сурет 2- сурет
3- сурет
3.3 Сүттің құрамындағы майдың мөлшерін анықтау
Құрал-жабдықтар: резеңке жапқышы бар май өлшегіштер, майөлшегіш штативі, зертханалық центрифуга, 10,77 мл пипетка, 10 немесе 1 мл автоматы пипеткалар, май өлшегішке арналған орны бар су моншасы, 100 0С термометр, орамал.
Реактивтер: 1,81-1,82 г⁄см3 тығыздықты күкірт қышқылы, 0,810-0,812 г⁄см3 тығыздықты изоамил спирті.
Сүттің майы түйіршік пішінді болады, оны ақуыз торшасы қоршап тұрады. Сүттің майлылығын анықтаудың қышқылды тәсілінің ерекшелігі мұнда: қышқыл сүттің ақуызын ерітеді, сонымен қоса май дөңгелектерінің ақуыз торшасымен қатар, сүт майын біркелкі қабат ретінде шығарады және оның көлемін арнайы құрал- май өлшегішінің басқышталған жағында өлшейді. Талдау жүргізер алдында сүт лабораториясында жұмыс және қауіпсіздік ережелерін қайталау қажет.
Анықтау тәсілі. Ең алдымен сүт құйылған аппараттан 50 мл сынама үлгісін алу керек. (1-сурет) Май өлшегішті нөмірлеу. Ол үшін май өлшегіштің ұзартылғын төменгі жағына қарандашпен дөңгелетіп нөмір қояды. Май өлшегіштің нөмірі мен сүттің сынамасын жазады. Май өлшегішке тығыздығы 0,81-1,82 г⁄см3күкірт қышқылын автоматты пипеткамен 10 мл өлшеп алады. 20 0С температурадағы жақсы араластырылған 10,77 мл сүтті пипеткамен май өлшегіштің қабырғаларына баяу құю қажет. Ол үшін май өлшегіштің қабырғасына 45 0С иілген пипетканың ұшын қойып, пипетка жабылған саусақты кішкене көтеріп, сүттің қышқылға баяу тамуына мүмкіндік туғызады. (2-сурет) Май өлшегішке автоматты пипетканың көмегімен 1 мл изоамил спиртін өлшеп алады. (3-сурет) Май өлшегішті қуыс түтікке салып, оның құрамында ақуыз толық еру үшін араластырып және оны 65-70 0 С температурада 5 минут су моншасына қояды. (4-сурет) Бір сынамаға талдау жасайтын болса немесе май өлшегішті штативте біркелкі сілкіген жағдайда ГОСТ 5867-69 бойынша май өлшегіштерді алдын ала жылытылмаған центрифугаға қоюға болады. Су моншасынан май өлшегіштерді шығарып, құрғатып, центрифугаға орналастыру қажет. Минутына 1000-1200 айналым жылдамдықпен 5 минут айналдыру қажет. (5-сурет) Содан ейін қайтадан су моншасына 65-70 0С температурада 5 минут жапқышына астына қаратып қояды. Май өлшегіштің шкаласына қарап май пайызын есепке алады. Бұл мақсат үшін майдың өлшегіштің төменгі бағанасының шекарасын
май өлшегіштің толық бөлінген шкаласына қосу қажет. Бұндай қосарлану резеңке жапқыштың көмегімен жүзеге асады. Май өлшегіш сүттегі майдың пайыздық көрсеткішін көрсетеді. 0,1% дәлдікпен есепті жүргізу қажет.(6-сурет) Нәтижесінде алынған сүттің майлылығы-3,6%.
Достарыңызбен бөлісу: |