – заң негізінде белгіленген экономикалық игіліктерді пайдалануға байланысты адамдар арасындағы қатынас.
Меншіктің 11 кешенді құқығы (авторлары Р.Коуз, А. Альчиан) :
Иелену құқығы, яғни игіліктерге міндеттелетін бақылау құқығы.
Пайдалану құқығы, игіліктердің пайдалы қасиетін қолдану құқығы.
Басқару құқығы, игіліктерді қолдануды кім және қашан қамтамасыз етуді шешу құқығы.
Табыс табу құқығы – игіліктерді қолдану нәтижесіне ие болу құқығы.
Егемендік құқығы – бейтараптандыру, тұтыну, игілікті жою немесе өзгерту құқығы.
Қауіпсіздік құқығы – игіліктерді қолданудан және сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы.
Игілікті мүрагерге беру құқығы.
Игіліктерді иемденудегі мерзімсіздік құқығы (пайдалану мерзімі шексіз).
Сыртқы ортаға зиян келтірмеу құқығы.
Жауапкершілікке жазалау құқығы – қарызды төлеуге игіліктермен есеп айрысу құқығы.
Қалдықты сипат құқығы – бұзылған құқық шараларын қалпына келтіру құқығы (жоғалтып алған игілікті өзінікі екенін дәлелдеу).