Практика атауы



бет2/7
Дата09.05.2024
өлшемі67,45 Kb.
#201911
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
МІНЕЗДЕМЕ ОҚУШЫҒА, СЫНЫПҚА Нуралы Балнур

Практика атауы: Үздіксіз психологиялық – педагогикалық практика
Практика жүргізілген мекеме атауы: №169 мектеп- лицейі КММ
СЫНЫПҚА МІНЕЗДЕМЕ

№169 мектеп - лицейі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 8 «Ж» сыныбы. Сыныпта барлығы 28 оқушыдан құрылған сынып ұжымы. Сынып оқушылары 12 қыз бала және де 16 ұл балалардан құралған. Сынып оқушыларының әлеуметтік құрамы-орташа,материалдық жағынан жеткілікті қамтылған. Сынып оқушыларының оқу әрекетіне, тәрбиелік шараларға қатысу белсенділіктері жас ерекшеліктеріне сай жақсы деп айтуға болады. Мектептің қоғамдық жұмыстарына әр уақытта топпен бір кісідей атсалыса қатысып, тапсырылған жұмыстарды уақытында тиянақты, үлкен жауапкершілікпен атқарады.


8«Ж» сыныбы оқушыларының мұғалімге деген қарым-қатынастары жақсы, педагогикалық талаптарға бағынады. Сынып оқушыларының мектепке мотивациялары оң, сабаққа қызығушылықпен келеді, көңіл-күйлері көтеріңкі. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете біледі. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары жоғары деңгейде. Олар мұғалімдерге әртүрлі сұрақтар қойып, жаңа тақырыпты толық меңгеруге әрдайым тырысып отырады. Сабаққа оқушылар үнемі дайындықпен келіп,жаңа сабақты үлкен зейін қойып тыңдайды. Бірінің білмегенін бірі айтып үнемі көмектеседі.


Сыныптағы психологиялық ахуалды қолайлы деп айтуға болады. Сынып іші топ-топқа бөліну, бір-бірімен араласпай жүру деген сияқты жаман қылықтардан аулақ. Дегенмен сыныпта өте қозғалғыш оқушылар да жоқ емес, олармен үнемі жеке жұмыстар жүргізіліп, ақыл – кеңестер беріліп отырылады. Оқушылар ұйымшыл, бір-бірімен өте жақсы араласады. Сабақ үстінде бір-біріне үнемі көмектесіп отырады. Оқушылардың бәрі де сыныптан тыс шараларға, үйірмелерге белсене қатысады. Сыныптың жалпы танымдық бағыты орташа. Оқушылардың еңбек қатынасына деген ынта – жігері жоғары. Сыныптағы оқушылардың бір-біріне деген қарым – қатынасы өте жақсы, бір – бірімен өте тату, қиыншылық кезде бір-біріне қол ұшын беруге әзір тұрады. Бұл сыныптың талай жетістіктерге жететініне сенімдімін.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет